Қазақстан Республикасының азық-түлік нарығындағы кәсіпорын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингтің рөлі



1 Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
2 Қазақстан Республикасындағы нарықтық ортаның дамуы
3 Бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маркетингтік жүйені жетілдірудің маңыздылығы
Ел Президенті Қазақстанды әлемдегі неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу жөнінде міндет қойғаны белгілі. Еліміз бәсекеге қабілетті болу үшін ұйымдар мен мекемелер, әлемдік нарыққа тауарлар жөнелтетін компаниялар бәсекеге қабілетті болу керек. Бұл ұйымдар мен компаниялар бәсекеге қабілетті болу үшін еліміздің адамдары бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал оған қол жеткізу үшін өмірдің сапасы, соның ішінде білім беру, агроөнеркәсіп пен денсаулық сақтау салалары көрсететін қызметтің сапасы, біз алға қойған міндетпен сәйкес келуі қажет.
Өз Жолдауында Президент Қазақстанның халықаралық ортада бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату шараларын дайындау қажеттілігін көрсеткен. Сонымен қатар, еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды . Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе, азық-түлік нарығындағы мал шаруашылығы секторында, соның ішінде ет өңдеу кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, мал шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.
1. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан.-2006ж.-2 наурыз.
2. Моисеева Н, Конышева М. Маркетинговая активность как фактор конкурентноспособности фирмы//
Маркетинг.-2009. - № 5. – 22-24б.
3. Узаков Я.М. Современное состояние и пути развития мясной промышленности в Республике Казахстан
//Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана. – 2008.-№2. – С. 35-37.__

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ТАУАРЛАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ
Ел Президенті Қазақстанды әлемдегі неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу жөнінде міндет қойғаны белгілі. Еліміз бәсекеге қабілетті болу үшін ұйымдар мен мекемелер, әлемдік нарыққа тауарлар жөнелтетін компаниялар бәсекеге қабілетті болу керек. Бұл ұйымдар мен компаниялар бәсекеге қабілетті болу үшін еліміздің адамдары бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал оған қол жеткізу үшін өмірдің сапасы, соның ішінде білім беру, агроөнеркәсіп пен денсаулық сақтау салалары көрсететін қызметтің сапасы, біз алға қойған міндетпен сәйкес келуі қажет.
Өз Жолдауында Президент Қазақстанның халықаралық ортада бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату шараларын дайындау қажеттілігін көрсеткен. Сонымен қатар, еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды . Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе, азық-түлік нарығындағы мал шаруашылығы секторында, соның ішінде ет өңдеу кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, мал шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.
Ет өнімдері - адамдардың денсаулығына пайдалы, толық, дұрыс тамақтануына аса қажет өнім. Қазақстан Республикасы қоғамға қажет ет өнімдері өндірісінің көлемін өсіруге мүмкіндік беретін зор аграрлық әлеуетке ие. Оны жоғарылату адам, жер, су, техника, қаржы ресурстарын қолданудың ғылыми негізделген әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта ет өңдеу кәсіпорындарының сыртқы нарықты айтпағанда, ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен болып отыр. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша отандық ет өңдеу кәсіпорындары халықтың ет өнімдеріне қажеттілігінің 30%-ын ғана қанағаттандырады. ДСҰ-ға кіру өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шешілмеген міндеттер бағытында отандық ет өндірушілердің белсенді әрекет етуін талап етеді.
Мал шаруашылығының бұл саласының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуының басты себептері негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы, айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі, өнім өндіру шығындарының жоғары болуы, өнім бағасының төлем қабілетті сұранысқа сәйкес келмеуі, соған байланысты өнімді өткізудегі қиыншылықтар. Бұл міндеттер ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, өндірісті дамыту, өзіндік құнды төмендету, өнім өткізуді жетілдіру, оны нарықта ұтымды жылжытуды ұйымдастыру арқылы шешіледі. Осы міндеттерді тиімді шешудің бір тетігі - маркетингтің әдістері мен принциптерін қолдану. Тәжірибелік тұрғыда ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу үшін бірінші кезекте тұтынушының мұқтаждықтарын, талғам-талаптарын, қалауын дәл білу, нарықтағы бәсекелестердің іс-әрекет стратегиясын талдау қажет.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - бұл тауардың бәсекелес-тауардың ұқсас қасиеттерінен өндіруші және тұтынушы (сатушы және сатып алушы) үшін екі жақты тиімді өндіру (сатудан түскен пайда), сатып алу-сату (нарықтағы баға) және тұтыну (пайдалану шығындары) көрсеткіштерімен ерекшеленетін техникалық (техникалық деңгейі), функционалдық (пайда-лану деңгейі) және экономикалық (сатып алу және пайдалану бағасы) қасиеттерінің жиынтығы (1-сурет).
Н. Моисеева мен Ю. Анискиннің пайымдауынша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға және тауарды сатып алуға, әрі пайдалануға кететін шығындарын ескере отырып, тауардың сапалық және құндық ерекшеліктерімен сипатталады. Сол сияқты, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тұтынушының қызығушылығын туғызатын және қажеттілігін қанағаттандыратын сипатымен ерекшеленеді.

1-сурет. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
Ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі - ет өңдеу кәсіпорындары үшін бәсекелік артықшылықтар туғызып, нарық үлесін жаулау, сақтау, жоғарылатуға мүмкіндік беретін экономикалық көрсеткіштер мен тұтынушылық қасиеттердің жиынтығы.
Ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қарастыруда бұндай өнімдердің өндірісіндегі және оларды өткізудегі ерекшеліктеріне тоқталу керек:
- ет өнімдері бұқаралық сұраныс өнімдері қатарына жатады, әдетте тұтынушылар оны сатып алуда аса көп ойланбайды, соған байланысты өндірушілер нарықтағы тұтынушының қалауын қанағаттандыру үшін өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, ассортиментін кеңейту сияқты тауар саясатына қатысты мәселелерді үнемі қарастырып, нарық талаптарына сәйкестендіріп отыруы олардың бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатады;
- ет өнімдері тез бұзылатындықтан оларды тасымалдайтын арнайы көліктер мен сауда құрал-жабдықтарына деген қажеттілік туады. Етті қайта өңдеу арқылы нарыққа ұсынылатын ет өнімдері ұзақ сақталмай, кідірместен сатылуы керек. Сондықтан, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіндегі қателіктер ет өңдеу кәсіпорындары үшін аса қымбатқа түседі, осыған байланысты ет өңдеу кәсіпорындары өнімді өткізу жүйесін жетілдіру арқылы бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады;
- ауыл шаруашылығы салаларының ішінде өнім бірлігіне көп шығын қажет ететін, өндірілген өнімнің өзіндік құны жоғары өндіріс мал шаруашылығы болып табылады, сондықтан, өнім өндіру үрдісін оптималдау өнім бағасы жағынан бәсекелесуге мүмкіндік береді .
Қазақстан Республикасындағы нарықтық ортаның дамуы азық-түлік тау арын өндірушілер алдына жаңа талаптар қоя бастады. Осы жағдайдағы негізгі талап - өндірілетін өнімнің тұтынушылар сұранысын толық дәрежеде қанағаттандырарлықтай қабілетінің болуы. Бұл орайда, тауар өндірушілер өз өнімдерінің нарықтық сұранысқа сай, бәсекеге төзімді болуын жіті қадағалап отыруы да шарт.
Бәсекеге қабілеттілік, ең алдымен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, яғни ұлттық экономиканың тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады. Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстардың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққанда жеткілікті көлемде өндіруді, оны үздіксіз өткізуді қамтамасыз етеді.
Маркетингтік жүйе азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорын үшін оның өнімдерін жарнамалауда, дайын өнімді өткізу амалдарын табуда, өнімнің тартымдылық қасиеттерін қалыптастыруда, тұтынушылардың талғамын білу мақсаты мен зерттеулер ұйымдастыруда тиімді болып есептеледі. Ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыты ретінде кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру тетігін қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар нарықтық ерекшеліктерді тез игеру үшін де маркетинг жүйесін қолдану қажет. Маркетинг жүйесін қолдану нарықтық талаптардың өзгеру барысына сай, өндіріске жүйелі басқару мен бәсекеге артықшылықтарды тиімді пайдалану жолдарын қолдануға әсер ететін маңызды құрал екенін уақыттың өзі де көрсетуде.
Жалпы мағынада маркетинг - бұл тауар мен қызмет өндіру аясындағы жүйелі, жан-жақты және мақсатты қызмет, сол сияқты кәсіпорынның мүмкіндіктері мен тауарға және қызметке сұранысты байланыстырып, тұтынушылар мен өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жүйе.
Маркетинг кәсіпорынның жұмысын ұдайы жетілдіріп, оның нарықтағы өз орнын тұрақ- тандыру әдістерін енгізу арқылы шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың бәсекелі нарықта нәтижелі жұмыс жасауларына, олардың өндірістік, ғылыми-техникалық, өткізушілік қызметтерінің тиімді басқарылуына, өткізу нарығының сипаты мен қажеттіліктерін, бәсекелестерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай туғызатын маңызды құралдардың бірі болып кәсіпорынның маркетинг жүйесі саналады. Кәсіпорындағы маркетингтің негізгі орны бағалық емес бәсекеде, өндірушінің нарықтағы бәсекелестерінен өнімдерін тиімді өткізу көрсеткіштері арқылы ерекшеленуге ықпал етуімен байланысты болуы тиіс.
Әлемдік нарықта қалыптасқан өнімді ұсыну мен оның сұранысына қатысты маркетингтік қағидалар қоғамның дамуына, тұтынушылардың талғамдарына, ұсыныстың артуына байланысты жаңа бағытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР ауылшаруашылық тауар өндірушілердің агромаркетингтік қызметінің даму үрдісін талдау
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Маркетингтік қызметті басқару негіздері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориясы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Пәндер