Алматы облысының жер үсті суларының экологиялық жайын қарастыру


«Алматы облысы жер үсті суларының өзгеру динамикасы» ғылыми жұмысына

ПІКІР

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі І, ІІ бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Ғылыми жұмыстың негізі «Алматы облысы жер үсті суларының өзгеру динамикасын» зерттеу мақсатында жасалған. Зерттеу нәтижесінде жер үсті суларының ластану процесі, алдын-алу шаралары, өзен суларын тиімді пайдаланудың жолдары ұсынылған.

Қарастырылып отырған жұмыста өзен суларының негізгі проблемалары қарастырылған. ХХІ ғасырдың өзекті мәселесі - су проблемасы болғандықтан, өзен суларына айрықша көңіл бөлуге тура келеді. Өзен суларына жасалған тәжірибиені бақылай келе, Алматы облысы жер беті суларының жылдан - жылға өзгеру динамикасы байқалған, яғни, халық өзен суларын шамадан тыс шаруашылыққа пайдаланады. Су халық үшін - үй шаруашылығына, электр қуатын алуға т. с. с. қажеттіліктерге жұмсалуда. Жалпы, күндегі өзен суларының өзгеру процестері жайлы мәліметтер жинақтап, ол мәліметтерді зерттеп, алынған мәліметтерді қарастырып, қорытынды жасалған. Су - тіршілік нәрі, сондықтан оны зерттеу бүкіл әлемдік және Қазақстан Республикасының алдына қойған басты мақсаттарының бірі.

Сонымен, «Алматы жер беті суларының өзгеру динамикасы» ғылыми жұмысына «өте жақсы» деген баға беремін және оқушылардың ғылыми жұмыстар конкурсына қатысуына ұсынамын.

Еуразия технологиялық университеті

п. ғ. д. профессор Масырова Р. Р


ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл ғылыми жұмыста зерттеуге алынған Алматы қаласы және облысының кейбір жер үсті суларының оргоналептикалық қасиеттері, сутектік көрсеткіштері, жалпы қаттылығы қалыпты жағдайда болғандығы бойынша қарастырылды. 2013 және 2014 жылдар аралығындағы су көрсеткіштерін салыстыра отырып өзен суларының өзгеру динамикаларын байқау арқылы дер уақытында пайдалы - шараларды ұсына отырып өзендердің экологиялық тазалығын сақтап қалу. Қазіргі таңда жер үсті суларын ластануын зерттеу экологиялық маңызды шаралардың бірі болып табылады. Сондықтанда Алматы жер үсті суларын экологиялық жағдайын өзекті мәселелері қарастырылды.

А Н Н О Т А Ц И Я

В этом научном проекте объектом исследования являются некоторые наземные водные ресурсы с точки зрения их органолептических свойств водородных показателей, степени жесткости в обычном состоянии. Цель исследования - поиск путей сохранения экологической чистоты рек и озер, основываясь на результатах наблюдения за динамикой изменения всесторонних показателей водных ресурсов за 2013-2014 годы. Загрязненность наземных вод является злободневной экологической проблемой. В данной работе учащихся изучается экологическое состояние наземных вод в Алматы и близлежащих районов.

A B S T R A C T

Оbject of this scientific project research are some land water resources from the point of view of their organoleptic properties of hydrogen indicators, rigidity degrees in a usual state. A research objective - search of ways of preservation of ecological purity of the rivers and lakes, based on results of supervision over dynamics of change of comprehensive indicators of water resources for 2013-2014. Impurity of land waters is a topical environmental problem. In this work of pupils the ecological condition of land waters in Almaty and nearby areas is studied.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1. ЖАЛПЫ ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ СИПАТТАМА . . . 9

1. 1. Алматы облысының кейбір жер үсті суларына қысқаша сипаттама . . . 13

1. 2. Үлкен Алматы өзені . . . 28

1. 3. Кіші Алматы өзені . . . 32

1. 4. Есік өзені . . . 34

1. 5. Талғар өзені . . . . . 35

2. ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 35

2. 1. Алматы облысы жер үсті суларының жалпы экологиялық жағдайы . . . 37

2. 2 . Зерттеуге қолданылған әдістер . . . 38

2. 3. Зерттеу нәтижелері . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47

КІРІСПЕ

Су - әлем тіршілік жасап, өмір сүріп отырған жерде қажеттілігі бойынша алдыңғы орынды алатын тұтыну құралы. Ғылым тіліне сүйенсек мына тіршілік қабаты яғни биосфераны сусыз тіршілік ете алады деу шындыққа жанаспайтын пікір. Расында - ақ. Ерте кезеңдерге көз жүгіртіп өтер болсақ алғашқы қауымдық құрылыстан бастап адамдар су тіршілік көзі, өмір нәрі, онсыз әрекет етудің еш маңызы жоқ екенін аңғарған. Өзен, көл, теңіз суларын күнделікті тұрмысқа пайдаланған. Бертін келе заман дамуына лайықты суды тұтыну техникалары, амал тәсілдері пайда бола бастады. Жалпы су ұғымында өзен, көл, теңіз, мұхит, сарқырама, бұлақ, арық, бастау сынды атаулармен қарастырғанамыз жөн. Ғылыми жұмыстың жобасымен таныстырмас бұрын осы атауларды толықтай кетсем.

Теңіз - бұл мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі. Теңіз деп кейбір ірі көлдерді де атайды (мысалы, Арал, Каспий, Өлі теңіздер) . Мұхитпен байланысына және гидрологиялық жүргісінің ерекшеліктеріне қарай -теңіз ішкі, шеткі, араларалық, ал географиялық орнына қарай - материкаралық және материкішілік болып бөлінеді.

Ал мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361, 26 млн. км², көлемі 1340, 74 млн. км³, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы) . Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%) . Мұхит Солтүстік жарты шардың 61% - ын, Оңтүстік жарты шардың 81% - ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91% - ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53% - ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік мұхитты бес мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді. Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73, 8% - ы) 3 000 - 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км - ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды.

Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 - 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 - 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2, 5 - 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1, 5 км, ені 20 - 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км - ге жуық, тереңдігі 5 - 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 - 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңдігі 7 - 8 км) ұштасқан.

Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3, 5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. Бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3, 5 - 1, 7 млрд. жыл бұрын) . Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1, 7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.

Су атауының тағы бірі - көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль) - тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері) . Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2, 1 млн. км² (құрлық ауданының шамамен 1, 4% - ы) . Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км³, оның 52% - ы тұщы су, 48% - ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі - Каспий теңізі, ең терең көлі - Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км². Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі. Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т. б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.

Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.

Режіміне қарай:

Ағынды - өзен ағып шығатын көлдер

Ағынсыз - өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды.

Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігі шығыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы тұщы болады. Өзендерде тұздылық көбінесе 3 - 5 г/л - ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14 - тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік - Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады. Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т. б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады. Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.

Менің тақырыбымның негізі бөлімі ол - өзендер жайында болмақ. Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су. Өзеннің негізгі бөліктері - бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері) . Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер - негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері - өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі - арна, тасқын сулар ғана жететін жері - жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады.

Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық - дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т. б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км - ден, 155 - і 100 км - ден, 4 - нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км - ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м³, олардың ағын мөлшері

3460 м³/с.

СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су - энергетикасының жалпы қоры - 170, 6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС - тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен - арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы - құнарлы топырақты шалғын. Өзен жүйесі - суы бір - біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы. Өзенге тікелей құятын негізгі бірінші қатардағы сала, өз кезегінде оның саласы екінші қатардағы сала деп аталады. Өзен жүйесі - гидрография желінің бір бөлігі. Мысалы, Об өзені Ертіс, Есіл, Тобыл, т. б. салаларымен бірге ірі өзен жүйесін құрайды.

Көріп отырғанымыздай бұл жалпы біз тұтынатын және табиғи қалыптасқан сулар жүйесі. Олардың экологиялық маңызы зор болғандықтан кейбір теңіз, өзендер қорғау объектілері ретінде қарастырылады. Ғылыми жұмыстың негізгі зерттеулері мен жоспары төмендегі материалдарда толықтай қамтылған.

Жұмыс мақсаты : жалпылама алғанда Алматы облысының жер үсті суларының экологиялық жайын қарастыру: өзім туып - өскен Алматы облысының жер үсті суларынын соның ішінде (Үлкен Алматы өзені, Кіші Алматы өзені, Талғар өзені, Есік өзендерін) экологиялық тәжірибие жасау арқылы өзен суларының:

  • органолептикалық қасиетін (түсін, дәмін, иісін)
  • өзен суларының қаттылығын
  • су құрамындағы хлордың көрсеткіштерін

анықтау болып табылады.

Негізгі міндеті : 2013 және 2014 жылдар аралығындағы су көрсеткіштерін салыстыра отырып өзен суларының өзгеру динамикаларын байқау арқылы дер уақытында пайдалы - шараларды ұсына отырып өзендердің экологиялық тазалығын сақтап қалу.

Өзектілігі: Қазіргі таңда жер үсті суларын ластануын зерттеу экологиялық маңызды шаралардың бірі болып табылады. Сондықтанда Алматы жер үсті суларын экологиялық жағдайын өзекті мәселе болып саналады.

Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.


Зерттеудің теориялық негіздері

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», - деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», - деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.:
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», - деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.:

Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су - мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие.

Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.

Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын. Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0, 7-1, 0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.

Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т. б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады. Мұны тіптен біраз жыл бұрын ирандық дәрігер Батмангхалиж зерттеп, аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан болатынын дәлелдеп берген. Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге теріс әсер етеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдарда 3500-ге жеткен. Ал 1993-2002 жылдардағы су тасқыны 6000-ге жетті. 2004 жылдың желтоқсан айында болған Оңтүстік-шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 220 мың адам із-түзсіз жоғалды. 2005 жылдың қазан айындағы Еуропадағы су көтерілуінен 200 мың адам қаза болды. Соңғы 30 жылда табиғи су апатынан 4 млн. адам өлсе, 4 млрд. адам зардап шеккен. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы дейді.

Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару - бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағынды - өзен ағып шығатын көлдер
Жайық өзенінің орналасуы
Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Топырақтың ластануы
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Шардара су қоймасының суының сапасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz