Тірі адамды зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері



1. Кіріспе:
Антропометрия әдісінің түсінігі.
2. Негізгі бөлім:
Адам денесін өлшеудің әртүрлі тәсілдері
3: Қорытынды бөлім
Антропометрия әдісі ( аnthropos-адам, metreo-өлшеймін) негізінде адам денесінің құрылымдық және қызметтік нышандарын өлшейді. Адам денесін өлшеуден басқа дененің кейбір өлшеуге қолайсыз бөліктерін көзбен бақылау арқылы көрген нышандарын тіркеп отырады. Адам денесін өлшеу әдісі қолайлы, оңай болғандықтан, оны спортшының дене шынықтыруын үнемі бақылау кезінде қолданады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне қарай спортшының қандай спорт түрінен жақсы нәтиже көрсетінін болжайды және спортшының жеке басына әлеуметтік күшті( жаттығу мөлшерін) есептеп беруге жәрдем етеді. Сондықтан адам денесін өлшеу әдісін әрбір студент (келешек ұстаз) бес саусағындай жатқа білетін болуы қажет.
Адам денесін өлшеу кезінде мынадай белгілі талаптарды сақтаған жөн:
1. Денені түске дейінгі уақытта өлшеуі керек. Өйткені түстен кейін, әсіресе кешке қарай адамның бойы аздап шөгеді.
2. Дененің өлшейтін бөлігі жалаңаш болуы шарт. Тексерілетін адам жалаңаяқ немесе жұқа аяққаппен тегіс жерде тұрады. Сондықтан әсіресе қыста бөлме температурасының 18-20º-тан төмен болмағаны дұрыс.
3. Өлшенетін адам денесін тік ұстап, тұлғасын түзу, екі қолын екі жағына салбырата, тізесін түзу(жазылған қалыпта), екі өкшені бір-біріне тиістіріп, аяқ басын аздап аздап алшақтата ұстап тұруы тиіс. Құрсағын аздап ішке тартып, басын тік ұстаған кезде көзі мен құлағы бір деңгейде, дәлірек айтқанда, оң көз шарасының төменгі жиегі құлақ бүртігімен бір деңгейде болатындай қалыпта тұруы керек. Мұндай талап үш жасқа дейінгі балаға қойылады, керісінше оларды тегіс жерге жатқызып өлшесе де болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Семей Мемлекеттік Медицина Академиясы

Қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасы

Тақырыбы: Тірі адамды зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері.

Орындаған: Гайсина Мадина
Топ: 126
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Есболатова Г. М

Семей 2009
Жоспар:

1. Кіріспе:
Антропометрия әдісінің түсінігі.

2. Негізгі бөлім:
Адам денесін өлшеудің әртүрлі тәсілдері

3: Қорытынды бөлім:

Антропометрия әдісі ( аnthropos-адам, metreo-өлшеймін) негізінде адам денесінің құрылымдық және қызметтік нышандарын өлшейді. Адам денесін өлшеуден басқа дененің кейбір өлшеуге қолайсыз бөліктерін көзбен бақылау арқылы көрген нышандарын тіркеп отырады. Адам денесін өлшеу әдісі қолайлы, оңай болғандықтан, оны спортшының дене шынықтыруын үнемі бақылау кезінде қолданады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне қарай спортшының қандай спорт түрінен жақсы нәтиже көрсетінін болжайды және спортшының жеке басына әлеуметтік күшті( жаттығу мөлшерін) есептеп беруге жәрдем етеді. Сондықтан адам денесін өлшеу әдісін әрбір студент (келешек ұстаз) бес саусағындай жатқа білетін болуы қажет.
Адам денесін өлшеу кезінде мынадай белгілі талаптарды сақтаған жөн:
1. Денені түске дейінгі уақытта өлшеуі керек. Өйткені түстен кейін, әсіресе кешке қарай адамның бойы аздап шөгеді.
2. Дененің өлшейтін бөлігі жалаңаш болуы шарт. Тексерілетін адам жалаңаяқ немесе жұқа аяққаппен тегіс жерде тұрады. Сондықтан әсіресе қыста бөлме температурасының 18-20º-тан төмен болмағаны дұрыс.
3. Өлшенетін адам денесін тік ұстап, тұлғасын түзу, екі қолын екі жағына салбырата, тізесін түзу(жазылған қалыпта), екі өкшені бір-біріне тиістіріп, аяқ басын аздап аздап алшақтата ұстап тұруы тиіс. Құрсағын аздап ішке тартып, басын тік ұстаған кезде көзі мен құлағы бір деңгейде, дәлірек айтқанда, оң көз шарасының төменгі жиегі құлақ бүртігімен бір деңгейде болатындай қалыпта тұруы керек. Мұндай талап үш жасқа дейінгі балаға қойылады, керісінше оларды тегіс жерге жатқызып өлшесе де болады.
4. Әрбір адамның денесін өлшегенде оны зарықтырмай, өлшеуді өте тез (аз уақытта) бітіруге тырысу керек.
5. Денені өлшеу кезінде бір көрсеткішті 2-3 рет қайталап өлшегенде олардың бір-бірінен айырмашалығы 2-3 миллиметрден аспауы шарт. Осылай өлшенген нәтижеден шыққан санды орташа есеппен алған кезде, өлшем дұрыс болып шығады.
6. Тексерілетін адамның қандай көрсеткіштерінің өлшемін алу қажеттігін күні бұрын (мақсатқа лайықтап) өлшеудің жеңіл жолын ойластыру арқылы көрсеткіш анықтамасы жасалады. Денені тез өлшеу үшін өлшем көрсеткішін сауатты және анық етіп жазу көмекшінің міндеті.
7. Дене өлшемін алғанда дене ыңғайына арналған арнайы аспаптар (құралдар) қолданған жөн.
Дене өлшеуге арналған мынадай аспаптар бар:
1) Темірден жасалған Мартиннің жылжымалы өлшеуіші (антропометр Мартина);
2) Ағаштан жасалған бой өлшеуіш.
3) Жуандық өлшейтін үлкен және кіші өлшеуіш;
4) Темірден жасалған жылжымалы циркуль;
5) Темірден, металдан немесе резина араластырып жасалған ұзындығы 1,5-2 метрлік миллиметрлік таспа;
6) Өлшем дәлдігі 50 граммдық медициналық таразы;
7) Семіздік өлшеуіш (калипер);
8) Күш өлшегіш (алақанға, табанға арналған)-динамометр;
9) Буын өлшеуіш (гониметр);
10) Табан өлшегіш (стопомеры) қолданады.

Адам тік тұрғанда және отырғанда бойының ұзындығын өте дәл өлшейтін құралдар-темірден жасалған Мартиннің жылжымалы дене өлшеуіші және ағаштан жасалған бой өлшеуіш (0,2-0,5 см дәлдікке дейін өлшей алады). Осы өлшеуіштермен қол-аяқтың, тұлғаның ( қар, білек, қол басы, сан, балтыр, аяқ, басы) ұзындықтарын да өлшеуге болады.
Жуандық өлшеуіш және жылжымалы циркуль құралдарымен жуан және жұмыр мүшенің екі бүйір нүктелерінің арасын (қалыңдығын), қабаттасып жатқан білекті өлшеу үшін қолданылады.
Мүшенің шеңберін, айнала жиегін және олардың мөлтектерін миллиметрлік таспамен өлшеуге болады.
Тері астындағы май қабатының қатпар қалыңдығын семіздік өлшеуішпен (калипермен) анықтайды. Қатпарлардың қалыңдығына қарай тері астындағы майдың жиналу дәрежесі (семіз-арықтығы) айқындалады.
Күш өлшеуіштерді (динамометр) тек алақанға салып, саусақтармен сығу және табанға салып, тұлғаны жазу үдерістерін анықтау үшін ғана емес, дене бөліктеріндегі күшті зерттеуге де пайдалануға болады.
Буын өлшеуіші арқылы буынның қозғалу мүмкіндігін градус арқылы анықтайды. Денедегі буындардың қозғалғыштығын анықтау арқылы спортшының ептілігіне, денесінің иілгіштігіне баға беріледі.
Адамның дене құрылысына, дамуына баға беруде спортшыны арнайы құрылым өлшеуіші (мофометрия) торының тұсында суретке түсіру әдісі де пайдаланылады.
Спорттағы дене өлшемдерін талдағанда оларды үш топқа: бойы, көлденеңі (диаметрі) және аумағы деп бөледі. Спорттағы дене өлшемдерінің барлығы тексерілетін адамда бірдей болуы және салыстырмалы дәлділігі тура келуі үшін дене өлшем нүктелері белгіленеді. Ондай белгілер: сүйектің томпақ жерлері, өсінділер, айдаршалар, байланысқан сүйек жиектері, тері-бұлшықет қатпары (бөкседе айқын көрінеді), емшек емізігі, кіндік, мықын, т.б. белгілерге қарай анықталады. Мұндай дене өлшемдері алғашқыда (әсіресе жаттығу кезінде) саусақпен сипалып, денені ауыртпай абайлап басып анықталады да бірнеше рет өлшеу үшін анықталған белгіні арнайы теріге жұғатын қаламмен (дермография қарындашымен) сызып, белгілейді.

Төмендегідей дене өлшем нүктелері өте жиі қолданады:

1. Тас төбе-адам денесін тік ұстап, алға қараған кезде көз шарасы мен құлақ бір деңгейде болғандағы төбенің ең жоғарғы нүктесі.
2. Төс басы-төс сүйектің алқа тәрізді бөлігіндегі мойындырық ойығының терең ортасы.
3. Төс етегі-төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіндегі төс денесіне жалғасқан жерінің ортасы.
4. Топшалық-жауырын тапшысы өсіндісінің төменгі жиегі (топша буыны).
5. Шыбықтық-шыбық сүйектің ең жоғарғы басындағы сыртқы-алдыңғы беті, шынтақ буынының қар-шыбық бөлігіндегі саңылаудың тұсы.
6. Қоспалық-шыбық сүйектің төменгі басындағы біз өсіндісінің тұсы (қоспа буыны).
7. Саусақтық-алақан-саусақ буыны.
8. Ортан саусақ ұшы-ортан саусақтағы тырнақ бақайшағының тырнақ тырнақ асты жұмсақ бетінің төменгі ұшы.
9. Мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісі-мықын сүйектің алғы шығыңқы мүйісі.
10. Қасаға-шаттағы екі сүйектің қосылған қоспасы.
11. Мықын-қалқан қыры-мықын сүйектің оң сол жағына сыртқа қарай шығыңқы қыр нүктесі.
12. Жіліншіктің жоғарғы басының ішкі жағы-тізе буының ортаңғы бетіндегі байлам тұсы.
13. Жіліншіктің төменгі басының ішкі жағы-тілерсек буынының ортаңғы беті, оның тобық басының асты.
14. Өкше-өкшенің ең артқы нүктесі.
15. Аяқ ұшы-1 немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропология ұғымы
Анатомия ғылымының салалары
Анатомия - тірі адамда оқу әдістері
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Адамның сыртқы құрылысы
Адам анатомиясын оқыту әдістемесі
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Анатомияның түрлері
Пәндер