Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау



Кіріспе ... .
І.татару Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының білім біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері..

1.2. Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың формаларын анықтау ...

ІІ.тарау Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары.

2.1. Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тәсілдері...
2.2. Бастауыш сынып дүниетану пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі жолдары ...

2.3. Үлгі сабақ жоспары...

Қорытынды..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...
Қосымша..
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектепте білім беру жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отыр. Өмір талабы адамның білімінен оны күнделікті практикалық тұрғыда қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауында 2003-2005 жылдар аралығын “Ауыл жылы” деп атады.
Осыған орай ауыл мектептерінің оқушылары ауыл шаруашылық өндірістерімен тікелей байланысты болғандықтан, олардың бұл жөнінде жинақтаған практикалық тәжірибелері молырақ.
2030 жылға қарай “Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады”, “Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденеді, балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері болады” 2030 жылдың жастары “мемлекеттің құқықтарын және өздерінің құқықтарын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын сенімді азаматтар болып қалыптасатынына сенімдімін”- деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
1. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. “Педагогика” Алматы 2002ж.
2. Қырқалов В. П., 3.Цыпурский В. П. “Мектеп жасындағы интернат жұмыстарын ұйымдастыру” Алматы “Мектеп” 1984ж.
3. Мельчаков Л. Ф. “Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі” Алматы мектеп 1985ж.
4. Сабыров Т. “Оқыту теориясының негіздері” Алматы 1993ж.
5. Болдыров П. “Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы”
6. Кркалов В. А. Шпитальник П. Э. “Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу”.
7. В. М. Коротов “Мектеп оқушылардың өзін - өзі басқаруы” Алматы “Мектеп” 1978ж.
8. “Бастауыш мектеп” журналы № 1 1992ж.
9. “Бастауыш мектеп” № 8 1987ж.
10. “Бастауыш мектеп” № 2 1987ж.
11. “Қазақстан мектебі” №9 2005ж
12. “Қазақстан мектебі” №1 2004ж.
13. Қазына Аймағанбетова “Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі” Алматы “Балауса” баспасы 2003ж.
14. Н. Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдауы. Қазақстан – 2030ж.
15. Ж. Әбиев
С. Б. Бабаев.
А. Құдиярова “Педагогика” Дарын – Алматы – 2004ж.
16. С. Б. Бабаев. “Бастауыш мектеп педагогикасы” Алматы 2002ж. Дарын баспасы.
17. С. Б. Бабаев “Педагогика” Алматы 2007ж. “Дарын” баспасы.
18. “Бастауыш мектеп” журналы № 2 2007ж. 19-бет
19. Табиғаттануды – оқыту және бала тәрбиесі Алматы “мектеп” 1985ж.
20. “Мектеп” журанлы №4 2007ж. Алматы.
21. С. Әбенбаев “Тәрбие теориясы мен әдістемесі” Алматы 2004ж.
22. “Бастауыш мектеп” журналы № 1 2006ж.
23. “Қазақстан мектебі” №3 2007ж.
24. Омаров Е. О. “Қосымша білім беру ұйымдары жұмысы негізі”.
25. И. Қожғалиева “Мектептегі кластан тыс жұмыстарды жетілдіру”.
26. С. Нұрмағанбетов “Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар”.
27. З. Абилова “Оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру”.
28. К. Б. Бозжанова “Оқушылармен жүргізілетін және мектептен тыс жұмыстар”.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .

І-татару Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының білім біліктерін қалыптастыруда сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

1.2. Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың формаларын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

ІІ-тарау Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың жолдары.

2.1. Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

2.2. Бастауыш сынып дүниетану пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың қазіргі жолдары ... ... ... ... ... ... ... .

2.3. Үлгі сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі:
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі
бастауыш мектепте білім беру жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отыр. Өмір
талабы адамның білімінен оны күнделікті практикалық тұрғыда қолдана алу
мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың халыққа
жолдауында 2003-2005 жылдар аралығын “Ауыл жылы” деп атады.
Осыған орай ауыл мектептерінің оқушылары ауыл шаруашылық
өндірістерімен тікелей байланысты болғандықтан, олардың бұл жөнінде
жинақтаған практикалық тәжірибелері молырақ.
2030 жылға қарай “Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге
дамушы елдер үшін үлгі болады”, “Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп
кемелденеді, балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер,
зауыттар мен фабрикалардың иелері болады” 2030 жылдың жастары “мемлекеттің
құқықтарын және өздерінің құқықтарын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын
сенімді азаматтар болып қалыптасатынына сенімдімін”- деді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Сондай-ақ “Қаз Агроның” негізгі міндеті- ауыл шаруашылық
өнімдерінің деңгейін арттыра отырып, еліміздің су және басқа табиғи
ресурстарын пайдалану тиімділігін одан әрі дамыту, мәселелерін қарастыруда.
Қоғамымызды құруымызға орай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына
дейін сау болуы және олардың қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш
салуы қажет. “Әрбір азамат Отанымыздың табиғатын аялауға оның байлықтарын
қорғауға міндетті” деген талаптар барлық уақытта бірдей жүзеге асырылап
отырылады. “Қоғам-адам-табиғат” арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол
табу- табиғат байлықтарын тиімді пайдалану.
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан
тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел
өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне
жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балаларда біршама білім-
біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймай, оның бойында
жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталып
отыр.
Бастауыш мектеп педагогикаcы- кіші оқу жасындағы балаларды
тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол
заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың
жолдары мен әдістемелерін нақтылап, ұсынушы- ғылым.
Осыған орай адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас
мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-
шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен
атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттер бас қосып, күш біріктіріп
жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.
Бұл әр түрлі елдердегі экологиялық бірлестіктері Біріккен Ұлттар
Ұйымының талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналады.
Табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз- бұларды мүлдем пайдаланбау емес,
керісінше оларды ұқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып
табылады.
Президантіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан -2030” атты жлдауында
әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде,
табиғатты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екендігі
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілген. Жас
ұрпақты қоршаған табиғатқа, оның байлықтарына ұқыпты қарауға үйретіп,
үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екендігін ұғындыру табиғатқа дұыс қарым-
қатынас жасау жөніндегі қажетті ойменен қаруландырып, икемділік дағдыларын
қалыптастыру.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірде жүріп
жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды
ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне
қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі-оқушының оқушының
дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру
болып табылады.
Білім- дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын
дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі. Дүниетанымның қалыптасуына
адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек бола алады. Адам, табиғат, қоғам
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар
бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені
дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі
дамиды. Таным көмегімен тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы
олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар
дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры
жинақталып ой-өрісі кеңейеді.
Қазіргі таңда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту азық-түлік қорын
молайту, табиғат байлығын үнемдеу тіршілік ортасын қорғау және т.б. бүкіл
адамзаттық мәселелер көтерілуде. Болашақта бұл талаптарды жүзеге асыру үшін
жаңаша ойлай алатын адамзаттың игілікті істеріне атсалысатын жастар
дайындау мәселесі туып отыр. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың қажеттілігі туындайды.
Республикамыздағы жастарға білім беру ісінің даму жолына көз
жүгіртсек, қилы-қилы кезеңнен өткенін көру қиын емес. Кеңес өкіметі
саясатының өзгеруімен бірге халық ағарту ісінің мақсаты мен мазмұны да
өзгеріп отырады.
1930 жылғы “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу”, 1931 жылғы
“Бастауыш мектеп туралы” қаулылары бойынша оқушыларға политехникалық білім
беру мәселесі қолға алынды. Политехникалық білім беруді жүзеге асыру үшін
бағдарлама мазмұнына өзгерістер еніп, өмір тынысымен, қоршаған ортамен
таныстыруды сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар барысында жүзеге асыру
көзделді. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі, халық
мәдениетінің көтеріліуі балалардың мектеп қабырғасынан тыс алатын
ұғымдарының көлемін кеңейтеді. Қазақстан Республикасының егемендік алған
алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде.
Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың
танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар
аударылып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы “Білім туралы” заңының
қабылдануы.
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп
қабырғасында, Жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында
қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін
әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін
ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге
көтерілуіне аса мән беруде.
Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта
мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық
мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім бері,
саналы тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне
тиеді.
Адам тіршілігінің көзі-табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны
танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын
пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. “Екінші затты жасау
үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде “екінші табиғат”
заттары пайда болады. Бұл “екінші табиғат” дүниелері қоғамның дамуына
тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары
жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын
ашатын да-адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға топсеруенге шығу
бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне
пайдаланады. Сонымен бірге бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны
өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік
өмірде қолданып, қажетіне жаратады.
Өзіміздің табиғи ресурстарымызды парасатты пайдалану және қоршаған
ортаны ластау, ескірген әрі “кіршең” технологияларды бақылаусыз әкелу,
қалпына келетін ресурстарды ұқыпсыз жұмсау секілді және т.б. проблемаларды
шешу үшін ұтымды заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.
Диплом жұмысының мақсаты:
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы
оқушылардың білім, біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Диплом жұмысымның міндеттері:
1. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, өзіндік
ерекшеліктері жайлы жазылған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық
талдау жасап мазмұнын ашу.
2. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі
озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру, зерттеу әдістерінің
нәтижесіндегі оқушылардың білім біліктерін қалыптастыру мүмкіндігін
анықтау.
Жұмыстың объктісі:
Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
Жұмыстың әдісі:
Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми- теориялық
әдебиеттерді іріктеу, педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, бақылау,
синтездеу, анализдеу т.б.

І-тарау. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.

Бастауыш сынып оқушыларының білім біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері.

Мектепте оқушылар құқықтық білімдер негізін меңгере отырып,оны
тереңдетіп, көлемін кеңейтіп еңбекпен, өмірмен қоғамдық тәжірибемен тығыз
байланыстыру керек.
Сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижелері мектеп
оқушыларының білімге деген құмарлығы, қоғамдық пайдалы істерге қатысу
талабының қаншама дамығандығымен анықталады. Жек тұлғаның қалыптасып дамуы
үздіксіз сипатта болады. Оның жүзеге асуы тек сабақ барысында ғана емес,
сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әрекеттермен ұштасады.
Сыныптан тыс жұмыста-оқушылардың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз
етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылатын
және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін жұмыстардың түрлері
жатады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты
қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекші оның формалары мен әдістерін құралдары
мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Біріншіден оған өзінің
көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екіншіден
жауапкершілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда әсемдіктің
таптырмас бұлағының бірі-табиғат.
Табиғат адам баласының эстетикалық санасын қалыптастыруда әсемдіктің,
сұлулықтың қайнар көзі болып табылады. Оқушылар сыныптан тыс уақытта
табиғат құбылыстары мен оның сұлулығын, әсемдік жаратылысын танып білуде
табиғатқа сезім орнайды, көңіл қуанышы шарықтайды, ерекше бір сезімге бой
ұрады, жан дүниесі рахатқа батады. Соның негізінде балалардың бойында
рухани серпіліс пайда болып, туған еліне, жеріне, табиғатына деген
сүйіспеншілігі артады. Демек, бұның бәрі адам жанын байыту, рухани дүниесін
ізгілендіру, балалардың өмірін мәнді де сәнді етіп тәрбиелеуде үлкен орын
алады. Мектепте дүниетану пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстар арқылы
оқушыларға- дүниетанымдық және қоршаған орта мен адам арасындағы өзара
байланыстың мәнін түсіндіруге болады. Нәтижесінде олар адам мен табиғат
арасында тығыз байланыс екенін түсініп, адамның табиғатты орынды пайдалану
мәселелерімен біртіндеп танысады.
Оқушыларға дүниетану пәнін білім мен тәрбие беру “Табиғат-адам-қоғам”
жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруін қамтамасыз
етуді көздейді. Соған орай дүниетану сабақтарында оқушылардың санасын
көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана
білу сыныптан тыс жұмыстардың маңызын айтарлықтай қажет етеді. Дүниетану
пәнінен оқушыларға білім беру-өсімдіктер,жануарлар, жәндіктер, құстар,
егістіктер, бау-бақшалар, бір-бірінің тіршілік етуіне жағдай жасап, табиғи
тепетеңдікті сақтайтыны туралы теориялық білім береді.
Оқу-тәжірибелік жұмыстарда оқушылар олармен іс жүзінде танысып,
қоғамдық пайдалы шараларға қатысады. Сондай-ақ оқушылар әртүрлі пәндерді
оқу барысында, білім-біліктерін байытады.
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінің мақсаты-оқушылардың қоршаған ортаны
танып, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Дүниетану пәні
орта мектептегі жаратылыстану ғылымдарының негізі болып табылады. Дүниетану
сабақтары арқылы оқушылар, адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің үш
құрамдас бөлігі туралы білім алады. Бұл пән оқушылардың білім-біліктерін,
танымдық белсенділіктерін қалыптастыра отырып, өзін қоршаған ортаны, оның
құбылыстарын сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы танып білуге
мүмкіндік береді. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін
дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырып шығармашылыққа
жетелейді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға қоршаған орта туралы білім бере
отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін
арттырып, оның тылсым тынысымен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты
қорғауға, құрметтей білуге төселеді. Сыныптан тыс жұмыстарда балалар
шығармашылығының кез-келген бір түрі күштірек, екіншісі солғындау болды.
Дегенмен, әрбір мектепте сыныптан тыс жұмысты жан-жақты ұйымдастыруға
ұмтылу керек. Оқыту сабақтарына қарағанда, сыныптан тыс жұмыстар ерікті
негізде өткізіледі. Міне олардың бірінші ерекшелігі осында. Сыныптан тыс
уақытта оқушылар, ынтамен, бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен, өз
қалаулары бойынша жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік ең алдымен сыныптан
тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Мұғалімнің міндеті
оқушылар ұжымын сыныптан тыс жүргізілетін жұмысқа ешқайсысын қалдырмай
түгел қатыстыру болып табылады. Мұны әрине ешқандай мәжбүрлеусіз атқару
керек.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның бағдарлама
көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы, негізінен
алғанда оқушылардың талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты
болады.
Бағдарламаның және әдістемелік нұсқаудың негізінде үйірме жетекілері
нақты жағдайларды жәе оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс
жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ынтасын,
тілек-талаптарының сай келуіне мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың үшінші ерекшелігі жас ерекшелігі
әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының, көркемөнерпаз
үйірмелерінің және спорт ұйымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін
сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды.
Керісінше әр түрлі сынып оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс
сабақтарды бүкіл мектеп ұжымының топтаса өткізуіне себепші болады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың төртінші ерекшелігі оқушылардың өз
бетімен айналысуының басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде спорт
ұйымдарында, көркемөнерпаздар ұйымдарында балалардың өз бетімен жұмыс
істеуіне кең ммкіндіктер берілген. Оны әрине мұғалімдер бағыттап отырады,
бірақ оқыту сабақтарынан ерекшеліктері оны негізінен мектеп оқушыларының
өздері ұйымдастырады. Оқушылар етжеткен сайын оның дербестігі толығырақ,
жан-жақты көрініс береді. Осы кезде оқушылар әр түрлі үйірмелерге
бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс әрекеттерді
ұйымдастырушылар ретінде көзге түседі.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың бесінші ерекшелігі формалары мен
әдістерінің сан алуандылығында.
Сыныптан тыс жұмыс тиісті педагогикалық нәтиже беру үшін ол балаларды
өзіне тартарлықтай және қызықты болуы керек. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылар
өз еріктерімен қатысады. Сондықтан белгіленетін жұмыс пен көпшілік мәдени
шаралардың мақсаты, мазмұны мен түрі жағынан оқушыларды қызықтырып,
қатысуға ынталандыратын болуы керек, көпшілік ретте мұндай педагогикалық
талаптар елеусіз қалдырылады. Сондықтан да белгіленген іс-сәтсіздікке
ұшырайды. Белгіленетін жұмыс пен көпшілік мәдени шаралардың мақсаты,
мазмұны және ұйымдастыру түрі жағынан оқушыларды қызықтырып қатысуға
ынталанатын болу керек. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға қызықты
болу үшін жұмысты неғұрлым түрлендіріп отыру керек.
Қандай болса да тіпті алғашқы кезде қызықты көрінген сыныптан тыс
жұмыстың бастамасы ол сыңар жақтыққа өзгермейтін үлгіге айналатын болса,
қызықсыз солғындап кетуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың
ең маңыздыларының бірі- оның өмірмен тығыз байланысты болуында. Кез-келген
үйірменің, ғылыми қоғамның жұмысы айнала қоршаған ортамен танысуға және оны
гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс. Сыныптан тыс сабақтардың
тиімділігі, егер ол анда-санда емес, жүйелі, әрі нақты үнемі өткізілетін
болса ғана едәуір арта түседі. Бұған тыңғылықты жоспар дайындаудың
нәтижесін есепке алуда қол жеткізуге болады. Сондай-ақ мектепте оқытылатын
сабақтың ғана емес, сыныптан тыс сабақтың да кестесі болуы керек. Онда
үйірмелік және басқа да сабақтан тыс жұмыстардың күндері және сағаттары
көрсетіледі. Сыныптан тыс сабақтарда ұйымдастыруға қойылатын маңызды
талаптардың бірі- оқушылардың қолынан келерліктей, шамасы жетпейтін
сабақтар, тиімді нәтиже бере алмайды. Ұйымдастырылған жұмыстар оқушылар
үшін қызықты болмайды және оларды еліктірмейді. Мұндай кезде, бастауыш
сынып оқушыларының қолынан келерліктей жұмыстарды ұйымдастыру ерекше қажет.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, формалары және әдістері оқушылардың
даму деңгейіне сәйкес келуі, педагогикалық талаптардың бірі. Сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі- олардың алуан түрлі
және жаңа болуында. Оқушылардың бір сарынды, біркелкілікпен іш пыстыратын
іске төзбейтіндігі белгілі. Ұйымдастырылған жұмыстар бір сарынды
болса,онда бұл кезде, оқушылардың тәртіп бұзуы әбден мүмкін. Оқушылар
ұйымдастырған ертеңгіліктерге, үйірме сабақтарына, оқушылар конференциясына
ықыласын білдіріп барулары үшін онда тартымды, алуан түрлі жаңалық болуы
керек. Мұғалім үйірме сабақтарына жаңалықты неғұрлым көп енгізсе, неғұрлым
үйірме мұшелеріне тапсырмаларды әр түрлі етіп берсе, соғұрлым оқушылардың
жеке тілектерін қанағаттандыруға және олардың жұмыс істеуіне ынтасын
арттыра беруге мүмкіншілігі көбейеді. Табиғат оқушыларға тек көп нәрсені
йретіп қана қоймайды, білім-біліктерін арттыра отырып тәрбиелейді.
Сондықтан мұғалім туған табиғатты жете білуі және оқушылар алдында
оның байлығын, әдемілігін аша алуы тиіс. Табиғатпен тікелей қатынас жасау,
оқушылардың оны зерттеуге деген құштарлығын арттырады және бастауыш сынып
оқушыларына эстетикалық тәрбие беруге мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, Отанға
деген патриоттық сезім, туған өлке табиғатын сүюден басталады. Табиғатты
зерттеп, үйренуге оқушылардың құштарлығын арттыру мұғалімнен асқан
шеберлікті талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының білімді, табиғаттың
өзінен алуы қажет екендігін көптеген көрнекті педагогтар мен әдіскерлер
дәлелдеп айтты. Мысалы: белгілі әдіскер, професор В.Е.Райнов былай деп
жазды: “Кітап арқылы емес саяхаттар, практикалық сабақтар тірі табиғат
мүсініндегі жұмыстар т.б. жолдармен бірден қатынас жасау арқылы табиғатпен
танысу және онымен жақындасу арқылы оқушылар бұрын байқалмаған көп ғажайып
сырларды ашады. Бұл бағыттағы жұмыстар табиғат әдемілігі құпиясын- алғаш
қарағанда қраш көрінетін заттардың өзінен байқауға үйретеді: Осы жолмен
оқушы бойында эстетикалық сезім дамиды, табиғатқа сүйіспеншілік пен
қызығушылық пайда болады”. Міне, сондықтан оқушыларды жастайынан табиғатты
тікелей бақылап, нақтылы тұжырымдар жасауға, сұлулықты тани білуге, сезіне
білуге баулып, тәрбиелеудің маңызы ерекше. Табиғатқа жасалған бақылаулар
арқылы оқушылар мынадай нақтылы деректер алып, өзін-өзі одан әрі дамытады.
1. Затты бақылап, тану арқылы қиынды ойлау қабілеттері дамиды.
Заттарды салыстырып, өзгерістерін бақылап, өздігінен қорытынды шығарып
үйренеді: ( мысалы, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты өлі және тірі
табиғаттағы өзгерістердің себебі, төрт түлік мал күтімі, жануарлар мен
өсімдіктердің маусымдық ауысу өзгерістері т.б. )
2. Табиғатқа жасалатын бақылаулар мен серуендер бала бойындағы
зейіннің тұрақтауына, есте сақтауына, тапқырлығына, білімге құштарлығына
қызығушылық қасиеттерінің дамуына себепкер болады.
3 Жүйелі түрдегі бақылулар дұрыс ұйымдастырылса, баланың еңбек
сүйгіштік, ұқыптылық, жауапкершілік шапшаң жұмыс жасау шеберліктері дамиды.
Оқушыларды табиғаттан тікелей білім алуға үйрететін көрнекі құралдар
–табиғат және еңбек күнтізбегі, бақылау күнделіктері. Бұл құралдармен өз
дәрежесінде жүйелі жұмыстар жүргізгенде ғана қлыптасады. Мысалы: күнделікті
желдің бағытын бақыласақ шартты белгімен белгілеу нәтижесінде.
Бақылау күнделігімен жұмыс І сыныпта басталып ІІ,ІІІ,IV сыныптарда
жалғасады. І сынып оқушылары күз кезінде табиғатқа бақылау жүргізу туралы
тапсырмаларды мұғалімнен алады. “Бақылау күнделігінде” тиісті белгілер
жасап толтырады. Оқуды үйренгеннен кейін балалар, бақылау күнделігіндегі
тапсырмалардың негізінде өз бетімен табиғатты бақылайды. ІІ сынып оқушылары
бақылап қана қоймайды мұғалімнің басшылығымен өз бақылауларын жинақтап
қорытады.
ІІІ сыныпта берілген тапсырмалар күрделене түседі, бақылаулар
тереңірек, жан-жақтырақ болады. І-ІІ сыныптарда оқушылар табиғи деректер
мен құбылыстарды негізінен көрумен шектелсе, ІІІ сыныпта бақылау олардың
арасындағы байланысты қарапайым заңдылықтарды ашуға бейімдейді. Сөйтіп
бастауыш сыныпта сыныптан тыс уақытта оқушылардың бақылай білу дағдысының
қалыптасуы оқушының өзіндік дүниетанымын, ойлау қабілетін білім- білігін
жетілдіруге негіз болады. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу
керек. Ал мол білім- кітапта, табиғатты тікелей бақылауда. Дүниеге көзқарас
қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен тіршілікпен байланысты туатын болса, ол
үнемі дамуда болатыны заңды құбылыс. Даму өзінен-өзі тумайды. Ол – тынымсыз
ізденіс, қателіктер мен қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа жақындау және
жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер,
осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге
көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады.Көзқарастың қалыптасуы мектеп
қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтанда, бастауыш
сыныпта дүние туралы білім беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Оқушылар адамның табиғаттың және
қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты
заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы
ұғынады.
Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге
көтеріледі: 1- сыныпта дүниенің тұтастығы жайында ұғымдардан бастаған оқушы
4-сыныпта дүниенің әр бір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу
дәрежесіне жетеді: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану көзқарасы ғылыми
білім негізінде оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Қоғам
дамуы оқу- ағарту ісінің ғылыми деңгейге көтерілуі нәтижесінде көзқарастың
ғылыми мәні жоғарылады. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге
көзқарас та нақтылана түседі.
Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады.
Материалдық игілікті өндіруге адам күш жұмсайды және күшті қолданатын нақты
зат болуы керек. Ол заттар табиғаттан алынады. Сонымен қатар, өнімді дұрыс
игеруге және өндіруге қоғам игілігін пайдалануға білімділік,
ұйымдастырушылық қабілет пен күш керек.
Табиғат байлығының мән-мағынасын түсініп, оны орынды үнемді, тиімді
пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл
сияқы қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімді
оқушыларға бастауыш сыныптағы дүниетану материалдарын оқыту арқылы
қалыптаса бастайды. Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл
өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста
өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдері меңгерілуі тиіс. Мұндай әдіс-
тәсіл бала жастан қоршаған туралы білім алуы арқылы меңгеріледі.Мәселен, әр
затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін
айқындау- мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерлік емес.
Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады. Дүниетануда бастауыш
сынып оқушыларына оқыта отырып адамның табиғатпен, қоғаммен қатысын
түсіндіру барысында олардың әлеуметтік өлшемін кеңейту мүмкіндігі туады.
Дүниетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп қоғамның
адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы
адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады. Дүниетану оқушыларды
объективті дүниемен таныстырады соны үйретеді, сол туралы білім береді.
Объективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімнің
жиынтығы,ол таным процесі. Дүниетануды оқытудың мәні осында жатыр.
Дүниетану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Дүниетануды бастауыш
сыныпта сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушылардың таным
процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелерінің қызметі жәрдемін
тигізеді. Оқушы сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп,
қабылдау нәтижесінде оның ой-өрісі дамып, тиянақты ұғым алады. Сыныптан тыс
жұмыстардың нәтижелілігіне қарай дүниетанудан берілетін білімнің сыныптан-
сыныпқа тереңдеуіне қарай, оқушылар ұғымы ғылыми арнаға түсе бастайды. Олай
болса, адал, табиғат, қоғам үшеуінің байланысы дүниетанудың бүкіл мәнін
ашып, оқушыларда қоршаған дүниеге деген тұрақты көзқарас пайда болады.
Бастауыш сыныптарда оқушылар өсімдіктердің адам өміріндегі маңызымен
Қазақстандағы бау-бақша, егіншілік шаруашылығымен таныстырылады. Ал оларды
бұл ұғымдары дүниетану пәнінде сыныптан тыс уақытта жүргізілетін “Бақша
дақылдары” тақырыбы бойынша кеңейіп қауын-қарбыз, асқабақтардың пайдасына,
өсіп-өну ерекшеліктеріне талдау жасау барысында жалғасып, оларда ғылыми
білім қалыптасады. Бастауыш сыныпқа енген “Дүниетану” пәнінің басты мақсаты-
“адам -қоғам”, “адам-табиғат” қарым-қатынасының негізін қалау болып
табылады.
Бастауыш сыныптағы “Дүниетану” пәнінің білім берудегі маңызы- оның
мазмұнының негізгі мектепте оқытылатын білім жүйесімен сабақтастығында.
Л.И.Бурова бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан алғашқы білім
беру жолдарын зерттеген жұмысында білім берудің басты міндеті-адам баласы
ашқан жаңалықтар жетістігіе меңгерту екенін айтады. Берілген білімді
тиянақты меңгеру оқушының таным әрекетіне тікелей байланысты. Бастауыш
сынып оқушыларының ғылыми ұғымды меңгеруі туралы психологтардың пікірлері :
Л.В.Занков, Н.Б.Менчинская, Э.И.Залькинд және т.б. “Ғылыми ұғымды
меңгеру үшін баланың қоршаған дүние жайында бұрыннан тәжірибесінен алған
түсініктері болуы керек. Сол түсініктерін кеңейту, байыту және оның қатесін
түзету арқылы ғылыми ұғымды жеңіл қалыптастыруға болады”,- дейді. Рухани
дүниесі бай адамды тәрбиелейтін басты құрал –табиғат сұлулығы. Оны өз
дәрежесінде түсініп, көркемдігіне сүйсініп, байлығын пайдаланып қана
қоймай, қорғай да білу үшін оған деген қызығушылығын арттыру, ынтасын
тудыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты . Ол мақсаттар сынып қабырғасында
емес, табиғат аясында жүзеге асады. Табиғатты пайдаланатын да оны түзететін
де –адам. Сондай-ақ мектепте бастауыш сынып оқушыларын сыныптан тыс уақытта
айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу еңбек
адамдарын қадірлеу, табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып қоймай ой
қорыту, қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын дамыту
көзделеді. Қалалы жерлерде оқушыларды айналамен таныстыру үшін мектеп
маңындағы алаңға, саябаққа, баққа апаратын болса, ауылдық жерлерде
бақшаға, шалғынға, орманға апарып таныстыру жүктеледі. Табиғат
объектілерімен ( өсімдік, жануар, жер бедері, су, және т.б. ) таныстыру
үшін жүргізілетін бақылаулар табиғат аясында не мектептегі табиғат
мүйісінде өтуге тиіс болады. Сыныптан тыс уақытта оқушылар оқу алаңында
көкөніс, сәнді гүлдер өсіруге қатысып мұғалімнің көмегімен өсімдіктің өсіп
жетілуін бақылау, жануарлармен танысу кезінде жабайы аңдар мен үй
жануарларының тіршілігіндегі айырмашылықты да байқау талаптары қойылады.
Оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру кезінде өздігінен атқаратын іс-
әрекетіне баса көңіл бөлініп, дербестігін арттыруға мүмкіндік беріледі.
Мұғалімнің мақсаты- проблемалық жағдай туғызып, оны шешудің жолын
оқушылардың өздеріне жүктеу болып табылады. Қазақстан ойшыл ағартушыларының
қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей оның сырын ашып, еліне халқына
танытуға талпынбай қалған емес. Адам баласы табиғат аясында өмір сүре
отырып, оның терең сырын білуге қызықпай қоймады. Өйткені табиғат өз
ерекшелігі сұлулығы, құпиялылығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл
күйге әсер етті. Сондықтан да ойшыл- ағартушыларымыздың бірі табиғат
тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеді. Табиғатқа, қоршаған
дүниеге тікелей қатыстарын көрсеткен, соған деген көңіл күйлерін сездірген
ағартушыларымыз Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев болды.
Ш.Уалиханов: Қазақстан табиғатын суреттегенде өзі зерттеген
аймақтарының тек жер бедерлерін, ішкі суларын, ауа райын сипаттап қана
қоймай, бала бұл өңірлердегі өсетін өсімдіктер мен жануарларды атап қана
өтпей, олардың кейбір түрлерінің суреттерін де үлкен шеберлікпен салған.
Шоқан әрбір табиғи көріністің атын ғана беріпқоймай, оның суретін салып
қалдырған.
Ы.Алтынсарин: Табиғаттың сұлулығы мен байлығын танып, үйрене білген
адам ғана өз пайдасына асыра алатынын, ал ны білуге талпынбаса, көргенін
дұрыс қабылдай алмаса, өмір азабын тартатынын айтып отырып халықты білімге,
оқуға, өнерге шақырған.
А.Құнанбаев: Табиғат көрінісіне қатысты жылдың төрт мезгілін түгел
суреттеген. Ол өлеңдерінде табиғатты жеке жансыз дүние қалпында қарамай,
адам тұрмысымен оның тіршілік қамымен байланыстыра көркемдейді, шындықты
айқын, дәлелді және реалды түрде бейнелейді. Абайдың өлеңдері табиғат
сұлулығын, оның сырын аша түседі. Бастауыш сынып оқушыларына білім мен
тәлім-тәрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орнына баға жетпейді. Әр жыл
мезгілінің көрінісін, табиғат көркін елжірете сипаттайтын шумақтар балғын
бала жанына балбырата әсер етеді. Абай леңдерінің дүниетанымдық негізі оның
шындықты нақ білуінде ғана емес, табиғат, адам, қоғамды қабыстыра
беруінде.Оқушыларға бастауыш сыныпта өздерін қоршаған дүниеден жан-жақты
білім беру қай қоғамның болса да алдында тұрған баты міндеттердің бірі
болып табылады. Оқушыларға берілетін білім қоршаған ортадан, табиғаттан,
қғамнан алшақ кете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған дүниені
өздігіенен үйренеді деу мүлде қате пікір болып саналады. Оқушылардың өмір
тәжірибесін ұтымды пайдалану арқылы мұғалім берілетін білімнің өмірмен
байланысын жүзеге асырып, түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға
мүмкіндік алады. Бірақ мұның бәрі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге
асады. Қазіргі таңда табиғат заттары және адам қолымен істелген заттар
жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға ұғындыру арқылы
адам мен табиғат арасындағы шексіз байланысты көрсету іске асырылған.
Табиғаттанудан ұйымдастырылатын сабақ түрлерін әр автор әр түрлі
қарастырады. Л.Ф.Мелчасов бұл пән бойынша заттық сабақтарды ерекше бөліп,
жеке сабақ типі ретінде көрсетеді. Табиғаттану пәнінен сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру білім берудің ең тиімді формасы деп есептейді.
Сыныптан тыс уақытта оқушыларға түрлі техникалық құралдарды пайдалану
арқылы бұрын алған ұғымдарын қорыту, әрбір жарты жылдықтан кейін арнайы
жазбаша бақылау жұмысын жүргізіп отыру.Практикалық тапсырмалар орындап,
жазбаша жұмыс түрлерімен жұмыс жасау т.б. жатады.

1.2.Бастауыш сыныпта дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың формаларын анықтау.

Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен
практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс.
Әсіресе, оқушылардың қабілтімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан
олармен жеке дара, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
1. Жеке атқарылатын сыныптан тыс жұмыс.
Жеке дара жұмыс оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді
саналылықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың
заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін
күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным әрекетін
ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжымдық
және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Мектепте сыныптан тыс
жұмысты ұйымдастыруда балалардың сабаққа деген ынтасы сабақ үстінде туады.
Дәл осы кезде оқушылар қызықты эмоциялық сабақтарды тереңірек оқып үйренуге
ұмтылады. Бұдан кейін оқушыларда тақырыпқа байланысты әртүрлі сұрақтар
туады, ал оларға жауапты оқушылар әртүрлі сыныптан тыс кезінде алады. Осы
мақсатпен мұғалім оқушыларға кез-келген табиғат құбылысына бақылау
жүргізуге, сан алуан табиғат материалдарын жинауға, белгілі бір тақырып
бойынша открыткалар, суреттерді жинауға, альбомдар жасауға, табиғат
элементтерін- коллекциялар, гербарийлер жасауға тапсырма береді. Осы кезде
балалар табиғат құбылыстарын, мысалы; жыл мезгілдерін, даланы, орманды,
өзенді жақын сипаттау үшін мәтінді, өлеңдерді, мақалдарды, мәтелдерді,
жұмбақтарды ынта қойып тыңдайды. Орындалған жұмыстар безендіріліп
дайындалады да барлық оқушылардың игілігіне айналады. Мұғалім конкурстар,
даулы жұмыстардың көрмелерін ұйымдастырады, сөйтіп балалардың белсенділік
дербестігін көтермелейді, олардың ынтасын берік болуға тәрбиелейді. Жеке
атқарылатын сыныптан тыс жұмыстың өте маңызды түрі- табиғат туралы
әдебиеттер оқу болып табылады. Жұмыстың бұл түрінде мұғалімнің
ұйымдастырушылық рөлі даусыз. Ол сыныптан тыс оқуды іскерлікпен бағыттайды,
оқудың бірізділігін ( қарапайымнан күрделіге) ұсынады, сұрақтар қояды,
балалардың оқығанын талдап түсінуіне көмектеседі. Жеке атқарылатын сыныптан
тыс жұмыс балалардың табиғатты зерттеуге ықыласын дамытуға көмектеседі.
Оқушылардың қызығушылығын жіктеуге мүмкіндік береді, және соның
арқасында балалалды топтық және көпшілік сыныптан тыс жұмыстарға
дайындайды.
2.Сыныптан тыс уақытында оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру.
Оқушылардың топтық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде,
өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгілі
бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе
бірыңғай және бірнеше бөлшекке бөлу жағдайында ұйымдастырылады.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына
ортақ бірыңғай шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы
жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту- бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі
тәсілдермен оқушылардың бңрнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырмасының мақсатын,
мазмұнын, оны орындау тәсілін, бір-бірімен өзара бірлесіп атқаратын оқу-
танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқайда
жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік
туғызады.
Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып
шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген
жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара
әсерлесуінің маңызы ерекше. Сыныптан тыс жұмыстарда оқытуды осындай
тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім
алуға белсенділігін дамытуға өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын,
жауапкершілігін, әсерленушілігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін
қалыптастырады.
3. Сыныптан тыс уақытында оқушылардың көпшілік жұмысын ұйымдастыру.
Оқушылардың көпшілік жұмысы дегеніміз- ортақ мақсатты көздейтін
жұмыстың түрі. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде
белгігі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы
оқушылардың жеке дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Сондықтан көпшілік жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа
бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін
жақсы ұғынуға көмектеседі.
Бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы – барлық
оқушылар қатысатын көпшілік жұмыс.
Көпшілік жұмыстарға жататындар:
Орман күні, құстар күні, астық күні, дәрілік шөптер жинау,
экскурсиялар, ертеңгілік кештер, музейлерге, зоопаркке, ботаника бағына
бару және т.б.
Көпшілік шаралардың ең маңызды бөліктері:
Біріншіден, оларды өткізу кезінде көптеген танымдық, тәрбиелік және
дамыту міндеттері шешіледі.
Екіншіден, олар коллективті түрде жүзеге асырылады, ал балалардың ең
жақсы қасиеттері мектеп коллективінде қалыптасады. Сондай-ақ бірлестік
арқылы балаларды тәрбиелеуде бірлестіктің жеке оқушыларға ықпалы өте зор.
Ол ықпалды жасаудың әр түрлі формаларын қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, әрбір көпшілік жұмыс дегеніміз мінез-құлық нормаларының
күнделікті өмірде қиын дамитын дағдыларын игеру. Көпшілік шаралар кезінде
тәртіпсіз оқушы ережелерді орындауды талқылауға және күмәндануға жатпайтын
әдеттегі нәрсе деп есептейді, өйткені көпшілік істің табысты болуы
тапсырманы орындаумен тығыз байланысты.
Сыныптан тыс көпшілік шаралардың аса маңызды мәні – олар балаларды
ұйымдастырудың қуатты құрамы болып табылады. Бұл –балаларды тапсырылған
іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу жәрдемін тигізеді.
Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу да адамдық асыл
сезімдерді оятуда оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу барысында жүзеге
асады. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсіл арқылы оқытса, балалардың сана-
сезімін мәдениетімен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.
Мұғалім дүниетану сабағында сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыру үшін,
сынып оқушыларының білім деңгейін, олардың жас ерекшелігін, білім алудағы
қабілетін, сабаққа деген зейінін қабылдау ой қорыту дәрежелерін жақсы
ажырата білуі қажет. Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін
емес.
Сыныптық сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі- оқушылардың дара
ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды
ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Сондықтан
дүниетану сабағында оқушылардың сыныптан тыс уақытында танымдық әрекетін
дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін,
қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың формалары
қолданылады. Олар : саяхат, экскурсия топ серуен, үйірме, клуб жұмысы,
ертеңгілік т.б. жатады.
Саяхат- пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарына
кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Олар:
музей, көрме, табиғат аясы, өндіріс орындары т.б. жатады. Оқу саяхаты
оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асыруды,
оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі
организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу
саяхатының түрлері:
а) кіріспе саяхат- жаңа тақырыпты ( оқу материалдарын ) түсіндіру
алдында оқушылардың қажетті білімдерін жинақтау;
ә) кезекті саяхат- ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс
істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;
б) қорытында саяхат- курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін
өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өтілген материалды тереңдету және бекіту.
Саяхатты өткізу үшін міндетті түрде жоспар жасалынады. Онда
төмендегідей ережелер қарастырылады.
1. Саяхаттың мақсаты мен объектісі;
2 Оқушылармен алдын-ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар
жүргізіледі, әңгіме, бақылау, тәжірибе т.б.
3. Саяхат барысында жүргізілетін жұмыстар. Олар : бақылау, өлшеу,
сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау;
4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беріледі.
Мысалы; бірінші топ-бақылау ,өлшеу, екінші топ- сурет салу, сызу, үшінші
топ- есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
5. Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат сабағының жоспарымен
таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
6. Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі.
Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жазып, сөз сөйлейді.
Конференцияны бірнеше сынып оқушыларымен өткізу өте тиімді нәтиже
береді. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.
Экскурсия- жұмысының мақсаты- оқушылардың дүниетану сабағында алған
теориялық оқу материалдарын, практикамен жалғастыру, бекіту болып табылады.
Экскурсия барлық оқу пәндерімен соның ішінде дүниетану сабағында кеңінен
қолданылады. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы өте зор болып табылады.
Экскурсия оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу
материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орындарына төмендегілер жатады:
Мектептің оқу алаңы, табиғат аясы, ауыл шаруашылығы, өндіріс, көрмелер
т.б. нысаналар жатады.
Оқыту жұмысын дәл мұндай етіп ұйымдастыру мұғалімнің кең көлемде
ұйымдастыруын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ
оқушыларға нақтылы фактілермен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз
түсініктерін кеңейтіп білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Экскурсия
сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын-ала
түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға
бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі- кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау
тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш
және орта сыныптарда алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты
жағдайда болады.
Екіншісі- ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа
арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі
мүмкін.
Үшіншісі- қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп
болғаннан кейін оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін пысықтау,
бекіту мақсатын көздейді. Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен
мұғалімнің алдын-ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын
түсіндіреді. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен
мына мәселелер қарастырылады:
1. Экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері басталу және аяқталу уақыты;
2. Маршрутты қамтитын нысанасы;
3. Экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;
4. Экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.
5. Жеке және топтық болып атқарылатын жұмыстардың түрлері.
6. Экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары жатады.
ΧVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-жак Руссо балалардың сезімін
дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.
Топ серуен –жұмысының мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру, теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру, оқушылардың
білімін жалпылау және жүйелеу.
Топ серуеннен кейін оқушыларға міндетті түрде төмендегідей сұрақтар
қойылып, топ серуен нәтижесін қорытындылау керек. Сұрақтар мына түрде
болғаны жөн: Бүгін қандай ауыл шаруашылық түрлерімен таныстың? Күзгі жиын-
терім жұмыстары қандай? Сыныптан тыс үйірме жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін
іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. Сондай-ақ оқу әрекетінің кез-
келген мазмұнына қызығушылықты арттыру үшін оқушылардың білім деңгейін
қалыптастыру қажет. Бастауыш мектепте қоғамның барлық даму кезеңінде және
бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру
жағдайында өз үлесін қосары мол. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі
заманның сұранысын болашақ талаптармен ұштастыра отырып ауыр жағдайына жеке
адамды қалыптастыруда, дамытуға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырушы директордың тікелей басшылығымен
жалпы мектеп ұжымы қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша жалпы тәрбие
жұмысын ұйымдастыратын сынып жетекшілерінің мұғалімдердің көмегі мен барлық
оқушыларды сабақтан тыс уақытта алуан түрлі қоғамдық пайдалы істерге
тартуға, олардың өздерінің бос уақыттарын мазмұнды өткізуіне күш салады.
Сыныптан тыс жұмыстың жоспарын жасау бүкіл мұғалімдер ұжымының ісі болып
есептеледі. Әрбір жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен мұндай топ
серуендеріді ұйымдастыру мүмкіндіктері өте көп және алуан түрлі болып
келеді. Мектепте сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын оқушылар қызметінің
жекелеген түрлері жөнінде бағдарламалар үлкен көмек көрсетеді. Оқушылар
өндіріс бригадаларына алуан түрлі үйірмелерге, секциялар, спорт клубтары,
көркемөнер коллективтеріне өлкетану музейлеріне, еңбек және демалыс
лагерьлеріне- топ серуендерін жасайды.
Сонымен қатар балаларға серуендер мен жорықтар жасау кезінде шөп пен
гүлдеп тұрған өсімдіктерді таптауға құстардың ұяларын бұзуға, бұтақтарды
сындыруға болмайтынын және т.б. ескертіп отыру мұғалімнің міндеті болып
саналады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін серуендер мен туристік жорық ұзақ
болмауы керек. Әдетте олар балаларға жорықтағы белгілі бір білім мен мінез-
құлық тәртібін хабарлаумен қоса жүргізіледі. Балаларға политехникалық білім
беру үшін математика бағдарламасында көрсетілген өлшеу, мектеп ауласының
бағытын, ауданын өлшеу жұмыстарын жүргізудің де рөлі ерекше. Бұл жұмыстар
үшін керекті өлшеуіш құрал-жабдықтарын: метр, қадақ сияқтыларды санмен 2-3-
сынып оқушыларының өздері жасай алады. Мектепте сыныптан тыс уақыттарда
жақын кәсіпорындарға топ серуендерге шығару керек. Бұл топ серуендер
педагогикалық жағынан тиімді, балаларда шамадан тыс күш жұмсауды талап
етпейтіндей болуы тиіс. Сондықтан топ серуенді өткізу іс-шараларын мұғалім
алдын-ала ойлап жұмыс жасауы тиіс.
Бастауыш сыныптарда балалардың ой-өрісін кеңейту үшін өте керекті топ
серуендердің түрлерінің бірі ұжымшардағы күзгі жиын-терім немесе балаларды
ауыл шаруашылық өнімдерін техника көмегімен жинап алумен таныстыру болып
табылады.
Үйірме – жұмысының мақсаты- сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны,
ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар.
Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және
тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындау қолайлы жағдайлар туғызып отырады.
Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық
байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Жеке және сыныптан тыс үйірме жұмысын жүргізуде оқушылар арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Пәндер