Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары



Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
2.Білім беру жүйесін қаржыландыру
3.Педагог мәртебесі
4.Білім беру менеджменті
5. «E.learning» электронды оқыту
6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
7.Орта білім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан мемлекеті де өзінің төуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жастарға тәрбие беру мақсатьнда мектеп ісіне қатысты бірқатар өзгерістср жасауға ұмтылыс жасап отыр. Қазіргі уақытта мектеп ісінде оқушылардың тәрбиесін халықтық тәрбиенің негізімен ұштастыру жаңа типтегі мектептердің қайта өркендеуіне жол ашуда.
Әсіресе бүгінгі нарықтық қатынас заманында әрбір жасты орта мектеп қабырғасынан арнайы бір мамандыққа дайындау, кәсіби бағдар беру ісі сұранысқа ие болып отыр. Бұл мемелекеттік тұрғыда ең өзекті мәселеге айналып, қаралуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген.
Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан- жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу - ең көкейкесті мәселеге айналып отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы тәлім- тәрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын, шаруашылықпен ұштасып жатады.
1. Білім туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. –Алматы: «Литера», 2000 – 96 бет

2. Г.Қ. Нұрғалиева, С. Мусин. Салыстырмалы педагогика. – Алматы-Ғылым, 1999 жыл

3. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. Педагогика. «Фолиант», Астана, 2007 жыл

4. Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стретегиясы А, 2005

5. Шарутина Е. 8 наурыз – теңдік мерекесі/ Мемелекеттік қызметшінің анықтамалығы. Заң консультатциялары № 03-04 (27-28) 2006

6. Берн Ш. / Гендерая психология СПб, 2001

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары
және тиісті шаралары
2.Білім беру жүйесін қаржыландыру
3.Педагог мәртебесі
4.Білім беру менеджменті
5. E-learning электронды оқыту
6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
7.Орта білім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан мемлекеті де өзінің төуелсіздігін нық ұстап тұру
мақсатымен жастарға тәрбие беру мақсатьнда мектеп ісіне қатысты бірқатар
өзгерістср жасауға ұмтылыс жасап отыр. Қазіргі уақытта мектеп ісінде
оқушылардың тәрбиесін халықтық тәрбиенің негізімен ұштастыру жаңа типтегі
мектептердің қайта өркендеуіне жол ашуда.
Әсіресе бүгінгі нарықтық қатынас заманында әрбір жасты орта мектеп
қабырғасынан арнайы бір мамандыққа дайындау, кәсіби бағдар беру ісі
сұранысқа ие болып отыр. Бұл мемелекеттік тұрғыда ең өзекті мәселеге
айналып, қаралуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек
нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау,
олардың біліктілігін арттыру деп көрсетілген.
Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы
дамуын, жан- жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір
кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын
баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу - ең көкейкесті мәселеге
айналып отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы тәлім-
тәрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын,
шаруашылықпен ұштасып жатады.
Білім беру - қоғамның экономикалық және интеллектуалдық дамуы мен
гүлдену базасын қамтамасыз ететін рухани ендіретін негізгі саласы,
өркениетті сақтау мен жеткізудің кұралы. Сондықган қоғамды сауықтыру
мектепті жақсартудан басталуы керек. Қазіргі таңдағы ұлттық интеллектуалдық
потенциалын сақтау мен дамытудың қажетілігі табиғаттың керемет сыны дарыған
дарынды және талантты балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туындауда.
Сондай-ақ , жаңа типтегі білім беретін мектептердің кәсіби
бағдарлы білім беру мектебі, гимназия, лицей т.б. көптеп иайда болуы мен
оларды оқыту мазмұнын анықтайтын мемелекеттік стандарттың жасалмауы
арасында; жаңа типті мектептерге қойылатын талаптардың күшеюі мен онда
жұмыс істейтін болашақ мамандарды дайындау мәселесіне ерекшелігіне жоғары
оқу орындарында көңілдің бөлінбеуі арасында: кәсіби бағдарлық білім
беретін мектептердің жұмыс берудің мазмұнын жетілдіру деп алуымызға
мүмкіндік берді.
Біз зерттеу жұмысымызда негізінен 9-11 сынып оқушыларына көңіл
бөлеміз. Өйткені, бұл кезеңдегі оқушылардың біршама мамандық таңдауға деген
көзқарастары орныққан, кәсіби қызығушылығы қалыптасқан болып келеді. Және
кез-келгеи орта білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіби бағдар беру
жұмысын 9-сыныптан басталады. Сонымен қатар біз жаңа типтегі кәсіби
бағдарлы білім беретін мектептердің ішінен тек гимназия, лицейлер жұмысын
ғана қарастырамыз.

Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары
және тиісті шаралары
 
         Білім беруді дамыту мына бағыттарда іске асырылатын болады:
         білім беруді қаржыландыру;
         педагог мәртебесі;
білім беру менеджменті;
e-learning электрондық оқыту;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
орта білім;
техникалық және кәсіптік білім;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
тәрбиелеу жұмысы, жастар саясаты
 
Білім беру жүйесін қаржыландыру
 
Мақсаты: Білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге
бағдарланған  қаржыландыру жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикаторлар:
2015 жылдан бастап шағын жинақты мектептерден басқа барлық білім беру
ұйымдарына жан басына қаржыландыру тетігі енгізіледі;
Мақсатқа қол жеткізу үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға
бағытталған жаңа қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу жоспарланады.
 
Жан басына қаржыландыру
         Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білім беруде мемлекеттік
шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады.
2011 жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленетін  болады. Ол
бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және халықтың
әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін
болады.
Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде бейінді мектептер үшін жүзеге
асырылады. 2013 жылы жалпы орта білім берудің жан басына қаржыландыру
жүйесі 4 бейінді мектептің базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан
басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар
әзірленеді.
Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестік, қамқоршылық кеңестер және т.б.
тетіктерді пысықтау үшін жекеменшік немесе жоғары оқу орындары жанындағы
мектептердің қатарынан пилоттық мектептер анықталады.
Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейіндік мектепте
алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.
2015 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жан басына қаржыландыру
негізінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 2011 жыл мен 2013 жыл
аралығында бір маманды даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын
бекітетін жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске
асырылатын болады.
2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-дан басқа мектепке
дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру ұйымдарында іске
асырылады.
Педагогтер үшін біліктілікті арттыру жан басына шаққандағы қаржыландыру
бойынша – ваучерлік-модульдік жүйе қарастырылады, оның шеңберінде төлем
ақысын тікелей педагогтің өзіне аудару жолымен педагогке біліктілікті
арттыру курсын өтудің орнын және уақытын таңдау мүмкіндігі берілетін
болады.
Мемлекеттік білім беру жинақтық жүйесі (МБЖЖ)
Ақылы білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында
мемлекеттік білім беру жинақтық жүйесінің тетігінін әзірлеу жоспарлануда
(бұдан әрі – МБЖЖ), оның көмегімен Қазақстанның әрбір азаматына болашақта
баласының жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын төлеу үшін жоспарлы
түрде ақшалай қаржыларды жинақтауға мүмкіндік беру болжануда. МБЖЖ
азаматтардың жинақтарына мемлекеттік сыйақы аударуды болжайды.
Мемлекеттік білім беру жинақтары туралы Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзірлеу туралы мәселе пысықталатын болады.
МБЖЖ-ны енгізу тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдағаннан кейін
болжануда.
Одан басқа, білім берудің тиімді жүйесін дамыту үшін оған деген шығынды
инвесторларды тарту жолымен ұлғайту қажет. Білім саласына  жеке
инвестицияларды тарту елдегі мемлекеттік жеке  әріптестіктің қолданыстағы
тетігі бойынша жүзеге асырылады.
 
