Қазақтың шым ши тоқу өнеріні



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақтың шым ши тоқу өнерінің даму тарихы
2. Шым ши тоқу технологиясы
3. Қазақ ою.өрнектерінің түрлері
4. Шым ши тоқуда қолданылатын ою.өрнек түрлері
5. Қазақ ұлттық өрнектерін түрлі қызметте қолдануы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Ши тоқу – қазақтың үй шаруашылығында, тіршілігіне керекті негізгі бұйым.Жалпы көшпелі халық өмірінде шидің алатын орны ерекше. Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылыққа тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрімендер, жартылай отырықшы өзбектер , қара қалпақтар) көне заманнан бері күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне, тоқылған шиді қазіргі дейін кең түрінде пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің есігіне ұстау үшін де пайданылады. Оны әр түрлі шарашылық мүдесіне, мәселен, киіз басу, сияқты жұмыстарда пайдалынады.
Бүгінгі Қазақстанның мәдениеті үшін дәстүрді сақтау аса маңызды, олай дейтініміз, осы өнердің көптеген түрлерінде мысалы теріні, сүйекті, ағашты өңдейтін, дәстүрлі қаружарақ жасайтын халық шеберлері азайған үстіне азайып барады.
Халықымыздың мәдени дірежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтар саласына қатты талап қойып, әрі ұнамды болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде заттардың алуан түрлері жасалынып отырылды. Сонымен қатар ұлттық қол нер ши тоқуда ою – өрнектіңде талғамға қарай жаңа безендіру талабыда арта түсті Сондықтан да халық қолөнерінің бай мұрасы жинап, сұрыптап заманымызға лайық сапа, түр беру әдісімен оларды дамыта біліуіміз керек.
1. Арғынбаев. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы 1987ж.
2. С. Төленбаев., М. Өмірбекова «Қазақтың ою - өрнектері» Қазақстан 1993ж.
3. Ұ.М. Әбдіғаппарова «Қазақтың ою- өрнектері» Алматы «Өнер» 1999ж.
4. Н. Зурманғалиева «Қазақтың ою-өрнегінің математикалық ғылыми деңгейдегі зерттеулері», Алматы 2004ж.
5. «Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихы»
6. ҚР Президенті Н. Ә. «Жаңа онжылдық. Жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2010 жыл. 92 бет.
7. Ә. Нысанбаев «Қазақтың ұлттық энциклопедиясы», 257 бет. Алматы 1998 жыл.
8. Қасиманов С. Қазақ халқының қол енері - Алматы: Қазақстан, 1969
9. А.Тәжімұқанов “ Шебердің қолы ортақ ” А. 1977
10. С.Қасиманов.”Қазақ халқының қолөнері” А1995

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Қазіргі заманда ата - бабамыздың айналысқан істері жойылып бара жатыр. Сондықтан ата-баба ісін ұмытпай, жалғастыру керек.
Ұлттық мәдениет пен өнер - негізінде жан-жақты ұлттық тәрбие беру, азамат қоғамда бұрын - соңды жасалған мәдени жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге бағыттайды. Сондықтан шым шидің тәрбиелік мәні зор екендігі ескеру қажет.
Болашақта жетістікке жетем деген - алдымен өз ұлтының түп қазығын зерттейді деген ұлағатты сөзге сүйене отырып, көнеден қалған мұра ретінде қызықтың шым шиін зерттеп білудің маңызы өте зор.
Қазіргі заманға сай картика ретінде жасалған шым ши әр үйдің төрінде ілініп тұрады деген үміттемін. Сонда ғана біз өз ұлтымызды ұмытпаймыз және кейінгі ұрпаққа мол мұра ретінде қалмақ

Аннотация
Человечество в 21 веке теряет всю дань прошлого. Казахстан не исключение. Наше поколение уже не знает ни обычаев, ни традиций, ни народного искусства.

Знание народной культуры позволяет увеличить уровень зхнания этнографии. Без истории мы никто. Без традиций мы не народ. Без своего искусства мы теряем звание казах.

Возродить свои традиции, в том числе и узорной циновки Шым ши не просто дело, а долг.

Мы должны помнить, что знание прошлого - путь в светлое будущее, и знак нашего настоящего.

Annotation
In our days all of the traditions of the Kazakh go out of using. So we and our generation must take care of legacy of our forefathers.
National culture and art be bound for the culture system value with all round national upbringing.
I nation that a human with dreams in own future should taught their root. That's why the choice of the theme "The art of elm" has the main role in live.
I hope that this work with elm as a picture will be hanged in every house. We are never forge and treat our Kazakh national art and to be proud of our national art.

Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақтың шым ши тоқу өнерінің даму тарихы
2. Шым ши тоқу технологиясы
3. Қазақ ою-өрнектерінің түрлері
4. Шым ши тоқуда қолданылатын ою-өрнек түрлері
5. Қазақ ұлттық өрнектерін түрлі қызметте қолдануы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Бүгігі таңда халықтың ғылым мен техникалық өркендеген заманда ұлттық ерекшелігімізді жоғарғы дәрежеде көрсете білуіміз қажет. Біз қазақ шыгармашылығындағы қандай түрі болса да халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өміріне тығыз байланысты екенін көреміз.
Жұмыстың мақсаты:
1. Ұлтымыздың болашағын, келешегін көркейту үшін халқымыздың тарихын , оның мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыру үшін аз да болса үлес қосу.
2. Осы айтылғандарды ескере отырып, зерттеу жасау. Жұмыс барысында осы заманға сай картинка ретінде дайындау

Жұмыстың міндеті:
1. Ши өсімдігін мәнерлеп аршып , тазалау.
2. Қазақи қойдың жүнін тазалап, жуып, түту арқылы мәнерлеп тоқу
3. Жұмыстың компазициялық құрлысы. Искизін салу
4. Шым ши тоқылу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Шым ши тоқу - қазақтың қол өнер саласындағы ұлттық өнердің ерекше бір түрі. Өрнектен шым ши тоқуда болсын, қазақ үйелдердің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғы шынайылығымен көз тартады. Ұлттық дәстүрі сарыны бар, қазіргі ағымдағы талаптарға сай шиден жасалған ою - өрнекпен әшекейленген картинканың құрастырылуы

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақтың шым ши тоқу өнерінің даму тарихы
Ши тоқу - қазақтың үй шаруашылығында, тіршілігіне керекті негізгі бұйым.Жалпы көшпелі халық өмірінде шидің алатын орны ерекше. Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылыққа тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрімендер, жартылай отырықшы өзбектер , қара қалпақтар) көне заманнан бері күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне, тоқылған шиді қазіргі дейін кең түрінде пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің есігіне ұстау үшін де пайданылады. Оны әр түрлі шарашылық мүдесіне, мәселен, киіз басу, сияқты жұмыстарда пайдалынады.
Бүгінгі Қазақстанның мәдениеті үшін дәстүрді сақтау аса маңызды, олай дейтініміз, осы өнердің көптеген түрлерінде мысалы теріні, сүйекті, ағашты өңдейтін, дәстүрлі қаружарақ жасайтын халық шеберлері азайған үстіне азайып барады.
Халықымыздың мәдени дірежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтар саласына қатты талап қойып, әрі ұнамды болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде заттардың алуан түрлері жасалынып отырылды. Сонымен қатар ұлттық қол нер ши тоқуда ою - өрнектіңде талғамға қарай жаңа безендіру талабыда арта түсті Сондықтан да халық қолөнерінің бай мұрасы жинап, сұрыптап заманымызға лайық сапа, түр беру әдісімен оларды дамыта біліуіміз керек.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қығыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келеді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзіп үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмысқа қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.
Тығыз тоқылғын шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырыған жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу ,тоқу өнерімен қазақтар , қырғыза , сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне тоқып керекті күнделікті тұрмысқа пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытты ши дайындауға топталып, бірге ер адамдар да бара беретін. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, өгізге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындалған.
Зерттеу арқылы ерте заманда үй шаруашылығына жиі қолданылған,ал қазіргі заман талбына сай неше түрлі бұйымдар өзгертіліп, жаңартылу арқылы жасалып жатыр. Біз шым ши қазіргі заман талабына сай уйге іліп қоюға картинка ретінде үйдің сәнін арттырып тұратын қазақтың ою- өрнегімен әшекейленген бұйымды жасадық. Осы бүйымды жасау арқылы жұмыс барысында, шеберлікті қолынан шыққан туынды ата-бабаларымыздан қалған мол мұрадан нәр алып жаңа заман талабына сай жаңаша жырлайтынын көрсеткім келеді.

2. Шым ши тоқу технологиясы
Қазіргі заман талабына сай күнделікті сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болатынын дәлелдейтін көптеген тәжирбиелік шаралар іске асырылуда . Ұлттық өнерімізге ден қою керек. Ұлттық қолөнеріміз, соның ішінде ши тоқу өнерінің тарихы, ши тоқу техналогиясын жетік меңгеру керек. Сондағы мақсатымыз, ши тоқуды жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану, осы арқылы қолөнерімізді басқаларға да таныту. Халық таланттылардың қолынан шыққан, зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, түрмыс жиһаздары қай заманда болмасын, өз маңызын жоғалтпақ емес. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен қол өнеріміздің бір тармағы - ши тоқу өнері. Бұл өнер Орталық Оғыз халықтарына тән нәрсе.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап,екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайданылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орналастырады. Киіз үйдің ішінде станоктын екі жағындағы ашалы ағашты керегеге байланып төменге жағы жай ғана жерге бекітіледі.Ашаның үстіне көлденең қойылңан сырықтың үстіне асырып отырады.Ондай жіптің арасы 10-10см болады, саны отыз шамасындай болуы мүмкін,Сөйтіп ,көлденең сырықтың үстіне қойылңан бір ши бастан- аяқ байланып болғаннан соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиді бірден салып қабаттап байланыстырады ширатыған жүн жіппен айқастыра орап крест сияқты байланыстырады. Мұны шидің алақаны дейді.
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай : ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөледі. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әртүрлі мақсатқа пайданылады. Мысалы: қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін бір тегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жұнмен немесе жібекпен оралған шым ши үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі, ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде жез ши деп атайды.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюды композициялық құрылымы жағынан толық жекеленген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою компоненттері бойлай да, көлденең де тепе- теңдіктегі ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекеленген және тұтас ою формасын шапшы ою деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларын ашық жерге түсіргенде геометриялық қоршау, көмкеру кезінде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым ши бетін әшкелейтін қазақ қырғыз оюларын негізгі - кейбірі геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді.------
Шым ши тоқуды геометриялық ою элементтерін ромбы, төртбұрыш, шаршыдағы жұлдыз, ұш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнерінде ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрлысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталды деп үзілді кесілді айту қиын. Дегенмен, мүндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу кейінгі бақташылық дәуірінде үй жануарлары мен жабайы аңдарын белгілі жерге дағдыландыру ормандарын суреттейтін бізге келіп жеткен ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімінен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз. Мысалы, қолөнер жиһаздарының ішінде өрнектеп түр салынған шым ши тоқушы: Шәмші Айтмағанбет, Ермек Өмірбердиев, Нілбала Биімбетов, Дариға Жантоұова, Бибі Сәрсенбаевалары т.б. ерекше атауға болады. Өнердің мұндай түрімен Орта Азиядағы басқа халықтың ішінде қырғыз халықтары да ертеден айналысқан. Өрнектеп шым ши тоқудың технологиясы мен әдістері кейбір Кавказ халықтарына белгілі. Мәселен әзербайжан тұрғындары күрдтер де шатырдың қабырғасын әсемдеуге пайданылады.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолдаған. Олардың ши бетіне салған түрлері жүзерту деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп қонғанда түр салынған жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тартуды-ши ұстау деп атайды, Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шайбау деп атайды. Халық шеберлері табиғаттағы өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жүмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем істетті дүние ету оңай іс емес, әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады.Шидің әрбір сабағына түрлі түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектерімен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдерде бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алдында ши сабағының қабығын аршуды атайды. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп коюды тізі дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарандашпен, сондай-ақ күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналсатыруды да шеңберлер түзу деп атайды.
Ши тоқу - ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріліп белгіленген жеріне қарай бірінен кейін бірі қарапайым құрал арқылы 12-15 жерден жіппен шалып байланыстыруды ши тоқу дейді.
Шаршы - бір тұтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек түрі түсуі мүмкін, оның жүзтеру, патшайымы ,қошұар мүйіз дейтін атаулары бар.
Шыбық - шаршы гүл түрі салынған шидің аяқталған шетінен шидің өн бойына бір түсті әр түрлі жүннен оралған шидің бөлігі - шыбық деп аталады.
Ала қант - шидің өрнегі тозып, қажалып кірлемеу, көшіп қонғанда бүлінбеу үшін шыбын қанатқа жалғастыра ақ шиден сиректеу етіп, шидің екі жағынан 20 - 40 см шамасында тоқылады. Осы тоқылған бөлігі ала қант деп аталады.
Шабу - шиден тоқып болған соң екі шетінен тегістеп қырқып тастауды шабу деп атайды.
Бұдан басқа Р.Карутцтың айтуы бойынша қазақтың Адай тайпасында түрлі зат қою үшін текше сөре жасауға да пайдаланған. Өрнекті шым ши тоқу үшін шиді дайындағанда өте ұқыпты түрде, ши сабағының әрі ұзын, әрі жіңішкесін сұрыптап жинайды. Оны бір-бірлеп түрлі түске боялған қой жүнімен немесе көктемгі көпсіп тұрған түйе жүнімен орайды. Дәулетті, тұрмысы жақсы кісілер жібекпен орайтын болған. Мұны ши орау дейді .
Қысқасы тоқылған шым шиді қазақтар өте жоғары бағалайды және оны ұқыпты тұтынған. Өйткені, оны жасау үшін көп уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайнның жобалау концепциясы
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Қолданбалы қолөнер туралы ұғым
Шидің тоқылу технологиясы
Ши тоқу өнері
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
Қолөнер тарихы
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Көркем еңбек сaбaғындa оқушылaрдың дәстүрлі қолданбалы өнер дaғдылaрын дaмыту
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Пәндер