Дене шынықтыру сабағында оқушылардың қимыл-қозғалыс үйлесімділіғі мен дағдысын қалыптастыру



1 Дене мәдениеті . жалпы мәдениеттің бір саласы
2 Дене қуат қасиеті мен қозғалыс үйлесімділігі
3 Қимыл үйлесімділігі қабілетін бағалау әдістері.
Еліміздің жалпы білім беретін меқтептерінде білім және ғылым министрліғінің 2002 жылғы 21 маусымдағы №506 бұйрығы бойынша 2002-2003 оқу жылынан бастап дене тәрбиесі сабағы аптасына үш рет өтқізіліп, жылдық оқу сағаттарына әр сыныпқа жалпы 102 сағат бөлінгеннен бері бірнеше жыл өтті. Сол қезден бері жылдық – тоқсандық оқу жоспар қестелерін құрастыру, онда берілетін оқу материалдары толық, қазіргі талапқа сай, қазіргі мектеп бағдарламасымен үндес дұрыс бағытта болуын қадағалау, дене тәрбиесі жұмыстарының жарыс құжаттарының мемлекеттік тілде сауатты жазылуы, толтырылуы тек қана дене тәрбиесі мұғалімдерінің еншісінде болды. Қазіргі кездегі оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттердің аздығынан және мемлекеттік тілдегі терминдер мен ұғымдардың әр түрлілігінен дене тәрбиесі мұғалімдері мектептің оқу жоспарлау, есепке алу, бақылау құжаттарын құрастыруда көптеген қиыншылықтар кездесуде.
Дене тәрбиесі өркениетті қоғамда дене табиғатын қалыптастыруға бағытталған адамның мақсатты қызметі мен оның нәтижесі ретінде қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі оқушыларды пәндік және интелектуалдық тәрбиелеудегі педагогикалық процесс ретінде ұғындырылады.
1. В.И. Лях «Тесты физического воспитании школьников» Москва -1998 ж.
2. П. Благуш «К теории тестирования двигательных способностей» Москва «ФИС» -1982 ж.
3. Д.И. Нестровский, Ю.Д. Железняк «На уроках баскетбола» Физкультура в школе - 1991 №12
4. В.И. Лях «Развивая кординационные способности учащихся 1-3 классов» // Физкультура в школе - 1988 №3
5. Г.И. Погодаев «Настольная книга учителя физической культуры» Москва «ФИС» 1998 ж.
6. Ұ. Мұхаметжанова «Дене жаттығулардың ұйымдастыру жолдары» // Қазақстан мектебі - 2001 ж. №7
7. Я.С, Вайнбаум «Дозирование физических нагрузок школьников» Москва «Просвещение» - 1991 ж.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласы, №17 Жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Калиакпаров Жеңіс Арғынұлы

Дене шынықтыру сабағында оқушылардың қимыл-қозғалыс үйлесімділіғі мен
дағдысын қалыптастыру

Еліміздің жалпы білім беретін меқтептерінде білім және ғылым
министрліғінің 2002 жылғы 21 маусымдағы №506 бұйрығы бойынша 2002-2003 оқу
жылынан бастап дене тәрбиесі сабағы аптасына үш рет өтқізіліп, жылдық оқу
сағаттарына әр сыныпқа жалпы 102 сағат бөлінгеннен бері бірнеше жыл өтті.
Сол қезден бері жылдық – тоқсандық оқу жоспар қестелерін құрастыру, онда
берілетін оқу материалдары толық, қазіргі талапқа сай, қазіргі мектеп
бағдарламасымен үндес дұрыс бағытта болуын қадағалау, дене тәрбиесі
жұмыстарының жарыс құжаттарының мемлекеттік тілде сауатты жазылуы,
толтырылуы тек қана дене тәрбиесі мұғалімдерінің еншісінде болды. Қазіргі
кездегі оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттердің аздығынан және мемлекеттік
тілдегі терминдер мен ұғымдардың әр түрлілігінен дене тәрбиесі мұғалімдері
мектептің оқу жоспарлау, есепке алу, бақылау құжаттарын құрастыруда
көптеген қиыншылықтар кездесуде.
Дене тәрбиесі өркениетті қоғамда дене табиғатын қалыптастыруға
бағытталған адамның мақсатты қызметі мен оның нәтижесі ретінде
қарастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі оқушыларды
пәндік және интелектуалдық тәрбиелеудегі педагогикалық процесс ретінде
ұғындырылады. Қазіргі таңдағы ғалымдарымыз оқушылардың тәуліктік қозғалыс
белсенділігі ең кемі екі сағат болуы керек деген тұжырымдама ұсынған кезде,
тек қана дене тәрбиесі сабағына емес, таңғы гигиеналық гимнастика спорт
түрінен жаттықтырулар күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары әр түрлі
жарыстар, саяхат, жорықтар өткізіліп тұрулары қажет деп ойлаймыз.
Германияда 1937 жылдан бастап бес күн дене тәрбиесі сабағы өткізіле
бастаса, ал қазіргі қезде барлық өркениетті елдерде күнделікті дене
тәрбиесі сабақтары жүргізілуде. Демек, Азия барысы болғалы отырған біздің
елде де сондай күндер туады деген үміттеміз.
Осы оқу-әдістемелік құралда берілген мәлімет, құжаттар сіздердің
күнделікті жас ұрпаққа білім беру, денсаулықтарын нығайту, тәрбиелеу ісінде
аз да болса септігін тигізер деген сенімдеміз.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізу барысында біз мынадай ұғымдарды танып,
оны оқушыларға ұғындыра білуіміз керек: Дене мәдениеті, Дене тәрбиесі,
Спорт, Дене қуаты дайындығы.
Дене мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы
жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен
жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-
жануарларды Ұлы күш иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы,
жаны, рухани жетілгені себепті, адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет
архитектуралы қалалар салды, ғылымды игерді, ғарышқа ұшты, техниканы,
экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз қолымен жасады, ал сол адамды
мәдениеттендіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған–дене мәдениеті.
Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын
нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін кеңістікте дұрыс, үйлесімді
қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық
көрсеткіштерге жеткізетін де дене мәдениеті.
Дене мәдениеті – адамдардың денсаулығын нығайтуға, дене, мүсін
сұлулығын, қимыл-қозғалыс әдемілігін, үйлесімділігін, дене қуатын
жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани
байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі.
Өмірге қажетті қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қуаты
қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім
беру.
1. Қимыл – қозғалыс қаблеті дегеніміз – бұл адамның қозғалыс мүмкіндігі
деңгейін анықтайтын жекелеген ерекшеліктері. Оған мыналар жатады:
А. Анатомия – морфологиялық (жүйке қасиеттері)
Б. Анатомия- физиологиялық (тұқым қуалаушылық)
В. Физиологиялық (жүрек қан тамырлар жүйесі, тыныс алу)
Г. Биологиялық (зат алмасу, бұлшық еттердің шапшаң жиырылу
ерекшеліктері)
Д. Тәндік (дененің бой көрсеткіші және салмағы)
Е. Хромосомды (тектік-ген)

Дене қуат қасиеті мен қозғалыс үйлесімділігі. Бақылау сынамалардың
көмегімен біз оқушылардың қимыл – қозғалыс үйлесімділігі қабілетінің
абсалютті (анық) және қатыстық (жасырын, латентті) көрсеткіштерін
анықтаймыз. Абсалютті көрсеткіш дегеніміз, яғни жүгіру жылдамдығы.
Ал қатыстық көрсеткіш оның дене салмағына қатысты күш
көрсеткіші, яғни жылдамдықты есепке ала отырып, қашықтыққа жүгірудегі
төзімділігі. Зергтеу нәтижелсрі денені жетілдіру қабілеттілігінің төмендегі
түрлерін ажыратуға мүмкіндік туғызады: Арнаулы, спецификалық және жалпы.
Арнаулы денені жетілдіру қабілеттілігі қозғалыс әрекеттерінің бүтіндей
бір тобына жатады. Мысалы жүгіру, гимнастикалық снарядтарда жаттығулар,
лақтыру қозғалыс әрекеттері, спорт ойындары. Қысқа, ұзақ, орта қашықтыққа
жүігірудегі арнаулы төзімділікті (ажыратады) айқындап береді. Денені
жетілдіру қабілеттілігіне тән көріністер туралы. олардың ішкі кұрылымын
кұрайтын құрамы ретінде айтуға болады. Денені жетілдіру қабілеттілігінің
(жылдамдық, үйлесімділік. күштілік. төзімділік. ептілік) әрбір негізгі
құрылымы-гомогенді (біртекті) болып табылмайды. Керісінше
аталған қабілеттіліктің әрбір құрылымы – гетерогенді (әртекті) сонымен,
адамның қимыл қозғалыс үйлесімділік қабілеттілігінің негізгі құрамы
мыналар: бағдарлау қабілеттілігі. тепе-теңдікке. сезгіштікке. қозғалыс
параметрлерін дифференциялауға; ырғаққа қабілеттілігі. қозғалыс әрекеттерін
алмастыруға қабілеттілігі, дәлдікке, бұлшық еттерді еркін босаңсытуға
қабілеттілігі. Бұл кабілеттер қимыл қозғалыс үйлесімділік қабілетіне тән.
Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін бағалау критериі мен әдістерін жасау
өзара байланысты бірқатар міндеттерді шешу үшін кажет: әртүрлі жастағы және
әртүрлі жынысты балалардың қимыл қабілеттілігіндегі даму деңгейін анықтау;
байланысты анықтау; дене жағынан дамуды жетілдіру, кондиционды
қабілеттермен, психофизиологиялық қызметпен; қимыл үйлесімділігі
қабілетінің өзгеру ерекшелігіне спорттың әртүрімен шұғылданудың әсерін
анықтау; қимыл үйлесімділігі динамикасына үйлестіру жаттығуларын қолдану
әсері және техника тактикалык әрекеттер көрсеткіштерініц нәтижелілігі;
балалардың спорттың сол немесе басқа түрімен айналысуға бағдар және алдын
ала іріктеуде қимыл үйлесімділігі қабілеті жетістікке жетуде жетекші фактор
болып табылады.
Қимыл үйлесімділігі қабілетін сынамалау үшін үш сұраққа жауап берген
жөн:
1. Қимыл үйлесімділігі қабілетһі қалай бағалау қажет ?
2. Қандай әдістер көмегімен (алдымен қозғалыс сынамалары) неғұрлым
толық өлшеуге (анықтауға) болады ?
3. Қимыл үйлесімділігі қабілетін сынамалауды қалай ұйымдастыруға
болады?

Қимыл үйлесімділігі қабілетін бағалау әдістері.

Қимыл үйлесімділігі қабілетін бағалаудың негізгі әдістері мыналар:
бақылау әдісі. сараптамалық бағалау әдісі, құрылғылық әдістер мен сынамалау
әдісі. Бақылау әдісі – бұрыннан келе жатқан ескі әдістердің бірі. Егер
мұғалім тәжірибелі болса. оқушылардың қимыл үйлесімділігі қабілетінің даму
сатысы туралы көп нәрсе аңғаруға болады. Мұғалім балалармен жүйелі түрде
жұмыс жасай отыра, олардың әртүрлі қозғалыс әрекеттеріне (гимнастикалық,
спорттық ойын) неғұрлым тез үйренетінін олар эстафеталар мен қозғалыс
ойындарына қатыса отырып, өз қимыл -қозғалыстарын тез әрі нақты
үйлестіретінін бірнеше мәрте бақылай алады;
Бақылау сапасын қимыл үйлесімділігі қабілетін бағалау критериіне арқа
сүйей отырып арттыруға болады: дұрыстыкка, шапшаңдыкка. сапалық және сандық
сипаты бар тиімділік пен тапқырлық. Оқушы үйлестіруге киын қозғалыс
әрекеттерін баскару және реттеу барысында бір ғана критерий бойынша өзінің
қозғалыс әрекетін үйлестіре алады. мысалы,

Доппен орындалатын қозғалыс әрекеттерін үйренудің бастапңы сатысындағы
үйлестіру қабілеттерін дамытуга арналған кейбір жаттығулар:
1. Қатарда тұрып, қолды кеуде тұсында ұстап, арқадан бір қолдан (оңға,
солға) екінші қолға доп беру.
2. Сапта тұрып, допты қолдан - қолға үстіден, аяқ арасынан беру.
3. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі қолмен, сосын
бір қолмен допты алып жүру. Осыны еденде отырып, аяқты 3-4 м. арақашыққа
жазып.
4. Допты жоғары лақтырып, оны қос қолдап тосып алу.
5. Доп оң (сол) қолда. 1-допты жоғары лақгыру; 2-лақтырған қолмен тосып
алу; 3-допты еденге соғу; 4-допты ұстап алу.
6. Орнында тұрып допты жүргізу.
7. Допты өзін айналдыра жүргізу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Дене шынықтыру құралдары
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және ұйымдастыру
Жеңіл атлетика сабағы
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі
Пәндер