Педагог мәртебесі
 
         Мақсаты: Білім беру жүйесін жоғары білікті  кадрлармен қамтамасыз
ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін
ынталандыру.
         Нысаналы индикатор:
         жалпы педагогтердің санынан жоғары және бірінші санаты бар жоғары
білікті жоғары педагог қызметкерлердің үлесі (2015 ж.-25%, 2020 ж.- 52%);
Бұл мақсатқа жету үшін педагогтің кәсіби мәртебесін көтеру міндетін шешу
қажет.
         Білім берудің сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған
оқытушылармен айқындалады.
            Педагогтерді даярлау және біліктілігін арттыру сапасы.     
         2011 жылдан бастап:
         Болашақ халықаралық бағдарламасының шеңберінде орта, техникалық
және кәсіптік, жоғары білім беру салалары үшін ағылшын тілді педагогикалық
кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі;
         еліміздің жоғары оқу орындарында көптілді білімді педагогикалық
кадрларды даярлау базалық пәндер циклінде шет тілі бойынша кредиттердің
көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асатын болады. Бұл үшін Үлгілік оқу
бағдарламасының үш тілде оқытатын педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер
енгізіледі;
         педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған,
педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарында бейіндік мектептер үшін
мұғалімдерді мақсатты даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс (екі дипломды
білім беру бойынша кадрлар даярлау) негізінде  білім беру магистрлерінің
бағдарламасы жетілдіріледі;
         жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру
бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының
педагог  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.
         2020 жылғы қарай біліктілікті арттырудан 73,7 мың адам өтеді деп
жоспарлануда.
Педагогтың төлемақы сомасын өзі аудару арқылы біліктілікті арттыру курсынан
өтетін орнын және уақытын таңдауға педагогке мүмкіндік беру шеңберінде
ваучерлік-модульдік жүйе енгізілетін болады.
         Ваучерлік-модульдік қаржыландыру жүйесін енгізумен педагогтердің
біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. 2013 жылы бұл жүйе 2 облыс
базасында (Павлодар және  Жамбыл)  және Астана, Алматы қалаларында сынақтан
өтетін болады. Біліктілікті арттыру жүйесінің  нормативтік құқықтық базасын
жетілдіру, материалдық-техникалық базасын және бағдарламасын жаңарту,
ұйымдастыру моделін реформалау, ресурстық әлеуетті  кадрлардың біліктілігін
арттыру мен қайта даярлауды іске асыратын  субъектілер арасында конкурстық
негізде бөлу қарастырылуда.
         Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
жүйесіне                   2015 жылдарға қарай сынақ нәтижелері бойынша
ваучерлік тетігін енгізу болжануда.
         Қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын  білім
беру ұйымдарын қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мақсатында
интерактивті  жабдықтармен жарақтандырылады.
Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің педагог
кадрларының біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс 10%-ға арттырылады.
Оның ішінде мына мамандар үшін:
мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктірілген түрде
оқыту (инклюзивті білім беру);
даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.
Техникалық және кәсіптік білім беру  жүйесінде төменде көрсетілгендер
ұйымдастырылады:
жыл сайын педагог қызметкерлер білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар
базасында біліктілігін арттырып отырады;
арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілігін
арттырады және әлеуметтік әріптестер есебінен кәсіпорындарда, оның ішінде
шетелде тағылымдамадан өтеді.
Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың басым бағыттары  бойынша алдыңғы
қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіп кәсіпорындарымен жоғары оқу
орындарын жан-жақты біріктіру мақсатында жыл сайын шетелде 100 адамға дейін
профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі - ПОҚ) біліктілігін арттыру
ұйымдастырылады.
Педагогтердің жалақысы.
Педагог қызметкерлерінің еңбегін төлеудің жаңа үлгісі әзірленеді.
Ол:
біліктілік категориясына қарап педагог қызметкерлерінің қызметтік
жалақысының көлемін есептеу үшін қолданылатын айрықшаланған коэфициенттерді
енгізу;
Нәтижеге бағытталған еңбекті бағалау тетігін енгізу қарастырылады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде педагог қызметкерлерінің жалақысының
көлемі жеке сектордағы еңбек ақысына жуықтайды.
Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары
қарастырылуда.
 Педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде
педагогикалық қызметке икемділік деңгейін анықтауға арналған  шығармашылық
емтихан енгізілетін болады.
Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей
көтерілетін болады.
2016 жылдан бастап жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен
кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі
енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау ережесі
әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары  үшін тестілеуден өтуді
көздейді.
Бейінді мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы
магистр дәрежесінің болуы көтермеленеді.
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог
портфолиосында  көрінетін  қызметін ің ажырамас бөлігі болып табылатын
болады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін  біліктілік
деңгейін бағалау тәуелсіз агенттіктерде өтетін болады.
Педагогтерді аттестаттау  мұғалім білімін тестілеу, қызметі туралы есеп
беруінен тұратын, білім беру процесіне қатысушылар мен жұртшылықтың
пікіртерімі рәсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі. 
2016 жылдан бастап математика мұғалімдері TEDS-M халықаралық салыстырмалы
зерттеулерге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) –
орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің
кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.
 
Білім беру менеджменті
 
Мақсаты: білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін құру
Нысаналы индикаторлар: білім беру ұйымдарында қамқоршылық  кеңестер
құрылған (2015 ж. - 45%, 2020 ж. - 90%).
білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында  қайта даярлықтан
өтті (2015ж. - 50%, 2020-ж. - 100%).
Бұл мақсатқа жету үшін  білім берудегі менеджментті жетілдіру қажет.
Білім беруді басқару жүйесі.
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің
ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.
Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық - педагогтер де, халықтың әртүрлі
жіктері де тартылады.
Қоғамдастықтың білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қатысуы  қамқоршылық
кеңестер түрінде жүзеге асырылады.
Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің әрекетті қоғамдық қатысу
тетігі  әзірленетін болады.
Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру және кәсіптік
қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының есебінен
қамқоршылық кеңестің рөлі өседі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың корпоративтілігін,
айқындылығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу
орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды
даярлау бойынша салалық және өңірлік кеңестер жұмыс істейтін болады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесі бар білім
беру мен денсаулық саласында, ЖОО-ларда, мемлекеттік кәсіпорындар
мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін корпоративтік басқару
принциптері енгізілетін болады. Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративті
басқару принциптері 2020 жылға қарай азаматтық ЖОО-лардың 90%-на енетін
болады.
2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтерден
басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды талап
ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  орта білім беру жүйесінің басшылық
қызметкерлерінің білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілігін
арттыру жүзеге асырылатын болады.
Менеджменттің қазіргі заманғы технологияларын енгізу үшін оқу орындарының
басқарушы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау үнемі
іске асырылатын болады.
Білім беру ұйымдарының басшылары болып білім берудегі менеджмент бойынша
қайта даярлаудан өткен тұлғалар мойындалады.
2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау, оның ішінде олардың
барлық аккредиттелген ЖОО-да сайлануы бөлігіндегі тетіктер қайта қаралатын
болады.
Корпоративті басқаруды енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі
Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіндегі принциптердің бірі мониторинг
нәтижелерін есепке ала отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру
принципі болып табылады.
Білім беру нәтижелері мен ұлттық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік
әсерлердің жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында басқарудың  ақпараттық
базасы  және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің
бірыңғай жүйесі енгізіледі.
Бұл үшін:
барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін
(БСБҰЖ)  енгізу жалғастырылады;
бастапқы мәліметтер негізінде білім беру статистикасының бірыңғай базасы
құрылады;
білім беруді басқару жүйесінің инфрақұрылымы кеңейтіледі.
Мониторингтік зерттеулер жүргізетін болады.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін мониторинг нәтижелері бойынша  білім беру
жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар
жарияланып отырады.
2015 жылға қарай статистикалық деректердің қолданыстағы электронды
базасы  білім беру статистикасының бірыңғай базасына  біріктіріледі.
Аталған база бастапқы деректер негізінде толықтырылып (мектеп, колледж,
жоғары оқу орны, интернат, Орталықтар, Сапаны бағалау қызметтері және
т.б.), Министрлікке жинақталады. Осылайша, 2020 жылға қарай әкімшілік есеп
берудің барлық нысандарын жинау қысқартылып, айқындық қамтамасыз етіледі.
 
E-learning электронды оқыту
 
Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру
ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету
Нысаналы индикатор:
Білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесі
қолданылады             (2115 ж.-90 %).
Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет.
Алға қойылған мақсатқа жету оқыту сапасын, білімді басқарудың тиімділігін,
сыртқы ортамен ақпараттық біріктіруді арттырады
Қажетті нормативтік негізді жасау.
Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді талап етеді.
2012 жылға қарай электронды оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін кадрларды
даярлау бөлігінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на,
электронды оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің
МЖМБС-на өзгерістер енгізілетін болады.
Электронды оқыту жүйесінде қолданылатын, электронды оқулықтарды және оқу-
әдістемелік кешендерді  жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың
жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламенті
(электронды оқытудың жүйесін  алып жүру және қолдану) әзірленеді және
бекітіледі.
Педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) –
құзыреттілігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету,
электронды оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау мен біліктілігін арттыру
қажет.
2011 жылдан бастап педагогтердің электронды оқыту жүйесін пайдалану мен
қолдану бойынша біліктілігін арттыру басталады деп күтілуде.
2011-2015 жылдар аралығында әрбір педагог білім берудің ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын қолдану мәселелері бойынша біліктілікті
арттырудың апталық курсынан (республикалық, сондай-ақ педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар
жанында) өтеді деп болжануда.
Электронды оқыту  жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді қалалар мен
облыстардың білім беру басқармаларының жанынан Білім берудегі жаңа
технологиялардың өңірлік орталықтары жүзеге асыратын болады.
Электронды білім беруге арналған электронды ресурстармен және контенттермен
қамтамасыз ету – ҰАО АҚ (Ұлттық ақпараттандыру орталығы).
Технологиялық инфрақұрылымдарды дамыту білім беру ұйымдарын Интернет
жүйесіне 4-10 Мбитсек. өткізу мүмкіндігімен қосу болжануда.
2011 жылы Интернет жүйесіне білім беру ұйымдарының 44-і, 2012 жылы — 1556,
2013 жылы — 1871, 2014 жылы — 1800, 2015 жылы — 1969-ы қосылатын болады.
Бірінші кезекте, ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша
жұмыс істейтін мектептер.
Кең жолақты қолжетімділікке (КЖҚ-ға) қосылу, электронды білім беру жүйесі
үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін
таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілетін болады.
Білім беру ұйымдарының 90%-ының қажетті оқу ресурстары бар веб-сайты
болады.
Негізгі және бейінді орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша бір пәнге
сандық білім беру ресурстарының (СБР) 30 бірлігі әзірленетін болады.
Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын сандық білім беру
контентімен (қандай да бір ақпараттық ресурспен – мәтін, кескіндеу, әуен,
бейне, дыбыс және т.б. толықтыру (мысалы: интернет-сайт контенті) ашық
қолжетімділікте толық қамтамасыз ету  (барлығы 25800 бірлік).
Оқытушылардың жасаған электронды білім беру ресурстары (медиатекаларды бір
орталықтан құру және ресурстармен толтыру)дамытылады.
Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті
жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлері, КЖҚ-ға
қол жеткізу және т.б.
2011 жылы әкімші, оқу ісі жөніндегі меңгеруші, мұғалім, оқушы, медициналық
қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін
алып жүреді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электронды
дәптерді, сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда болатын жоспарлы
және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-
аналарына e-mail немесе sms хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу)
толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім
мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагог қызметін, есептілікті
және т.б. оқу ісі жөніндегі меңгеруші жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі
локальды және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесі немесе дауыс поштасы
жүйесін қоса алғанда, көп қолданылатын компьютерлік жүйенің жұмыс істеп
тұруына жауапты болады.
Оқу процесін автоматтандыру кезең-кезеңімен енгізіледі:
1-кезең – 2011-2013 жылдар,
2-кезең – 2014-2016 жылдар.
2020 жылға қарай жоғары оқу орындарында кең жолақты Интернетке қол жеткізу
100% қамтамасыз етіледі, университеттік портал құрылады.Жоғары оқу
орындарының техникалық дайындығына қарай Республикалық жоғары оқу орындары
аралық электрондық кітапханасына жоғары оқу орындарын қосу жүзеге
асырылатын болады.
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
         
Мақсаты: Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық
қамту, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
әртүрлі бағдарламаларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикатор:
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету (2015
жылы - 70%, 2020 жылы - 100%).
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың
желісін ұлғайту, мазмұнын жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету қажет.
Мектепке дейінгі  ұйымдардың желісін ұлғайту:
2015 жылға қарай Балапан бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың 70%-ын қамтитын мемлекеттік және жекеменшік
балабақшалар желісі дамитын болады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар саны Балапан бағдарламасының
шеңберінде өседі.
Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзету және
инклюзивтік білім беру кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін
барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу және  инклюзивті білім беру
кабинеттерінің желісі 8%-дан 30%-ға дейін өседі және 540-ты құрайды.
Мектепке дейінгі  арнайы түзеу ұйымдар желісін сақтау және ұлғайту
мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан
облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мектепке дейінгі  арнайы түзеу
ұйымдарының үлесі жалпы санынан 2015 жылы -2%, 2020 жылы - 2,5%-ды құрайды.
Балабақшалардың жалпы санынан ұйымдарға кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайы
жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Бағдарлама көрсеткіштері
Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Пәндер