Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.тарау. Дамыта оқыту жағдайында математика сабақтарында ауызша жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.
1.1. Дамыта оқыту . ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің әдістемелік негізі ретінде.
1.2. Ауызша жаттығулар оқыту әдістерінің жүйесінде.
1.3. Бастауыш мектепте дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру мәсеелері.
2.тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының іс.әрекетін белсенді етудің теориялық негіздері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының іс.әрекетін белсенді етудің психологиялық.педагогикалық ерекшеліктері.
2.2. Дамыта оқыту міндеттерін шешуде ауызша жаттығулардың педагогикалық мүмкіндігі.
ІІІ. Қорытынды.

Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы жылдардғы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуыжәне танымдық белсенділігін арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Сондықтан баланың осы шағына психологтардың қызығушылық танытуды түсінікті. Бұл кезде баланың ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау, жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға қиындық келтіретін іс - әрекеттерден бастаймыз. Мысалы: жазбаша жаттығулар орындатамыз, сөздерді жазғызамыз.т.б мұндай тапсырмалар баланы жалықтырады және оның ешқандай қызығушылықтарын тудырмайды. Баланы осындай көп қырлы іс - әрекеттен босату үшін математика сабақтарында ауызша жаттығуларды көбірек қолданған дұрыс. Егер бала есептеудің ауызша тәсілдерін жақсы меңгерсе, онда ол есептеудің жазбаша тәсілдерін ешқандай қиындықсыз меңгере алады. Бұған мысал ретінде басқа тілді меңгеру процесін алуға болады. Егер бала аулада басқа тілді балалармен ойнап, олармен қарым – қатынасқа түсетін болса, онда ол сол ұлттың тілін тез меңгеріп сол тілде еркін сөйлейтін болады. Ендеше баланы есептеулерге үйрету мәселесі де осыған ұқсас.
1. Айғабылов Н. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру. - Алматы, 1970 ж.
2. Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984 ж.
3. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. - М.,“ Педагогика”, 1990 г.
4. Занков Л.В. Индивидуальные варианты развития младших школьников. //Под редакцией Занкова Л.В., Зверева М.В. Педагогика, 1973 ж.
5. Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. - Алматы, 1991 ж.
6. Львов М.Р. Методика развития речи младших школьников. -М., 1985г.
7. Мали Л.Д. Методика обучения младших школьников основным видом творческих работ на уроках чтения ( 2- класс) Автореф. дисс. канд. пед. наук. М., 1985 г.
8. Маркова А.К. Психологические критерий эффективности учебного процесса. Вопросы психологий № 4, 1977 г.
9. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.
10. Ожегов С.И. Словарь русского языка.М.: «Оникс 21 век», 2004
11. 12 жылдық оқыту мәселелері.Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.- Астана,2006
12. Нұрмұханова Г.Шығармашылық танымдық іс- әрекет нәтижесі.// Бастауыш мектеп, 2004, № 10 36-37 б.
13. Б.Барсай. // Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы. Бастауыш мектеп, 1998, № 1 27-29 б.

Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі
Бала дамуының ең шарықтау шегі –
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы
Л.С. Выготский
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына
сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер
жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім
берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту
барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу
қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін
кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің
екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар
болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік
қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей
білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттың бәсекеге
қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады – деген байламы
жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің
өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл
педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие
үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге
деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы
негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту
технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік
өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге
айналуы,-деп түсіндіріледі. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-
жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны
береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі
диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп
отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен
даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория
ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол
жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,
адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп
түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу. В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның
басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың
маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау менпрактикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау
деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы
арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың
дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі
мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты,
міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген
оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда
болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты
мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін
қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік
қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа
бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің
негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылық
процесінің
компоненттері
Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыту оқыту
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім, білік, Байқампаздығын, ойлауын,
дағды қалыптастыру практикалық әрекетін
дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды,
тақырыптар, дәлелдер теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың формаларыЖеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық
іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Проблемелық баяндау,
көрнекілік, практикалық ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін Өзін-өзі бақылау,
мұғалімнің бақылауы, өзін-өзі бағалау,
бағалауы рефлекция
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді
мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының,
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім
алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас
бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты
шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ
процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім
оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын,
пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар
барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің
нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін
қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз
оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа
ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып
өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін
дамуға қол жеткізе алады. Жақсы оқушы”, Жаман оқушы” ұғымының болмауы,
балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті.
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің
арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол
себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы –
орындаушы”, мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта,
ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап,
көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген
кәсіби сенімін қалыптастырады
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі
негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
ØОқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
ØОқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге
жетуге талаптандыру.
ØЖеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.
ØӨз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта
оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы дамыту, даму терминдеріне баланың
белгілі мөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп анықтама
беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Выготский, М.Я.
Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.
В.В. Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші
ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы – дейді. Дамыта оқытуда
баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда
ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа
мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға
деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі
сабақтардың типологиясы:
ØОқу міндетін қою сабағы
Øмодельдеу сабағы
Øтүсінікті нақтылау сабағы
Øнақтылау сабағы
Øбағалау сабағы
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл
әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі
мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі
беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
üоқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
üпроблеманы шешу жолын іздестіреді
üжаңаны өздері табады
üақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық,
коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың
келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда
құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
Ø Сабақтың мазмұны
ØОқу жағдайын ескеру
ØӘдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
ØСабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
ØСабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
ØОқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
ØӘр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру
ØОқушымен жанама қарым-қатынас
ØЖұмыс барысын бақылау жұмысы
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
ØҚойылған мақсатқа жету
ØТақырып бойынша өзгерістер енгізу
ØОқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған
тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын
жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі
көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне
таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу
керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек,
оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын
ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға
болатынын түсіндіреді
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп,
жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру,
оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде
қалай қолданады?
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді
әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық
адамгершілік нормаларын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға
айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда
аса маңызы бар технология.
Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам,
әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар,
шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, Әріптерді сөйлет ойнында
әріптерден сөз құрау тапсырылады. Адасқан сөздер дидактикалық ойнында
оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. Не артық? ойны барысында
ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай-ақ, сөздік диктант
жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен
бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. Жасырын дыбыс деген ойын барысында
жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау
кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу
керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу,
құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б.
Математика сабағында логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар
қолданамын. Сонымен қатар оқушылар математикада басқатырғалар, ребустар,
лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық
картамен жұмысты кеңінен пайдалануға болады.
Дамыта оқытудың тиімділігі

белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір
өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі.
(11.141)
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология

көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс
деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға

(13.56.)
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды
іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды
дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге
жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,
мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика
ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту
деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына
сәйкестендірілген оқытуды атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың
психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер
болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта
отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге,
шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу,
әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе
деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы

Оқытудың формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық,
мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға
болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана
бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал
дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге
көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға,
есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді
пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда
төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компоненттері. (17.21.)
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде
әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине,
жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған
еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн.
Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек
барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз
таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі
жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.(18.38.)
Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден
көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған
оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс
кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз
беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді
шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің
деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы”
ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын
арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз,
оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес.
Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалану
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды,
пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын,
өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек , дәстүрлі сабақтарда
мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды , сұрақ
қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі
келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім –
ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі,
Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды,
ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді.
Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып
табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың
шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ
сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта
оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға
болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп

оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат
тұтатын принциптерге негізделген .
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс
істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта үйрету технологиясы
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға
алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі
оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.
- Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;
- Масаттағы айырмашылықтар
- Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
- Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- Мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас.
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы
жалпы оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және
практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл,
ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің
мәнін ашайық.
Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған
тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.
Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы
клеткалардың бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау
әрекеті болған жерде ғана молайып, жиелей түсетіндігін, сондықтан өте жас
кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар
аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай
алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп бара-бара
жойылатындығына көзімізді жеткізеді. Ғылымда белгілі себептермен аңдар
арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауына басты
себеп осы болар.
Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға
қайта жетелейді. Мысалы: А әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не
екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не
білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі
зор екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың
тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен
нәтиже береді.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің
жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар,
зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды
жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана
емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын
тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде,
біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе
сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне
тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп
қорытынды жасауға дағдыландырамыз.
Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектепте
педагогикалық менеджменті мектепті басқару
Білім мазмұнын жетілдіру жағдайындағы педагог пен оқушының субьектік
ұстанымының қалыптасу процесін басқару
Нургалиева Ляззат Киноятовна
Бисаринова Салтанат Кумаровна
№11 мектеп-гимназиясы ММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ ПРОЦЕСІНДЕГІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Көп тіл білсең көк жиегің кең болар,
Кұрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қандай елде жүрсең де бұл, дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдықта өмір сүріп
отырмыз. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетіп,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет.
Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,
әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты,
парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі
таңдағы баға жетпес міндеті.
Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып,
шыңдап, жол сілтеп, Адам дәрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру
үшін не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл,
ізденімпаз ұстаз керек.
Нағыз сабақ – ол әрқашан сұхбат, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе,
шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді
жолдарының бірі – оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып
табылады. Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын деңгейге
жеткізу.
Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін
арттырғандығымен де, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны мен
нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына
бағытталған. Олар: коммуникативті технологиялар, дамыта оқыту
технологиялары, ойын әдістері және т.б.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа
әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану
басты назарда болып отыр. Жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілеттерімен тілге деген қызығушылықтарын
арттырып білім сапасын көтеруде. Дамыта оқытуды ұйымдастыру – балаға ақыл-
ой әрекетін меңгеруге жағдай жасай білу, яғни бұл кезде мұғалім дайын
білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымды іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала
интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын, өзін-өзі бақылау қабілеттерін
дамытады, шығармашылықпен ойлап, өз бетінше тұжырымдар жасау, дерексізден
нақтыға көше алу, байқампаздық қасиеттері дамиды.
Дәстүрлі оқытуда оқушы мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі болса, дамыта
оқыту нәтижесінде субъект ретінде алға шығады. Яғни ол айналадағы іс-
әрекетке өз әсерін тигізе алатындай дәрежеге жетеді.
Дамыта оқыту технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары
қиындықта оқыту. Бұны ұсынған Л.В.Занков қиын тапсырмалар беріп, баланың
миын жұмыс істеуге үнемі ынталандырып отырғанда ғана оның ақыл-ойын жоғары
деңгейге дамытуға болады деп есептейді. Ал дәстүрлі оқытуды ұстанушылар
қиын тапсырмалар баланың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді деп
бұған қарсы пікір айтады. Бірақ дайын білімді ғана игеріп, мұғалімнің
түсіндіруінен аса алмаған баланың дамуы бір деңгейде қалып, оның табиғи
мүмкіндіктері шектелетіні белгілі жай емес пе? Мысалы, қазақ әдебиеті
сабағында мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою немесе әңгімелету арқылы
мәтінде айтылған ойға жақын іс-әрекетті оқушының көз алдында елестету
арқылы әңгімені сен қалай аяқтар едің? Өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?
деген сұрақтар қою арқылы оқушының өз ойын толығынан жеткізе білуге
шығармашылықпен ойлауға жетілдіруге болады.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардағы дамыта
оқытудың ерекшелігін дәстүрлі оқыту түрлерімен салыстыра отырып,
төмендегідей саралауға болады:
- білім ғана емес, оқушылардың абстрактілі ойлау іс-әрекеттері,
ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың алдынғы кезекте тұруы;
- оқушы – субъектінің білімді өз ізденісі, жетістіктері арқылы алуы;
- сабақтың барлық кезеңдерінде ол – белсенді тұлға (зерттеуші), өнім
беруші, өз іс-әрекетін талдаушы;
- мұғалім – әр баланың танымдық түйсігін оята отырып оларды даму
аймағына кіргізуші;
- дамыта оқытуға негізделген сабақ ұжымдық ойлау іс-әрекеті, диалог,
пікірталас, іскерлік қарым-қатынастармен ерекшеленеді;
- мұғалім оқушыларға дайын біліммен емес, проблемалық сұрақпен
келеді, берілетін білім проблемалық баяндау негізінде болады. Оны
шешу, мақсатқа жету оқушының іс-әрекеті арқылы жүреді. Модель, жоба
жасау, оны қорғау – дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау –
шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты
белгілері: 1) бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені
ашу, оған қол жеткізу; 2) нәтижеге жетудің әртүрлі жолдарын іздеу;
3) нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету; 4) ешкімнің
жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау.
Дамыта оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы шығармашылық
жұмыстарда оқушы-мұғалім іс-әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі
оқытудағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастарынан мүлдем бөлек.
Оқушы-мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті Мұғалім іс-әрекеті
Проблеманы шешуші. Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне
Өнім жасаушы. кіргізуші, оған түрткі жасаушы.
Тапсырмалар, сұрақтар әзірлеуші.
Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы Ақылшы, көмек беруші. Бірлесіп
іздеуші, табушы. іздеуші, керегінде олармен пікір
таласына, диалогиялық әңгімеге кіруші.
Психологиялық жағымды жағдай тұғызушы.
Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен
қарым-қатынасқа түсуші (жоба,
модель, ереже, сұрақтар Оқушылардың ізденісін қолдаушы,
дайындаушы). мақұлдаушы.
Керегінде мұғалімді де Қол жеткен нәтижені саралаушы,
пікірталасына шақырушы. коррекция жасаушы.
Өз еңбегін саралаушы,
қорытындылаушы.
Дамыта оқытуда мұғалім қызметі төмендеп тұрған жоқ.
Ғалымдар еңбегін саралай келе мұғалім-оқушы іс-әрекетін төмендегіше
көрсетуге болады.
Оқушылар білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушыларды
жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде – табандылыққа,
қиындықтан қорықпауға баулиды. Сонымен қатар, оқушылар білімінің
тиянақтылығын және тереңдігін арттырады. Жұмысты жеңілдету үшін білімді
тексерудің алуан түрлі жолдарын іздестіру - әрбір мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың шығармашылын және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуда
басқа да технологияларды қолдануға болады.
1. В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба нұсқасы және өзара байланысты бірнеше
деңгей әдісі.
- Сыныптағы тақтаға салынған сызба нұсқа арқылы сабақты түсіндіру.
Мысалы: Көктем, Наурыз тақырыптарына тірек сөздерді оқушылардың
өзіне жазғызу, мұғалім толықтырып отырады.
2. М.М.Жампеисованың модульдік оқыту технологиясы. Материалды модуль
түрінде беру. Мысалы: Менің Отаным, Ақпарат көздері, Жері байдың –
елі бай.
3. Профессор-зерттеуші Ж.Қараевтың Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар беру. Оқушылардың өз білім
дәрежесіне сәйкес тапсырмаларды таңдап алуы. Мысалы: әр тақырып бойынша
өтілген сабақтарды пысықтай отырып, нәтиже сабақтарында қолдану.
Қызыл, жасыл, сары түсті кеспелерге деңгейлеп тапсырмаларды жазып,
оқушыларға ұсынамыз. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдап алады.
Немесе осы әдісті үй тапсырмасын беру арқылы да қолдануға болады.
Қыс туралы әңгімелеу Қызыл түсті
Қыс (пришла). (Снег) жауды. Жасыл түсті
Қыста (день) суық болады.Қыста не
жауады? Сары түсті
Балалар не істейді?
Үй тапсырмасы:
өлеңді жаттау
сөздік жаттау
өлеңді мәнерлеп оқу
4. Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады.
Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп,
сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өз ойын
түйіндеп, сабақты қорыту.
5. Ойын технологияларының түрлері.
1) Ситуациялық ойындар;
2) Халық педагокикасы;
3) Ой-қабілеттерін арттыру, т.б.
Мысалы: Бәйге ойыны оқушыларды үш топқа бөліп, әрбір топқа
тапсырмалар беру арқылы өтеді тақтада үш аттың бейнесі ілулі тұрады.
Жауап берген топтың атын ілгері жылжытып тұру керек. Бұл ойын оқушылардың
топтасып, жұмыстануын, бірлігін көрсетеді. Осы ойындарда ұлттық нақыштарды
қолданамыз.
Тест жұмыстары оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тексеруге көп
көмек береді.
Қорытындысында айтарымыз, оқушыларға тілді меңгерту үшін өзіміз
жұмысымызға салғырт қарамай сын көзбен қарап, алдымызға балалар – елдің
болашағы деген міндет-мақсат қойып, жұмыс жасауымыз керек.
Екіншіден, қазақ тілі оқытатын дәрісхана қазіргі талапқа сай
жабдықталған, компьютерленген, техникалық құралмен, методикалық құралмен
жабдықталған болуы қажет.
Үшіншіден, ата-ананың тілге деген көзқарасы дұрыс, балам мемлекеттік
тілді иіндетті білуі керек, меңгеруі керек деген принципте болуы керек.
ӘДЕБИЕТ
1. Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов Дамыта оқыту жүйесі
2. Ж.Қараев Деңгейлік оқыту технологиясы
3. М. Жампеисова Модульлік оқыту технологиясы
4. Қазақ тілі мен әдебиеті №3, 2009ж;
5. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №9, 2006ж;
6. Қазақ тілі: әдістеме №1, 2008ж;
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1-тарау. Дамыта оқыту жағдайында математика сабақтарында ауызша
жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.
1.1. Дамыта оқыту – ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің
әдістемелік негізі ретінде.
1.2. Ауызша жаттығулар оқыту әдістерінің жүйесінде.
1.3. Бастауыш мектепте дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру мәсеелері.
2-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсенді етудің
теориялық негіздері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсенді етудің
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
2.2. Дамыта оқыту міндеттерін шешуде ауызша жаттығулардың педагогикалық
мүмкіндігі.
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе.
Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы
жылдардғы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру
білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші
орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке
тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуыжәне танымдық белсенділігін арттыру
мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Сондықтан баланың осы
шағына психологтардың қызығушылық танытуды түсінікті. Бұл кезде баланың
ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі
тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау,
жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын
құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс
меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті
өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін
алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын
сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға
қиындық келтіретін іс - әрекеттерден бастаймыз. Мысалы: жазбаша жаттығулар
орындатамыз, сөздерді жазғызамыз.т.б мұндай тапсырмалар баланы жалықтырады
және оның ешқандай қызығушылықтарын тудырмайды. Баланы осындай көп қырлы іс
- әрекеттен босату үшін математика сабақтарында ауызша жаттығуларды көбірек
қолданған дұрыс. Егер бала есептеудің ауызша тәсілдерін жақсы меңгерсе,
онда ол есептеудің жазбаша тәсілдерін ешқандай қиындықсыз меңгере алады.
Бұған мысал ретінде басқа тілді меңгеру процесін алуға болады. Егер бала
аулада басқа тілді балалармен ойнап, олармен қарым – қатынасқа түсетін
болса, онда ол сол ұлттың тілін тез меңгеріп сол тілде еркін сөйлейтін
болады. Ендеше баланы есептеулерге үйрету мәселесі де осыған ұқсас.
Ауызша есептеуге берілген жаттығулар баланың тез ойлай білу, жылдам
шешім қабылдай білу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Сондай – ақ ауызша жаттығулар сабақты түрлендіріп өткізуге де септігін
тигізеді. Ендеше ауызша жаттығулар оқушының ойлау қабілетін
танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие болады.
Ауызша жаттығулар мұндай қызметі оны дамыта оқыту идеясымен тығыз
байланыстырады. Сондықтан сабақта ауызша жаттығуларды қолдану мәселесін
дамыта оқыту теориясымен бірге қарастырған дұрыс. Дамыта оқыту теориясының
негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Л.В. Занковтың,
М.И.Махмутовтың, Ю.К.Бабанскийдің еңбектерін айтуға болады. Сондай – ақ
дамыта оқыту теориясын жасауда Х.Ж.Ганеев, Н.Б.Истомина, Л.Г.Петерсон, Б.А.
Тұрғынбаевалар арнайы зерттулер жүргізді.
В.В.Афанасьев, Г.Д.Глейзер, В.А.Гусев, В.А.Далингер, Ю.М.Колягин,
В.Ж.Крупич, В.Ж.Монахов, Н.В. Метельский, А.М.Пышкало, Г.Н.Саранцев,
Н.С.Стефанова, А.А.Столяр, П.М.Эрдниев және т.б. зерттеулерінде
математиканы оқыту процесінде жеке тұлғаны дамытудың көптеген міндеттері
қойылып, шешіледі.
Бұдан басқа ойлаудың ерекше тәсілдерін қалыптастыру мәселесін
қарастыратын, яғни оқушылардың интеллектуалдық дамуына арналған көптеген
зерттулер бар. ( К.А.Апанасенко, М.А.Артомонова, М.К.Дробкин, В.В.Никитин
т.б.)
Соңғы жылдары Ресейде жарық көрген бағдарламалық - әдістемелік
материалдар, оқулықтар, оқу құралдары дамыта оқыту қызметін нығайтуға
бағытталып отырғандығын байқаймыз. Сондай – ақ еліміз егемендік алғанннан
кейінгі жылдары жазылған бастауыш сыныптарға арналған математика пәні
бойынша өзіміздің төл оқулығымыз (авторлар тобының жетекшісі, профессор
Т.Қ. Оспанов) дәл осы дамыта оқыту қағидаларына негізделген. Көріп
отырғанымыздай, білім беру жүйесінде дамыта оқытудың рөлі теріске
шығарылмайды, керісінше, қазіргі кезде дамыта оқыту жөнінде білім сапасын
анықтайтын факторлардың біріретінде айтуға болатын жаңа жағдайлар туындап
отыр.
Осылайша, дамыта оқытудың жаңа өміршең педагогикалық әдістері мен
құралдарын іздестіру міндеттері пайда болады.
Математиканы тиімді құралдарының бірі ретінде біз ауызша жаттығуларды
ұсынамыз.
Оқушыларды дамытуда бірқатар оқыту технологиялары болғанымен олар
мектептерде жеткілікті түрде қолданыс таппай жүр.
Өз кезегінде, ауызша жаттығулардың дамыта оқыту жүйесінде алдыңғы
қатардағы орындардың бірін алу мүмкіндігі бар. Бұл жерде ауызша жаттығулар
оқытудың әр қилы дамытушылық қызметін атқаратын дидактикалық бірлік ретінде
қарастырылады. Бұдан басқа математиканы оқытуда ауызша жатттығулар мынадай
негізгі белгілері бар көп қырлы құбылыс ретінде қарастырылады.
- Білімді меңгеруді ұйымдастыру тәсілі;
- Білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға мақсатты түрде
бағытталған құрал;
- Оқушылардың оқу – танымдық қызметін ұйымдастыру және басқару
құралы;
- Оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттыру құралы;
- Оқушылардың оқу - танымдық қызметін ынталандыру құралы;
- Оқыту әдістемесін жүзеге асырудың бір түрі;
- Теориямен практиканың байланысын жүзегеасыратын құралы;
Ауызша жаттығулар терминінің өзі әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті
түрде түсіндірілмегендіктен ол нақтылай түсуді қажет етеді. Жарық көрген
еңбектердің барлығы әдеттегідей орта мектептерге арналған. Бұл еңбектердің
өзінде ауызша жаттығуларға анықтама берілмейді, тек ауызша есептеулерге
арналған тапсырмалар топтамасы ғана беріледі. Бастауыш мектеп жағдайына
келетін болсақ, бұл мәселе төңірегіндегі еңбектердің барлығы сондай – ақ
ауызша есептеулерге арналған.
Бастауыш мектепте оқушылардың ауызша жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі
мәселелер Ресей ғалымдары А.П.Бронникованың, Г.Б.Поляктың, Я.Ф.Чекмаревтің
мақалаларында белгілі бір дәрежеде көрініс табады, бірақ аталған авторлар
оқушылардың ауызша жұмыстарын есептей білу біліктілігімен байланыстырады.
Жоғарыда келтірілген түсіндірмелер мынадай қайшылықтардың бар екендігін
білдіреді.
- Бастауыш мектепте оқытудың дамытушылық қызметін арттыру мен кіші
мектеп жолындағы балалардың әрекеттерінің ішіндегі жетекшісі болып
есептелетін осы әрекет түріне көңілдің жеткіліксіз бөлінуі арасындағы
қайшылық;
- Математика сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларының оқу
танымдық қызметтік ұйымдастыруда ауызша жаттығуларды қолдану
қажеттілігі мен оларды қолдану әдістемесінің болмауы арасындағы
қайшылық;
- Математиканы оқытуда жазбаша безендіруді талап ететін есептердің
кеңінен қолданылуы мен оқушыларды дамытуда ауызша жаттығулардың
мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктерінің ашылмауы арасындағы
қайшылық;
Жоғарыда аталған қайшылықтарды шешу қажеттілігі біздің зерттеу
жұмысымыздың өзектілігін анықтайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz