Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері
1 Аграрлық салада бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын негізгі факторлар
2 Өндіріс факторлары үшін жағдайлар
3 Тұрақты стратегия, құрылым және бәсекелестік
4 Туыстас және ілеспе салалар
5 Үкімет саясаты

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай Жер халқының саны 8219 млн адамға дейін өседі, ал 2050 жылға қарай – 9148 млн адамды құрайды. БҰҰ бүкіләлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жан басына шаққандағы егістік жер көлемінің айтарлықтай төмендеуін болжауда (2007 жылғы 0,24 га-дан, 2050 жылға қарай 0,18 га-ға дейін). Осыған байланысты сала өнімдеріне өсіп отырған қажеттіліктерді барынша тиімді қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру ерекше өзектілікке ие болады. Мақалада аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен оны анықтайтын факторларды айқындаудың әр түрлі тәсілдері қарастырылған. Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуының заманауи үдерістері талданған.
Ауыл шаруашылығы саласының экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда көптеген айырмашылықтары болғандықтан, оның бәсекеге қабілеттілігін талдау аграрлық саланың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.

1. Бляхман Л.С. Чернова Е.Р. Агроиндустриальная политика в инновационной экономике в условиях ВТО. //Проблемы современной экономики. – 2012. - N 4 (44). - C.24.
2. Аубакирова Ж.Я., МаженоваН.А. Конкурентоспособность агропромышленного комплекса Казахстана в современных условиях. //Вестник КазНТУ. – 2014. - №4. – С. 496-502
3. Сулейменов Ж.Ж. Управление аграрным сектором Казахстана в условиях рыночной экономики. - Алматы: Бастау, 2011. - С.20.
2. Аубакирова Ж.Я., МаженоваН.А. Конкурентоспособность агропромышленного комплекса Казахстана в современных условиях. //Вестник КазНТУ. – 2014. - №4. – С. 496-502
3. Сулейменов Ж.Ж. Управление аграрным сектором Казахстана в условиях рыночной экономики. - Алматы: Бастау, 2011. - С.20.
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері
Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай Жер халқының саны 8219 млн адамға дейін өседі, ал 2050 жылға қарай - 9148 млн адамды құрайды. БҰҰ бүкіләлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жан басына шаққандағы егістік жер көлемінің айтарлықтай төмендеуін болжауда (2007 жылғы 0,24 га-дан, 2050 жылға қарай 0,18 га-ға дейін). Осыған байланысты сала өнімдеріне өсіп отырған қажеттіліктерді барынша тиімді қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру ерекше өзектілікке ие болады. Мақалада аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен оны анықтайтын факторларды айқындаудың әр түрлі тәсілдері қарастырылған. Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуының заманауи үдерістері талданған.
Ауыл шаруашылығы саласының экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда көптеген айырмашылықтары болғандықтан, оның бәсекеге қабілеттілігін талдау аграрлық саланың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Сондықтан экономиканың басқа салаларынын бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін айқындауда қолдануға мүмкіндік бермейтін келесідей ерекшеліктер бар:
- аграрлық саланың төмен рентабельділігі;
- ұдайы өндірістік циклдің ұзақтығы және салынған қаражаттардың өзін-өзі ақтау мерзімінің ұзаққа созылуы;
- жалпы қосылған құнның төмен дәрежесі;
- табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруашылық қызмет нәтижесін болжаудың қиындығы;
- экологиялық фактор - ауыл шаруашылық өндірісі үдерісінде қоршаған ортаға зиян келтірілмеуі, сонымен қатар адам денсаулығына қауіпсіз өнім өндірілуі керек.
Экономика жағдайына байланыссыз аграралық саланың өніміне сұраныстың тұрақты өсуі саланың бәсекеге қабілеттілігіне оң ықпалын тигізеді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарашыларының пікіріне сүйенсек, ауыл шаруашылығы саласындағы бәсекеге қабілеттілікті бағалауды компания деңгейінде жүргізген дұрыс, яғни аграрлық сала жағдайында - фермерлік шаруашылық немесе ауыл шаруашылық ұйымдары. Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін компания деңгейінде бағалау құралы ретінде өндіріс факторларының жиынтық өнімділігін (Total factor productivity) қолдану ұсынылған. Бұл өндіріс факторлары шығынының бір бірлігіне есептелген өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішін білдіреді [1].
Аграрлық салада бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын алты негізгі фактор топтарын бөліп көрсетуге болады:
-- аграрлық стратегия және саясат;
-- жалпымемлекеттік экономикалық шаралар;
-- агроөнеркәсіптік кешеніндегі құқықтық жағдай және заңнамалық реттеу;
-- ауыл шаруашылық кәсіпорынының өзіндік шаралары;
-- өндірістік-өткізу қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін факторлар;
-- бәсекеге қабілеттілікті күшейтуді қамтамасыз ететін, шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық нәтижелері.
Бірқатар ғалымдар ауылшаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесідей факторларды ескеру керек деп есептейді: қолайлы топырақ-климаттық жағдайлар, білікті кадрлардың және еңбек ресурстарының жеткілікті болуы, ауыл шаруашылық ұйымдарында мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің терең өңделуі, инвестицияларды, инновациялық технологияны тарту мен материалдық-техникалық базаны жаңғырту, әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, сонымен қатар ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу тәсілі ретінде қарастыру [2].
Ауылшаруашылық кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің негізгі сипаттамасына оның сапасы, бағасы және оны сату жағдайы жатқызылады [3].
Сонымен, заманауи экономикалық әдебиеттерде ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірыңғай тәсілі жоқ. Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар саны көп, ал олардың үлес салмағы елге, аймаққа және басқа да критерийлерге байланысты бәсекеге қабілеттіліктің жалпы мәнінде айтарлықтай ерекшеленеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттіліктің нақты сандық бағасын жасау қиын. Дегенмен, әлемнің барлық елдерінде ауыл шаруашылығында әрдайым маңызды рөл алатын бәсекеге қабілеттіліктің бірнеше критерийлері бар. Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлардың көптігі және оны айқындауда бірыңғай тәсілдің болмауы аталмыш мәселені жан-жақтылы қарастыру қажеттілігін туындатады.
Біздің пікірімізше, М. Портердің ұсынған кәсіпорынның, салалар мен елдердің бәсекеге қабілеттілік жағдайларының жіктемесі қазіргі уақытта тәжірибеде қолдану үшін ең жарамдысы болып табылады, себебі, ол факторлардың айтарлықтай көлемін қамтиды және толық түрінде талданған болып табылады.
Сондықтан ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігінің анықтаушы факторларды талдауда, осы саланы дамытудың заманауи үдерісі мен ерекшелігін қоса ескере отырып, М. Портермен ұсынылған жіктемені кеңейту мен жетілдіруді ұсынамыз. Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар жіктемесі 1- суретте көрсетілген.
Факторлардың әрбір тобына, олардың агарлық салаға әсер ету ерекшелігін анықтау мақсатында жан-жақты тоқталу қажет деп есептейміз.
Өндіріс факторлары үшін жағдайлар. Топырақтық-климаттық жағдайлар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне елеулі әсер ететіндігі сөзсіз. Сонымен қатар жауын- шашын, климаттық жағдайлар және басқа да табиғи құбылыстардың әсері де айтарлықтай болып табылады.
Өндіріс факторлары үшін шарттар:
* Топырақ: топырақ түлері, құнарлылық деңгейі, егістік алаңы
және ауылшаруашылығы жайылымы, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін су ресурстарының болуы;
* Климаттық шарттар: климаттық зона, жауын-шашынның
көлемі, басқа да табиғи құбылыстар;
* Еңбек ресурстары: квалификация, жұмыс күшінің болуы
және құны, еңбек өнімділігі;
* Өндіріс құралдарының жағдайы: негізгі өндірістік
қорлардың тозу деңгейі және механизация деңгейі;
* Капиталдың қолжетімділігі: несиелеу, инвестиция, лизинг;
* Саланың технологиялық және инновациялық әлеуеті;
* Инфраструкураның даму деңгей.
Тұрақты стратегия, құрылым және бәсекелестік:
* Стратегия: стратегиялық жоспарлау деңгейі, басқару
сапасы, тұрақты даму бағыты, маркетинг;
* Құрылым: жеке ауылшаруашылығы кәсіпорындары және
саланы басқарудың ұйымдық құрылымы, салада кәсіподақтың болуы, ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің мүддесін қорғауға қабілетті ауылшаруашылық ұйымдары және фермерлердің бірігуі,
* саладағы өнімнің жеке түрлерінің бәсекелестік жағдайы;
* саланың экспорттықәлеуеті және импорттық жағынан бәсекелестігі.
АуАУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫФАКТОРЛАР
Сұраныс деңгейі:
* Нарық сыйымдылығы;
* Сатып алушылардың талап қоюшылығы және
алдауы;
* Сұраныс түрлері: тұтынушылар сұранысы, әрі
қайта өңдеу үшін сұраныс, қайта сату үшін көтерме сұраныс,маусымдық сұраныс;
* Тауар жеткізуші желінің дамуы;
* Мемлекет тарапынансұраныс.
Кездейсоқ жағдайлар:
* Ауыл шаруашылық өнімдері үшін әлемдік
нарықта баға конъюнктурасының өзгеруі;
* Табиғат жағдайының болжамсыз өзгеруі.
* Органолептикалық
көрсеткіштер;
* Пайдаланудың
нормативтік белгілері;
* Тауарда ноу
хоудың болуы;
* Құрамы;
* Тауар -
субституттердің болуы;
* Бәсекелестерде
балама тауарлардың болуы.
* Өзіндік құны;
* Бағасы;
* Тұтынушылық
құндылығы;
* Экологиялығы;
* Тұтынушымен
қабылдануы және танымдылығы;
* Тауардың
қолайлылығы
(орамы);
* МЕМСТқа және
стандартқа сай келу.
Үкімет саясаты:
* Меншіктің басым формасы және жер
меншігіне қатынасты бақылау;
* Ауыл шаруашылығы саласындағы
қызметке құқықтық бақылау;
* Аграрлық стратегия және саясат;
* Экономикалық шаралар: салық салу,
мемлекеттік қолдау, мемлекеттік сатып алу және субсидиялау, сырқы сауда-саттық шаралары;
* Сыртқы саяси жәнесыртқы
экономикалықшаралар.
Сәйкес келуші және туыс салалар:
* Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық
техникалардың өндірісі;
* Тұқымдық материал мен өсімдікті қорғау үшін
химиялық құралдар, тыңайтқыштар өндіру;
* Аграрлық ғылымды дамыту (сұрыптау және генетика);
* Жобалық және құрылыстық ұйымдар;
* Көлік.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі:
Сурет 1- Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Аграрлық сектор дамуының заманауи үдерістері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде топырақтық- климаттық жағдайлардың маңызды әсеріне қарамастан, жаңа технологияларды енгізу мен саланың инновациялық әлеуетін жүзеге асыру арқасында бұл фактордың әсері біртіндеп төмендеп бара жатқандығын айқындап отыр.
Ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу қазіргі уақытта білікті жұмыс күшінсіз мүмкін емес. Заманауи технологияларды қолдану мен механизациялаудың жоғары деңгейі және білікті жұмыс күші, сонымен қатар негізгі құралдардың тозуының төмен болуының үйлесуі еңбек өнімділігінің өсуіне айрықша әсер етеді. Бұл жағдайда тиімділіктің индикаторы ретінде бір жұмысшыға есептегендегі ауыл шаруашылығында қалыптасатын қосылған құн көлемі саналады. Дүниежүзілік банктің мәліметтері көрсеткендей, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында заманауи технологияларды қолдаантын және механизациялаудың жоғары деңгейіне ие дамыған елдер дәстүрлі көшбасшылар болып табылады.
Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығы дамуының заманауи үрдісі біліктілігі жоқ жұмыс күшінің бұл саладағы жұмысбастылығының төмендеуін көрсетіп отыр. Технологиялық жабдықталу деңгейінің тұрақты түрде жоғарылауы егін және мал шаруашылығындағы қол еңбегінің ығыстырылуына алып келеді.
Ұдайы өндірістік циклінің ұзақ мерзімімен ерекшеленетін аграрлық салада арзан несиелік ресурстардың қолжетімділігі мен инвестиция тарту мүмкіндігі де ерекше рөлге ие болады.
Тұрақты стратегия, құрылым және бәсекелестік.Стратегиялық жоспарлаудың заманауи әдістерін енгізу, болашақта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнім алу үшін қазіргі уақытта қандай салымдар салу керектігін алдын-ала болжау қабілеті, ұйымның қызметінің күшті және әлсіз жақтарын сауатты талдау - осы аталған барлық факторлар ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілікке үлкен әсерін тигізеді. Өнімнің құнын жоғарылатуға және сату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, күшті брендті жасауды басты назарға қоятын ойластырылған маркетингтік саясат та маңызды рөл атқарады.
Компания шеңберіндегі тиімді ұйымдық құрылым, оның операциялық қызметін оңтайландыруға, персоналға шығынды төмендетуге, шешім қабылауда икемділік пен пен жылдамдыққа, әрбір қызметкердің қызметінің максималды қайтарымына алып келеді.
Салада адал бәсекелестіктің болуы ауыл шаруашылық ұйымдарына және фермерлеге өндіретін өнімнің сапасын көтеру мен өзіндік құнын төмендетуге, өндіріске инновацияларды енгізуге және нарыққа жаңа өнімдерді шығаруға тұрақты ынталандырушы сипат береді.
Сұраныс деңгейі. Нарықтың үлкен сыйымдылығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін елеулі бәсекелестік артықшылық болып табылады. Түпкілікті тұтынушы тарапынан сұраныстың жоғарғы деңгейінің болуы тамақ өнеркәсібінің өңдеуші кәсіпорындары тарапынан, тауар өткізуші желілер және басқа көтерме сатып алушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өніміне сұранысты ынталандырады. Өз кезегінде, масштаб әсерінің арқасында сату көлемін өсірумен байланысты ауыл шаруашылық өндірушілерінің өндірістік шығындары төмендейді, сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіз болған, ал ішкі нарықта сұраныстың төмен деңгейінен өндіру қажет болмаған өнімнің кейбір түрлерінің шығарылымы ұйымдастырылады.
Нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің сұраныс деңгейіне мемлекет үлкен әсерін тигізеді. Әлемнің көптеген елдерінде аграрлық сала қаржыландырылады және бекітілген бағамен өнімнің алдын-ала келісілген көлеміне мемлекет тарапынан сұраныс өндірушілерді қолдаудың бір әдісі болып табылады.
Кездейсоқ жағдайлар.Ауыл шаруашылығы - болжамсыз өзгерістердің әсеріне барынша тап болатын экономика саласы. Осыған байланысты, дамудың заманауи үдерістері аграрлық саладағы тәуекелдің барлық түрін барынша азайтуды көздейді. Мысалға, бағалық тәуекелділікті төмендетудің құралы ретінде өндірілетін өнімге форвардық және фьючерстік келісімдер жасау, биржалық сауданың басқа құралдары, сонымен қатар, үкімет шаралары қарастырылады.
Ауыл шаруашылығы өндірушілері құрғашылық және ауыл шаруашылық дақылдарының шықпай қалу тәуекелін көбірек сақтандырады. Өсімдік және мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу саланың табиғи-климаттық жағдайға тәуелділігін төмендетеді. Әрдайым өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзгіш, шіріктерге тұрақты және басқа да жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алатын жаңа түрлері мен будандары пайда болып отырады.
Туыстас және ілеспе салалар. Ауыл шаруашығының бәсекеге қабілеттілік деңгейіне туыстас және ілеспе салалардың келесідей өнім түрлері әсер етеді: өсімдіктерді қорғау үшін химиялық құралдар мен тыңайтқыштар; ауыл шаруашылығы техникасы, құстар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz