Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау



1 Әлеуметтік саясат қоғамдық өмірдің маңызды ауданы
2 Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты
3 Әлеуметтік мемлекеттің мақсатын жүзеге асыру механизмі
4 Қазақстан мемлекетінде әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында басты мәселесі – әлеуметтік саясаттың проблемаларына ерекше мән беруі [1]. Осыған орай, бұл мақалада саяси ғылымда әлі де жете зетттелмеген әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелеріне теориялық талдау жасалады.
Әлеуметтік саясат – көп қырлы, қөп жақты үдеріс. Оның нысандары мен тақырыптары көп деңгейлі және жүйелі болып табылады. Әлеуметтік саясат жүзеге асырылғанда қамтитын барлық ауқымдары ескерілуі тиіс. Мәселен, егер жекелеген салалары - мәдениет, ғылым саласы ғана қамтылып, өзге салалары, нақты айтқанда зейнеткерлерге, жастарға, отбасыларға қамқорлық айтарлықтай ескерілмесе, әлеуметтік саясатты толыққанды деп бағалауға болмайды.
Жалпы әлеуметтік саясат деген термин кейінгі кездері ғана пайда болған. Алайда адамзат тарихында алуан түрлі қоғамда оның түрлері мен нұсқалары түрліше ойластырылып, жасалып, мемлекет қызметінде жүзеге асырылатын болған. Әділеттілік, адамгершілік ұғымдары жөнінде түсініктердің қалыптасуы халықтың ұстанған діні мен дәстүрлері оның арқауы болып табылады. Әлеуметтік саясат термині мемлекет құрылысын жасау тәжірибесінде кеңінен қолданылып, ресми құжаттарда көрініс табуы арқылы айқындалған.
1. Назарбаев Н.А. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан.-2014, 12 қараша.
2. Қараңыз: Новейший социологический словарь.-Минск: Книжный дом, 2010. –С.947, 953, 981-989.
3. Калиева М.Ш. Социальная политика в системе гражданского общества// Вестник КазНПУ им. Абая. Серия социологические и политические науки.-2006, №2.-С.16-18.
4. Соціологічна енциклопедія.- Київ: Академвидав, 2008.-С. 248.
5. Конституция Республики Казахстан.-Алматы: Елорда, 2008.-С.4,7-15.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Нұрлы жол - болашаққа бастар жол Жолдауында басты мәселесі - әлеуметтік саясаттың проблемаларына ерекше мән беруі [1]. Осыған орай, бұл мақалада саяси ғылымда әлі де жете зетттелмеген әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелеріне теориялық талдау жасалады.
Әлеуметтік саясат - көп қырлы, қөп жақты үдеріс. Оның нысандары мен тақырыптары көп деңгейлі және жүйелі болып табылады. Әлеуметтік саясат жүзеге асырылғанда қамтитын барлық ауқымдары ескерілуі тиіс. Мәселен, егер жекелеген салалары - мәдениет, ғылым саласы ғана қамтылып, өзге салалары, нақты айтқанда зейнеткерлерге, жастарға, отбасыларға қамқорлық айтарлықтай ескерілмесе, әлеуметтік саясатты толыққанды деп бағалауға болмайды.
Жалпы әлеуметтік саясат деген термин кейінгі кездері ғана пайда болған. Алайда адамзат тарихында алуан түрлі қоғамда оның түрлері мен нұсқалары түрліше ойластырылып, жасалып, мемлекет қызметінде жүзеге асырылатын болған. Әділеттілік, адамгершілік ұғымдары жөнінде түсініктердің қалыптасуы халықтың ұстанған діні мен дәстүрлері оның арқауы болып табылады. Әлеуметтік саясат термині мемлекет құрылысын жасау тәжірибесінде кеңінен қолданылып, ресми құжаттарда көрініс табуы арқылы айқындалған. Сонымен қатар әлеуметтік саясат барынша кең ауқымда айтарлықтай ғылыми пікірталас тудырып зерттеушілердің оның мәні мен мазмұны жөніндегі ұғымдары әрқилы болғандықтан алуан түрлі тұжырымдар жасалып келеді. Әлеуметтік саясат қазіргі замандағы қоғамда барынша көңіл аудартатын мәселе болып, мемлекет қызметінің маңызды бөлігіне айналған. Ол қоғам дамуының барлық қырларымен және халықтың көзқарасымен тығыз байланысып, соған орай қоғам әлеуметтік даму барысында алдына қойған мақсатын орындау міндетін белгілеп отырады. Демек әлеуметтік саясатты ғылыми тұрғыдан дұрыс ұғыну үшін әуелі оның мәні мен мағынасын, анықтамасын айқындап алу қажет.
Әлеуметтік саясат қоғамдық өмірдің маңызды ауданы, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-бағдарының бір саласы болып табылады. Қазіргі замандағы мемлекеттерде оның қызметінің ауқымы айтарлықтай молайған. Ол білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасап, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, экономиканың қоғамдық саласын дамытады. Мұнда қоғам мүшелерінің бәрі бірлесіп өздері тұтынатын қоғамдық игіліктер жасайды: нақты айтқанда көлік қатынасы, байланыс саласы, көшелерді абаттандыру, өрт сөндіру қызметі, құтқару қызметі және т.с.с.барша адамдарға ортақ қажеттіліктер. Ал, мемлекет болса қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық тәртіпті қорғау органдарын құрып, оның жұмысын реттеп, адамдардың құқығы мен мүддесін заң жүзінде қорғау үшін мүмкіндіктер туғызады. Бұл қызметтің бәрі әлеуметтік деп аталады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғамның әлеуметтік дамуын оңтайландыруы бойынша жүргізілетін белгілі бір шарасы, әлуметтік топтармен арақатынасы, олардың өкілдерінің өмір сүру қажеттерін қанағаттандыру үшін белгілі бір жағдайлар жасау.
Сонымен қатар, әлеуметтік саясатты мемлекеттің немесе қоғамның (қоғамдық институттардың) қызметі ретінде түрлі әлеуметтік топтар мен әлеуметтік-аумақтық ортақ өндіріс саласында, олардың бөлу мен тұтыну мәселесінде келісім табуы бойынша айқындайды.
Алайда, ғалымдар мен жұмысты іс жүзінде атқарып жүргендер әлеуметтік саясатқа қандай анықтама берсе де, оның басты нысаны қоғамның әлеуметтік саласы болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік өрісіне қоғам мен тұлға арасындағы қатынас, қоғамда қалыптасқан әлеуметтік топтар арасындағы қатынас қамтылады: әлеуметтік-таптық топтар, этникалық, кәсіби, діни, демографиялық мәселелер және т.с.с. Әлеуметтік салада әрбір субъекттің өзіндік ерекше мүддесі болады [2]. Оның жағдайы өзге көптеген мәселелерден айырмашылықтары болады. Әлеуметтік өрістегі қарым-қатынастар дегеніміз суьбъектілердің қоғамдағы маңызды орнынының сақталынуы мен өзгеруі бойынша болатын қарым-қатынастар. Сондықтан, көптеген ғалымдар мемлекеттік саясатта оның негізгі өзегі деп азаматтық үміт-сенім - әлеуметтік үміт-сенім деп есептейді. Бұның бәрінің жиынтығы жұртшылық болып әлеуметтік өрістің негізін құрайды.
Осыған байланысты әлеуметтік саясат ұғымы кең және тар мағынада да қолданылады. Кең мағынада әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтік саласын дамыту бойынша мемлекеттік қызмет болып табылады. Осылай қарастырғанда әлеуметтік саясаттың басты міндеті барлық қоғамдық топтардың дамуы үшін, олардың өзара қарым-қатынасы үйлесімді болуы үшін қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі заманғы мемлекеттің мұндай қызметі оның тұрақтандырушы рөлі ретінде көрініс табады. Әлеуметтік саладағы мемлекеттің қызметі қоғам жағдайының тұрақты болуына ықпал етеді. Әлеуметтік саясаттың мақсаты қоғамдағы әлеуметтену үдерісінің өсуі болады. Бұның өзі барлық жекелеген адамдардың, олардың шығу тегіне, әлеуметтік дәрежесі мен жағдайының ерекшелігіне немесе интеллектуалды қабілетіне қарамастан әлеуметтік қызмет мүмкіндігінің артуын білдіреді. Мұндай жағдайда әлеуметтік саясат әлеуметтенудің көрсеткішін қалыптастырады, мұның өзі жеке адамдардың еркіндік дәрежесінің өсуіне, олардың таңдау жасау мүмкіндіктерінің кеңеюіне, өзідігінен даму әлеуетін жүзеге асыруына бағытталынуы тиіс.
Әлеуметтік саясат ұғымының тар мағынада айтылғанда бұл сөздің мәні адамдардың өмірінің барынша ауыр жағдайға душар болған кезде (ауруы, мүгедек болу, жұмысыз қалу, қартаю, асыраушысынан айрылу, табиғат апатына ұшырау) адамды қорғауға бағытталған мемлекет қызметі ретінде қолданылады. Бұл терминнің тар мағынадағы мәні әлеуметтік саясат ұғымы әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қауіпсіздік түсінігімен тығыз байланысты.
Әлеуметтік қорғау заң шығару, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жөніндегі тұрғындарға кепілдік ретінде қарастырылып, түрлі деңгейде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әлеуметтігі әлеуметтік кепілдік беру мәселесінде көрініс табады. Мұндай жағдайда қоғам мемлекеттік жауапкершілікті өз мойнына алады. Бұл міндеттер мемлекет жүзеге асыратын белгілі бір шаралар мен әрекеттерде көрініс табылады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік емес институттар мен ұйымдар адамдардың өмірдің белгілі бір саласында қоғамның мүмкіндіктері мен күш-қуатына сүйенетін болады.
Мұндай ұстанымда әлеуметтік саясаттың басты міндеті адамдарды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай бағыттағы мемлекеттің қызметі әлеуметтік саясаттың қорғаныс қызметі болып көрінеді.
Сонымен, әлеуметтік саясаттың ауқымы жекелеген адамдар мен қоғамның тұрмыс-тіршілігінің барынша кең көлемдегі мәселелерін қамтиды. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты оның өзіндік ерекшелігінен көрінеді:
- тұрғындардың табыс саясаты (өмір сүру деңгейі, тұтыну мөлшері, тұрмыс-тірлігі);
- еңбек және еңбек қатынастары саласындағы саясат (еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру, адамдарды жұмыспен қамту және т.б.);
- әлеуметтік саланың дамуының негізгі бағыттары (денсаулық қорғау, білім беру, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт);
- әлеуметтік экологиялық саясат;
- қазіргі заманғы инфрақұрылым саласындағы саясат (тұрғын үй, көлік, жол, байланыс, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету);
- тұрғындардың жекелеген топтарына қатысты саясат (отбасылық, жастар саясаты, қарттар мен мүгедектерге байланысты саясат, сондай-ақ көш-қон саясаты).
Әлеуметтік саясаттың ауқымы өте кең, қоғамның ең әлсіз мүшелерінің өмір сүруін және өмір сүру қабілетін қолдауды қамтамасыз етуден бастап, нақты айтқанда мүгедектер мен қарттар, қорғансыз, жалғыз басты қалғандар, әсіресе жалғыз басты көп балалы аналар, босқындар, елді мекендеген өзге ұлт өкілдері секілді топтарға қамқорлық жасаудан бастап, бүкіл қоғамның қызметі мен дамуын қамтамасыз етуге дейін. Қоғамның әлеуметтік жағдайын айнадағыдай нақты көрсетіп отыратын арнайы есеп жүйесі (әлеуметтік статистика) жасалады. Мұнда тіпті адамдардың орташа өмір сүру көрсеткішінен бастап, балалардың өліміне дейін, қоғамдағы табысы ең төмен адамдар тобы мен табысы ең жоғары адамдардың арасындағы алшақтыққа дейін, еңбек ақының орташа мөлшері, ең төменгі еңбекақы мен бюджеттің ең аз жұмсалатын тұтыну мөлшері, жалпы тұтыну қажеттілігінің деңгейі, жан басына шаққандағы азық-түлік мөлшері, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету, телефон мен ұзақ уақыт пайдаланылатын заттарға дейін - бәріне де есеп жүргізеді. Осы есеп көрсеткішіне орай мемлекет әлеуметтік саланың дамуын қадағалауды, әлеуметтік саясаттың бағыттарының білгілі бір саласына орай өзгертулерді енгізу қажеттігі жөнінде шешімдер шығаруды жүзеге асырады.
Мұндай жұмыстар тек жекелеген елдерде ғана емес, жалпы әлемнің барша мемлекеттерінде жүргізіліп, мұның өзі БҰҰ - да қорытындыланып отырады. БҰҰ-да мынандай әлеуметтік статистиканың көрсеткіштері болады: ел тұрғындары, қоғамның әлеуметтік құрылымы, отбасы және тұрмыс-тірлік, отбасының табысы және оның үнемделуі мен жұмсалуы, өмір сүру деңгейі, денсаулық сақтау, азық-түлікті пайдалану, тұрғын үй жағдайы, білім беру мен мәдениет, еңбек ету жағдайы және жұмыспен қамту, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру, балаларды асырау және тәрбиелеу, мүгедектер, қарттар мен зейнеткерлердің қажетіліктерін қанағаттандыру, адамгершілік тұрғысындағы жасалған қамқорлық түрлері мен мөлшері, қоғамдық қорлар. Сонымен қатар, әлеуметтік саясаттың мынандай салада түрлі өлшемдері болады: экономикада, ұйымдастырушылықта, заң жүйесінде, нақты әлеуметтік салада, мәдениетте, экологияда, жеке тұлғаларда. Мұндай өлшемдерге объективті көрсеткіштер, қоғамда жүзеге асырылатын әлеуметтік саясаттың сапалық және сандық сипаттамалары сәйкеседі. Олардың арасынан басым мән-маңызға ие болатын көрсеткіштер мынандай: адамдардың түрлі топтарының әлеуметтік мүддесі және олардың рационалды қажеттіліктерін қанағаттандыру, адамдардың әлеуметтік қорғалуы, әсіресе,тұрмысы төмен топтар, балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, ауыр науқасқа ұшырағандар және т.с.с.
Сондай-ақ, әлеуметтік саясат қала мен ауыл арасындағы қарым-қатынасты, адамдардың ой еңбегімен және қол еңбегімен шұғылданатындар арасындағы ерекшеліктерді, түрлі ұлт өкілдері, түрлі таптар, тіпті мемлекет пен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуді қамтиды. Сөйтіп мұның өзі адамдардың өмір сүруінің барлық салаларын (еңбек, тұрмыс-тірлік, мәдениет), соның өзінде олардың ішіндегі жекелеген салалардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес (мәселен, өндірістегі) қарым-қатынастарды қамтиды. Сөйтіп тікелей реттеушілік қызмет атқарады. Сонымен қатар, кейбір салаларда (мәселен, демографиялық қатынас саласында) мұндай ықпал ету жанама түрде жағдай туғызу жолымен жүзеге асады. Тіпті кей жағдайларда адамдардың немесе қоғамның әлеуметтік қалауы үшін мүмкіндігінше олардың талап-тілегін туындатуға әсер етеді.
Әлеуметтік саясаттың мұндай ықпал етуі тіпті қоғам мен тұлға арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуын реттеуге де септігі болады. Мұндай жайт қоғамдар арасындағы және олардың ішіндегі әлеуметтік топтар мен тұлғалардың әлеуметтік қажетін білдіреді. Сөйтіп әлеуметтік саясаттың ең басты міндеті адамдар мен қоғамның игілікке бөленуі болып табылады. Мұндай жағдайда тұлғалардың дамуын қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар туғызу мәселелері де қозғалып отырады.
Осындай жағдайларды ой елегінен өткізсек, қазіргі замандағы әлеуметтік саясаттың негізгі мақсатары мынандай деп жіктейміз:
- елдегі еңбек етуге тиістілердің, интеллектуалдардың, рухани этикалық әлеуетінің барынша сақталуы;
- заң шеңберіндегі талаптарға сәйкес елдегі нарықтың талаптарын елдегі адам капиталын қалыптастыру бағытын ұстанған еңбек етудің берік дағдылар мен жаңа талаптарын қалыптастырады, мұнсыз экономика жақсаруға бағыт алмайды, тиімді экономика болмайды, толыққанды нарық қалыптаспайды;
- азаматтардың, қоғамдағы түрлі топтардың және халықтың белсенділігін оятып, азаматтардың өздерін тұлға ретінде танытатындай құлшынысқа түсіру арқылы қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыруының институтционалдық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын қалыптастырады. Мұнсыз азаматтық қоғамның, адамдар еркіндігінің, нақты демократияның алғышарттары жасалмайды.
Сонымен әлеуметтік саясат дегеніміз әлеуметтік саланы және әлеуметтік қарым-қатынасты реттейтін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметі болып табылады. Мұның өзі тұлғалар мен әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Соңғы жылдары әлеуметтік саясат ұғымы әлеуметтік мемлекет туралы тұжырымдар тұрғысында зерттелді. Өйткені мұндай мемлекет түрлерінің идеологиялық негізінің өзара айырмашылығы болады. Өйткені әлеуметтік саясат қоғамдық ойдың әртүрлі мектептер өкілдерінің түсінігінде және әлеуметтік-саясат тәжірибесінде түрліше болады.
Соның өзінде әлеуметтік мемлекет термині Еуропадағы Швеция, Германия, Дания секілді мемлекеттерге қатысты жиі қолданылса да, көптеген қазіргі заманғы демократиялық сипаттағы мемлекеттерде де әлеуметтіктің қандай да бір белгілері бар. Оларда да мақсатты мемлекеттік әлеуметтік саясат жүргізіліп, әлеуметтік үдерістерді саналы түрде басқару қажеттілігі жөнінде түсініктер орнығып, әлеуметтік технологиялар қолданылады. Бұндай мемлекеттер өз азаматтарының алдында табысты салық және әлеуметтік бағдарламалар арқылы қайта бөлу қажет екендігі жөніндегі міндетті мойындайды.
Бүгінгі күндері кез-келген әлеуметтік мемлекеттің негізгі өлшемі мынадай деп пайымдалады: қамсыздандыруда әлеуметтік салаға қаржы бөліп отыру жүйесін әр топқа лайықтап жіктеу, салықтың жоғары дәрежесі және бюджеттік қалыптастырылу мен әлеуметтік салаға бюджетті бөлу мөлшері; тұрғындардың барлық топтары үшін қызмет көрсету жүйесі мен әлеуеметтік қызметті лайықтап бөлу; билік тармақтарының бөлінуі жүзеге асырылған жағдайда соған лайық құқықтық жүйе жасау, сөйтіп, билік тармақтарының әрбіреуінің қызметін нақты жүзеге асыру; әлеуметтік жұмыстың нормативті құқықтық базасы, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынас жасауы; азаматтық қоғам мен жекелеген бастамалардың ара қатынасын реттеу.
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - адамдардың лайықты өмір сүруін қамтамассыз ету және адам дамуының еркіндігі үшін жағдай жасауға бағытталған саясат ұстанған мемлекет. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының идеологиялық негізі оның мақсатына орай қалыптасады. Сөйтіп, әлеуметтік саясаттың негізгі бағытын көрсетеді. Мұның өзі әрбір жекелеген мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және діни дәстүрлерінен бастау алады.
Әлеуметтік мемлекеттің мақсатын жүзеге асыру механизмі билеуші идеологияға тәуелді болады және ол әлеуметтік саясатқа кірігеді. Әлеуметтік мемлекет саяси доктринасыз, экономикалық үлгісіз және оны қаржылай қамтамассыз етпей мүмкін болмайды деуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Жұмыссыздық
Психикалық ауруы бар балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс бағыттары
Пәндер