Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

С­ӨЖ

Жазған: Игенбаев Ернур Манатбекұлы

Тексерілді:Мухамеджанова Раушан Журтбаевна

XX ғасырдың соңында еліміз халықтарының ұлы жетістігі Қазақстан тәуелсіз мемлекеттілігінің орнатылуы болды. Бұл ұлттық отарлықтан құрылу, толық мағынадағы тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, күткен арманы болатын. Осы ұлттық мүдде жолында алаштың ең ардақтылары өз жандарын құрбан қылды. Қазақстанның тәуелсіз ұлттық мемлекеттің, халқымыздың еркін, азат өмірін, өз тағдырларын өздері шешетін ұлы бақытын көруді бүгінгі ұрпаққа нәсіп етті

Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстан тарихына бүкіл ұлттық қызығушылық артты. Бұл кездейсоқ пайда болған қызығушылық емес еді. Ұзаққа созылған науқастан соң есін енді жинай бастаған адам сияқты, қазақ халқы да өзінің өткенін жадына түсіргісі келді. Халықтың жадысы - тарих. Сол тарих арқылы қазақ, қалайша осындай жағдайға душар болғанын білгісі келді, өзін-өзі түсінгісі келді. Ол- заңды құбылыс. Тарихқа деген сұраныс ұсынысты тудырды. Мерзімді басылым беттерінде тарихи деректер мен тарихи мақалалар тасқыны басталды. Журналистердің, әдебиетшілердің, басқа да зиялы өкілдердің тарихи тақырыпқа арналған мақалалары көптеп жарияланды. Белгілі ғалым, профессор Д. Кішібеков: «Тарих үйретеді, тәрбиелейді, деген мақаласында «Қазақстан тарихы-біздің ата- бабаларымыздың көне заманнан бүгінге дейінгі өмірі, тіршілігі, ой-өрісі, әлем тарихынан алатын орны, оны объективті зерттеп жазатын да, оған жаны ашитын да, жігерленіп кірісетін де, орнықты терең ой айтатын да өзіміз болуымыз керек. Қай халық өз тарихын басқа ел өкілдеріне жаздыртқан. Ал өз тарихымызды жазуда біз білетін, біз айтатын мәселелер жеткілікті. Бірақ өз тарихымызды өзіміз жазамыз деп жалпы халықтар тарихымен байланысты үзіп алмауымыз басты шарт. Тарих тек объективті тұрғыда жазылғанда ғана, оған ел ден қояды, оның тәрбиелік мәні айқындалады» деп жазды. Тәуелсіздік жылдарында ұлт тарихында тұңғыш рет деп айтуға болады, Қазақстан кәсіпқой тарихшылары ешкімге жалтақтамай, өз халқының тарихы туралы өз ойларын еркін жаза алатын жағдайға жетті.
1989-1990 оқу жылынан бастап, республика мектептерінде жаңа дербес пән - «Қазақстан тарихы» дүниеге келді. 1991-1992 жылдары жаңа оқу жоспарына сай тарих факультетінде Қазақстан тарихын оқыту қолға алынды. 1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы пәні барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқу жоспарына енді. 1993 жылдың екінші жартысынан бастап елімізде тарих мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш журнал «Қазақстан тарихы» шыға бастады. Белгілі ғалымдар, зерттеушілер тарих ғылымының өткені мен келешегі туралы пайымды ой-пікірлер білдірді, тарихқа жаңаша қараудың үлгісін көрсетті.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды.

Біріншіден, өзгеріс ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық -методологиялық негіздерін қамтыды. Бұрынғы таң шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алында. Қазақ тарихы жалпы адамзат тарихының тінінде (контексінде) зерттеле бастады.

Екіншіден, қазақ тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді.

Үшіншіден, Қазақстан тарихшылары бұрын жабық болған қолдануға тыйым салынған дерек көздерін пайдаланып, оларды ғылыми айналымға тарта бастады. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы деректану және тарихнама кафедрасы ашылды.

Төртіншіден, халқымыздың тарихына қатысты бұрын пайда болған деректер газет, журнал беттерінде молынан жарияланды немесе жеке кітаптар түрінде жарық көрді. Бұл факторлар тарихымыздың қара түнек беттерін ашық, тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Алаш» журналының шығуы халық санасында жаңа көзқарас қалыптастыру мен насихаттауда оң қызмет атқарды.

Бесіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын тақырыптар, яғни «тарих ақтаңдақтары» ашылып, большевиктер партиясының халқымызға қарсы жасаған қылмысты істері әшкереленді. Большевиктер қолымен ұйымдастырылып, ұлтымызға орны толмас қайғы-қасірет әкелген зұлматтың себеп-салдары көрсетіліп көлемі анықталды.

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы тек Қазақстан тәуілсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңаша парадигма негізінде зерттеле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тарихымыздың осы мәселесін зерттеуге бет бұрған тарихшы ғалымдардың бірі академик М. Қозыбаев болды. 1992 жылы М. Қозыбаевтың осы тақырыпқа және Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне арналған «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегі жарық көрді. Осы еңбектің «Тарихтың ащы сабағы» дейтін мақаласы аталмыш мәселеге арналған. Академиктің пікірінше И. Сталин кезіндегі жеке басқа табынушылық идеологиясының әсерінен тарихшылар «Алашорда» қозғалысын арнайы зерттеген емес, Ресейдегі үш төңкеріс кезіндегі қазақ зиялыларының Алаш қозғалысына саяси топталуы кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық ұйым ретінде беріліп, оларға «ұлтшыл», пиғылдағы «зиялылар» дейтін айдар тағылды. М. Қозыбаев пікірінше, «Алаш»- қазақ халқының ежелгі атауы. Ендеше, Алаш қозғалысы- ұлт-азаттық қозғалысы. Осылайша М. Қозыбаев «Алаш» қозғалысын ұлт-азаттық қозғалысқа теңеп, қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс тек таза пролетарлық қозғалысы болуы мүмкін еместігін, бұл қозғалыс ортағасырлықтан буржуазиялық демократияға төңкерісінен кейін қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының туын жоғары байқуатты отбасылардан шыққан, оқыған, зиялы қауымның саяси аренаға көтергенін жазады.

Әлихан Бөкейханов . Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Mustafa_Shokay_in_youth_(cropped).jpg

Мұстафа Шоқай

1917 жылы 26-28 қарашада Түркістан мұсылмандарының ІV өлкелік төтенше құрылтайы өтті. Құрылтайға бүкіл Түркістан жерінен: Ферғана, Сырдария, Самарқанд, Бұхара, Жетісу, Закаспий өңірлерінен арнайы делегаттар қатысты. Бұл құрылтайды Мұстафа Шоқай өзі ашты. Құрылтайға жиналған делегаттардың ортақ пікірі негізінде Түркістан өлкесі Ресей Федеративтік респуб­ликасының автономиялық өлкесі болып жарияланды. Түркістан автоно­миясы уақытша үкіметінің басшысы және ішкі істер министрі болып М. Тынышбаев, ұлт­тық кеңестің төрағасы және сыртқы істер министрі М. Шоқай болып сайланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш тарихы
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш қозғалысының зерттелуі
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
Алаш арыстары және әдебиет
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz