Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау және дамыту


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІ МЕН ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Балабекова Л. Г
аға оқытушы «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.

студент, «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.

Қазіргі кезде тәуелсіз мемелекетіміздің алдыңда жас ұрпаққа берілетін білім мазмұның жаңарту және оны игеру мәселесі ерекше орын алып отыр. ХХІ ғасыр-білім ғасыры, бәсеке ғасыры, еліміздің дүниежүзілік өркекниетке ұмтылған өрлеу ғасыры. Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне байланысты оқу-тәрбие жұмысына өзгерістер енгізілуде. Ұлтымыздың алтын кені болатын дарынды балаларды тәрбиелеудің негізгі орталығы - мектеп. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттермен, қабілеттеріменен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие. Қабілетті, дарынды балаларды айқындау, оларды топтастырып, белгілі сала бойынша тереңдетіп оқыту, әсіресе ұлттық дәстүрімізбен мәдениетіміздің бойына сіңіре тәрбиелеу және дамыту қажет.
Дарынды оқушылармен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдастырудағы басты міндеті- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан - жақты аша түсу үшін дарындылық ерекшеліктерін (түрі, деңгейі т. б. ) анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу) . Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. арындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», -деп тұжырымдады. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі. Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: 1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. 2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. 3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау 4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. 5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады. 1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар: - дарынды оқушымен жұмыстыңәдеуметтік қажеттілігін сезінуі; - оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы; - дарынды оқушымен жұмысқа трақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; - дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы; - дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы; 2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар - өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі; - қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі; - оқушы дарындылығын моделін білуі; - жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі; - қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі; - дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі; 3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: - дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; - оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; - дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі; - оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі; - дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі; Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз: - баланың отбасы жағдайын зерттеу; - шығармашылық қабілетін анықтау; - саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу; - ата-анасымен әңгімелесу; - пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz