Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру


Жоспар
І. Кіріспе . . . 3-6
І Бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту жолдарының теориялық негіздері.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту жолдарының педагогикалық мәселелері . . . 7-16
1. 2. Оқушылардың танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту жолдары . . . 17-30
II Бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту жолдарының әдістемесі.
2. 1. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық белсенділігін оқыту барысында қалыптастыру . . . 31-43
2. 2. Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың ерекшеліктері . . . 44-54
2. 3. Сабақ жоспарының үлгілері . . . 55-57
ІІІ. Қорытынды . . . 58-59
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60-61
V. Қосымша.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. [1. 2]
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады. [3]
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық белсенділігін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі, Ал жеке тұлғаның дамуына оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білімге, ғылымға деген ынта-ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік (интенсивтендіру) оқушының әрекеті және пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі: оқушының алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуінде.
Белсенділікке байланысты әлеуметтік-педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне. ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтердің талдау нысанасы болды.
Мұндай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның, К. Ушинскийдің еңбектерінде көре аламыз. . [4]
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде. [5]
К. Ушинский танымдық белсенділік мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді, Ол мұғалімнің жұмысын ескере отырып, оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу. көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Қазіргі кезеңде оқушының танымдық белсенділігін дамытудың тиімді жолдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Ильясова. О. Сыздықов, т. б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері бар. [6]
Қазіргі кезде оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдары» деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны: Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын ана тілі пәнін оқыту үдерісінде дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту жолдарының педагогикалық мәселелері
- Оқушылардың танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту жолдары
- Бастауыш сынып оқушылардың танымдық белсенділігін оқыту барысында қалыптастыру
- Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың ерекшеліктері
- Ана тілі пәні арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, оқыту үдерісінде дамыту.
Зерттеу пәні: ана тілі
Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық - психологиялық әдебиеттердің мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.
Диплом жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І Бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту жолдарының теориялық негіздері.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту жолдарының педагогикалық мәселелері.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық белсенділік қалыптасады.
Танымдык, юелсенділік ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер психологтардің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. . [7]
Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткөн еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады. . [7]
И. Гербарт танымдық белсенділікті дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды.
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: «Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді».
Танымдық белсенділік оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Педагогтер, психологтер, әдіскерлер танымдық іс әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- Оқу танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;
- Оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т. б.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдык, белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:
- оқу үрдісіне қатысушыпардың екі жақты сипаты әсері негізінде мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Е. Галант, Л. Аристова, М. Данилов, Г. Щукина, Р. Лемберг) ; . [8]
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б. Есипов, Т. Сабыров, М. Скаткин, Б. Айтмамбетова, т. б. ) ;
-танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Н. Меньшинская, П. Пидкасистый, Т. Шамова, А. Әбілқасымова, Р. Омарова, А. Мустояпова) ;
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Лернер, Б. Коротяев, М. Құдайқұлов) ;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П. Гальперин, Н. Талызина) ; . [9]
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л. Рувинский, А. Қазмағамбетов) .
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т. б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.
Оқушылардың танымдық белсенділігі - баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен біліктерді іс жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне, дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өз бетімен кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басынын, дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі дәдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен оқушыларды ана тілі пәнін оқыту барысында танымдық белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау керек:
мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге аудару керек. Мысалы оқушылардың назарын шығармашылық белсенділігін дамыту үшін үнемі тапсырма, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.
- шығармашылыкпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;
- мұғалім - оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді.
Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы оқушының танымдық белсенділігін дамыту;
- танымдық белсенділік үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;
- шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі -«сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:
- оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру:
- мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс тәсілін танымдық белсенділігін дамытады;
- Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оку және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;
- Ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін калыптастыру; т. б.
Ұлы неміс педагогы А. Дистерверг әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетепейді, ойлауға үйретеді» деген.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызғушылықгы алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген.
1) Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды. 2) Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. 3) Адамның қызығулары ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады.
4) Сыртқы дүниемен байланыспайды. т. б.
Қызығу мектепте оку-тәрбие үрдісінде өте қажетті шарттар, яғни мәселелер болып табылады.
Қызығудың мектеп жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын ары қарай дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz