Тапсырыстық калькуляция


Тапсырыстық калькуляция
Жоспар:
1 . Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
тапсырыстық әдісі.
2. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары) .
3. Өндірістік үстеме шығындар есебі. Орындаған тапсырыстар мен сатылған өнімдер есебі.
Тапсырыстық калькуляция түсінігі:
-Бұл тәсіл бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.
Әдіс негізгі материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған материалдар), өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және басқа тікелей шығындарды нақты өніммен, жұмыспен немесе көрсетілген кызметпен азды-көпті жеңіл ұқсастыруға болатын жағдайда ғана қолданылады.
Калькуляция және өндірістегі шығын есебі, басқару есеп жүйесінің негізгі элементтері болып табылады. Ақшалай түрдегі өнімді өндіруге және жүзеге асыру үшін кеткен шығындарды біз өнімнің өзіндік құны деп түсінеміз.
Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:
• бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өнім өндірісінде, не болмаса жұмысты (қызмет көрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс бойынша жасалатын өнім бірегей болмаса да, басқа тапсырыс өнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда
• күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;
• ұзақ технологиялық циклды өндірісте;
• едәуір бөлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны шағын болып шығарылатын өнімнің көп әр түрлілігінде;
• жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс орындарына белгілі бір операциялар мен бөлшектетіктерді тұрақты бекітудің мүмкін болмауы;
• әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;
• барлық қолдан құрастырушы және жеткізу операцияларының салыстырмалы үлкен үлес салмағында;
• жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың көп болғанында;
• өнім дайындаудың (өндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ мерзімінде.
-Тапсырыстық тәсілде бірен-саран бұйымға немесе бұйымның, жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің санаулы санына өндірістік тапсырыс калькуляциялаудың объектісі болып табылады.
-Тапсырыстарды сол немесе басқа өнім түрін дайындау үшін тапсырыс берушімен келісімшарт жасау негізінде жекеде бір бұйым және ұсақ сериялы өндіріс кәсіпорынның жоспарлы-өндірістік бөлімінде (орындауға қатысатын цехтар саны бойынша) толтырады, содан кейін тапсырысты орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі.
Мысал (Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде көрсету үшін мысал қарастырайық) :
Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бөлшектерден тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін құрастырылатын бөлшектерден басқа, екі технологиялық операция - құрастыру мен сынақ кажет.
Тапсырыстардың өзіндік құны мыналардан құрылады:
• бөлшектер тапсырысына кіретің өзіндік құннан;
• екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;
• осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.
Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) өнімнің өзіндік кұнына жатпайды.
Шығындарды жанама бөлу сызбасы жалпы түрде былайша көрінеді:
• шығындар бөлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың пайда болған жері) ;
• шығындарды бөлу базасы таңдалады - шығындарды бөлу жүргізуге пайдаланылатын көрсеткіштер түрі;
• бөлудің коэффициенті (мөлшерлеме) бөлінетін жанама шығындардың шамасын тандалған бөлу базасының көлеміне бөлу жолымен есептеледі;
• жанама шығындардың әрбір объектісіне келетін көлемі шығындарды бөлудің есептелген (мөлшерлеме) шамасын осы объектінін бөлу базасының шамасына көбейту жолымен анықталады.
1. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.
Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның жетістіктері мен бар резервтерін, шаруашылық қызметінің нәтижесін бинелейтін, көрсеткіштер.
Өнімнің өзіндік құнына енгізіледі:
1) Еңбек шығындары және кәсіпорындағы өнімді өндірудегі құралдар мен еңбек заттары. Оларға қатысты: өндірісті игеру және дайындау шығындары, шығарылатын өнімнің сапасы және өндірістік процестерді бақылау бойынша шығындарды қоса алғандағы, өндірісті ұйымдастыру және технологияны игеру; өндірістік процесті қамтамасыз ету бойынша шығындар, техника қауіпсіздігі және жайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету; жұмыс күшін жинаумен байланысты, шығындар; мамандарды дайындау және қайта дайындау және басқалары;
2) Өнімді өткізумен байланысты, шығындар: орама, сақтау, тиеу және тасымалдау, жарнама, тасымалдау, делдалдық мекемелердің қызметін төлеу және басқалары;
3) Осы кәсіпорынның өнімін өндіру және сатумен тікелей байланыссыз, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кңргңзу жолымен орнын толтырудағы жай ұдайы өндірісті шығындар(геологиялық - іздеу және барлау жұмыстары бойынша шығындарду жабуға аударымдар, жерді қайта өңдеу шығындар, тамыр жіберген ағашқы суға төлем және т. б. ) .
Сонымен қатар өнімнің өзіндік құнында ішкі өндірістік себептер бойынша ақаудан жоғалтулар, табиғи жоғалтулар шек нормасында өндірістегі және қоймадағы материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, өндірістік себептермен еңбекке қабілеттілігін жоғалтуда төленетін жәрдемақылар (сот шешімі бойынша) кіргізіледі.
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына шығындардың түріне қарай, отандық экономикалық әдебиеттерде оның келесідей түрлері бөліп көрсетілді:
- цехтық - тікелей шығындар және жалпы өндірістік шығындар енгізіледі; өнімді дайындаудағы цех шығындарын сипаттады;
- өндірістік - цехтық өзіндік құн және жалпы шаруашылық шығындардан құралды; өнімді шығарумен байланысты, кәсіпорын шығындары туралы мәлімет берді;
- толық өзіндік құн - өткізу шығындары сомасына көбейтілген, өндірістік өзіндік құн. Бұл көрсеткіш, өндіріс пен өнімді сатумен байланысты, кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктірді.
Толық өзіндік құнның құрылу процесі төмендегі схемада көрсетілген.
Еңбек күшіне тікелей шығындар + Жалпы өндірістік шығындар =
Қосылған шығындар + Материалдарға тікелей шығындар = Өндірістік өзіндік құн +
Сату шығындары + Әкімшілік шығындар = Толық өзіндік құн.
Калькуляция (лат . тілінен calculation - есептеу) өзіндік құнды есептеуден тұрады.
Калькуляция бухгалтерлік есеп әдісінің элементі ретінде, әрдайым қолданылған жоқ және оның пайда болуы қоғамдағы өндірістік күштің дамуымен байланысты.
Калькуляция міндеті - ішкі қолдану және сату үшін бағытталған, өнімнің (жұмыс, қызмет) бірлігіне шығындарды анықтау.
Калькуляциялаудың соңғы нәтижесі болып калькуляция құру табылады. калькуляциялаудың мақсатына байланысты калькуляцияны жоспарлы, сметалық және фактілік деп бөледі.
Жоспарлы калькуляция - осы кезең басындағы әрекет ететін норма мен сметалар негізінде жоспарлы кезеңге құрылады.
Сметалық калькуляция - шығындар нормасы жоқ болған кезде қайтадан игерілетін өнімді конструкциялау және жаңа өндірісті жобалау кезінде есептеледі.
Фактілік (есептік) калькуляция - өндірістегі барлық шығындардың және өнімді сатудың барлық жиынтығын бейнелейді.
Сонымен калькуляция өндіріс процесінде алынған нақты өнімнің өзіндік құнын оқуға мүмкіндік береді.
Калькуляцияның қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлә міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарын болжауға мүмкіндік береді:
- өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігі;
- өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
- шығарылатын өнімнің түрлілігін оңтайландыру;
- жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркін жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
- басқарушылық қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалау.
Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жүніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға сай технологиялық процестерді және т. б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Сондықтан өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын ғана емес тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері болып табылады
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын есептеу калькуляция деп аталады.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін үш белгі бойынша топтастыруға болады:
а) шығын есебі объектілері бойынша:
- процестік;
- бөлістік;
- тапсырыстық;
ә) шығын есебінің толықтығына қарай:
- толық өзіндік құнды калькуляциялау;
- толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
б) шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
- нақты өзіндік құн есебі;
- нормаға сай шығындар есебі.
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау үшін келесідей әдістер қолданылады:
Тапсырыстық әдіс. Тапсырыстық калькуляция бір экземплярлы немесе көп қайталанбайтын партиялы өнімді дайындау кезінде, жеке өндірісте қолданылады. Тапсырыстық калькуляция полиграфияда, ерекше құрылғыны өндірумен айналысатын, кәсіпорындарда және т. б. қолданылады. Тапсырыстық әдіс кезінде негізгі есеп объектісі болып, жеке өндірістік тапсырыс табылады. Олардың фактілік өзіндік құны тапсырысты орындағаннан соң анықталады. Сондықтан ай сайынғы өнімнің фактілік өзіндік құнды анықтау үшін, өндірістік тапсырыстар ай ішінде шығарылатын өнім санына есептелген, бағдарламамен шектелген болуы керек. Өндірістің ұзақ мерзімді технологиялық циклімен ірі өнімдерді дайындау кезінде, тапсырыстар толық өнімге ашылмайды, оның жеке бөлшектерін бітіріп алады.
Процестік әдіс. Бұл әдісте өңдеудің бірнеше процестерінен өтетін, бірдей өнімді сериялық және массалық өндіру қолданылады. Процестік әдісте шығындар өнімнің толық шығуына есептеледі және калькуляцияланады. Бұл әдісті қолданылатын, өндірістің көбісінде аяқталмаған өндіріс болмайды немесе шектелген көлемде болады, сондықтан өнім бірлігінің өзіндік құны шығындарды натуральды немесе шартты натуралды көрсеткіштердің жалпы көлеміне бөлу жолымен анықталады. Шығындар жалпы технологиялық процестің жеке баптары бойынша есептеледі.
Бөлістік әдіс, бірдей өнімді массалық өндіруде қолданылады. Олар бірнеше кезеңнен тұрады. Үлесті шығындарды анықтау үшін, жалпы шығындарды шығарылған өнім санына бөледі. Өнім бірлігі өңделіп болғанға дейін, олар бірнеше процестер мен бөлімшелер арқылы өтеді. Әрбір бөлімде шығындар өнімге апарылады. Өндірістік процесс соңында шығындар сомалық жинақталады және өнім бірлігіне жалпы шығындарды анықтайды.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.
Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.
Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.
Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.
Жинақтай келгенде шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі құны есепті жыл ішіндегі жиынтық шығынды бұл кезенде өндірілген өнім санына бөлініп есептеледі.
Біртекті өнім шығаратын жерде өндіріске шыққан шығындардың негізгі мөлшерін калькуляцияның барлық баптары бойынша оңай анықтауға болады. Көптеген кен өндіретін және қайта өндеу өнеркәсібі орындарында жай тәсілді нормаға сай тәсілмен біріктіреді, осылайша өндіріс шығындарын бақылауды күшейтіп, өндіріс барысында шығындардың нормадан ауытқуын анықтайды. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі кәсіпорындарда нормаға сай тәсілдердің элементтерін өндірісті қарапайым ұйымдастырумен бірге қолданудағы дұрыстығы мен озықтығын дәлелдеді. Шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілінің төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа. Тікелей және жанама шығыстарды барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгіленген баптар бойынша есепке алынады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын барлық өндірістік шығындардың дайын өнімнің саны бөлумен анықтайды. Бұл өндірісте бітпеген өндіріс, жартылай өнімдер (полуфабрикат) мен дайын өнімнің кұрамдас бөлігі (гидростанция, құм, балшық, қазу) болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz