Төрт құбыланы түгендеген Төртбаев



Кіріспе
1 Омар атаның сара жолы
2 Төрт құбыланы түгендеген Төртбаев
3 Балалар жаңа жылды ана тілінде қарсы алды.
4 Жетім көрсең жебей жүр...
5 Омар атаның аруағы қолдады.
Қорытынды
Кез келген адамға дари бермейтін ұрпақ алдындағы жауапкершілікті, елі, халқы алдындағы борышын кеңінен сезінген, сол аянбай еңбек еткен Рудный, Қостанай жұртшылығына белгілі Омар Оспанұлы Төртбайұлы атамыздың дүниеден озғанына да 10 жыл болып қалыпты. Осыған орай, артындағы ұрпақтары – ағаның үлкен қызы, қаламызға белгілі дәрігер- кардиолог Баян Омарқызы әкесіне бір белгі ретінде кітап шығарып отыр.
Бұл кітапта Омар атаның «Қостанай таңы», «Рудненский рабочий», «Магнетит» тағы да басқа басылымдарда жарияланған мақала- материялдары және сол кездері қала ол кісімен бірге еңбек еткен замандастарының әкесі жайында жазған ой - пікірлері, мақалалары жарияланған. Кітапта атайдың зейнетке шыққаннан кейінгі өмірінің соңғы 16 жылында Рудный қаласында атқарған жұмыстары қамтылған.
Ол өте білімді адам болатын. Баспасөздерде материалдары жиі шығып тұратын еді. Қала тіршілігі жөніндегі мақалаларын екі тілде де жаза беретін. Бұл кітапты оқи отырып, атаның сол жылдардағы өмірін елестетуге болады. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған»,- деп Абай атамыз айтқандай, дүниеге келмек бар, келмек соң, кетпек бар. Бұл - өмір заңы. Ал артында қалған ізі, істері болса, ол бір ғанибет. «Өзі жаратқан пендемін қайтарып алу - жаратқанның қолында. Сол қайтыс болумен адамның ғамал кітабы жабылды.
1. Жұмағали Арғынбаев. газет «Бірлік» №13. 07.09.1995 ж
2. О.Төртбаев. «Қостанай таңы» 3 қаңтар,1992 ж
3. О.Төртбаев «Рудненский Рабочий» 22.06.1993 ж
4. «Рудненский Рабочий» 1 маусым, 2001 ж
5. К.Әмірғалиқызы. «Рудненский Рабочий» 28 қараша,2003 ж
6. К.Әділова. «Магнетит» газеті 05.12.2003 ж
7. «Рудненский Рабочий» 05.2007 ж
8. Кенжеш Оразғалиқызы. «Рудненский Рабочий»№71. 03.09.2004 ж
9. И.И.Дьячков. «Рудненский Рабочий» 30.03.2006 ж
10. О.О.Төртбаев. «Рудненский Рабочий» 11.09.1990 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Төрт құбыланы түгендеген Төртбаев

Кіріспе
Кез келген адамға дари бермейтін ұрпақ алдындағы жауапкершілікті, елі, халқы алдындағы борышын кеңінен сезінген, сол аянбай еңбек еткен Рудный, Қостанай жұртшылығына белгілі Омар Оспанұлы Төртбайұлы атамыздың дүниеден озғанына да 10 жыл болып қалыпты. Осыған орай, артындағы ұрпақтары - ағаның үлкен қызы, қаламызға белгілі дәрігер- кардиолог Баян Омарқызы әкесіне бір белгі ретінде кітап шығарып отыр.
Бұл кітапта Омар атаның Қостанай таңы, Рудненский рабочий, Магнетит тағы да басқа басылымдарда жарияланған мақала- материялдары және сол кездері қала ол кісімен бірге еңбек еткен замандастарының әкесі жайында жазған ой - пікірлері, мақалалары жарияланған. Кітапта атайдың зейнетке шыққаннан кейінгі өмірінің соңғы 16 жылында Рудный қаласында атқарған жұмыстары қамтылған.
Ол өте білімді адам болатын. Баспасөздерде материалдары жиі шығып тұратын еді. Қала тіршілігі жөніндегі мақалаларын екі тілде де жаза беретін. Бұл кітапты оқи отырып, атаның сол жылдардағы өмірін елестетуге болады. Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған,- деп Абай атамыз айтқандай, дүниеге келмек бар, келмек соң, кетпек бар. Бұл - өмір заңы. Ал артында қалған ізі, істері болса, ол бір ғанибет. Өзі жаратқан пендемін қайтарып алу - жаратқанның қолында. Сол қайтыс болумен адамның ғамал кітабы жабылды.
Сауап кітабы жабылмайтын үш жан болады: ол - өткелі жоқ өзенге көпір салған; мұсылманға мешіт салған; ұрпаққа үлгі болар мектеп ашқан. Осыны орындаған ізгі жандарға Алланың сауабы адамзат құрығанша жалғаса береді -деген тағылым бар. Омар ата - өз қолымен мешіт салып, мектеп ашуға күші де, қаражаты да жетпейтін 80-нен асқан шағында, осы Рудный қаласындағы қазақ мектебі мен мұсылман мешітін ашуға күш-жігерін, ақыл-парасатын жұмсаған кісі. Олай болса, сауабы Алладан болсын деп тілейміз. Бұл кітапта жастарға тағылым алатын, ой салатын дүниелер көп. Әсіресе, қазақ мектебі, мешіттің, жетім балалар үйінде қазақ топтарының ашылуы, Гәкку ансамблінің ашылу тарихы т.б. атадан бала тумас па, ата жолын қумас па дегендей, кейінгіге атаның жолын үлгі етіп қалдыру үшін, осы кітапты жинастырып, құрастырып шығарып отырған ұрпақтарына атаның ар - замандастарының атынан алғыс білдіреміз.

Омар атаның сара жолы
Бүгінде жасы 98-ге келер құдай берген құттың арқасында ел аралап жүретін осы қария кездескендермен жылы шыраймен амандасатын. Аптаның жұма күнінде кенді қала Рудныйдан автобусқа міне салып Қостанайға келеді. Алдымен мешітке барып жұма намазын оқиды. Апырай, құдай алдындағы міндетін ақтады. Енді шаршамай, тұрған үйіне кетер деп ой топшылдағандар қателеседі. Омар ата аяңдай басып, редакцияға жетеді. Облысымыздағы жалғыз қара шаңырақ Қостанай таңы аман ба? деп есіктен сөйлей кіреді.
Иә, сөйткен асыл қария, жаны жайсаң Омар Оспанұлы Төртбаев дүниеден өтті. Ол 1912 жылы Әулиекөл ауданындағы алтыншы ауылда дүниеге келген. Жасынан білімге құмар еді. 1932 жылы Уфа қаласында ауыл шаруашылық институтын бітірді. Ана тілімен қоса орыс және башқұрт тілдерінде еркін сөйлейді. Диплом алған жылы Қарабалық ауданында аға зоотехник мамандвғымен еңбек жолын бастады. 1934 жылдары Талдықорған қаласында екі жылдық облыстық ауыл шаруашылық мектебінде мал шаруашылығынан сабақ берді. 1936-1941 жылдары Қарағанды облысы Долина селосындағы оқу комбинатында мал шаруашылығы пәнінің мұғалімі болды.
Ақтөбе облысында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас зоотехнигі, бастығы, Байғанин ауданындағы Қарауылкелді мал шаруашылығы станциясының директоры кызметтерін атқарды.
1959 жылы өз облысымызға оралып, Әулиекөл ауданының Новонежин шаруашылығында 1972 жылға дейін бас зоотехник қызметін абыроймен атқарды.
Зейнеткерлікке шыққан ширек ғасырдың өзінде де Омекең ақсақал қоғамдық жұмыстардан тыс қалмады. Қолынан қаламы түспеді. Облыстық Қостанай таңы газетінің жанашыры бола білді. Оның мақалаларын оқырмандар жылы қабылдады. Менің де көмегім тиді атты мақаласында дін туралы ойын ортаға салды. Әулиекөлдегі Әмит ишан атындағы мешіттің іргетасын қалауға атсалысқандардың бірі - Омар Оспанұлы. Тұған халқы, елі алдында О.О. Төртбаевтың сіңірген еңбегі зор.
Омар Оспанұлы Төртбаевтың жарқын бейнесін біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.
Соғыс және еңбек ардагері бар саналы ғұмырын Отан иелігіне жұмсап келеді. 1932 жылы, яғни жиырма жасында Башқұртстан ауыл-шаруашылығы институтының зоотехникалық факультетін бітірді. Жас маман Орджоникидзе ауданындағы №501 Аршалы ет совхозына зоотехник болып жұмысқа орналысты. Одан кейін Ақтөбе облысының темір ауданындағы Алға директоры болды. Осчы аудандағы ауыл шаруашылығын ұзақ басқарды. Тың және тыңайған жерлерді игеру тұсында Байғанин аудандық машина-трактор станциясының директоры, одан соң Қостанай облысының Семиозер ауданындағы совхоздар тіресі бастығының орынбасары, осы аудандағы Новонежин совхозының бас зоотехнигі болып қызмет істеді. Ұзақ жылғы жемісті еңбегінің куәсі - омырауында екі Құрмет Белгісі ордені,бірнеше медаль жарқырайды. Қария 1972 жылдан бері құрметті демалыста. Рудный қаласындағы балаларының жанына көшіп келген.
Ақсақалдың Баян, Ғалия, Гүлнәр атты үш қызы бар. Бәрі де жоғары білімді. Ғалиясы ғана Жезқазған қаласында тұрады. Екі қызы Рудный қаласында тұрады. Кемпірі Ғайша әжей 2006 жылы дүние салған.
Төрт құбыланы түгендеген Төртбаев
Төртбаев Омар Оспанұлы Рудный қаласының ғана емес, бүкіл Қостанай облысының ең сыйлы ақсақалына айналған. Мұндай құрметке өзінің қоғамдық істердегі белсенділігінің, туған халқының тіліне, дініне, салт-дәстүріне, өміріне деген жанашарлығының, жеткіншек ұрпақтың ертеңіне деген ыстық пейілінің арқасында ие болып отыр.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз ел болуы зиялы ақсақалдың бойына тың күш қосып, санасын нұрландырды. Ішінде жатқан маржандай ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, қазақ халқының қайтадан өз қалпына түсуіне, жоғалғанын табуға, өшкенін жандыруға үлес қосуға кірісті.
Үстіміздегі он жылдық басы болатын. Елімізде Қазақ тілі қоғамы құрылып, оның жергілікті жерлердегі ұйымдары ашыла бастады. Рудный қаласында да осындай ұйымның дереу ашылуына намысты азаматтар үлкен тірек болды. Сондай кісілердің басында ақ таяқты ақсақал да жүрді.
Қалалық ұйым құрылып, оның төрағасы болып Рудный индустрия институтының проректоры Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы бір ауыздан сайланды(Бүгінгі төраға А.Жантеміров). Іскер азамат жұмысты тиімді жүргізудің жолдарын жан-жақты ойластырды. Ұйым мүшелері ақыл қосты. Соның нәтижесінде сегіз бөлім құрылды. Соның ішінде ең бір маңыздысы - қазақ тіліндегі балалар бақшасы мен мектеп ашу жөніндегі бөлім еді. Оған басшылық жасау ісі Омекеңе тапсырылды. Бұл орайды оның ширақтығы, ұйымдастырушылық қабілетінің зорлығы баса ескерілді.
Омекең өзіне тапсырылған жауапкершілікті қуанышпен қарсы алды. Дереу іске кірісті. Күндіз де, түнде де істі алға апарудың жолдарын ойлады. Бөлім мүшелері өз ұлтының нағыз жанашырлары еді.Төреген Нұржанов, Құлатай Оразғалиев сынды зейнеткерлер, қалалық радио торабының қызметкері Жұмабеке Байдулова, №42 балабақшасының тәрбиешісі Айжан Болатова, индустрия институтының студенті Даулет Тәжібаев өз міндеттерін бар ықыластарымен атқарды. Олардың ісіне Абай Шәріпов, Төлентай Нұғанов, Балтабай Қарабалин, Күләш Нұржанова секілді ата-аналар, зейнеткерлер дем берді.
Мойынға батпандай жүк артылды. Бұрын бірде-бір қазақша тәрбие ошағы болмаған қаланы қазақшылыққа қалай бет бұрғызасың. Алдыңнан қат-қабат қиындықтар шыға береді. Материалдық базаның, кадрлардың жайын ыңғайлағанмен, өз қазағың ниетіңді түсіне қояр ма? Ата-аналардың көбі арнайы хабарландыруларды құлағына қыстырмады. Осындай тұста Омекеңнің ойлап тапқан амалы - мектепке баруға жасы келген баллары бар әр үйді жеке-жеке аралап шығу еді. Сол үшін бөлім мүшелері, үй басқармалары, балалар бақшалары, қалалық оқу бөлімі арқылы қажетті деректерді жинады. Әркім өз тұратын төңіректегі үйлерді аралауға келісті. Омекең өзі бас болып, табанынан таусылып, үлкен қаланы жаяу шарлады. Осындай жұмыстың нәтижесінде жеті балабақшада қазақ топтары ашылды. Оның әрқайсысында 20-25-тен бала болды. Алғашқы, яғни, 1990-1991 оқу жылында-ақ №12 орыс орта мектебінің ішінен 11 бала үшін қазақ сыныбы ашылды. Келесі жылы бір, одан кейін екі бірінші сынып ашылып үш жылдың ішінде төрт қазақ сыныбы қалыптасты. Мектеп директоры Зинаида Ильинична Солуминко қазақша оқитындарға үлкен жанашырлықпен қарады. Жұмыс жақсы жүріп кетті, - деп еске алады Күлмайран Әмірғалиқызы.
1993-1994 оқу жылының басына қалалық оқу бөлімі (меңгерушісі К.М.Сенчев) қазақша оқитындар үшін жеке мектеп ашу жөнінде ұйғарым жасады. №12 мектептегі төрт қазақ сыныбы №15 мектепке көшірілді. Сол жылы тағы да үш бірінші сынып ашылып, қазақ сыныптарының саны жетіге жетті. Өткен оқу жылында қатарынан төрт класс ашылып, білім ошағы өрісін кеңейте түсті.
Мінеки, енді ғана басталып отырған оқу жылында тағы да үш бірінші сынып бүлдіршіндерге есік ашты. Жақсы дәстүр жалғасын табуда. Қазақ сыныптары алғаш ұйымдастырылғанда бірінші сыныпқа барған балалар бүгінде өмірлік ұстанымдарын ұстап, оқу орындарын бітіріп, өз жолдарын тауып отыр.
Қаланың қақ ортасындағы, қолайлы жердегі мектеп ішкі, сыртқы көркімен көз тартады. Үш қабатты білім ошағының ұлттық нақышта жабдықтауға ерекше көңіл бөлінген. Бұл орайда қаланың іскер азаматтар мол көмегін берді. Мектеп балалардың жан-жақты дамуына сондай қолайлы. Кадр, оқулық мәселесі біршама шешілген. Мамандар жөнінен қаладағы педагогика колледжі мен индустрия институты тікелей көмек жасады. Әсіресе, педколледж ұлттық кадрларды даярлау мәселесін табандылықпен қолға алып отыр.
Сол уақыттағы мектеп директоры Валентина Андреевна Никулина, оқу ісінің меңгерушісі Көбейқызы Исмұхамедова оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға бар күштерін салды. Білім ұясынан үйлері қашықта тұратын балаларды таситын арнайы автобус бар. Қиындықты шешуге Қазақ тілі қоғамы қалалық ұйымының қосқан үлесі үлкен.
Қаладағы облыстық мектеп жасынан дейінгі балалар үйі де Омекеңнің назарынан тыс қалмады. Осындағы қазақ балаларына туған тілінде тәрбие беру мәселесін жолға қойдырды. Мектепке баруға жасы толған бүлдіршіндер Қостанай қаласында қазақша оқылып, тәрбиеленеді. Мінеки, сөйтіп, жетім балалардың туған халқын тануына абзал ағаның сіңірген еңбегі үлкен.
Жасы келген ақыл тоқтатқан жандардың бір құдыреттің барлығын түсініп, соны тануға ниеті қыла бастайтындығы - анық жай. Әркім өзі діні арқылы бір Аллаға сыйынады. Мұсылман діні қай діннен кем? Ата - бабамыздың қанына сіңген діні. Осы ұстанудың да орны бөлек. Бұл жай да Омекенді бейжай қалдыра алмады. Қостанай қаласында мешіт ашылғаннан бері жұма намазынан, діни жиындардан еш қалмайды. Өзі секілді үлкен кісілердің басын қосып, жанына ерте жүреді. Әрине, қырық бес шақырым қашықтықтағы Қостанай қаласына жеті сайын қатынап тұру да оңай шаруа емес. Сондықтан Рудный қаласының өзінде мешіт ашу мәселесі көтерілген. Сол кездегі қала әкімі С.М.Төкенов бұл мәселеге оң кабақ танытты. Мешіт салу жөнінде арнайы комиссия құрылды. Таяу жылдары Рудный қаласында да мешіт болады деген үміт болды.
-Шіркін, облысымызда Омекең секілді төрт кісі болса ұлттық қасиет жөнінде Қостанай аяғынан тік тұрған болар еді. Ұлағатты, нағыз ата деуге лайықты, жан-жақты кісі - деді бізбен әңгімесінде Қостанай мешітінің имамы Асқар Тұрғанбаев.
Балалар жаңа жылды ана тілінде қарсы алды.
Рудный қаласында жетім балалар үйі бар екенін, онда қазақ балаларының да көп екенін естіп, сол бүлдіршіндердің ортасында болып жағдайларымен танысқан едім. Балалар тек орыс тілінде ғана тәрбиеленеді екен. Бұл туралы Коммунизм таңы (сол кездегі аты) газетіне мақала үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында Қазақ балалары тек орыcша тәрбиеленеді деген тақырыппен жарық көрді.
Алайда мақала шыққан кейін бір өзгеріс бола ма деп едім, бірақ ешқандай өзгеріс болмады. Сосын газет қызметкері Д. Әбішевтің: Қазақ балалары тек орысша тәрбиеленеді атты мақалаға орай деген мақаласы жарық көрді.
Осы мақала облыстық халыққа білім беру басшыларының құлағына жетсе керек, кешікпей сол мекемеден бірінен соң бірі коммисия келе бастады. Қазақ тілі қоғамы қалалық ұйымының атынан сол комиссиялардың ішінде көп адамдар болған. Келгендер жиналыс өткізді, мәселені әбден талқылаған. Қазақ балаларын жеке тәрбиелеу үшін арнайы штат ашып, тиісті қаржы бөлетін болды. Осының нәтижесінде қалалық Қазақ тілі қоғамы ұйымының бастаумен, Коммунизм таңының (Қостанай таңы) қолдауымен балалар үйінен бір қазақ тобы ашылды. Оған жасы үштен асқан балалар іріктеліп аланды.
Бұл топта 10 бала болған. Сол кездері жұмыс жақсы жүріп кеткен. Бұл топқа үш тәрбиеші, үш бала күтуші бөлінді. Тәрбиешілер Бақыткүл Нұрымова, Мәдина Аманова, Нұржамал Ержанова арнаулы білімі бар мамандар алынды. Біздің қалада қазақ аз болатын.Сондықтан да тәрбиешілерді табу да оңайға соқпады. Бұл орайда Қазақ тілі қоғамының қалалық ұйымы үлкен көмек көрсетті.
Тілі орыс тілінде шығып, орысша тәрбиеленген балаларды қайта қазақша тәрбиелеу өте қиынға соқты. Оның үстіне оқу-методикалық және көрнекі құралдар жоқ. Соған қарамастан жас тәрбиешілер бар жанын салып, қажетті құралдарды өздері жасап алды. Содан балалар қазақ тілін жақсы игере бастаған. Жаңа жалға арналған кеште олар қазақша тақпақ айтты, ән салды, би биледі. Жаңа жылға арнап әртүрлі ойыншықтар жасапты.
Балалар үйінен Қазақ тілі қоғамының бастауыш ұйымын құрдық. Оның төрағасы етіп осы мекеменің логопеді Гүлнәр Амантаева сайланды.
Балардың күтімі, денсаулығы жақсы. Киімдері таза, тамағы тоқ болған. Өз асханалары бар. Төрт мезгіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ереулі атқа ер салмай
Намаздың ішкі және сыртқы парыздары
Төртінші нысан ежелгі қала мешіті
Қадыр Мырза Әлі өмірі
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері
Ши тоқу өнері
АҚАН СЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
Ислам ілімдері факультеті
Айтыс өнерінің дүлдүлі
Пәндер