Дидактикадағы оқыту технологиясын, әдістері олардың бір-бірімен байланысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Білім берудегі инновациялық технологиялар.

Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі

Оқытуды оңтайландыру деп оқушылар мен мұғалімнің уақыт шығынын аз жұмсап, білім алудың, тәрбиелеудің және дамытудың қорытындыларын ең үлкен мүмкіндігінше жеткізетін оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін айтады.

Оқытуды оңтайландырудың әдістемелік негізі, оқу процесін басқарудың диалектикалық - материалистік жүйесімен әдіс - амалын таба біліп, оның нақты жағдайлардағы ең жақсы нұсқаларын таңдау. Бұндай таңдаулар нақты шындықтың әдістемелік сапалылығына жүгінеді. Мұғалім оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп, нақты педагогикалық жағдайларды және ғылым негіздерін талдауды үйреніп, оқу процесінің қорытындылық және үнемділік тұрғысынан ең жақсы нұсқасын таңдайды.

Оқытудың жан - жақты ең жақсы нұсқасын негіздеуді, тек қана бүтіндей жүйені әдіс -амалдар қолданумен іске асады. Оңтайландыру еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды принципі болып табылады. Мұғалім оқу процесін, оңтайландыру ептілігін меңгермеген болса, онда педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың сыртқы белгілерімен ғана шектеліп қалады. Олар - приборлар орналасуын жақсарту, техникалық құралдарды қолдану, дидактикалық материалдарды жетілдіру. Міне, сондықтан да мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы оңтайландырусыз мүмкін емес.

Оқытудың оңтайлы нұсқаларын құрастыру кезінде оқыту технологиясының негізгі принциптері есепке алынады. Оқыту "жақындағы даму қарқынына" қалыптасуы керек, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылуы, бірақ оларға бейімделумен емес, ал оқушылардың жаңа іс - әрекеті мен жаңа даму деңгейлерін жоспарлау жолымен іске асуы керек. Оқыту мен білім беру, іс - әрекетті және операцияларды меңгерумен шектеліп қалмай, оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруға басты мән беріп, оның өзін ұстау қасиеттерін дамыту. Дамытушы мен тәрбиелеуші тиімділіктерді барлығы бере бермейді, тек оқу іс -әрекетін қалыптастырумен іске асады. Оқытуды жоспарлауда оқушылардың уақытпен және үдемелі қарқындылық пен оқу жұмысына қабілетті тәуелділігі туралы мектептің гигиеналык зерттеу қорытындысын есепке алу керек. Сонымен қатар, мектепте оқитын оқушылардың әрбір жастарына және сыныбына берілетін, сынып және үй жұмыстарын орындауға кететін уакыт шығындарын мөлшерлейтін гигиенашылардың қорытындыларын негізге алу керек.

Оқытуды оңтайландырудың теориясы мен әдістемесі жоғарыда аталған заңдылықтармен және дидактикалық, психологиялық, мектеп гигиенасы принциптерімен тұрақты шектелмей, мұғалімнің жүйеленген және өзара байланысқан іс - әрекет, тәсілдерін ашып көрсетеді.

Мұғалімнің күші мен уақыт шығын мөлшерінің жоғарылауын ескертетін және тәрбиелеу тиімділігін жоғарылатуға апаратын мұғалімнің негізгі іс - әрекет тәсілдерінің қатарына жататындар:

Оқыту міндеттерін таңдау мен шешуге, оның мазмұнын, әдістерін, іс - әрекет құралдары мен түрлеріне кешенді ықпал ету.

Бар шарттар мен мүмкіндіктерді ескеріп, мұғалім іс - әрекетінің міндетін, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін нақтылау.

Іс - әрекеттің міндетін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін жоспарлау кезінде басты мәнді анықтау.

Оқытудың әртүрлі әдістер, құралдар, мазмұндар, түрлер нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты шартты өлшеміне сәйкес ең жақсысын таңдау.

Оқушылардың жеке топ ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың міндетін, мазмұнын, әдістерін, түрлерін таңдауға дифференциалдық ықпал жасау.

Оқытуға қажетті шарттар тудыру.

Оқытуды өзгермелі шарттар мен мүмкіндіктерге байланысты жылдам түзеу.

Оқыту процесінде уақытты, күшті, құралдарды үнемдеуді ұйымдастыру.

Оқытуды оңтайландырудың жалпы тәсілдерін қысқаша түрде міндеттін, нақтылаудың, топтап қорытуды, салыстырмалы бағаны және нұсқаларды таңдауды, бөлшектеп бөлуді, жылдам түзетуді, оқу процесінің барлық құрылымын үнемдеуді кешенді жоспарлау деп атауға болады.

Міндетті кешенді жоспарлаудың оңтайландыру тәсілі ретіндегі маңызы - оқушыларды білім беру, тәрбиелеу мен дамытумен қатар бүгіндегі үлкен міндеттерді жүйелі кешенді түрде шешуді қарастырады. Тек осы кешенді жоспарлаумен оңтайлы қорытындыға жету мүмкін емес. Оқытуға қатысты нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескеруіміз керек.

Оқу процесінің барлық құрылымын нақтылауды жүзеге асыру. Оңтайландырудың бұл тәсілі оқытудың заңдылықтарына сүйеніп, оқушылардың мүмкіндіктеріне, оқу - материалдық базасына, гигиенасына, адамгершілік психологиясына және сезімдік шарттары мен мұғалімдердің өздерінің мүмкіндіктеріне тәуелді болады.

Оңтайландырудың келесі тәсілі басты мәнді анықтау болып табылады. Басты мәнді анықтаумен біз оқу процесінің негізгі міндеттерін шешуді қамтамасыз етіп қоймай, мүғалім мен оқушылардың уақыты мен күшін үнемдейміз. Оқу процесінің мазмұнын талдауда, әрбір тақырыптың басты түсінігін, зандарын, теориялық негіздері мен фактілерін анықтайды.

Оңтайландырудың ең басты тәсілі оқытудың әр түрлі нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты нақты жағдайға байланысты ең жақсысын таңдау.

Мұғалім нұсқаларды салыстырып, ең жақсысын таңдауды үйрену үшін, оқытудың бар байлығын - мазмұнын, әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру түрлерін жақсы меңгеру керек.

Оқытудың әртүрлі нұсқаларының тиімділігін салыстыру кезінде (әдістерді, құралдарды, түрлері және т. б. ) мынаны есте сақтау керек, яғни тиімділікті әдетте іс - әрекеттің соңғы қорытынды мақсатымен сәйкестену дәрежесімен есептейді. Тиімділікті іс - әрекеттің соңында бағалайды, ал оны салыстыруды іс - әрекеттің алдында өткізеді. Салыстыру кезінде алдымен іске аспайтын жақтарын алып тастайды, содан соң нұсқаларын екіден бірге дейін тарылтып, екі нұсқаның біреуін нақты жағдайда іске асатынын таңдайды.

Барлығы жоспарланған әдіс - тәсілдердің барлығы оқу процесін көзделген дәрежеде өткізбеуі де мүмкін. Мысалы, ол оқушылардың көбісі үй тапсырмасын орындауда бірдей қателер жіберген, соның себебін түсіндіруге уақыт кетуіне байланысты жоспарланған уақыт өзгеріп кетеді. Бұндай кезде оқытудың әдістерін, құралдарын және түрлерін жылдам түзету тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл жоспарланғанды тез арада түзетулер енгізіп, көзделген мақсатқа толық жете білуін қамтамасыз етеді.

Оңтайландыруды іске асырудың жалпы тәсілі (қажетті аз шығын жұмсап, мүмкін ең көп қорытындыларға жету) оқытуда уақыт, күш және құрал шығындарын үнемдеуге қалыптасу болып табылады. Бұл тәсіл біріншіден алдын көрсетілген барлық тәсілдердің көмегімен іске асады, яғни міндетті кешенді шешу, оларды нақтылау, басты мәнді анықтау, оқытуды бөлшектерге бөлу, оқытудың мүмкін нұсқаларын салыстырмалы бағалау және екіншіден мұғалімдердің қолданатын арнайы әдіс - амалдары (оқытуға кететін уақыт, күш және құралдарды үнемдеу үшін) арқылы приборларды тиімді орналастырумен, оларды блокты сақтап және арнайы таратпаларда таратып беру, автоматты қараңғылау мен дауысты жарықты техникалық құралдарды қолдану, баспаханалық дидактикалық таратпа материалдар қолдану, лабораториялық бөлмелерге оқушылар тобынан лаборанттар дайындап, оларды лабораториялық жұмыс кезінде пайдалану, оқу фильмдерінің орнына ауқымды кино үзінділер жүргізу және т. б.

2. 3 МОДУЛЬДІК -БЛОКТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Педагогикалық технология - қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Әртүрлі деңгейде оқу технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келеміз.

Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқытудан аулақтатып, ақпаратты өз бетімен ізденуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, физика және астрономия сабағында оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өз ойын тұжырымды жинақтап, дұрыс жауап беруге, шешен сөйлеуге қалыптасады.

Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой-өрісі кеңейеді жене білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатынында.

Мен физика және астрономия сабағында деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту әдісін мына төмендепдеп оқытып жүрмін.

Бірінші деңгей: тапсырмалары жалпыға бідей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі, яғни білімнің минимальды шегі, бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейдің тапсырмалары алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құралады. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан олар жедел түрде тапсырманы орындай алады.

Мысалы: 7 В сыныбында «Бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпты емес қозғалысты» өткенде тәжірибелерге сүйену арқылы қозғалыс түрлерінің ережелерін тұжырымдау, ерекшеліктерін көрсетуді тапсырдым. Алған білімдерін пысықтау үшін мынадай есепті шығаруға берді:

Аталған қозғалыстардың қайсылары бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпсыз қозғалыс болып табылады және неліктен олай болады: метро экскалаторының қозғалысы; мылтық стволы ішінде оқтың қозғалысы және ауада ұшуы.

Есепке шолу жасалып, талдау жоспары ілінеді. Сол бойынша талданады және мына кесте беріледі.

Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса оастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде қозғалыс түрлерін бүгінгі өмірмен (техника, табиғат, космос, халықтық педагогика) байланыстыра талдауға көшеді.

2. 4 САРАЛАП ТОПТАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Дарвиннің эволюциялық ғылыми теориясын жергілікті жер жануарларын мысалға алу арқылы түсіндіре отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық өнерін насихаттау, оқушыларды Отаның сүюге, табиғатгы қорғауға тәрбиелеу мақсатында сабақ өткіздім.

«Тәрбиесіз алған білім, адам баласының қас жауы» деп Әл-Фараби айтқандай сабақ беретін сыныптарда, ұлттық өнерді, ұлттық тәрбиені дәріптейтін сабақтар өткізу өте тиімді.

Ұлт тағдыры болашақ жас ұрпактың еншісінде екендігін ескере отырып, оқушыны Отанын сүюге, ұлттық өнерді қадірлей білуге

тәрбиелеуіміз қажет.

Эволюцияның қозғаушы күштерін оқытуда, оқушылар тірексіз-балалармен сөйлей отырып, Дарвиннің эволюциялық теориясының мәнін

ашады.

1. Сабақта оқушы табиғатта бір даралар жойылып, екіншілері көбейіп
отыратынын, яғни табиғаттың өзі сұрыптау жүргізетінін, адамның қолдан сұрыптау жүргізіп өз игілігіне пайдаланып отыратындығын түсінеді.

2. Көшпелі салт-дәстүрге сай өзіндік өнер түрлері қалыптасқан
қазақтың сал-дәстүрге, аңшылық, саятшылық өнерімен қайта қауышады.

3. Барлық күш-жігері жүйріктігі саналатын «Қазақстанның ғажайыбы» атанған ақбөкенмен, оның ерекше қасиеттерімен танысады.

Сабақ топтап оқыту әдісімен жүргізілді. Сабақтың бұл әдісінін алыну себебі оқушы топпен ойлана отырып, белгілі бір қорытындыға келеді. Әр оқушы өз ойын айта отырып, топ болып оны жинақтап қорытындылайды. Әр топ өзіне берілген тапсырмамен жұмыс жасайды. Дарвин эволюцияның козғаушы күштері деп атап көрсеткен:

  1. «Тіршілік үшін күрес».
  2. «Тұқым қуалайтын өзгергіштік».
  1. «Табиғи сұрыпталу» екендігін айта отырып, оқушыға ой тастап, мысалды өмірмен байланыстыра келтіру. Сызба-кестелер үш топқатаратылады. Әр сызба-кестеге тақырып қойылады.

1. Тазыны қандай мақсатта пайдаланады. Сызба-кестедегі сөздер арқылы оқушы аңшылық-саятшылық өнері туралы айтады. (Басқа ит қолтұқымдары қарастырылмайды) .

2. Неліктсң тазы ит аңшылыққа тандап алынды. II топ оқушылары жарыса өз ойларын айтады. Жүйрік, иісшіл, епті т. б. Енді осыдан қорытынды шығару керек. Қазақ халкында аңшылық-саятшылық өнері ертеден бар, ал аңшы аңға тек тазы ит пен ғана емес, астында жүйрік аты, қолында қыран құсын алып шығатынын оқушы сызба-кестеге қарай отырып қорытындылайды.

III топ оқушыларына «Табиғи сұрыпталу» тақырыбы берілді. Сызба-кестеге қарай отырып оқушы түсінік береді. Ақбокеннін жауы қас-қыр. Қасқыр тек әлсіз ауруларын ғана үстап жейді. Сонымен бірге суатгың алыстығы, табиғатгың колайсыз жағдайынан жүйрік, күштілері ғака

Әр топтың оқушыларын сөйлетіп болып, мұғалім қорытынды жасайды. Оқушы тек талдау жасайды, ал мұғалім ғылыми тұрғыда қорытындылайды

Киік әлі даламыздың көркі, табиғатымыздың байлығы, Еуразия материгінің жазық аймақтарында тіршілік еткен ақбөкеннің біздің республикамызда ғана сақталуы еліміздің ұлттық мақтанышы екендігін оқушыға айта отырып, оны жоғалтып алмауға ат салысуға шақыру.

Эволюцияның қозғаушы күштеріне талдау осылайша жасалынып болған соң, оқушыға тірек-сызбаны үйден талдап келу тапсырылады.

Бұл сабақта оқушы өзіне таныс жануарларын мысалға ала отырып, табиғатпен етене жақындай түседі. Табиғатты, қазақтың ұлттық өнерін құрметтеуге көңіл аударады. Сабақ Абайдың аудармасы (орыс ақыны В. А. Крылов) өлеңімен қорытындыланады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы бұл курстық жұмысты қорытындылайтын болсақ, біз курстық жұмысты «Дидактикадағы оқыту технологиясын, әдістері олардың бір-бірімен байланысы» атты тақырыпта жаздық. Жалпы дидактикаға келетін болсақ, оның оқыту технологиясын бірнеше түрлері бар. Жалпы дидактика дегеніміз грек тілінен аударғанда «didakticos» « зерттеу», «didasco» «зерттеуші» балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын білімді іскерлікті және дағдыны меңгеру процесі.

Біртұтас педагогикалық процесті құрушы екі басты бірліктің біреуі оқу процесі, бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. «Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері» деп алуға себеп болды.

Ұзақ жылдар бойы мектептер біркелкі жоспарлармен бағдарламалар бойынша оқыту үрдісін жүргізді. Кеңестік одақтың өктем билігінен, қазақ мектептерінде жалпы білім беруде оқу бағдарламаларымен оқулықтарға толық үстемдік орнатылғандықтан жаратылыстану ғылымдарынан географияны, биологиямен химияны республика табиғатымен ғылым жетістіктерімен байланыссыз оқытуға оның теориялық ұғымдарын заңдылықтарын оқушыларға кітап бойынша жағдай, құрғақ жаттығумен «меңгеруге мәжбүр етті». Сондықтан мектепте берілетін жалпы білімнің мазмұнын оқу жұмысын тұтастай қайта қарап, түбегейлі жаңартудың қажеттігі басты мәселе болып отыр.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.

Бізге халықаралық стандарттар деңгейінде оқу орындарын тіркеу мен аттестациялаудың пәрменді жүйесін жасау керек.

Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғалымдарды басымдықпен дамыту - бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты.

«Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ» деп атап көрсеткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуге шақырды. «Ұстаздарың сендерге бағыт-бағдар көрсетіп, білім алуға баулиды. Ал қазіргі жаһандану заманында білімдеріңді одын әрі жетілдіріп, алға қойған мақсаттарыңды бағындыру тек өздеріңе байланысты» деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Дәрісінің арасында Елбасы оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарға даму жолы мен қазіргі таңдағы алға қойып отырған міндеттері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Қазақ тілін оқытуда: жеке тұлғаны қалыптастыру, тілдіңжоғарғы статустық мазмұнын игерген, жеке тілдік ерекшелігі бар, көп тілде сөйлей алу мүмкіндігінің, тілдік қорының жетілуін, тілдік ойлау қабылеттіліктерінің жоғарылығын, қарым қатынас кезіндегі сөз қорының қордалануын, ойлау мүмкіндіктерінің шапшаңдығы мен сауаттылыған және тілдік тәрбиелілігінің жоғарылылығымен ерекшеленеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Н. И. Балдырев. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы,

-А., 1987 .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикадағы оқыту технологиясының мәнің мен мазмұны
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Саралап деңгейлік оқыту технологиясы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Шет тілін оқытудың принциптері
Пәнаралық байланыстар
ПЕДАГОГИКА (сыртқы бөлім студенттеріне арналған қысқаша лекциялар курсы)
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz