Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әшім Тұмар Зайдқызы
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., доцент м. а. Әуелбеков Е. Б.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру (5-сынып )
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындаған ӨКО-111 тобының студенті
Әшім Т.
Ғылыми жетекшісі, техн. ғ. к., доцент Атажанов И.
Түркістан 2015
Аннотация
Дипломдық жұмыста халықтық педагогика тәрбие құралы болып табылатыны, халықтың қолданбалы өнер құралы - қолөнерінің тәрбиелік мүмкіндіктері, қолөнерге баулу барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері зерттеудің теориялық негіздерін қамтыған.
Оқушыларға технология пән сабақтарында халықтың қолданбалы өнер құралдарымен ұлттық тәрбие беру әдістемесі, қолөнер бұйымдарын дайындаудың техникасы мен технологиясы және ұлттық өнерге баулудағы оқу -шеберханаларын жабдықтау зерттеу мәселесіне қатысты жазылған.
Аннотация
Дипломный работа народый педагогика воспитание средство являюсь, народ прикладной искусство средство - ремесленно менторский возможность, кустарный культивирование ход ученик национальный воспитание даю вопрос исследую теоретический основа охватываю.
Ученик технология предмет урок народ прикладной искусство средство национальный воспитание даю методика, ремесленно предмет готовлю техника и технология и национальный расту культивирование учебный снабжаю исследую вопрос касающийся есть написанным.
Annotation
In this Diploma work Education is an educational tool of the working population, people of arts and craft educational opportunities, crafts training students in the national education issues, including the theoretical foundations of the study.
Technology subjects for students of Applied Arts of the lessons of the method by means of national education, craft art manufacturing equipment and technology and national involvement -workroom written on the issue of supply.
Мазмұны
НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады.
Халық педагогикасы-халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс күйлерін дамытуды мақсат етіп қойып, ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтитын, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім.
Халықтық педагогика - тәлім тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибиесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Халық педагогикасы - тәрбие жөніндегі халықтың ой-тәжірибесінің жиынтығы.
Қазақ халқының қолөнері деп - халық тұрмысында жиі қолданылатын әртүрлі материалдарды пайдаланып олардан тоқу, өру, есу, тігу, кестелеу, мүсіндеу, құрастыру, сыру, бейнелеу тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын айтады.
«Технология» ұғымы грек тілінде «өнер, шеберлік, іскерлік» деген мағынаны береді.
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы.
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Оқыту әдісі -мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушының белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Үлгі - өнеге қолөнеріне үйретудің әдісі ретінде үйренушінің осы өнер түрін білетін үлкендерге еліктеуіне негізделеді.
Жаттықтыру дегеніміз үйренушінің белгілі бір іс - әрекеттерді саналы түрде қайталай отырып, қоғамдық түрғыдан маңызды нәтижеге қол жеткізуіне, білім, іскерліктері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік беретін әдіс түрі.
Практикалық біліктілік - еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі, белгілі бір ережеге және оны накты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;
Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті;
ҚР - Қазақстан Республикасы
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Замана жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат еткен көпшілік қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап, жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан әрі қарыштап өркендеуінің негізгі тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм білімді тұлғаларды дайындауды халықтың қолданбалы өнер құралдарымен ұлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екені даусыз. Озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретінде танылатыны анық.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында - “Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетіс-тіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шың-дауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”- деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында - ’’орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабі-леттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет…’’ - деп анық айтылған [1; 2] .
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой-пікір-лердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, [3; 4; 5] т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан [6; 7; 8] .
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі тарапынан жарық көрген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын-соңды қолданбаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани жетістіктерді бағалай білуге тәрбиелеу» жақтары қарастырылған [9] .
Қазақстан Республикасының тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің негізгі мақсаты жастарға ұлттық тәрбие беру болып анықталып, оның негізгі міндеттері ұлттық сана-сезімі оянған жастарды тәрбиелеу деп көрсетілген.
Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін адамзат болып жетілуіне ата-баба мұрасының мол байлықтарын сақтай білу, дәстүріміздің, қолөнеріміздің жақсы жақтарын бойларына сіңіре отырып игеру қажеттілігінен туындайды. Қоғам байлықтарының барлығыда адам еңбегінен жасалады. Міне осы халқымыздың ұлттық қолөнерге баулуда оқу-тәрбие үдерісіне терең енгізе оқыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасы өркениетті елдің қатарына қосылу үшін оқушыларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ой-өрісін, жоғары эстетикалық тағылымы, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Білім жүйесі ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұраларды жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді.
Қазіргі таңда ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін жастардың халықтық тәрбие негізінде білімін шыңдайтын, мектептерде жүргізілетін технология пәні. Технология пәнінде әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдарын дайындау және лабораториялық жұмыстарды өткізу деңгейіне сәйкес шеберханаларды, зертханаларды жабдықтау мәселелері туындайды. Оқу шеберханаларында өтетін технология сабақтары еңбекке баулудың негізгі міндеттерін шешуге және оның мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
”Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”- деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр әль-Фараби бабамыз айтқандай, оқушыларға халықтық этнопедагогика негізінде қолданбалы өнер арқылы тәрбие беруде технология сабақтарындағы білім мен ұлттық тәрбиені үндестіре білсек қана қазіргі заманғы ғылым мен техниканың озық идеяларын ала отырып, ұлттық санасы, ізгілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз [10] .
Сонымен қатар, технология пәнінде оқушыларға бұйым дайындауда технологиялық үдерістер және осы үдерістердің ғылыми негіздері жөніндегі білім беру мен қатар практикалық сабақта олардың еңбек іскерліктері мен дағдыларын еңбектің сферасына сай қалыптастыру тиімді болып табылады. Осы уақытқа дейін зерттелген арнайы еңбектерге сүйене отырып (Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, Н. Қ. Сарыбеков, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Ә. Табылдиев, Б. Жиентаева) [11; 12; 13; 14; 15; 16; 17], біз өз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру (5-сынып) » деп таңдап алдық.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер құралдарымен ұлттық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан анықтау және оны ұлттық қолөнер бұйымын әзірлеу барысында жүзеге асыру жолын сипаттау.
Зерттеу объектісі: мектептегі технология пән сабағында халықтың қолданбалы өнерін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: технология пән сабағында оқушыларға (5сынып) халықтың қолданбалы өнер құралдарымен ұлттық тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
- оқушыларды халықтың қолданбалы өнер құралдарымен ұлттық тәрбиеге баулудың теориялық негіздерін айқындау;
- технология пән сабақтарында оқушыларға қолөнер құралдарымен ұлттық тәрбие беру мазмұнын (5-сынып) анықтау;
- оқушыларға технология сабағында қолөнер құралдарымен ұлттық тәрбие беру әдістері мен формаларын, сабақ үлгісін мазмұндау;
- ұлттық тәрбие берудегі қолөнер бұйымдарын әзірлеудің техника-технологиясын сипаттау.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын, пән бағдарламасын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу, бақылау.
1 Оқушыларды халықтың қолданбалы өнер құралдарымен ұлттық тәрбиеге баулудың теориялық негіздері
1. 1 Халықтық педагогика тәрбие құралы ретінде
Ата-бабамыздың өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі-халық педагогикасы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбие жас ұрпақ бойына сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер бар. Халық педагогикасы - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, халықтың рухани мұрасы.
Халық педагогикасы - халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс күйлерін дамытуды мақсат етіп қойып, ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтитын, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім.
Халық педагогикасы ұлт тәжірибелері мен тағылымынан туған бай қазына. Оның келер ұрпаққа берер үлгісі, тәлім-тәрбиесі көп. Халық педагогикасында маңызды сала ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер болып табылады. Ұмыт қалған салт-дәстүрлерді, халқымызға тән ұлттық қасиеттеріміздің барлығын да жүйелеп, өмір тәжірибиесінде қолдануда, келер ұрпаққа тәлім - тәрбие беруде ғылыми тұрғыда зерттеулердің көбірек болғандығы үздіксіз үдеріске айналуы керек. Халқымыздың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жұмысына пайдалану, мектеп тәжірибелеріне енгізу ге керектігі заман талабы екенін сезінген жөн. Себебі, заман талабына орай бүгінгі жас ата-ана, ата-баба дәстүрін толық қамти алмағандықтан, өткеннен өнеге боларлық салт-дәстүрлерді, нақыл сөздерді сабақ ретінде мектеп бағдарламасына енгізген абзал [11] .
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі ретінде халық педагогикасы алынады. Халық педагогикасы халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы. Ал этнопедагогика-халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп, зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы. Сонымен қатар, халық педагогикасын қағидаларға бөліп, ғылыми педагогикамен байланысын зерттей отырып - халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болып қалған. Халық педагогикасы ғылыми зерттеулердің тек обьектісі ғана емес, сонымен қатар, ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады [12] .
Халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халықтық педагогикамен қатар «Этнопедагогика» дейтін атау жиі қолданылады. Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибиесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол-халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым.
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан іргелі зерттеулердің қатарында оның историографиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан Э. Д. Днепров, Г. К. Исқақов, А. Ш. Ғашимов: "Халықтық педагогика" және "Этнопедагогика" ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерін анықтауда бағытталған Е. Л. Христова, Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, И. С. Кон, А. Э. Измайлов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық үдерістегі халық бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік талабынан туған құбылыс ретінде көрсеткен М. Ф. Шабаева, Г. С. Виноградов еңбектерін атауға болады [15] .
Соңғы уақыттардағы қоғамдық қарым-қатынастардан елеулі өзгерістер мен жетістіктердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі - халықтық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан этнопедагогика ғылымы үшін де қатысы бар екені даусыз.
Қазақстан жағдайында да халықтық педагогикалық ойларын бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Ал бірқатар ғалымдар (А. Көбесов, С. Қалиев, С. Ұзақбаева және т. б. ) еңбектерінің нәтижелері тарихи - педагогикалық проблеманың бүгінгі міндеттерін шешуді өткен дәуірлермен сабақтастықта қарастыруды жүктейді [16] .
Этнопедагогиканың проблемаларымен айналысушы ғалым А. Измаилов: "Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақтальп, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады" деп орынды атап көрсеткен еді [18] .
С. Қалиев " . . . халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы"- дей келе, "Этнопедагогика - халықтың -тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым", деп өз пікірін білдіреді. Ол тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі, сыр мен сымбат тәрбиесі, т. б. жөніндегі халықтың тәрбие беру барысын сипаттайды [18] .
К. Ж. Қожахметова педагогика, этнопедагогика және қазақ этнопедагогикасы ұғымдарының мәнін төмендегідей айқындайды. Педагогика - жалпы, оның заңдары этнопедагогика саласында да әрекет етеді. Этнопедагогика - ерекше, яғни этникалық топтар, этнос формаларының барлығы үшін сипатты этникалық ерекшеліктерді педагогикада бөліп көрсетеді. Қазақ этнопедагогикасы - бұл нақты, яғни бұл тілде, дәстүрде, салтта, әдетте, дінде көрінетін, өзіне тән этникалық мәдениет есебінен түзілген өзгешелікті қарастырады [19] .
Профессор Ж. Асанов "Этнопедагогикалық білімдер тарихи даму кезінде ұлтымыздың әлеуметтік өмірінде екшеле келіп жүйеге түскен және тәлім - тәрбиесіне арқау болатын ұғымдар мен түсініктер" - деп анықтайды [19] .
Этнопедагогикалық мәдениет этнопедагогикалық білімдер мен тәжірибелер негізінде түзіледі десек, онда олардың мазмұны білім беру жүйесі үшін бағытталған болуы тиіс.
Ұлттық тәрбиесінде этнопедагогика материалдары баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Этнопедагогика материалдарын оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану және олардың незінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі біздің зерттеуіміздің нәтижесінде анықталады.
1. 2 Халықтың қолданбалы өнер құралы - қолөнерінің тәрбиелік мүмкіндіктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz