Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу

1. 1 Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізі

1. 2 ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру педагогикалық мәселе

1. 3 ЖОО бітіруші болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

1 бөлім бойынша қорытынды

2. ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын тәжірибе арқылы зерттеу

2. 1 ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының қазіргі күйі

2. 2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптастыру жұмысының мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері

2. 3 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының тиімділігін зерттеу тәжірибесінің нәтижелері

2 бөлім бойынша қорытынды

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша материалдар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене тәрбиесінің мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» дене дамуының объективті заңдылықтарын біліп және есептеп пайдаланып ағза формалары мен қызметтерін үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік -мәдени және өндірістік функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті жұмыс қабілеттілігін арттырып, адамның шығармашылық өмірін ұзартып, жеке адаммен социум үшін қолайлы бағыт жасауға болатыны басты мақсат делінген[1] . Дене тәрбиесінің мақсатқа сәйкес басқаруының бұл мүмкін-шіліктері дене тәрбиесі спорт машықтану процесінде белгілі жағдайларда жүзеге асырылады, яғни адамның дене дамуында дене тәрбиесі ролінің ғылыми түсінігі дене даму процесі негізінде басқара алатыны белгілі болып отыр. Осы процесте мақсатқа сәйкес бағытталған әсерінде дене тәрбиесінің ерекше әлеуметтік функциясы тұрады.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік тәжірибелік қисынды әдістемелік және нормативтік баға мағынасы біртұтас қоғам жүйесінде басым болатын қоғамдық қатынастары мен практикасымен ашылады және айқындалады. Ол дене тәрбиесі жүйесінің ерекшеліктерінде өз көрінісін табады.

Қазақстан Республиқасының білім және ғылым министрлігі және салауатты өмір салтын насихаттау орталығы бірлесе өткізген әлеуметтік зерттеу жұмыстарында қазіргі уақыттағы балалардың нерв жүйесінің өте күшті өзгеруі, олардың қимыл белсенділігінің созылмалы жетіспеушілігі олардың дұрыс дене дамуын тежететіні, денсаулығына қауіп төндіретіні айқындалды[2] .

Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың дене шынықтыруын қалыптастыру, дене тәрбиесі теориясымен әдістемесін дамытудың бар концептуалды аспектілері қазіргі ақиқаттың сәйкестілігіне келтірілуі қажет. Оқушылардың дене тәрбиесі принциптерінің негізгі бағыты мен жүзеге асыруын қарастыратын кешенді бағдарлама (2006 ж. ) бастауыш мектеп оқушыларына қатысты дене тәрбиесін оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан қайта зерттеу қажеттігін баса талап етіп отыр[2, 3б. ] . Қазақстан Президентінің 2008 жылғы халыққа Жолдауында дені сау азамат тәрбиелеу күшті қуатты мемлекет қалыптастыруға қабілетті болады деген сөзі осыны растап отыр[3] . Сондықтан жалпы білім орта мектепте дене тәрбиесіне баса назар аудару арқылы дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесінің оң шешілетіні ғылыми тұрғыдан дәйектелініп, жүзеге асыру механизмдерін анықтау күн тәртібінде тұр. Педагогика ғылымында дене тәрбиесі жеке адам қалыптастыру мәселесінің ең басты түрлерінің бірі болғанымен, оның ғылыми тұрғыдан зерттелуінің әлі де болса жетқіліксіз екенін байқауға болады. Әсіресе, 12 жылдық оқу жүйесіне қөшу бағдары бойынша дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік мазмұндарын айқындау аса қажет болып отыр. .

Қазақстандық педагог-ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша ғылыми жұмыстарында жеке адам бойында дене тәрбиесін қалыптастыру міндеттері түрлі сапада қарастырылғанымен (Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Е. Сағындықов, Т. Қуанышев, Б. Төтенаев, Ш. Бақтыбаева, Б. Тойлыбаев, О. Аяшев, т. б. ), білім парадигмаларының заман талабына қатысты өзгеруін есепке алатын жаңа педагогикалық жүйелердің қалыптаспағанын көреміз[4, 5, 6, 7, 8, 9] . «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру мен тәрбие қабілет деңгейі мен қажеттілік дәрежесіне қарай берілуі тиістігі міндеттелінген болатын[10] . Алайда, жаңа заман талабына жауап бере алатын дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлау, олардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру басқа ғылымдарға қарағанда көп кенжелеп қалғаны анық байқалып отыр. Оның басты себептерінің бірі ретінде еліміздің ЖОО дене тәрбиесі мамандарын даярлаудың ғылыми-педагогикалық базасы-ның төмендігінен деп санаймыз. Қазақстандық ғалымдар В. В. Шахгулари, К. А. Куланов, К. И. Адамбеков, Б. Мұхамеджанов, Е. Қ. Уанбаев, т. б. болашақ дене тәрбиесі мамандарын даярлауда олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға баса назар аудару қажеттігін растайды[11, 12, 13, 14, 15] .

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың профессионаграммасы белгілі Ресей педагогтарының, атап айтқанда О. А. Абдуллинаның, Л. А. Кандыбовичтің, Н. В. Кузьминаның, К. М. Дурай-Новакованың, В. А. Сластениннің, т. б. еңбектерінде жан-жақты зерттелген болатын[16, 17, 18, 19, 20] . Бұл түрлі мамандықтар бойынша педагог кадрларды дайындауда кәсіби сапаларды анықтауға мүмкіндік беретін басты мазмұн берілген еді.

Сол сияқты болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері И. Ю. Кулагина, А. Зимняя, Л. И. Селезнева, В. Д. Шадриков, В. В. Серикова, А. А. Вербицкий, т. б. еңбек-терінде зерттелген[21, 22, 23, 24, 25] . Бұл еңбектерде болашақ маманның кәсібі іскерліктері мен дағдылары базалық және шешуші педагогикалық құзырлылықтары арқылы қалыптасады делінген. ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерінің жекеленген аспектілеріне қатысты М. Я. Виленскийдің, Л. И. Лубышеваның, Г. Н. Волковтың, Е. М. Иванованың, В. П. Каргаполовтың, И. Дьяченконың, Т. Қ. Бөлеевтің, т. б. еңбектерінде алынған нәтижелер бойынша дене тәрбиесі пәнінің мазмұны және оны оқыту әдістемесіне жаңа әдіснамалық көзқарас пен қатынас қажеттігі айқындалды[26, 27, 28, 29, 30, 31, 32] .

Дене тәрбиесінің әдістемелік мазмұнын жаңарту және оны орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу туралы Е. Сағындықов, Б. Төтенай, А. Құлназарова, С. М. Тайжанов, С. Қасымбекова, Д. Мырзахмет, т. б. әдіскер ғалымдар болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда орта мектепте берілетін дене тәрбиесінің мазмұнын бастапқы бағдарға алу керек деп санайды, ал ЖОО болашақ дене тәрбиесінің мұғалімдерін даярлау мәселесіне тоқталмайды[33, 34, 7, 35, 36] .

Жоғарыда талданған еңбектер ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оларды құзырлылық қатынастың негізігі құраушы элементтері ретінде қарау қажеттігін, дене тәрбиесінде осы элементтердің қалыптасуы болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің құзырлылығын қамтамасыз ететінін көрсетті.

Олай болса, ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесі көп аспектілі және мынадай басты қарама-қайшылықтарды шешу қажеттігімен тікелей байланысты болатыны айқындалып отыр:

- болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету үшін олардың оқу-танымдық қызметін кәсіби қызметке тасымалдайтын арнайы оқу үрдісін ұйымдастыру қажеттігі мен оның ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделуінің әлсіздігі;

- ЖОО болашақ мұғалімнің дене тәрбиесі пәні бойынша кәсіби қызметке даярлауда білімдік (когнитивті) мазмұнның басымдылығы, дене тәрбиесі маманының құзырлылығын қамтамасыз етудегі біржақтылықты көрсетеді, сондықтан болашақ дене тәрбиесі мұғалімін даярлауда кәсіби іскерлік пен дағдынының сапалық деңгейін арттыратын аксиологиялық және әрекеттік қызмет мазмұнын оқу бағдарламасына енгізу педагогикалық тұрғыдан негізделмеді;

- болашақ маманның танымдық қызметін белсендіру үшін, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту үшін, олардың үнемі өзінің кәсіби білімін толықтыруға ұмтылуын қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие үрдісін арнайы мазмұнда ұйымдастыру қажет болды. Алайда, болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырудың тиімді шарты ретінде оқу-тәрбие үрдісін жалпыпедагогикалық іскерліктер мен кәсіби іскерліктердің сабақтастығын қамтамасыз ете алатын мазмұнның болмауы педагогикалық мәселе болып отыр.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесін құзырлы маман дәрежесінде қалыптастыру қонцепциясын құру оның теориялық және әдістемелік мәнін ашатын принциптерді тұжырымдаудан тұрады. Бұл принциптердің мазмұны дене шынықтыру саласында жеке адам тұлғасын қалыптастыру процесін жүзеге асыруда бірқатар заңдылықтарды белгілейді. Дене тәрбиесі жүйесінің негізін қалаушы дербес және қайталанбас жеке адам тұлғасын қалыптастыруда сана, ақыл-ой, іс-әрекет, субъектісі көзқарас, қозғалыс дене бөліктерінің бірлігі құндылықтық құраушыны қамтамасыз болып табылады. Бұл принцип негізіне жеке адамды өзгертетін іс-әрекет процесінде осы тұлғаның жан-жақты дамуы; рухани сезім, эмоциялық, ақыл-ой және дене қозғалысының тығыз өзара бағыныштылық идеялары жатады. Ресей ғалымдары М. Соловьев пен Н. Ермаков өздерінің даралық оқушылардың дене тәрбиесін жетқіліқті дәрежеде қалыптастыру үшін ең алдымен дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру формаларын дұрыс анықтау аса маңызды дейді[37. 38] . Сонда ғана адам өзінің мәні бойынша адам мәні мен өмір сүрудің танып білудің қажеттілігін, әлеуметтік, биологиялық қоғамдық және тұлғалық бірлігі мен өзара келісімді көрсететін теория мен практиканың жалпы ғылыми принциптерімен тығыз байланысқандығын көрсете алады. Осы идеяларға сәйкес және адам тұлғасының әлеуметтік және психологиялық пен физиологиялық дамуы, тіршілік әрекетінің жеке тәсілінің қалыптасуы тек қана әлеуметтік практикалық тәжірибені рефлексті түрде қайталау және иемдену арқылы, сонымен бірге көзқарас, білімді, белсенді, саналы меңгеруді қалыптастыру бойынша сырт жақтан берілген әрекет арқылы жүзеге асырылады деп айтуға болады. Дене тәрбиесінің ақыл-ой, дүниеге көзқарас бөлшектері адам және оның субъективті әлемі, таным процесінде, іс-әрекеттің басқа да түрлерінде адамдар мен өзара қарым-қатынасы туралы білімнің тұтас бағдарламасы түрінде оның негізгі мазмұнына кіреді.

Спорттық педагогика маманы Б. А. Ашмарин дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындау; өсіп келе жатқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты әрекетке деңгейі, қоғамға қатынасында оны «мен» деген орынға шоғырланады деп жас кезеңдерінің дене тәрбиесіндегі шешуші мәселе екендігін көрсетеді[39] . Бір жағынан қоғамға қатынасында «Мен» деген орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, еқінші жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда тәрбие процесінде өсудің потенциальды мүмкіншіліктерін өмірде бар ерекше күйді алуды белгілейді.

Жоғарыдағы зерттеу жұмыстарына талдау нәтижелерінен жасалынған тұжырымдарға сәйкес мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне байланысты физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктері бойынша бір-біріне жақын болғанымен, олардың дене қуаттары мен психикалық күйлері нақты нормативтерді орындауға толық мүмкіндік бермеуі мүмкін. Сондықтан, В. К. Бальсевич айтқандай, әрбір оқушыға өз мүмкіндігі есепке алатын дене жаттығуларын беру қажет немесе оларды топтап, мүмкіндік дәрежесін есептеу керек[40] .

Елімізде соңғы жылдары болып жатқан білім реформалары білім беру мазмұнын өзгерту туралы көптеген идеялар төңірегінде жұмыс атқарып жатқанымен, олардың барлығы да дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру формасын нақтылай немесе білім мазмұнын өзгерту арқылы оны оқушыларға жеткізудің тиімді әдістемелік жүйесін дайындай алмауда. Сол себепті қазіргі уақытта қолданылып жүрген түрлі педагогикалық технологиялармен қатар оқыту процесін ұйымдастыру формасына когнитивті, аксиологиялық, әрекеттік және рефлексиялық мазмұн арқылы келудің әлеуеті(потенциалы) дұрыс деген ғылыми болжам жасалынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның алдына қойылған міндеттердің шешілу механизмін анықтауда ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби қызметін қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру процесі жаңа педагогикалық парадигмаларға сүйенуі қажеттігі айқындалып, оқу-тәрбие процесін құзырлылық қатынас негізінде ұйымдастырудың табысты болатыны тұжырымдалғанымен, оны нақты құрылымдық мазмұнда жүзеге асыру және әдістемелік түрғыдан қамтамасыз ету мәселесі арасында қайшылықтар туындауда. Аталған қайшылықты шешу қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру» деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу жүмысының мақсаты: Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу нысанасы: ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі

Зерттеу пәні: Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық қызметі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер біз, дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық қызметіне жалпыпедагогикалық іскерліктер мен дағдылардың психологиялық, педагогикалық, биологиялық, медициналық және дене тәрбиесінің білімдік мазмұнын меңгертуді; мамандыққа сезімдік-құндылықтың көзқарас пен қатынасты қалыптастыру секілді әрекеттерді жатқызатын болсақ, кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына болашақ мұғалімнің тұлғалық сипатын қалыптастыруда рухани құндылықтарды қажетсінуді қалыптастыру; дене тәрбиесі мамандығына тән кәсіби, арнайы іскерліктері мен дағдыларды меңгертуге; дене тәрбиесінің білімдік мазмұнын практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыруға: күтілетін нәтижеге бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға; оқу үрдісінде, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын меңгертуге; өз әрекеті мен кәсіби қызметінің үйлесімділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ете алуға; әрекет жүйесінің тиімділігі мен қажеттілік дәрежесіне өзіндік талдау жасай алуына; өзін-өзі кәсіби деңгейде дамытуға ішкі түрткінің немесе ұмтылыстың тұрақты динамикасының болуына; жоспарлы, мақсатты түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтеруді қажетсінуі мен жүзеге асыра алуына толық жағдай жасайтын педагогикалық шарттарды ұйымдастыра алуымыз міндетін шешуге тиістіміз.

Зерттеу міндеттері: .

1. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарына
және әдістемелік материалдарға шолу және талдау жасау;

2. ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;

3. ЖОО бітіруші болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

4. ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жұмыстарының мазмұнын анықтау

5. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының тиімділігін зерттеу тәжірибесінің нәтижелері

Жетекші идея: жеке адамның жан-жақты дамуында дене тәрбиесінің алатын орны ерекше, өйткені адамның физиологиялық және психикалық дамуы дене қуаты мен оны реттеп-басқаруға тікелей тәуелді. Сондықтан дене тәрбиесін қалыптастыруда әрбір адамның даралық ерекшелігінің көрсеткіштері болып табылатын табиғи дене қуаты мен психикалық дамуы негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру нәтижелі болады деп саналады.

Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері. Адамның жеке даму теориясына (Ананьиев Б. Г адам әрекетінің жалпы психологиялық моделі теориясына (Леонтьев А. Н., Ломов Б. Ф. ), оқу қызметі теориясы (Балл Г. А. ), Функционалды жүйелер теориясы (Анохин П. Қ., Пурия А. П. ), адам дене белсенділігі концепсиясына (Бальсевич В. Қ. ), дене тәрбиесінде жекелеу және де принциптеріне ( Ильин Е. П. ), дене тәрбиесімен спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының гуманистік идеяларына (Ашмарин Б. А., Булкин В. А., Выдрин В. Н., Лубышева Л. И. Лях В. И., Матвеев Л. П., Мейксон Г. В., Новиков А. Д., Пономаров Н. И., Решетень И. Н., Тер-Ованесян А. А., Филипов С. С, Хан A. M., және көптеген т. б. ) сүйене отырып, даралық қатынас арқылы әрбір жеке адамның әлеуметін дамытуға болды деген тұжырым теориялық әрі әдіснамалық негіз болады.

Зерттеу көздері: жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы туралы философиялық, ғылыми психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. «Дамудың жақын зонасы» теориясы, оқыту процесін ұйымдастыру формалары туралы арнайы педагогикалық зерттеулерге сілтемелер жасалынды.

Зерттеу әдістері: берілген ғылыми-әдістемелік әдебиетін жинақтау және теориялық талдау, педагогикалық бақылау, социологиялық сұрақ (анкета) дене өсуі қимыл дайындығы, қимыл, психикалық жағдайын бағалау әдістері, педагогикалық тәжірибе, математикалық талдау мен статистика әдістері.

Зерттеудің практикалық мәні: педагогикалық бақылаудың құрастырылған әдістемесі негізінде дене тәрбиесін сауықтыру міндеттерін жүзеге асырылуы, дене өсуі, қимыл дайындығы, қимыл психикалық жағ-дайын бағалаудың объективтік тесттері таңдалды. Олар кешен түрінде оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасымен бала тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын анықтау әдістемелері оқушылардың қимыл әрекетін қамтамасыз етудің әр түрлі жақтарының нақты қөрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ол салыстыру дене тәрбиесі процесінің бағыты мен мазмұнын жекелей түзетілуіне ықпал жасайды. Жұмыстың тәрбиелік мәні орта білім жағдайында бала мүмқіншіліктерін, оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасы мен баласы тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайлары анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен әзірленген әдістемелік материалдарды мектеп мұғалімдері, педагог қадрлардың біліктілігін арттыру курстарында пайдалануға болатыны расталды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі:

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі 17 ғылыми мақалада баяндалып, ғылыми жинақтарда жарық көрді. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен мәліметтер теориялық және практикалық тұрғыдан негізделді. Қол жеткізген нәтижелердің педагогика ғылымының зерттеу бағыттарына сәйкестігі толық расталып, зерттеу материалдары бойынша әдістемелік кешен әзірленді.

Зерттеу базасы: Тараз қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезеңде (2003-2005 жж. ) - зерттеу тақырыбының өзектілігі ашылып, ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжырымдар негізінде жетекші идея анықталды. Болашақ маманның кәсібі іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың ұғымдық-түсініктік аппараты мен оның құрылымдық мазмұны зерттелінді. Оқу процесінде даралық қатынас орнату механизмі түсіндіріліп, ЖОО дене тәрбиесі пәндерін оқытуда болашақ маманның кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.

2-ші кезеңде (2006-2008 жж. ) -ЖОО дене тәрбиесі сабақтарының мазмұны дифференциалды түрде анықталынып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді. Олар әдістемеліқ кешенмен қамтамасыз етілді және ұсынылған әдістемелік кешеннің тиімділіқ дәрежесі арнайы педагогикалық тәжірибе арқылы тексерілді. Зерттеу нәтижелері жинақталып, өңделді және қорытынды тұжырымдама дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда кәсіби-педагогикалық қызметтің құрылымдық мазмұны ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді;

- ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлауда өтілетін сабақтарының мазмұнын дифференциациялау арқылы бағдарланған оқу-әдістемелік кешен дайындалды;

- зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі расталып, дене тәрбиесі сабақтарын даралық қатынас негізінде ұйымдастырудың тиімділігі дәйектелінді.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, алты параграфтан, бөлім бойынша қорытындылардан және жалпы қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЖОО болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу

1. 1 Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудағы дифференциациялық қатынас
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz