Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығы



1 ШОҚАН ӨЗ ЕЛІНІҢ ЕЛМАНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ДЕМОКРАТ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ
2 ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ПУБЛИЦТИСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
3 Ш.УӘЛИХАНОВ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ­ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4 ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВТЫҢ ОТАН ТАРИХЫНДА АЛАР ОРНЫ
5 Г.Н. ПОТАНИН .ШОҚАНТАНУДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
6 ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВТЫҢ ОТАНДЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
7 ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ
8 ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
9 ШЫҢҒЫСҚАННЫҢ 17.ШІ ҰРПАҒЫ ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚҰПИЯ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҰЛТЖАНДЫЛЫҒЫ ХАҚЫНДА
Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.
Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Сондай-ақ, шығыстану саласындағы аса көрнекті ғалым. Көшпенді халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына көтеріліп, Россия ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география, фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар. Жас ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор. Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырған болатын. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И. Веселовскйй былай деп жазды: «...Шоқан Уалиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл – Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді.
1. .Ахметова А. Комментарии – В кн.; Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. А.–А., 1964, с 192
2. .Валиханов Ч.- Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч..: т.4 – А-А, 1968 стр 589-592.
3. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР. 1961-1978.
4. Марғұлан Ә. Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметінің очеркі шығ. жин. Алматы, 1961, 1-том,21 бет
5. Марғұлан Ә.Х. «Шоқан және Манас» Алматы 1971.
6. О. Сүлейменов. Шоқан. // Ақиқат. 96, 4
7. М. Белгібаев, Ж. Әділбекқызы. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне-105 жыл. // География және табиғат. 3. 2007.
8. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР. 1961-1978.
9. Қ. Сүтеева. Шоқан еңбектеріндегі төл тарихқа қатысты дерекер. // Қазақ тарихы. 2002-4
10. Ғ. Қарасаев. «Ресей зерттеушілері Шоқан Уәлиханов туралы». // Қазақ тарихы. 2009-
11. Колокол, 1858.-№26.
12. Уәлиханов Ш. Шығармаларының таңдамалы жинағы. - Алматы,1980. -Б. 197, 241, 246.
13. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. Алматы: «Казахстан» баспасы, 1965.-199б
14. Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т.2. – С. 148-166.
15. Алпысбес М.А. Шежіре тарихи дерек көзі // Қазақ тарихы. – 1999. - №2. – Б. 6-10.
16. Алпысбес М.А. Қазақ түрік шежірелерінің зерттелуі // Қазақ тарихы. – 2004. – № 4. – 30-34 бб.
17. Жақсыбайұлы Т. Шежіре. Қаракесек руына жататын Сарым еліндегі Өтеміс – Тоқсан ұрпақтарынан тарайтын Тоқсары, Құлық, Құлсары, Қожақұл ұрпақтарының шежіресі. Екінші кітап. – Қарағанды, 1999. – 356 б.
18. Алпысбес М.А. Шежірелік деректердің тарихи-генеалогиялық мәні және қызметі // Вестник СемГУ им. Шакарима. Научный журнал. – № 1. – 2007. – 3-9 бб.
19. Тұяқбаев Р. Қазақ халқының ұлттық, рулық қалыптасу шежіресі. – Көкшетау, 2003. – 291 б.
20. Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость. – Астана, Елорда, 2000. 301 с.
21. Бегалин С. Чокан Валиханов. М., 1976.
22. Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. – Алматы, Казахстан, 1993,76 с.
23. Зиманов С., Атишев А. Политические взгляды Чокана Валиханова. Алма-Ата, 1965
24. Сибирский казак. Выпуск первый. Переиздание Войскового юбилейного сборника Сибирского казачьего войска, изданного в Харбине в 1934 г. Бийск. «Бия», 2009, 202 с.
25. ЦГА РК Ф.15.Оп.1д.136.л.5л; ЦГА РК Ф.15.Оп.1д.146.Л.17; . ЦГА РК Ф.15.Оп.2. д.191.Л.56; ЦГА РК Ф.15.оп.1.д.1873.л.28; ЦГА РК Ф.330. оп.1Д.7.Л.130.
26. И.д. степного генерал-губернатора Санников — министру внутренних дел, 12 июля 1900 г. // РГВИА.Ф. 400. Оп. 1. Д. 2952. Л.137.
27. Әуезов М.О. Халық әдебиеті туралы //Кітапта: Жиырма томдық шығарма. жинағы. 15-т. Алматы:Жазушы, 1984. – 328 б.
28. Әуезов М. Шығармалары. 16-том. Алматы: Жазушы.- 1985. 156-б. (17-том.)
29. Бердібай Р. Сарқылмас қазына. Алматы, «Мектеп», 1983,-246 б.
30. Ж.арықбаев Қ., С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: Санат- 1995. 162-165 б.
31. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Астана.- 2007.
32. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Ғылым. -1985.
33. Уәлиханов Ш. Шығармалары. (5 томдық.) 1-том. Алматы: Ғылым.- 1984/85.
34. Мұқтарұлы С. Шоқан және өнер. Алматы: Өнер.- 1972.-313 б.
35. Валиханова Г.Ш. Роль Ч.Валиханова в исследовании художественной и нравственной культуры тюркских народов. Алматы: Қазақ университеті, 2001. 15-с.
36. Cейдаханов К. ҚаҺарлы сөз қамал бұзады. Алматы: Ғылым, 1995.-272 б./

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗОР
МҰРАСЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын
дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш
демократы болды.
Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер
демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани
нәр алды. Сондай-ақ, шығыстану саласындағы аса көрнекті ғалым. Көшпенді
халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына көтеріліп, Россия
ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның
шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география,
фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар. Жас ғалымның
ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор. Орыс жолдастары мен достары
Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап
бастырған болатын. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И.
Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде
академик Н.И. Веселовскйй былай деп жазды: ...Шоқан Уалиханов Шығыстану
әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты
зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан
түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен
еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті. Бұл
– Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді.
Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші
болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да
тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың қатарынан
шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді,
халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық
тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай
түседі.
Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай-
монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді. Сондықтан да дамуға кесел
жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды. Ол жалпы дін атаулының
прогреска бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын,
әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен
құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді
орта ғасырлық идеология деп санады.
Мұсылмандық туралы деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: дін фанатизмі
атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны
туралы көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да теологияның етек
алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі.
Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық
көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылми негізде құрылып,
табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын
халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады. Ол
мұсылман мектептері орнына, ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа
түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер ашуды талап етті.
Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс
оқуына бой ұрып, қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын
күшейтетіндігіні мұның өзі игілікті іс екендігін көргендікпен болжады.
Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. Орыс
тілін білмеген қазақ,- деп жазды ол өзінің бір мақаласында,- оның заң-
законын да білмейді.
Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын
талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады,
бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды.
Мысалы, осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің бірі - барымта
екендігін, оның жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп
қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай кәсіппен айналысқан адамның
еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта
тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз
кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды
арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында
түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды
жасады.
Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік
тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы,
Записка №1 деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға, әсірісе
географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады
деген пікір айтады. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-
қоғамдық факторлардың шешуші рөлін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың
сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске
жетуі материалдық өмір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен,
ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады. Осыған орай адамдардың мінез-
құлқы мен әдет-ғұрыптарының қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың
рөлін Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды.
Шоқан ғұмыры бар жоғы отыз жыл ғана болса да, оның бейнесі біздің
жүрегімізден еш уақытта да өшпек емес. Ол жазып қалдырған толағай
туындылар мен көкейкесті мәселелерге толы еңбектер, зерттеулер қазір де өз
мән-мағынасын жоғалпай, жаңа өмірмен үндестік тапқан сайын ғұлама ғалым
жөніндегі әсерлі естеліктер де біздің жадымыздан берік орын ала бермек.

Дерек көздері:
1.Ахметова А. Комментарии – В кн.; Чокан Валиханов в воспоминаниях
современников. А.–А., 1964, с 192
2.Валиханов Ч.- Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч..: т.4 – А-А, 1968 стр 589-592.
3. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство
АН Каз ССР. 1961-1978.
4. Марғұлан Ә. Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметінің очеркі шығ. жин.
Алматы, 1961, 1-том,21 бет
5. Марғұлан Ә.Х. Шоқан және Манас Алматы 1971.

Әбдікәкімов М.Т. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих
және құқық кафедрасының оқытушысы, тарих мамандығы бойынша педагогика
ғылымдарының магистрі
Байсарина Қ.Қ. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих
және құқық кафедрасының оқытушысы, т.ғ. д. профессор

ШОҚАН ӨЗ ЕЛІНІҢ ЕЛМАНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ДЕМОКРАТ
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ

Халық кемеліне
келіп, өркендеп өсуі үшін
ең алдымен
азаттық пен білім қажет

Ш. Ш. Уәлиханов

Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың 2005 жылы 170 жылдық мерейтойы
атап өтілді. Бұл шара Мәдени мұра бағдарламасы аясында болды. Бүгінгі
күні біз әлі де Шоқан Уәлиханов туралы зерттеулер қажет екендігін көріп
отырмыз. Шындығында, Шоқан-үлкен құбылыс. Сондықтан да орыс данышпаны Ф. М.
Достоевский Мен сізді өз інімнен де ерекше жақсы көремін- дейді[1,1].
Шоқанның үлкен дарын иесі болуына Ресейдің шығыстанушы ғалымдары П.П.
Семенов Тянь-Шанскиймен, В.П. Васьильевпен достық қатынаста болуы игі
әсерін тигізді.
Бүгінгі күнгі Шоқантануға келсек, оның патша өкіметінен бастап орыс
зиялыларымен қандай қатынаста болғандығы, оның Петербордағы өмірі және
жазған зерттеу еңбектері, Шоқан жайлы шетелдік мәліметтер, сондай–ақ
Парижге барғандығы туралы деректер жоқтың қасы.
Шоқиып отырып үлкендердің кеңесін тыңдауға әуес болғандықтан әжесі
еркелетіп Шоқан атап кеткен-Мұхаммед-Қанафия Уәлиханов қазақ даласының
Еуропаға ашылған терезесі, жасын-ғұмырлы тағдыр иесі, иісі қазақ ұлтының
басын біріктіруде күш-жігерін аямаған Абылай ханның ұрпағы, бітім
болмысынан бекзадалықтың бар белгісі анық көрінетін қазақтың ұлы.., деген
сипатталуларға оның мамандығын, кәсібін, меңгерген білімін, зиялы қауым
берген бағасын айта берсек, сөз жетпесі анық.
XIX ғасырдың ортасы төл тарихымыздың зерттелуіндегі елеулі кезең.
Өйткені, 1845 жылы Ресейде Орыс геграфиялық қоғамы құрылды (ОГҚ). 1845-1861
жылдары бұл мекеменің қызметі Ресей тарихнамасындағы буржуазиялық бағыттың
дамуымен және революциялық – демократиялық ағымның (В.Г. Белинский, А.И.
Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов және т.б.) қалыптасуымен тығыз
байланысты жүреді. Ал, Семей Географиялық Қоғам бөлімшесі Петр Петрович
Семенов Тянь-Шанскийдің рұқсат беруімен 1902 жылы 13 сәуірде ашылған
болатын[3,35].
Шоқан Қашқарға XIX ғасырдың екінші жартысында, 50 жылдардың ортасында
барды. Бұл-орта Азияда Еуропалық мемлекеттердің Үлкен ойынының басталған
тұсы. Әрі отарлауға жарайтын жерлерді іздеу, танысу жұмысы басталған уақыт.
Қашқар сондай аймақтардың бірі еді. Алайда оған ешкім ене алмады. Батыс
Еуропадан алғаш болып Үндістан, Кашмир арқылы А.Шлегенвейт экспедициясы
Қашқарға енбек болып қырғынға ұшырады. Ал, Шоқан-Әлімбай Қашқарға еніп аман
есен келіп, тіпті Петербордың өзіне жетіп Жағрапиялық қоғамның алдында
баяндама жасап, Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын
жасап, А. Шлегенвейттің қаза болу себептерін бірінші анықтаған орыстың
тұңғыш барлаушысы атанған болатын[1,5]. Бұл жағдайлардың бәріне әлі де
тарихи бағасы берілмей жатыр...
Құпия өлкеде өткізген алты ай ішінде Шоқан елге саясат үшін де, ғылым
үшін де аса зор маңызы бар көптеген деректерді жинастырып әкелді. Шыңғыс
хан ұрпағын қарт Петербург үлкен құрметпен қарсы алады. Оның атына Азиялық
департамент пен Бас штабтан арнайы сыйақы тағайындалады. Жас ғалым
Императорлық география қоғамының (алдында яғни,1857 жылы 27 ақпанда П.П.
Семеновтың ұсынысымен 22 жасар Шоқан Уәлиханов Императорлық Орыс
Геграфиялық Қоғамына мүшелікке сайланған болатын [4,55]) толық мүшесі болып
сайланады. Осында біраз жұмыстардан кейін Шоқан Отанына оралады.
1864 жылдың көктемінде штабс-ротмистер Шоқан Уәлиханов Оңтүстік
Қазақстанды Ресейге қосу мақсатында жасақталған генерал Черняевтің әскери
экспедициясына шақырылады. Бірақ, генералдың істеген зұлымдық істері
әшкереленгеннен кейін Чернявпен жұлдызы қарсы болған Шоқан Уәлиханов сол
жылы шілде айында экспедицияны тастап шығады. Онымен бірге прогресшіл
көзқарастағы бір топ орыс офицерлері де отставкаға кетеді.
Шоқан қазақ халқын орыс патшалығының бейбітсүйгіш халқы деп сипаттап,
сонымен бірге қазақ халқының экономикалық және әлеуметтік артта
қалушылығын, таптық әр тектілігін қатал сынады және царизмнің отаршылдық
саясатын әшкереледі.
Сперанский кезінде жасаған Сібір қырғыздары туралы Устав туралы:
Мұндай реформалар біздің халқымыз үшін апатты және прогреске қарсы деп
ашық айтты. Бірақ, билік оны тыңдамады...
Шоқан Еуропалық өркениеттің қандай екенін түсіне алды және Азиялық
өркениетті Еуропалық өркениетпен салыстыра білді.
Ғалым қазақ халқының ежелгі тарихын зерттеуде археологиялық және
архитектуралық ескерткіштерді маңызды дерек деп есептейді. Мәселен, Шоқан
еңбектерінде аса қызғылықты антропологиялық бақылаулар берілген. Бұл
мәселені шешуде ол туған халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу
қызметінің негізгі міндеті деп есептеді. Оның Жоңғар очерктері,
Қырғыздар туралы жазбалар, Қырғыздар шежіресі және тағы да басқа
еңбектерінде қазақтардың физикалық кейпі туралы түріктер мен маңғолдардың
араласуы нәтижесінде қалыптасты, бірақ маңғол тамыры недәуір басым болған
дейді. Сонымен қатар оның дәлелдеуінше бұл халық XIY ғасырдан бұрын
қалыптасқан жоқ. Қазақтардың этникалық бірлігінің мұндай хронологиясы
Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың
мәліметтерімен сәйкес келеді. Яғни, А. Левшин мен А.Вамберидің қазақ халқы
моңғолдардан бұрын пайда болды деген болжамына үзілді-кесілді қарсы болды.
Шоқан қазақтар мен қырғыздар арасындағы этникалық және антропологиялық
айырмашылықтарды дәлелді фактілер келтірген төңкеріске дейінгі қазақ
зерттеушілерінің бірі. Бұл негізінен XIX ғасырда аталған халықтар туралы
теріс түсініктердің болуына байланысты айтылады: Мен осынау мүлде өзгеше
екі халықты шатастырмауды атап көрсетуді қажет деп есептеймін деп жазады
Ш. Уәлиханов өз шығармаларында. Шоқан өзінің көркем суреттерінде Омбының
жекелеген қазақтарының және Ыстықкөл қырғыздарының бейнелерін қатар салып,
арнайы антропологиялық салыстырулар жүргізіп, ерекшеліктерін көрсетеді.
Абай өз заманында өз тыңдарманын таппай асыл сөздерін қағаз бетінде
қалдырса, Шоқанның тыңдарманы болмағаны белгілі. Ол жөнінде Г.Н. Потанин:
Егер туған халқының арасында өзін түсінетін оқырмандары болғанда бұл адам,
сөз жоқ, көзі тірісінде-ақ сол елдің ұлы жазушысы атанар еді,-деп тамсана
жазды.
Бір кезде менің,-деді Шоқан Ф. Достоевскийге жазған хатында,-өз
отандастарыма көмектесейін деп сұлтан болсам ба деген ниетім де болған.
Сондағы көбінесе ойлағаным-білімді де білікті, оқыған ел билеуші сұлтанның
қандай пайдалы болатындығын жерлестеріме өз ісіммен үлгі етіп көрсету
еді[2,50].
Ал, Г.Н. Потанин Шоқанның өз халқына деген сүйіспеншілігі, оның салт-
дәстүрі, тарихына деген ерекше ықыласын жеріне жеткізе баяндаған.
Зерттеушінің жазуынша: Әулиеатаны алу кезіндегі орыс әскерлерінің Шоқанның
діндестеріне, тіпті оның руластарына, яғни, қырғыздарға көрсеткен айуандығы
оны ренжітті. Сондықтан да ол өзінің бұл жорыққа одан ары қатыса
алмайтындығын ұғынып, Черняевтан қол үзіп, Верныйға қайтты, одан
ары...сұлтан Тентектің ауылына жетті.
... Оның өз халқын шексіз сүйгендігі даусыз...Ол әрқашан алдымен
өзінің қазақ халқын, одан кейін Сібірді, одан ары Ресейді, тіпті бүкіл
адамзатты жақсы көретіндігін айтатын.
...Егер де орыстар қырғыздарға қысым көрсетсе,-дейтін ол,-мен
орыстарға қарсы тұрамын, егерде француздар орыстарға қарсы шықса, менің
жүрегім орыстар жағында[6,36].
Н.И. Василевский өзінің Метеор деген естелігінде Шоқанның қызметіне,
алғашқы көзқарасының қалыптасуына кеңінен талдау жасаған. Ол Ш.
Уәлихановтың өмірден ерте кеткендігіне налыған. Қырғыз хандарының ұрпағы,
сонымен бірге,-деп жазады Веселовский осы тұрғыда,-орыс армиясының офицері
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шоқ жұлдыз сияқты шығыстану әлемінен жарқ етті
де жоқ болды,-дейді.
Шоқан Уәлихановтың ғұмырын, мұрасын зерттей отырсақ, тұлғаның өзі бір
ерекше феномен екенін, оның ержүрек саяхатшы, әйгілі ғалым, шығыстанушы,
географ, тарихшы, этнограф, фольклорист, елман (патриот), қазақ халқының
ардақты ұлы екендігі талассыз.
Шоқан ғұмыры бар жоғы отыз жыл ғана болса да, оның бейнесі біздің
жүрегімізден еш уақытта да өшпек емес. Ол жазып қалдырған толағай
туындылар мен көкейкесті мәселелерге толы еңбектер, зерттеулер қазір де өз
мән-мағынасын жоғалтпай, жаңа өмірмен үндестік тапқан сайын ғұлама ғалым
жөніндегі әсерлі естеліктер де біздің жадымыздан берік орын ала бермек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Е. Уәлиханов. Шоқан және қазақтың тұлғатану ғылымы. Қазақ
әдебиеті. №20. мамыр. 2010ж.
2. О. Сүлейменов. Шоқан. Ақиқат. 96, 4
3. М. Белгібаев, Ж. Әділбекқызы. Орыс географиялық қоғамының Семей
бөлімшесіне-105 жыл. География және табиғат. 3. 2007.
4. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство
АН Каз ССР. 1961-1978.
5. Қ. Сүтеева. Шоқан еңбектеріндегі төл тарихқа қатысты дерекер. Қазақ
тарихы. 2002-4
6. Ғ. Қарасаев. Ресей зерттеушілері Шоқан Уәлиханов туралы. Қазақ
тарихы. 2009-1

Алдабергенов Қ., тарих ғылымдарының докторы, профессор.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кафедра
менгерушісі

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ПУБЛИЦТИСТИКАЛЫҚ
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

XIX ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары Н. Г. Чернышевский бастаған
революциялық демократтар крепостниктік тәртіпті және помещиктердің жер
иелену хүқысын революциялық жолмен біржола жойып жіберуді көздеді. Герцен
барлық халықтардың тең хұқылығын талап етіп, патша өкіметінің казақ халқына
деген жендеттік саясатын бүкіл әлемге жария етті. Бұдан Шоқан екі Ресейдің
барын: бір жағынан, революциялық идеялардың жаршылары - Герценнің
Колоколы мен Чернышевскийдің Современнигі, екінші жағынан, патша тағын
төңіректеген ресми шенеуніктер, помещиктер мен капиталистер Ресейінің барын
білді.
Шокан өзінің публицистикалык макалаларында, хаттарында еңбекші
бұқараның мүддесін корғап. олардың хүкылары үшін күресті. Жалпы, оның
еңбектерін хаттары мен мақалалары, ғылыми макалалары, жолсапар очерктері
деп үшке бөліп қарастырған жөн сияқты.
Ауыл мектебінде қазақтың ескі аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін жазып
алып, жинастырып, жаттап өскен, кадет корпусында орыс әдебиетінің
классикалык шығармаларымен, орыс тілі арқылы батыстық мәдениетпен танысқан.
Шокан хаттарында оның мінез ерекшеліктері, ой-өрісі, дүниетанымы, өмірге
көзқарасы ғана танылып қоймай, үстаған бағыты да көрініп отырады. Мысалы,
ол А. Н. Майковқа жазған хатында: Жергілікті сүлтандармен және байлармен
тату емеспін. Өйткені, олар бүрынғы күлдарын жаман ұстайды, ал енді бүл
қүлдар қазір де бостандық алғанымен де, қалай кетерін білмей, сол бүрынғы
қожаларының қолында жүр. Мен олардан талай рет бұларға еңбек ақы төлеңдер
және өздерін адам санатында ұстаңдар деп талап етіп, қорқыттым. Бірақ
олармен шығыспасам да, оның есесіне дала пролетариатымен қатты доспын және
олармен тез-ақ үйлесе кеттім,-деп шындығын айтты. Бұдан Шоқанның өмірлік
күрескер позициясы, саяси көзқарасы айқын көрінеді.
Бұдан кейінгі оқиғалардан Шоқанның саяси көзқарасының тез есейіп,
қалыптасқанын көреміз. Оның публицистикалық туындыларынан А.И.Герценнің,
Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Добролюбовтың идеялық әсері айқын танылады.
Мәселен, үзбей хат жазысып, пікір алысып түрған
Ф.И.Достоевскийдің 1861 жылғы реформадан кейін сарыуайымға салынып,
самодержавиеге қарсы күрестен ауа жайылып кеткеніне Шоқан сын көзбен қарай
білді. Бұрын ақыл-кеңес алған досына енді өзі Сен енді түбірімен өзгерту
жолына түс-деп ақыл берді. Бүл Шоқанның саяси санасының қаншалықты
өскенінің және оған революцияшыл-демократтардың қаншалықты әсер-ықпал
еткенінің аса маңызды дәлелі.
Шоқан хаттарының стилі, түрі мен мазмұны қандай дегенге келсек, олар
кәдімгі хат стилінде, хат түрінде жазылды. Бірақ, оларда жеке бас, күйкі
тірлік мәселесі емес, халықтық, қоғамдық, саяси мәні бар мәселелер
қозғалды. Н.Г.Чернышевский сияқты ол қоғамдық кекейкесті мәселелерді
батыл көтеріп, туған халқының келешегі туралы терең ой толғады. Жалпы,
Шоқанның хаттары халықтық, қоғамдық мазмүнға толы.
Бұл ерекшелік оның мақалаларына да тән. Ол Русский инвалид журналына
жолдаған түңғыш мақаласында бүкіл халық басындағы ауыр жағдайды сөз етеді.
Оның осы туындысының өзінен-ақ публицистикалық іргелі пікір түюге бой үра
білгенін аңдау қиын емес. Атап айтсақ, Шоқан жекелеген әкімдерімен қоса
(Кури, Айвашкевич, Безверхов) Омбы облысы әкімшілік басқармасын да сынап,
сол кездегі мемлекеттік тэртіптің әділетсіздігін әшкереледі.
Оның публицистік осы жинақтау әдісі басқа мақалаларынан да кездесіп
отырады. Сот реформасы туралы деген хат жобасын жасауға тек патша
үкіметінің шенеуніктері мен қазақтың үстем тап өкілдерінің қатысқанын,
олардын калың бүкара мүддесін емес, билер мен сүлтандардың мүддесін ғана
көздегенін сынайды.
Шоқанның ғылыми мақалалары да терең зерттеуден, түрлі салыстырудан
туған. Қырғыздың ата-тегі деген макаласында ол кырғыз халқының шығу
тарихы туралы қытай, орыс, ағылшын зерттеушілерінің пікірі мен қырғыз
халқының өз аңыздарын салыстыра қарастырады. Сөйтіп, кырғыздар алғашында
оңтүстік Сібірді мекендеп, содан кейін XVII ғасырдың бүгінгі коныстарына
жер ауып келді деген пікірдің жансақтығын дәлелдейді. Біздіңше бүл ғылыми
зерттеудің тамаша үлгісі дерлік мақала.
Енді, Шоқанның мақалалары мен ғылыми мақалаларының стильдік, формалық
ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Бұлар құрылымы, түрі жағынан қарапайым, тілі
жатық, түсінікті. Автор ойын жеңіл жеткізеді. Кей тұстарда нәзік
сезімталдық, байқағыштық, философиялық ой-қорытудың элементтері үштасып
отырады.
Қай мақаласын алсаңыз да фактілерді салыстыра қараушылық, жинақылық,
үқыптылық ізін көреміз. Бұлдыр, шұбалаңқы сөйлемдер кездеспейді, екі ұшты
талас тудырарлық пікірлер жоқ. Мысалы, дін мәселесі туралы жазған
мақалаларында (Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары, Қазақ даласындағы
мүсылмандық туралы) Шоқан материалистік көзқарасты ұстады. Ол айнала
қоршап түрған дүние адам санасына тәуелді емес және ол мәңгілік деп
түсінеді.
Ш. Уәлихановтың зерттеушілік таланты мен парасаттылығы, нәзік
байқампаздығы мен суреткерлік қабілеттілігі 1856 - 1859 жылдардағы
саяхаттарының негізінде жазылған жолсапар очерктерінен ерекше танылады.
Бүған көз жеткізу үшін Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы
деп аталатын түңғыш жолсапар очеркіне зер салалық. Оны авторе 1
тамыз 1856 жыл. Қытайдың Бараходжир атты шекаралық бекеті [1], - деген
жолдарымен бастап, екі ел шекарасында түрғанын, мүның жауапты да қатерлі
екенін бірден алға жаяды. Сөйтіп, оқырман назарына өзіне алаңсыз аударып
алады.
Шоқан табиғат көріністерін суреттеу арқылы Қытай еңбекшілерінің ауыр
түрмысының естен кетпес типтік картинасын жасаған. Мәселен, жаз келсе
Қытай жүмаққа кіргендей болады; ол жалаңаяқ, жалаңбас жүріп, қалаған
жеріне жатып үйықтап кетеді, бау-бақшаның көлеңкелі саясы түнде түнеп шығар
жайлы төсек, бірақ оның есебіне қыста ол қатты азап шегеді. Мүнда орталық
Қытайдағыдай емес, Қыс қақап, боран соғып тұрады жэне сондай қатты
борандардан кейін әрқашанда бірталайының түлымды төбесі қар астынан қылтиып
шыға келеді де жаз шыққанша сол күйінде, ашылып қалған мүрделерін Ілеге
тастап, немесе, полиция сол жатқан жерлеріне көме салғанша жата береді.
Қытай молаларының белгілі бір орны жоқтығы және кез-келген жерден үшырай
беретіндігінің себебі де осыдан [2],- деп жазады. Бүл Қытай халқы
түрмысының өте ауыр екенін эйгілейтін көрініс. Батыс Қытай провинциясындағы
аш-жалаңаш, панасыз, жүмыссыз қара халықтың түрмыс-тіршілігін дэл бүлай
суреттеусіз көзге елестеу қиын. Шоқанның суреткерлік дарыны осындай негізгі
мақсатқа шебер қызмет ете алған.
Енді, Батыс Кытай халкының мэдени өмірін суреттеген мына үзіндіге
көңіл бөлелік: Үйлердің алдыңғы жаппалардың астынан сәкі орнаткан,
мыңдаған адам сол сәкілердің үстінде түскі асын ішіп отыр. Бірнеше аспазшы
қазан маңында шыр айналып, ет қуырып, шай қайнатып, зыр қағып жүр. Не деген
кіржімбаз халық десеңізші. Тегештегі суға әуелі бетін жуады, сонан қайтадан
сол сумен ауызын шаяды да ішіне қайта төгеді. Сол суға келесі адам тағы да
сөйтеді де, үшінші біреуіне жылжытады - сөйтіп, сол жерде отырғындардың
бэрі жуынған су қара сырға айналып, Қытай табытын болса да боярлықтай халге
жетеді. Автордың орта ғасырлық дәрежедегі артта қалған елдің әлеуметтік-
мәдени дэрежесін көзге үрып түрған көрініс арқылы суреттеуі соншалық эсер л
і де нанымды шыққан.
Егер Шоқан Қытайлардың мәдениеті томен еді деген секілді сөздермен
баяндаған болса, онда оның танымдылығы нашарлау болар еді.
Очеркте адамдардың топтама портреттері де жиі кездеседі. Мысалы, Шоқан
Үстіне өрім-өрім шоқпыт киген тараншы, яғни қытай экімдеріне қызмет етіп,
солардың жерін өңдеп, егінін егу үшін осы өлкеге жер аударылып келген
диқаншы мүсылман да жаңа ғана сатып алған қарбызын сүйсіне сорып,рахаттанып
отыр. Ол өзі негр сияқты қап-кара, ал енді тісі болса інжудей аппақ.
Сызықтай түзу бітік көзі көп үйқыдан ісіп кеткендей боп көрінген манчжур,
оңтүстік губерниядан жер аударылып келген қысық коз, қап-қара, тістері
ырсиған, үстіне қүдды бір жылтыр клеенка тэрізді май-май шолтиған ақ көйлек
киген батыр қытай, белін қынай буған, сілеусін бөрікті, қамыт аяқты қалмақ
- осылардың бэрі де елестеп өтіп жатты, - дей келіп, ... жэне осылардың
бэрі де шетінен шылым шегіп, қарқылдап күліп, бірімен-бірі амандасып,
қүттықтап, гу-гу етеді[3], - деп батыс өлке халқының бейнесін жасайды.
Сөйтіп, Шоқанның публицистикасынан біздің аңғарғанымыз ол -ғалым,
тарихшы, этнограф, саяхатшы, тіл маманы, философ, ағартушы, социолог жэне
суреткер. Бүл ерекшеліктерді оның публицистикалық шығармаларын оқыған
адамның терең сезінері сөзсіз.

Әдебиет
1. Колокол, 1858.-№26.
2. Уәлиханов Ш. Шығармаларының таңдамалы жинағы. - Алматы,1980. -Б. 197,
241, 246.
3. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. Алматы: Казахстан баспасы, 1965.-199б

Абдельдинова Е.Е.

ПРОБЛЕМА ЭТНОГЕНЕЗА ВОСТОЧНЫХ НАРОДОВ
В ТРУДАХ ЧОКАНА ВАЛИХАНОВА

Проблема этногенеза восточных народов — относится к числу наиболее
сложных проблем освещения истории. В его трудах, писал казахский этнограф
Э.А. Масанов,- мы находим исключительное богатство оригинальных и
разносторонних глубоких мыслей и идей, выводов, интереснейших гипотез,
фактических сведений, не утративших своего значения для науки и по
настоящее время[2,с. 152].
Анализируя и сопоставляя факты, молодой исследователь сумел в калейдоскопе
событий в исчезавших и появлявшихся названиях различных этносов и народов
понять, что народы и государства, как правило, не исчезали, но продолжали
существовать под другими именами. Этносы и племена, записывает он,
беспрестанно меняя места своих кочевок, являлись под разными именами: то
под родовым названием своего поколения, то под коллективным именем
сильного, влиятельного рода. Одно племя усиливалось, соединяло все другие и
давало им свое имя. Таковы были союзы племен — хунны, ойхоры и монголы.
Миграция одного поколения, стесненного другим, порождала всеобщее движение,
всеобщую перемену кочевок... Части разных поколений, увлеченные потоком
общего движения, смешивались с другими поколениями и являлись на
противоположных краях от старых своих кочевок [1,с.59]. С высоты
сегодняшних познаний об истории кочевых народов эти мысли не кажутся нам
столь глубокими, но, оценивая их, нужно помнить время и уровень науки.
В своих работах О киргиз-кайсацкой Большой Орде, Предание и легенды
Большой киргиз-кайсацкой Орды, Очерки Джунгарии, и других исследованиях
ученый пытается разобраться в этом нелегком вопросе. Народность
киргизская, с горечью констатирует ученый никогда не была предметом
серьезного ученого исследования. В своих служебных поездках по степи, во
время каникул и на отдыхе Валиханов разыскивает людей, знающих предания
старины, и записывает их, обращая особое внимание на те из них, которые
содержат сведения о происхождении казахского народа, этимологию названий
тех или иных родов и племен, условиях, времени и причинах образования
первого собственного казахского государства и казахской народности
[1.c.61].
Кроме того, Ч.Валиханов стремился развеять заблуждение ученых
относительно киргизов и казахов. Как известно, в XVIII в., да и в начале
XIX в. Казахов русские называли киргиз-кайсаками, а киргизов по их
местожительству - кара-киргизами, а или дикокаменными киргизами. В
китайских и монгольских источниках киргизов называли бурутами. Многие
известные ученые Европы, в том числе А.Гумбольдт, К. Риттер полагали, что
буруты имееносоставляют Большую кайсацкую орду и что эту орду нужно
отличать от Малой и Средней. Но это было большой ошибкой,- указывает
казахский ученый,- со стороны почтенных корифеев науки. Большая, Средняя и
Малая киргиз-кайсацкие орды составляют один народ, казак, отличный от
киргизов, называемых китайцами бурутами, русскими – дикокаменными, или
черными. Эти два народа отличаются по языку, по происхождению, по обычаям.
Будучи еще воспитанником Кадетского корпуса, юноша в письме к
профессору восточного факультета Казанского университета Н.И. Березину
высказал мысль о казахском народе. Народ казак (так называем себя мы)
образовался от союза разных племен турецких и монгольских во время
междоусобий в Орде, начавшихся тотчас после смерти Бердибека, а не народ
древний, о котором писал Фирдоуси. Каждый потомок Батыя хотел быть ханом и
иметь народ; так, я думаю, образовалось ханство Крымское, Казанское, орда
Чорайгаковская, союз узбеков-шейбанов и казаков [1, с.164]. В Киргизском
родословии он формулирует эту мысль более отчетливо: В смутные времена,
предшествовавшие основанию ханств Казанского, Крымского и Астраханского,
первые племена золото-ордынские и джагатайские, раздробленные и
разбросанные грабительскими смутами в разные стороны страны, для
обеспечения своих прав в местах своего кочевья составляли союзы и,
пригласив какого-нибудь принца чингизовой крови, провозглашали его ханом.
Таким образом, из разноплеменных родов составилась политически отдельная
община,... независимо (от их происхождения). Так основались и утвердились
орды... Ногайская — в Сарыйчаке, Могул-улус — в Ташкенте и Казак—в степях
Засейхунских.
Исследование этногенеза казахского народа позволило Ч. Валиханову
исправить ошибку, довольно распространенную среди историков, в понимании
значения термина Золотая орда, которое воспринималось как название
государственного образования. Слово орда, считает Валиханов, означало в
обширном смысла место столицы хана, в тесном — его ставку. Золотая орда —
золотой шатер и юрта, в которой сидел хан; впоследствии оно обратилось в
название всех ставок городских, где жили ханы... Причем эти орды,
подчеркивал Валиханов, общего народного названия, как можно догадаться, не
имели, каждое племя сохраняло свое название, например: кунраты, найманы,
кипчаки и проч.. Это очень ценное наблюдение, свидетельстве о глубоком
понимании ученым особенностей устройства кочевых обществ.
[1, с.62-66].
Интересны сведения о чалаказахах, (очевидно, что путешественник видел
чалаказаков явлением настолько известным, что не стал даже распространятся)
упомянув в Дневнике поездки на Иссык-Куль говоря об Аягузе. Аягуз-
маленькая станица, в нем и окружной приказ для управления наймановских
родов. По новому положению, с основанием Семипалатинской области, он
называется городом, и несколько чалаказаков составляют его гражданство.
Чалаказаками - т.е. полуказак (киргизы называют себя казак) - называются
выходцы из среднеазийских владений, вступившие в русское подданство с
записанием в киргизские волости на общих с киргизами правах. Их очень много
в округах восточной части степи: Аягузском, Кокпектинском и в Большой орде.
[3,с.306-307 ].
Чалаказаки обычно говорили на тюркских языках - узбекском и казахском,
но когда некоторые из ташкентских выходцев чувствовали доверие к тем или
иным людям, к ним возвращалась родная русская речь, и они чистосердечно
открывали свою тайну. Среди чалаказаков встречались бывшие каторжные
ссыльнопоселенцы, возможно даже - узники Мертвого дома на берегу Иртыша.
Бежав из Сибири и добравшись до Ташкента, каторжане поступали в услужение к
состоятельным узбекам. Беглецы в Средней Азии научились садоводству,
виноградоводству, прокладке оросительных арыков. В среде них было немало
отличных мастеровых. Они, например, принимали участие в постройке дома
российского консула в Кульдже. Во время Иссык-Кульского путешествия, когда
прокладывалась новая дорога через долину Каратала, там, в большом
количестве попадались загадочные следы буддизма, молодой ученый с большим
интересом зарисовал наскальные рисунки и письмена в Тамгалытас. Местную
археологию, кстати сказать, знал престарелый чалаказак Чубар – мулла,
указавший путь к ним. [4, с.69].
Кроме того, Ч.Валиханов был первым казахским исследователем, донесшим
яркие, уникальные сведения о народонаселении Восточного Туркестана. Туземцы
жители Малой Бухарии общего народного имени не имеют, а называют себя по
городам: кашгарлык (кашгарец), хотанлык (хотанец), комуллык (комульский
житель) и проч., или же просто ерлик-туземец.[5, с.157-158]. По лицу же
своему туркестанцы напоминают тип индо-персидский и очень походят на
среднеазийских таджиков (народ персидский по корням и говорит этим языком),
которые считают себя аборигенами страны еще до прихода тюрок. Бронзовый или
же кофейно-черный цвет кожи, углубленные глаза, прямое крючкообразное и
худощавое сложение делают их совершенно отличными от народов тюркских или
монгольских. Известно, из китайских же данных, что исповедовали они религию
Будды. Если уйгуры, занявшие эту страну в XI в., были монголы, то каким
образом могли так изменится физически, тогда как монголы Джучиевой Орды и
узбеки сохран6и свой монгольский тип в Мавераннахре. Еще замечательно то,
что во всем Восточном Туркестане говорят тюркским языком и таджиков как
отдельного сословия между ними нет. [6, c.69].
Таким образом, первый казахский ученый, энциклопедист, Ч.Валиханов
говоря об этногенезе народов Центральной Азии ни раз подчеркивал
взаимопроникновение и сближение их путем различных отношений, доказывая,
что процесс формирования народности является длительным и непрекращающимся
этапом истории.

Список использованной литературы:
1.Б.Сулейменов, В.А. Моисеев. Чокан Валиханов – востоковед. Изд-во Наука
КазССР, - Алма-Ата,1985 .-112 с.
2.Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа.
Алма-ата, 1996.
3.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в 5 т., т 1-Алма-Ата: под редакцией
Казахской советской энциклопедии,1984.-432 с.
4.Марков С. Идущие к вершинам. Алматы, Санат,1998.-336 с.
5.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в 5 т., т 3-Алма-Ата: под редакцией
Казахской советской энциклопедии,1984.-432 с.
6. От истоков к современности: мир великих ученых и исследователей. Ш.
Уалиханов. Журнал Вестник дипломатии, изд-во МИД РК,2008, №3.с.69-70.

Архыматаева А.Ж., Аханова Б.Ж.
Қазақ инновациялық гуманитарлық ­заң университеті

Ш.УӘЛИХАНОВ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
ТАРИХИ­ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – бірнеше
ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында айқын із қалдырған ғалым.
Ол әсіресе шығыс тіл білімі, тарихы және этнографиясы жөніндегі ғылыми
еңбектеріне байланысты өшпес даңққа бөленеді.
Ш.Ш.Уәлиханов небары 30 жылға жетпейтін уақыт өмір сүрді. Бірақ осы
қысқа өмірінің өзінде саяхатшы ғалым артына мол ғылыми мұра қалдырды.
Шоқанның өшпес мұрасы бүгінгі Отандық тарих пен басқа қоғамдық ғылымдар
саласын терең зерттеу мен насихаттау ісінде орны бөлек. Шоқан Уәлиханов
Батыс – Сібір генерал – губернаторының қарамағына жұмысқа қалғанда, қызмет
бабы барысында оған бірден – ақ қазақ өлкесінің жер – жерімен жақынырақ
танысып, ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолайлы жағдай туды. 1853 - 1854
жылдары Шоқан төтенше тапсырмалармен Сарыарқаға барған кезде Нұра, Сарысу
өзендерінің бойындағы архитектуралық ескерткіштермен танысады. Қапал
бекінісіне барғанда Ұлы жүз қазақтарының жазба – деректерін жазып алады.
Туған халқына деген теңдессіз махаббат Шоқанды қазақ халқы тарихының ғылыми
негізін қалауға ұмсындырды. Оның этнографиялық жазбалары, тарихи
зерттеулері күні осы уақытқа дейін құндылығын жойған емес.
Шоқанның қазақ халқының түп-тегі туралы ойларының да теориялық-
методологиялық маңызы зор. Көшпелі жұрттың, әсіресе жазу-сызуы жоқ
тайпалардың тарихын айқындар басты көз қазақ халқының шығу тегі, түп
тамырының асыл діңгектері болып табылады. Жалпы, олардың кейбір үзінділері
өркениетті елдердің жылнамаларындағы деректермен астасып жатыр деп атап
көрсетті ол. Жазба ескерткіштердің хабарларына баса мән бере отырып ұлы
ғалым халықтың ауыз әдебиетіндегі деректердің аса маңыздылығын атап көрсете
келіп, жазба дерек көздерімен салғастырғанда бұлардың нақтылығы айқындала
түседі деп көрсетті.
Дала өркениеті тудырған шежіре мәліметтеріне деректік талдау жасау,
көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның
табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол
ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, қария сөз,
шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған
мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш.
Уәлиханов, қазақта бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі
туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ, - деп атап
өткен [1, б.157]. Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен
деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі
ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ шежірелерінің тарихи
мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен
шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу
– мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа
деңгейге көтеретін келелі мәселе.
Шежіренің негізгі мақсаты тарихи білім жүйесінде сақталатын дәстүрлі
мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-әлеуметтік, идеологиялық-
саяси сабақтастығын қаматамасыз ету. Осының барлығы ұлттық мәдениеттің
тұғыры болғандықтан, оны тұрақты қоғамдық институтқа айналдыру мақсатында
шежіре түсінігінің дәстүрі төңірегіне киелілік сипат ұғымы, ерекше
қасиеттеушілік берілгені де байқалады. Халықтың фольклорлық мұрасында
сақталған жеті атасын білген ер – жеті елдің қамын жер дейтіндей
әлеуметтік формулалар осының бір даналық айғағы. [2, б.6].
Халықтың тарихи мәліметтер зерттеушілер үшін құнды болуына қарай, әр
заман тарихнамашылары қазақтың тарихи фольклор деректерін қажетсінді. ХІХ
ғасырда Қазақ шежіресі атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған ірі ғалым
Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Шоқан бұл деректерді өзі ғана жинап қоймай,
сол кездегі қазақ ортасындағы көзі ашық, сауатты, қайраткер адамдарға да
аманат қылды. Кейін бүл мұралар Г. Потаниннің кітаптарында жарияланған. Ә.
Бөкейханның төрелер шежіресіне қатысты жинақтаған генеологиялық мәліметтері
бүгінгі күні де өзектілігі мен ғылыми-қолданбалы мағынасын жоғалтпаған.
[2,б.7].
Шежірелердегі тәңірлік дүниетаным белгілері де айрықша көрінеді.
Көнетүркілік салтты, оның наным-сенім, әдет-ғұрып, той-думан, жол-жоба
дәстүрлерін, жыр-өлең сипатында жалғасқан тарихи аңыздарын, әртүрлі уақытта
өткен жырау жырларын, салтанат пен әуенге деген құштарлығын, халық әдеті
мен билердің шешендік өнері мен билік айту өнегесі сияқты парасат, ақыл-ой
мұраларын сақтаушылары деп қазақтарды айту қажет - деп, кезінде Ш.
Уәлиханов ескерткен [3,б. 30].
Шежірелерді жиып отыру ортағасырлардан бері ел ортасынан шыққан атақты
адамдары айналысқаны осыдан байқалады. Әрине, алдымен бұл тектілерге тән
әулеттік әдет. Ш. Уәлиханов еңбектерінде Есім хан, Тәуке хан, Сәмеке мен
Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталғандығы шежірелер туралы айтылады.
Шежірелік жазбалар авторлары бар нақты тарихнамалық туынды белгілері
болғандықтан, бұларды шежірелік тарихнама ретінде қарастырылуы әбден дұрыс.

Тұрмыстық фольклор жанрына тән мақал-мәтел, бесік жыры, бата, беташар т.б.
сөз үлгілерін халық мәдениетін игерген кез келген адам біледі. Ән, әуен,
жыр, өлең – бұлар шежірелік деректі сақтау қызметін атқарушы дәстүр
тасымалдаушы құралы болып табылады. [3,б. 32].
Қазақ шежірелеріндегі "Қазақ түбі" мәліметтері қазақ руларының барлығы
ерте заманнан келе жатқан түрік жұрағаты десе, генеалогиялық жағынан оған
жатпайтын төре, қожа, төлеңгіттер қазақ құрамынан тыс айтылғандықтан да
кірме топтар қатарында есептеледі. Мұны Ш. Уәлиханов та мақаласында анық
көрсеткен. Қазақта "кірме" деген сөз бар. Ол сөздің мағынасы өз отанынан,
ата мекенінен, ру-тайпа ортасынан жақсы-жаман себептермен шығып кетіп,
өзге елге келген, сіңісіп кеткенге дейінгі адамдарды айтады - деп, шежіре
кірме ұғымына анықтама береді. Қазақ руларының ішінде өзара алмасқан аталар
да аз емес. [4,б. 220].
Шежірелерде осы сияқты тарихи-әлеуметтік құбылыстар түсіндіріліп
отырылды. Қазақ ортасында бір рудан басқа рудың құрамына ауысып жүрген
тұлғалар қай заманда болмасын көп болған. Жаңа рудың ішіне олар, әрине,
бала, ұл қатарында кіретін болған. Бұлар өз әулетін жоғалтпай, қожа, төре,
ноғай, татармыз деп өз үрдісін, тарихын, тегін жоғалтпай, сақтап қалуы
қайсарлығы, табандылығы, ұждандылығы деу қажет. Бар қасиеттерінің барлығы
да қазақ болып кеткендер - деп түсіндіреді Сондықтан қазақтың барлығы бір-
біріне қарға тамырлы қазақ болады. [5, б. 4.].
Сондай­ақ қазақ шежірелерінде қазақ хандары туралы деректер жинақы
түрде баяндалады. XVIII ғасырдың ауызша тарихи дәстүрі туындыларында қазақ
халқының жоңғар басқышыларына қарсы ұлт-азаттық күрес тарихы ерекше
суреттеледі. Бұл туралы Ш. Уәлиханов: Ата-бабаларының ерлігін жырлайтын
көне жыр-аңыздар жазу-сызуға түспей ауызша айтылып келуіне қарамастан,
шежіре сақтаушы жыршылардың суырып салма импровизаторлық ғажаб өнер
қабілеті мен халықтың тарихи өлең, дастан, ертегі, аңыз, әңгімелерге ден
қойып сүйіспеншілікпен тыңдауының арқасында ұзақ жылдар бойы ауыздан ауызға
айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып осы күнге дейін сол өзгермеген таза
қалпында сақталған, және жапан даланың әрбір шетінен хатқа түсірілген сол
мұралардың барлық көшірмелері өзара ұқсас келеді" – деп жазған [1,б.149].
Жыр дәстүрін атқарған қызметі жағынан шежірелік мұраға жатқызған өте дұрыс.
Жырау мен жыршы атқарған әлеуметтік-мәдени қызметті осы шежірелік жады мен
дәстүрлі тарихи сана арқылы іске асырған. Сол тарихи дәуір шындығын жырға
салған атақты Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Қожаберген, Үмбетей, Бұқар
сияқты тарихты шежіре еткен жыраулар болған.
Ш. Уәлиханов қазақтың әрбір текті ақсақалы өз руының шежіресін анық
біледі, деп айтқан [1,б.149]. Шоқан жазған шежірелік шығармалардың ең
әйгілісі – "Абылай", "Қырғыз рулары", "Ұлы жүз туралы", "Ұлы жүздің аңыз-
әпсаналары", "XVIII ғ. батырлар жыры" және т.б. Бұл еңбектерде Шоқан тек
қазақ емес, сондай-ақ жалпы түрік-моңғол жұртының тарихи жәдігерлері туралы
көп ізденген: яғни, олардың шығу тегі, тарихи деректері, мәдени
ерекшеліктері, тәңірлік түсініктері, бақсылық дәстүрі, ру құрылымы, халық
календары, хандары, космогониясы, наным-сенім жүйесі, қазақ ортасындағы
мұсылмандық құқық, шежірешілер, қария сөз, аңыздардың мазмұны, атақты
адамдары, рухани құндылықтары және т.б. өткір көп мәселелердің барлығының
басын қайырып, зейін қойып, тиянақты ізденген. [6,б. 30].
Cонымен, Шоқан жазбаларындағы тарихи дерек ретіндегі қазақтың түп
тамырын айғақтайтын шежірелік шығармаларының орны ерекше. Қорыта келгенде
Шоқан Уәлиханов бізге аса бағалы ғылыми мұра қалдырды, олар Қазақстан, Орта
және Орталық Азия халықтары тарихының, этнографиясының күрделі ғылыми
проблемаларын шешуге көмектескен бай мұра деп айтуға болады.

Әдебиеттер
1. Валиханов Ч. Киргизское родословие Собр. соч. в 5-ти томах. – А.,
1985. – Т.2. – С. 148-166.
2. Алпысбес М.А. Шежіре тарихи дерек көзі Қазақ тарихы. – 1999. - №2.
– Б. 6-10.
3. Алпысбес М.А. Қазақ түрік шежірелерінің зерттелуі Қазақ тарихы. –
2004. – № 4. – 30-34 бб.
4. Жақсыбайұлы Т. Шежіре. Қаракесек руына жататын Сарым еліндегі Өтеміс –
Тоқсан ұрпақтарынан тарайтын Тоқсары, Құлық, Құлсары, Қожақұл
ұрпақтарының шежіресі. Екінші кітап. – Қарағанды, 1999. – 356 б.
5. Алпысбес М.А. Шежірелік деректердің тарихи-генеалогиялық мәні және
қызметі Вестник СемГУ им. Шакарима. Научный журнал. – № 1. – 2007.
– 3-9 бб.
6. Тұяқбаев Р. Қазақ халқының ұлттық, рулық қалыптасу шежіресі. –
Көкшетау, 2003. – 291 б.

Ахмадиева Г.,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих мамандығының
магстранты

ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВТЫҢ ОТАН
ТАРИХЫНДА АЛАР ОРНЫ

Бәрімізге мәлім, қазақ елі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы бір жағынан
жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының
езгісінде болды. Еңбекші бұқараның жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр
уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар
олардың шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге
ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті.
Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары,
патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты,
қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы шаруа табынан, алдыңғы қатарлы
интелегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық
дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара
халықтың патшалық Ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы
әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың барлығы күшпен
басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының
мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы
қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлихановтың қазақ этникалық тарихына байланысты еңбектері
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Қазақ фольклортану ғылымындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Ғалым еңбектерін қарастыру
Орыс Географиялық Қоғамы
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Пәндер