Қазақстандағы шағын және орта бизнесті банктік несиелендіру


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ

БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУ

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту - кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, экономиканың қажетті элементіне айналады.

Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген [1] .

Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылып, табысты жұмыс жүргізуде [2] .

Олай болса мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағыттаған бүкіл күш-жігерінің таяудағы болашақта өз жемісін беретініне сеніммен қарауға болады.

Қазіргі еліміздің экономикасында болып жатқан үрдіс мемлекеттің саясатының жүзеге асып жатқанының айғағы болып табылады.

Осыған байланысты қазіргі уақытта кәсіпорындарда жасайтын адамдардың саны төмендегі өлшемдерге сай болады:

  • кіші кәсіпорындардың саны (50 адамнан) аспайтын;
  • орта кәсіпорын (250 адамнан) аспайтын.

ҚР 01. 01. 2008 жылға дейінгі тіркелген кәсіпорындардың саны 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте - Тіркелген кәсіпорындардың саны

Барлығы
Мемлекеттік
Жеке
Мемлекеттің қатысуымен
Біріккен кәсіпорындар
Шетелдік
: Қазақстан республикасы
Барлығы: 247930
Мемлекеттік: 28551
Жеке: 207067
Мемлекеттің қатысуымен: 840
Біріккен кәсіпорындар: 7935
Шетелдік: 12312
: Кіші
Барлығы: 233666
Мемлекеттік: 20455
Жеке: 201224
Мемлекеттің қатысуымен: 562
Біріккен кәсіпорындар: 7581
Шетелдік: 11987
: Орта
Барлығы: 12110
Мемлекеттік: 7269
Жеке: 4598
Мемлекеттің қатысуымен: 167
Біріккен кәсіпорындар: 247
Шетелдік: 243
: Көзі: Статистикалық жылнама - 01. 01. 2008.

Кіші кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 94 пайызын орта кәсіпорындар 5 пайызын, тек бір пайызын ғана ірі кәсіпорындар құрайды.

Кәсіпкерліктің даму бағыты әр түрлі болып келеді. Қазақстанда қазіргі уақытта кәсіпкерлік нысандардың қарқынды өсуі байқалуда. Атап айтсақ, Қазақстандағы кәсіпкерліктің барлық нысандарының саны 2004 жылдың 1-қаңтарында 190045 болса, 2007 жылдың 1 қарашасында 226908 болып, яғни екі жылға жетпейтін уақытта кәсіпкерліктің барлық нысаныы 23% артқан [3] .

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті жан-жақты қаржылық-несиелік қолдау мемлекет, арнаулы несиелік бірлестіктер және коммерциялық банктер тарапынан жүргізіліп отыр. Осыған байланысты 2002-2007 жылдардағы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктермен экономиканы және шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруіне талдау жүргізейік. Соңғы жылдары екінші денгейлі банктермен (ЕДБ) несиелендіру көлемі байқалды.

1-сурет Экономика мен ШОБ-ті ЕДБ-мен несиелендіріу көлемі, млрд. теңге

1-суретте көрсетілгендей, 01. 01. 2008 жылдағы жағдай бойынша ел экономикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелер көлемі 7258 млрд. теңгені құрады.

Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелер үлесі экономикадағы несиелердің ішінен 2005 жылдан бастап өсу тенденциясы байқалды. Егер несиелендіру 16 % құраса, 2007 жылы 25 %-ға дейін өсті.

2007 жылы АҚШ-ғы ипотекалық дағдарысқа байланысты Қазақстанның екінші деңгейлі банктері жалпы несиелендіру көлемін күрт төмендетті және ШОБ-ті несиелендіру көлемі де қысқарды.

2-сурет - ЕДБ несиелер көлемінің өсу қарқыны, %

2-суретті қарастыратын болсақ, экономикадағы екінші деңгейлі банктер несиелерінің өсу қарқыны 2005 жылы өзінің өсу шыңына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 119 % құрады, ал 2006 жылы - 89%-ға дейін, 2007 жылы 20 %-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелер үлесі экономикадағы несиелердің ішінен 2005 жылдан бастап өсу тенденциясы байқалды. Егер несиелендіру 16 % құраса, 2007 жылы 25 %-ға дейін өсті. Осы жылдарда екінші деңгейлі бантердің ШОБ-ті несиелендіру көлемі мемлекеттік қаржылық қолдаудың көлемінен жоғары.

Егер екінші деңгейлі банктер ШОБ несиелер қоржынының өсу қарқыны 2006 жылға дейін жылына орташа 100 % өсім болса, ал 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 % төмендеген (2006 жылы несиелер көлемінің өсімі 115 % құраса, 2007 жылы 65 % құрады) .

АҚШ-тың ипотекалық дағдарысы Қазақстанның екінші деңгейлі банктердің несиелендіру көлеміне әсер етпеген жағдайда ШОБ несиелендіру көлемі 2007 жылы 1784 млрд. теңге құрар еді немесе 14, 7 млрд. АҚШ доллары. Ал қалыптасқан жағдай бойынша оның деңгейі - 1461 млрд. теңге немесе 12 млрд. теңге. Бұдан көретініміз 2007 жылдың соңғы тоқсаны ШОБ субъектілерінің 323 млрд. теңге немесе 2, 6 млрд. АҚШ долларға тең несиелік ресурсқа сұранысын қанағаттандырмады. Сол уақытта Қазақстанның кәсіпкерлер Форумы мен көптеген шағын және орта бизнес субъектілерінің Қазақстан Респуликасының Үкіметіне 09. 10. 2007 жылы хат жолдауы 2007 жылдың 4-тоқсанында шағын және орта бизнесті қолдауға 10-15 млрд. теңге АҚШ долларын экономикаға тезірек құю қажет болды.

Шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктердің несиелер соңғы бес жылда қаражатының салаларда орналасуын келесідей динамикадан көруге болады:

1. Сауда - өзгеріссіз - 40 %;

2. Көлік және байланыс - жылына 1 % өсу байқалады және 2007 жылы 4 % құраған;

3. Құрлыс - жылына 4 % өсім байқалды, 2007 жылы 21 % құрады;

4. Өндіріс - жылына орта есеппен 2 % төмендеп, 2003 жылды 2007 жылмен салыстырғанда оның үлесі 15 %-дан 7 %-ға төмендеген.

5. Ауыл шаруашылығы - жылына 2 % төмендеген, 2003 жылмен 2007 жылды салыстырғанда 15 %-8 % дейін төмендеген.

Қалыптасқан жағдайға байланысты ШОБ үшін несие ресурстарының салаларда орналасуы 2007 жылы ШОБ үшін коммерциялық банктердің барлық несиелерінен өндірісті дамытуға 7 % үлесі келеді. Бұл жағдайда 2008 жылы өндіріс сферасындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне шамамен 168, 5 млрд. теңге немесе 1, 4 млрд. АҚШ доллары қажет, олардың ішінде 30 % тамақ өндірісін қаржыландыру керек.

Басқа салаларды қолдау үшін 30 млрд. теңге қажет, ол ауыл шаруашылығы, көлік, қызмет көрсетудегі шағын және орта бизнесті дамытады [4] .

Ойымызды қорытындылай келе шағын және орта бизнесті жетілдіруге мынадай ұсыныстар келтіруге болады:

  • жоспарлы түрде және заң жүзіндегі қазір күшінде тұрған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы - орта тапты нығайту қажет;
  • банктегі шағын және орта бизнес менеджерлерінің біліктілігіне әлемдік деңгейдегі талап стандартын еңгізу;
  • банктен несие алғанда шағын және орта кәсіпорындарға кепілдік беретін мемлекет қаражатынан құрылған арнайы қаржылық қорларды ұйымдастыру;
  • банктен несие алу барысында шағын және орта бизнес субъектілері кепілдік ретінде қоймадағы өнімді және айналымдағы қаражатын ұсынуды қарастыру;
  • шағын және орта бизнесті несиелендіруде кепілдік талабы бойынша банктің ішкі заңын дамытуда мемлекет тарапынан реттеуді жетілдіру;
  • мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді шешуі тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін жетілдіру
Шағын және орта бизнеске несие беру
«ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
Кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету анализі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Банктің коммерциялық қызметті несиелеу ерекшеліктері
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz