Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда педагогикалық инновацияларды қолдану тәжірибесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ӘОК 371. 04

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Құдайбергенова Гүлмира Әбиірқызы

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазір елімізде қоғамдық формацияның өзгеруіне, ғарыштандыру саясатының өркендеуіне байланысты білім беру саласында да үлкен өзгерістер болып жатыр. Көптеген жаңа технологияларды пайдалана отырып, оларды қолданудың теориялық негіздерін есепке алмай эмпирикалық білім берумен шектеліп жатқан жағдай қалыптасып отыр. Басқаша айтқанда, пайдаланып жүрген түрлі инновациялық технологиялар педагогиканың теориялық негіздерімен қаруланбаған. Сондықтан бастауыш мектептің негізгі проблемаларының бастысы болып табылатын - оқушылардың тілін дамыту мәселесі мен оны ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық принциптерін анықтау өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Осы мәселені шешу мақсатында бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың дидактикалық принциптерінің басты түрлерін пайдалана отырып, инновациялық технологияларды (көрнекілік принципі мен байланыстылық принципі негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру) қолдану арқылы қол жеткізген табыстарымыз жүйеленіп, бастауыш мектепте оқыту процесінің тиімділігін арттырудың, оқытудың түрлерін жетілдірудің әдістері мен оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту әдістемесі ұсынылған.

Әдістемелік жұмыс мынадай мазмұнда жүргізілді:

1. Оқушылардың тіл байлығын арттыра отырып, ойлау қабілетін, байқампаздығын дамыту;

2. Оқушыларға жазба жұмыстарын жазуға үйрету; 3. Жазба жұмыстарына арнап қателердің классификациялық кестесін жасау; 4. Оқушылардың орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық сауаттылығын арттыру.

Осындай мазмұнда жұмыс жасаудың алғашқы шарттары ретінде бастауыш мектеп оқушыларының сауатты жазуын қамтамасыз ету үшін олардың өткен материалдарға қатысты жинақтаған білімдері мен іскерліктерін есепке ала отырып, сауатты жазуға дағдыландырудың жаттығуларын жүргіземіз. Оны диктант түрінде алып, өзіндік біраз тәсілдерді пайдаланамыз.

Есту диктанты.

Бірнеше сөйлемдер айтылады, оқушылар сол сөйлемдерде неше сөз барын сан арқылы көрсетіп шығады. Мысалы: Күз келді (2), Күн суыта бастады (3), Жапырақтар сарғайып жерге түсті (4) . 2, 3, 4.

Сонымен көрсетілген диктанттар түрлері уақытты аз алады, ауызша практикалық жолмен көп ережені түсіндіруге мүмкіндік береді.

Шығармашылық диктант.

Диктанттардың ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі -

Оқұушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберлдіктерін арттыру көрсеткіші жөнінен ең тиімдісі деп саналады. Бұл диктантта көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылысөйлес құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады. Мысалы:

  1. Ауамен, біз, дем, аламыз
  2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.
  3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.

Бұл жерде сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрап жазу керек.

Шығармашылық диктанттың тағы бір мынадай түрін ұсынуға болады.

Мысалы: Балаларойнады, Сиырсуішті, Жаңбыржауды.

Мұнда оқушылар осы берілген сөйлемдегі сөздердің ара жігін ажыратып жазулары керек.

Терме диктант.

Бұл диктанттың түрі белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге назар аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы: оқушыларды үш топқа бөліп, деңгейлеп тапсырма беру:

І-ші топ: заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз.

ІІ-ші топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз.

ІІІ-ші топ: жіктелген сөздерді теріп жаз.

Мынадай тапсырма берілуі мүкін:

Аспаннан нұр жауады,

Апам сиыр сауады.

Ағам шеге қағады,

Әпкем нанын жабады,

Атам шөбін шабады.

Сонда І-ші топтың оқушылары заттың қимылын білдіретін сөздерге мына сөздерді теріп жазады: жауады, сауады, қағады, жабады, шабады. ІІ-ші топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазады: нұр, апам, ағам. ІІІ-ші топ: жіктелген сөздерді теріп жазады: апам, ағам, әпкем, атам, шөбін, нанын.

Терме диктантты мынадай түрде де алуға болады. Оқушыларға бірнеше сөздерді айтып, олар сол сөздердің ішінен тек дауысты дыбыстарды теріп жазады. Мысалы: сиыр (и-ы), сауысқан (а-ы-а), қарға (а-а) .

Немесе керісінше, дауыссыз дыбыстарды теріп жазады: сиыр (с-р), сауысқан (с-у-с-қ-н), қарға(қ-р-ғ) .

Қазақ тілін оқытуда көбінесе ауызша жауап алу әдетке айналып кеткен. Айталық, зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді деген сияқты бүкіл тараудыауызша сұраққа айналдырады да, жазба жұмыстарына аз көңіл бөлінеді. Қаптаған сұрақтардан кейін жазбаша жұмысты орындауға уақыт та қалмайды, сонымен сабақбір сарынмен аяқталады.

Жазба жұмыстарын, әсіресе диктант жазу кезінде оқушылар мәтінде оқылған сөйлемдерді, сөздерді қайталап сұрап, жанындағы құрбыларының көңілін бөледі. Яғни, оқушы оқылған шағын сөйлемді есінде сақтай алмайды. Кейде диктант мәтінін оқу кезінде мұғалімдердің өзінен де кемшіліктер кедесіп қалады. Ол - диктантты нормаға сай оқи алмау. Диктант жұмыстарын үнтаспа арқылы да жүргізуге болады. Үнтаспа арқылы жүргізілген диктантта оқушылардың зейіні еститін сөзге ғана аударылады. Үнтаспадан бірнеше үй жануарлары мен жабайы жануарлардың (мысықтың, иттің, әтештің, жылқының, сиырдың, пілдің, маймылдың, арыстанның) дауыстары естіледі. Оқушылар естіген дыбыстардың қай жануарға жататынын анықтап, дәптерге жазады. Мысалы: мысықтың мияулағаны, т. б. дауысы бойынша әрбір дауыстың иесін анықтап, олардың аттарын дәптерге жазып шығады.

Бұл диктанттың түрін күрделендіріп те алуға болады. Мысалы: Әр жануарлардың қандай дауыстар шығаратынын сұраймыз. Сонда оқушылар мысықтың мияулайтынын, иттің үргенін, т. б. атап шығады. Дәптерге былай жазады: Мысық мияулайды, ит үреді, әтеш шақырады, ат кісінейді, сиыр мөңірейді, т. б. Өз тәжірибемізде оқушылардың сауатын ашу және тілін дамыту жұмыстарында аталған диктант түрлері оқушыларды қатты қызықтыратыны байқалады.

Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдау ерекшеліктері сензитивті кезеңге сәйкес келетіндіктен оқытудағы көрнекілік принципі басты роль атқарады. Өмірде бар-заттар мен кұбылыстарды көрнекті құрал арқылы көрсету мектепті өмірмен байланыстырады. Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі диалектикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі. Нақты көрнекі материалды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, (анализ) жасау керек. Дұрыс талдау(анализ) жасау арқылы оқушы көрген затының негізгі бөлшегі мен қосымшасын ажыратуға, салыстыруға, белгілі бір қорытынды жасау зандылықтарын анықтауға үйренеді. Көрнекілікті оку процесінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Тіл дамыту сабақтарында көрнекіліктер образды немесе логикалық мазмұнда таңдалынады. Яғни, суреттер мен түрлі көріністер бойынша сөздік қорларын байытып, әрбір сөздің тілдік ерекшеліктерін меңгереді[1, 24 бет] .

Қазақ тілі сабағында жиі қолданатын көрнекілік - кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем кұрылысын меңгеруге өте ыңғайлы. Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалык, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал колданылуы жағынан - салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып бөлінеді.

Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін колданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін.

Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мумкіндік береді.

Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін колданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген үйымдастыру және шығармашылық жұмыстарды кажет етеді. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:

Ұяң дыбыстар: Ұяң дыбыстар
Ұяңмен келген сөздер: Ұяңмен келген сөздер
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
Ұяң дыбыстар: б
Ұяңмен келген сөздер: байлық
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.
Ұяң дыбыстар: в
Ұяңмен келген сөздер: вагон
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.
Ұяң дыбыстар: д
Ұяңмен келген сөздер: дала
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Дала гүлге бөленді.
Ұяң дыбыстар: з
Ұяңмен келген сөздер: зейін
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
Ұяң дыбыстар: ж
Ұяңмен келген сөздер: Жаппар
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
Ұяң дыбыстар: г
Ұяңмен келген сөздер: Гүлсім
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Гүлсім оқуға жүріп кетті.
Ұяң дыбыстар: ғ
Ұяңмен келген сөздер: Ғұмар
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
Ұяң дыбыстар: һ
Ұяңмен келген сөздер: Аһ, уһ
Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер: Аһ, - деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық зандылықтарын, ерекшеліктерін (катаң мен сонор дауыссыз дыбыстарға карағанда) салыстырып байқайды[2, 47 бет] .

Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру максатында пайдаланылады дедік. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын менгеруге орай жасалатын кестелерді колдану тиімді.

Морфологияны оқытуға байланысты кесте.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары
Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы
Әлеуметтік жаңашылдықты еңгізу
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz