Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңдарды жетілдіру мәселелері


Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңдарды жетілдіру мәселелері
Ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен олардың маңайындағы жерлердің жиынтығы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және ҚР-ның агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылы-мын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты
экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;
4. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады.
Ал өз тәуелсіздігіне енді ие болып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жаңа бастаған Қазақстан жағдайында ауыл еңсесі енді ғана түзеліп келеді. Көптеген ауылдарда әзірге мектеп пен емханадан басқа дұрыс жұмыс орындары да болмай отыр. Бірінші кезектегі міндет ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. Үкімет осыған күш салуда. Елімізде Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы көп мәселенің бетін ашып берді. Бұл бағдарламаның әзірге қол жеткізген жетістіктерінің бірі еліміздің әрбір ауылын жүздеген өлшемдерге сәйкес зерттеп, жағдайын айқындап бергендігі болды. Даму болашағына сәйкес ауылдар төрт топқа жіктелінді. Бірінші, екінші топтағыларға, яғни болашағы барларына мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетілуде.
Енді бірінші топтағы ауылдардың өзін аймақтар бойынша қайта жіктеп, олардың ішінде қалаға айналуға мүмкіндігі барларын анықтап алғанымыз жөн секілді. Бізде қазір 7 мыңның үстінде ауыл болса, солардың мыңнан астамының даму әлеуеті жоғары деп табылып отыр. Міне, осының ішінде жақсы дамып келе жатқандарын қала қатарына қосу мәселесін, ол үшін оларға қалалық инфрақұрылымдарды қалыптастырумен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістерді жобалап жүзеге асыруды қазірден бастап қарастырған жөн бе дейміз. Сонда біздің елімізде таяудағы уақытттардың ішінде агроиндустриялық мақсаттағы көптеген шағын қалалар пайда болған болар еді.
Үкімет міне, осындай даму болашағы бар шекара маңындағы қалаларға қазірден бастап мән беріп, олар туралы жеке бағдарлама қабылдаса, кәсіптік түрін кеңейтіп, өнеркәсіп орындарының ашылуын ойластырса жөн болар еді.
Қазіргі уақытта ауылдарға қалаға тән тіршілік пен тұрмысты қалыптастырмай халықты ауылда ұстап қалудың ешбір негіздері жоқ. Осыдан төрт-бес жыл уақыт бұрын Елбасы болашақта ауылда халықтың жиырма пайызы қалатындығын айтқан болатын. Қазіргі ауылдан қалаға қарай ағылған халық көшінің қозғалысы осыны дәлелдеуде.
Мамандардың пікірінше, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы ауыл шаруашылығы саласын біраз қиындықтарға душар еткенімен түбі қайырлы болады. Осы үрдістің соңында ауыл шаруашылығының бәсекелестік қабілетін нығайту мақсатында шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындар құрыла бастайды. Бұл жағдай елімізге жаңа технологиялардың, жаңа әдіс-тәсілдердің келуін жеделдетеді. Ол технологияларды бірлескен кәсіпорын ашпақ ниеті бар шетелдіктердің өзі жеткізеді. Айналым қаржыларын да солар қосады. Қазақстандықтар бұл бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлері арқылы қатысады. Өйткені, жаңа қабылданған Кодекс жобасында ауыл шаруашылығы жерлері тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана меншікке берілетіндігі айқын жазылған. Бұл мызғымайтын қағидаға айналуы керек. Сондай-ақ, біздің ойымызша, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беруден қазірден бастап бой тартуымыз керек. Сонда ғана жер игілігін қазақстандықтардың өзі көретін болады. Қазір әлемде жерге бай елдер көп емес. Қалалар мен өнеркәсіптік орындардың өсуі есебінен ауыл шаруашылығы жерлері жылдан-жылға азая түсуде. Оның үстіне әлемнің көптеген елдерінде Қазақстандағыдай сапалы астық өсе бермейді.
Еліміздің экономикалық қуаты жылдан-жылға арта түскен Қытай секілді алып мемлекеттің іргесінде тұруының да отандық ауыл шаруашылығы саласы үшін үлкен маңызы бар. Осы арқылы өнімді өткізу рыногы шешіледі. Қазір оншама ішкі сырын ашпай тұрғанымен Қытай түбінде Қазақстанда өндірілген шикізаттың бәріне, соның ішінде мал өнімдеріне де мұқтаж болады деген болжамдар бар.
Осы жағдай шетелдік инвесторлардың Қазақстан ауыл шаруашылығына деген қызығушылығын арттырмай қоймайды. Олар инвестициясы мен технологиясын салып, арзан жұмыс күшін тартуға тырысады. Қазір қалаларға қарай бағытталып отырған шетелдік еңбек миграциясы, осылайша ауылды да қамтиды (әзірге бұл құбылыс еліміздің оңтүстігінде ғана етек жайған) . Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының азаматы деген аттың өзі қалада да, ауылда да еліміздің адамдарына үлкен артықшы-лықтар тудырады. Осы атқа иелік етушінің жерді өз меншігіне және ұзақ мерзімге (49 жылға) жалға алуына құқы бар, ол мемлекет беретін басқа да жеңілдіктерді (мәселен балаларын тегін оқыту, тегін емделу, ипотекалық несие алу, тағы басқалар) пайдалана алады. Ауылда қалатын әрбір қазақстандық отбасы осы қолайлы мүмкіндіктерді пайдаланып кәсіпке иелік еткені жөн. Не шаруашылық иесі, не білікті маман болуы керек. Жерге бай Қазақстан жағдайында ауылда тұрып, жалдамалы жұмысшыға айналуы дұрыс емес. Ондай жағдайда қалаға көшкені жөн.
Президенттің Жарлығы ауыл, село, жалпы ауылшаруашылық секторын дамыту керектігі жөніндегі ұсыныстарды айтты, ол өте маңызды болды. Онда «біздің ел дәстүрлі түрде әлемдік өнім сатушы ретінде қалуы тиіс, ал агрокешен-экономикалық өсудің қосымша қайнар көзі, елдің сауда және төлем қабілетінің артуына септігін тигізуі тиіс» екендігі көрсетілді.
Ауылды дамытудың негізгі факторы ол агроөнеркәсіптік кешенді динамикалық түрде дамыту болып табылады. Экономикалық реформаларын, жер және су қатынастарын логикалық аяқтау керек.
Қазақстандағы жағдайда елді нарықтық экономикамен құру, экономикаға үлкен ресурстарды қосу, ал нақты, жерді пайдалану формаларының қызмет етуіне, жерді қорғау және нысаналы пайдалануға құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шарттарын құру Қазақстандағы жер қатынастарының өзгеруін қажет етеді.
Қазіргі уақытта заңнамада жоғарға өкілді органның өкілеттігі анықталмаған, себебі ол негізгі заңда көзделген деді. ҚР ЖК-не сәйкес жер қатынастарын реттеу өкілеттігі Үкіметке, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға берілген. Ал Парламенттің өкілеттігі туралы бірде бір сөз жоқ, бірақ біздің пікірімізше жер тағдырын шешу, ол халық тағдырын шешу. Сондықтан біздің ойымызша, Жер Кодексі жоғарғы өкілді орган Парламенттің өкілеттігін, яғни мемлекеттік жер қорын бөлуді көрсету қажет.
Жоғарыдағы айтылғандармен қатар жер заңнамасы толық кодификацияланбаған, немесе Жер Кодексі өзінде Үкімет Қаулыларының нормалары жай механикалық түрде жиналған. Біздің ойымызша, онда жер реформасының басталған кезеңінен бастап құқықтық тәжірибесі көрінуі тиіс еді. Онда нарық қатынастарында жер қатынастарын реттейтін тікелей заң жинағы болуы керек. Бұрын қабылданған, жер реформасы туралы қаулыларды тек атап өту мәселенің шешімі емес. Мысалы, жер учаскесінің бағасын анықтау үшін жердің градусының бұрышын иудің керегі жоқ. Бұл норманың орны Үкімет Қаулысында. ҚР ЖК-нің негізгі мақсаты ол ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы. Онда ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер жеке меншікке ҚР азаматтарына шаруа фермер қожалығын жүргізу үшін, ал мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тауарлы ауылшаруашылығын жүргізу үшін беріледі. Бұл құқық тек ақылы негізде беріледі, яғни кадастрлық құнымен тең немесе 50 пайызды құрайтын жеңілдетілген баға бойынша беріледі.
Бүгiнде елдiң проблемалы өңiрлерiне экологиялық қолайсыз аумақтар, оның iшiнде бұрынғы әскери полигондар аумақтары, сондай-ақ күйзелiске ұшыраған шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер жатады. Күйзелiске ұшыраған елдi мекендердiң жергiлiктi проблемаларын жою өндiрiстi әртараптандыру, шағын бизнестiң қалыптасуын ынталандыру, жергiлiктi инвестициялық ахуалды жақсарту әрi әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту жолымен, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде өңiрлердiң өз күштерi арқылы қамтамасыз етiлетiн болады. Орталық тарапынан нысаналы қолдау объектісi капиталды қажетсiнетiн iрi жобаларды iске асыру арқылы Арал, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны өңiрлерiндегi ауқымды техногендiк апаттардың себептерi мен салдарларын жою болады. Көріп отырғанымыздай, бұл заңнама негізгі мақсаттарды шешпеді, яғни ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді реттеу, фермерлер мен шаруалардың жерсіз қалуы, үлкен жер латифундияларын құру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz