Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың құқықтық мәселелері.
1. 1 Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы . . . 4
1. 2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері . . . 7
1. 3. Еңбекті қорғау саласына сипаттама . . . 11
2. Қазақстан Республикасында еңбекті қорғаудың қазіргі кездегі көрінісі.
2. 1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы . . . 16
2. 2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау . . . 19
2. 3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу . . . 27
3. Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың шешу жолдары.
3. 1. Еңбекті қорғау саласындағы қол сұғушылықтың негізгі мәселелері . . . 33
3. 2. Еңбекті қорғау саласындағы қол сұғушылықтың мәселелерін шешу жолдары . . . 38
Қорытынды . . . 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 41
Кіріспе
Курстық жұмыс өзектілігі :Еңбекті қорғауды басқару жүйесі ұйымдастырушылық, техникалық, жылутехникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және басқа да ережелер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар мен критерийлерді белгілейді және міндетті түрде:
- кәсіпорын мен оның бөлімшелерінде еңбектің қорғалуын ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды тағайындауды;
- түрлі жұмыс орындары үшін (кеңсе қызметкерлерін қоса алғанда) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін;
- қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізу тәртібін;
- қызметкерлердің кәсіби дайындығын, физикалық жай-күйін, денсаулық жағдайын ескере отырып, іріктеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;
- кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы мен өндірістік нысандарды пайдалану ережелері бойынша барлық талаптар мен нұсқаулықтарды сақтауын бақылауды жүзеге асыруды;
- еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуді;
- құрылыстардың, ғимараттардың, көліктер мен тетіктердің, пайдаланымдағы басқа да өндірістік нысандардың техникалық күйінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылап, ұдайы тестілеуден өткізуді қарастыруы тиіс.
Курстық жұмыс мақсаты: Еңбекті қорғау жүйесі, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау және саниталық-сауықтыру іс-шараларының 3-5 жылдық кешенді жоспарларын қарастыруы тиіс. Олар заңнамаға сәйкес, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізгі бөлігі болып табылады.
Курстық жұмыс міндеті :Еңбекті қорғаудың мақсаты қызметкерлердің жазатайым жайттарға, апатты жағдайларға ұшырауы мен кәсіби ауруға шалдығуын азайтуға тырысып, сондай-ақ еңбектің максималды өнімділігі жағдайында қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп, денсаулық пен адам өмірі үшін қауіпті әрі зиянды өндірістік факторларға жол бермеу болып табылады. Қызметкерлерді жарақатқа немесе кәсіби ауруларға ұшырататын факторлар қауіпті өндірістік факторлар болып табылады. Оларға мысалы, жылжымалы тетіктер мен қызып тұрған нысандар мен т. б. жатады.
Еңбек кодексінің 15-бабының 25-тармақшасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы28 қарашадағы № 1225 Қаулысымен Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.
1. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. 1 Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімді тексеруден сәтті өткендер Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында жарамды болатын белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болады.
Ұйымдарда басшы қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақытылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Жұмысқа қабылданған адамдар жылына кем дегенде бір рет міндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi.
Оқытуды жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi. Бiлiмді тексеру нәтижесi емтихан комиссиясының хаттамасымен ресiмделедi.
Жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы құрылады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторы кiредi.
Бiлiмiн тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес куәлiк немесе хаттамадан үзiндi көшiрме берiледi.
Қызметкерге нұсқама беру бойынша жұмыс еңбек шарты жасалғанда жүргізіледі. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, осындай жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс (Еңбек кодексінің 310-бабы) . Мұндай жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін жүзеге асады. Еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби іріктеу үлкен маңызға ие. Оның мақсаты - өндірістік үдеріске қатысуға физикалық мүмкіндіктері бойынша жарамсыз тұлғаларды анықтау.
Қызметкер нұсқама беруден өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі. Нұсқама берудің бірнеше түрі бар: кiрiспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты (ағымдағы) .
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама бiлiмi, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс стажына байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, iссапарға келгендерге, өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзiледi. Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқаманы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет немесе бұл мiндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргiзедi.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн практика жүзiнде көрсете отырып, еңбек қауiпсiздiгi стандартының талаптарын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi тиiстi қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып, әрбiр жұмысшыға жүргiзiледi.
Қайталама нұсқаманы қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді жұмысшының есіне түсіріп, нақты жағдаяттар мен заңбұзушылықтарды талдау мақсатында кем дегенде жарты жылда бір рет өткізеді.
Жоспардан тыс нұсқама технологиялық үдеріс өзгерген, қызметкер басқа жұмыс орнына ауыстырылған, еңбек жағдайы өзгерген, еңбекті ұйымдастыру ережелері өзгерген, жаңа техника енгізілген, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерiстер енгiзiлген кезде өткізіледі.
Жоспардан тыс нұсқама бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгiн бұзған кезде жүргiзiледi.
Мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамаларды рәсімдеу және қолдану ережелеріне сәйкес, аса қауіпті жағдайдағы жұмыс өндірісі кезінде жүргізіледі. Наряд-рұқсатнама - бұл ұйымның жұмысты қауіпсіз өндіруіне жазбаша түрде берген өкімі. Онда барлық қажетті қауіпсіздік шаралары мен жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тұлғалар көрсетіледі. Осылайша, жұмыс берушінің жауапты тұлғасы жұмыс бастар алдында бригадаға жұмыс орнындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқама беруі тиіс.
Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргiзiледi, авария, табиғи және басқа апаттардың зардаптарын жою, наряд-рұқсатнама ресiмделетiн жұмыстарды жүргiзу кезінде өткізіледі.
Еңбек қауііпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты әзірлеуде кадр бөлімі мамандарының ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №157-б бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту қағидаларын басшылыққа алғаны жөн.
Нұсқаулықты әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т. б. ) мен тізбеге сәйкес жұмыс орындарына жүзеге асырады. Тізбені еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау комитеті мен қызметкер өкілдерінің қатысуымен жасайды. Нұсқаулықтар, жабдықты жасаушы-зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамаларында, сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық құжаттамаларында жазылған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің негізінде әзірленеді.
Нұсқаулықтың мәтіні аталмыш жұмыс орындалатын төмендегі жағдайларды ескере отырып, технологиялық үдерістің тізбегіне сәйкес баяндалады:
1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;
2) жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
3) жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жазылуы тиіс.
Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе жауапты адаммен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, лауазымды адамдармен және ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісуден кейін жұмыс беруші бекітеді.
Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегiмен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерi бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады.
Қанағаттанарлықсыз бiлiм көрсеткен қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi және нұсқаманы қайта өтеді.
Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi нұсқаманы тiркеу журналдарын нөмiрлейдi, тiгедi және жұмысты тiкелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып бередi.
Қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының нұсқаулықтары мен талаптарын сақтауға, жұмыс уақыты кезінде арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануға, сондай-ақ еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға міндеттенеді.
Қауіптілігі жоғары жұмыстағы қызметкерлер ауысым алдында медициналық куәландырудан өтеді. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізімі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 Қаулысымен бекітілген. Тізімге қаралудың жиілігі белгіленген (жұмыс ауысымының алдында 30 минут немесе 1 сағат бұрын) 30 кәсіп түрі енген. Олардың ішінде тұрақты және тұрақты емес жолаушылар мен жүктер, оның ішінде қауіпті жүктер бағдарларында жұмыс істейтін автокөлік құралдарының жүргізушілері, қазандық операторлары, атом реакторлары мен 220 Вольт және одан да жоғары кернеулі қолданыстағы электр құрылғыларға қызмет көрсететін персонал, жерасты жұмысшылары, локомотив машинистері мен машинистердің көмекшілері т. б. бар. Медициналық тексеріп-қаралудан бұлтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік қауіпті өндірістік нысандарды пайдаланатын кәсіпорындардан апатты ескертіп, оның салдарын жою бойынша арнайы бағдарламалардың қабылдануын талап етеді. Осы мақсатта өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң, кәсіпорындарға қажет болған жағдайда апат пен өндірістегі жағдаяттарды жайылтпай, салдарын жоюға жіберілетін арнайы қаржылық және материалдық қор құруды ұсынады. Қауіп-қатерді азайту мақсатында, әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасы мен қорғаныс құралдары бойынша қағидаларды, нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды қолдануы тиіс. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін барлық түйткілді жағдаяттарда жылдам шара қабылдау үшін, апатты жағдай орын алған кездегі барлық әрекеттер туралы хабардар болуы тиіс.
Жоғары қауіптілікпен байланысты мамандықтар мен жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықты қайта қарау, кем дегенде 3 жылда бір рет жүргізіліп тұруы тиіс. Нұсқаулық мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:
- заңнамалық келісімдер, мемлекеттік стандарттар және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгергенде;
- жаңа техника мен технология енгізілгенде;
- өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды зерделеудің нәтижелері бойынша.
Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.
1. 2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері
Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастардың айтарлықтай бөлігі құқық нормаларымен реттеледі. Дәл осы себептен, еңбекті қорғау құқықтық ұғымын анықтау осы мәселені қарастырудың маңызды аспекті болып табылады.
Заң әдебиетінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны мәселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ әлі де болса бұл мәселені шешілді деп есептеуге болмайды. Бұл тіпті мүмкін де емес шығар. Техникалық үдерістердің дамуы қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді. Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сәйкес, бұл мәселе, яғни, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс.
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ бұл - еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет [1] .
Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетуі туралы А. С. Макевкина да айтқан - еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады, өйткені ол белгілі бір қаржылық әлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары әр түрлі саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік-құқықтық актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген [2] .
Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі, өндірістік жарақаттылық пен кәсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни, жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мәселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің қамтамасыз етілуінің және сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мәселен, экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған [3] . Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып келе жатыр деген тұжырымға әкеледі.
ҚР заңнамасына сәйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген және еңбек етуге тартылған адамдардың, және т. б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет.
Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.
Денсаулық дегеніміз - адамның психикалық, дене және әлеуметтік әл-ауқаты. Ол адамның және жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту - еңбек етушілердің денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы [4] .
Еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарға қоғамның экономикалық белсенді халқының барлық мүшелері дерлік тартылады, және оның едәуір бөлігі үшін еңбекті қорғаудың тікелей маңызы бар, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау институтының жағдайы олардың мінез-құлқын айқындайды, ал ол жалпы алғандағы қоғамның келбетіне, оның белсенділігіне үлкен әсер етеді.
Барлық құбылыстардың қандай да бір деңгейде өзара байланысты болатындығы белгілі. Бір категорияның жағдайының нашарлауы немесе қанағаттандырылмауы қалғандарына да теріс әсерін тигізеді. Мәселен, еңбекті қорғау жөніндегі мәселелер мен қатынастардың қанағаттандырарлықсыз реттелуі жалпы алғанда қоғамдық өзгерістерге әсер етуі мүмкін, және жақсы жағынан емес екендігі түсінікті.
Осылайша, еңбекті қорғау әлеуметтік құбылыс болып табылады, ол еңбекті қорғау институтының жеке алғандағы әр адамға және жалпы алғандағы бүкіл қоғамға қатысты болатындығынан және ықпалын тигізетіндігінен көрінеді.
Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді, -мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар бөлінеді. Еңбекті қорғау медицинамен аса тығыз байланысты. Ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйі қызметкердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Медицинада қызметкерлердің денсаулық жағдайына қандай да бір өндірістік факторлардың жасайтын ықпалына, кәсіби аурулардың немесе жарақаттардың белгілі бір өндірістегі еңбек үдерісімен байланыстылығына көңіл бөлінеді.
Техникалық ғылымдарда қандай да бір машиналардың, техникалық құрылғылардың, жабдықтардың және басқа да өндіріс құралдарының қолданылуының әр түрлі ережелері әзірленеді, сондай-ақ бірлікте және өзара ықпалдастықта қарастырылатын адам-машина жүйесі зерделенеді.
Саяси тұрақтылық, өзге факторларды есептемегенде, сондай-ақ тиісті мемлекеттің аумағында еңбектің қалыпты жағдайларының қамтамасыз етілу деңгейіне де байланысты болады.
Кезінде Л. И. Левитин атап көрсеткендей, еңбекті қорғауды дамыту ісінде техникалық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласындағы, соның ішінде, тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің неғұрлым тиімді жолдары мен формаларын анықтауға, заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге, қандай да бір нормативтік актінің қабылдануының практикалық нәтижелерін зерттеуге тиіс заң ғылымы саласындағы зерттеу жұмысы маңызды роль атқарады [5] .
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтын қарастыру барысында біз осы ұғымға еңбек құқығының басқа институттарына немесе құқықтың басқа салаларына жататын нормалар кіретіндігін анықтадық. Мұндай нормалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қаншалықты бағытталғандығына немесе жәрдемдесетіндігіне байланысты еңбекті қорғау институтына жатқызылады. Көрсетілген нормалар қатынастарды реттейді, немесе құқықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге (немесе жәрдемдесуге) бағытталған басқа салаларының зерттеу тақырыбы болып табылады.
Еңбекті қорғау институты салааралық институт болып табылады, себебі еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында пайда болатын қатынастарды реттеу, еңбек құқығының өзінен басқа, азаматтық, сақтандыру, қылмыстық, әкімшілік, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы және, әрине, конституциялық сияқты құқықтың бірнеше салаларын реттеудің зерттеу тақырыбы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz