Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру кезіндегі бидай өндірісінің аспектілері



1 Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары
2 Бидай өндірісі мен тұтынысының әлемдік балансы
Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сәйкес мемлекеттің аграрлық саясатының басым бағыттарын анықтау бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеудің маңызды аспектісі болып табылады.
Бұл табысты әрекет етуші және әлемдік сауданы либерализациялаудың тиімді механизмін, сонымен қатар экономикалық қарым-қатынас жүйесін жүзеге асырушы халықаралық ұйым.
Бұл жағдай халықаралық нарықтарда елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Әлемдік статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта осы ұйымға мүше елдер болып 153 ел табылады, немесе әлемнің барлық елдерінің жалпы санының 78 %.
Олардың көпшілігінің, 140 елден астамы Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатынын атап кеткен жөн.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруді әлемдік экономикаға интеграциялау үшін алғышарт ретінде қарастыру керек.
Сондықтан, Қазақстанның аграрлық саясатының басты бағыты болып сапалық дамуды және аграрлық өсудің жаңа бағыттарын құруды қамтамасыз етуі тиіс ауыл шаруашылық өндірісін модернизациялау табылады [1].
Барлық әлемдік бірлестік үшін бірдей «ойын ережесін» қабылдау кәсіпкерлердің іс-қызметіне жедел позитивті күшті әсер, қолайлы инвестициялық климат береді, ал мұның барлығы ауыл шаруашылық өндірісінде реформаны аяқтауға жағдай жасайды.
1. Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения. Монография. / Под науч. ред. д.э.н., проф., академика НИА РК О. Сабдена – Алматы : Экономика. – 2007. – 175 с.
2. Прогноз мирового баланса производства и потребления зерна в текущем 2008/2009 маркетинговом году. Продовольственная и сельскохозяйственная организация – Информация ФАО, сайт в Интернете, www. FAO. marketing wheat crop. edu. com.
3. Программа первоочередных мер на 2006-2008 годы по реализации Концепции устойчивого развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2006-2010 гг. – Алматы: 2006. – 40 с.
4. Есполов, Т. И. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними рынками / Т. И. Есполов, Р. Ю. Куватов и др. – Алматы : Экономика. – 2004. – 598 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру кезіндегі бидай өндірісінің аспектілері

Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сәйкес мемлекеттің аграрлық саясатының басым бағыттарын анықтау бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеудің маңызды аспектісі болып табылады.
Бұл табысты әрекет етуші және әлемдік сауданы либерализациялаудың тиімді механизмін, сонымен қатар экономикалық қарым-қатынас жүйесін жүзеге асырушы халықаралық ұйым.
Бұл жағдай халықаралық нарықтарда елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Әлемдік статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта осы ұйымға мүше елдер болып 153 ел табылады, немесе әлемнің барлық елдерінің жалпы санының 78 %.
Олардың көпшілігінің, 140 елден астамы Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатынын атап кеткен жөн.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруді әлемдік экономикаға интеграциялау үшін алғышарт ретінде қарастыру керек.
Сондықтан, Қазақстанның аграрлық саясатының басты бағыты болып сапалық дамуды және аграрлық өсудің жаңа бағыттарын құруды қамтамасыз етуі тиіс ауыл шаруашылық өндірісін модернизациялау табылады [1].
Барлық әлемдік бірлестік үшін бірдей ойын ережесін қабылдау кәсіпкерлердің іс-қызметіне жедел позитивті күшті әсер, қолайлы инвестициялық климат береді, ал мұның барлығы ауыл шаруашылық өндірісінде реформаны аяқтауға жағдай жасайды.
Барлығымыз білетіндей, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруші елдер отандық ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың келесідей шараларын таңдай алады (кесте 1).
Тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың алғашқы екі түрі халықаралық аграрлық нарықта өнім ұсынысының өсуіне әсер етпейтіндіктен, және сәйкесінше осы елге импорттық тапсырыстар көлемін қысқартпайтындықтан, елдің БСҰ-на кіруі кезінде оларды қысқарту міндетті емес.
Дамушы елдер үшін инвестициялық субсидияларды және материалдық-техникалық құралдарды сатып алу үшін шығындарды бөлшектеп өтеуді қамтитын қолдаудың арнайы және дифференциацияланған режимінің шаралары қарастырылған.

1-Кесте - Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік
қолдау шаралары

Көгілдір кәрзеңке шаралары
(blue box policies)
Жасыл кәрзеңке шаралары
(green box policies)
Сары кәрзеңке шаралары
(amber box policies)

Өндіріс көлемін шектеу нәтижесінде тауар өндірушілердің жоғалтқан табыстарын мемлекет тарапынан өтеу

Тұқым шаруашылығын және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, ҒЗТКЖ, қоршаған ортаны қорғауға дотациялар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмысшыларын оқыту және біліктіліктерін арттыру, олардың зейнет ақымен қамтамасыздандырылуын жақсарту

Өнімділікті сақтандыру мұқтаждықтарына, жолдар құрылысына және ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның басқа да элементтеріне, сонымен қатар аймақты дамытуға дотациялар

Неғұрлым сезімтал елдер үшін сары кәрзеңке шаралары табылады.
Оның жеткіліксіз толуы құрамына Қазақстан Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы (нетто-импорттаушы) және басқа да елдер кіретін импорттаушы-мемлекеттердің ұлттық азық-түлік қауіпсіздік деңгейінің төмендеуінен тікелей байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін ауыл шаруашылық азық-түлік ұйымы ағымдағы 20082009 маркетингтік жылдағы бидай дәнінің өндірісі мен тұтынысының әлемдік балансының болжамын жариялады [2].
Болжам мәліметтерінен әлемде дән өндірісі рекордтық мөлшер - 2192 млн.тоннаға жететіні, яғни өткен 2007 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға артық болатыны белгілі.
Дәнді дақылдар арасында неғұрлым жоғары өсім бидай өндірісі бойынша күтілуде. Қазақстанда ағымдағы маусымдағы сатып алу және нарықтық бағалардың жоғары болуы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін егіс аудандарын кеңейтуге ынталандырғаны жалпыға аян.
Нарықта дән ұсынысының өсуі әлемдік бағаларды бәсеңдетеді, бірақ бағалардың өте төмендеуін күтпеген дұрыс.
Бидай өндірісі өткен 2007 жылғы рекордты басып озады және 658 млн.тоннаға жетеді (кесте 2).
Көріп отырғанымыздай, бидайды әлемдік тұтыну шамамен 17 млн.тоннаға артып, 634,8 млн.тоннаға жетеді.
Ол 20042005 маркетингтік жылдан бергі соңғы үш жылда алғаш рет шұғыл өсуді білдіреді.
Қазақстан үшін бидай стратегиялық тауар болып табылатындықтан, бидай өндірісінің өте тиімді екенін және отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау қажеттігін талап ететінін жүргізілген талдау мен болжам көрсетіп отыр.
Осыған байланысты, дән өндірісінің тиімділігін жоғарылату Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі алдында ауыл шаруашылығы үшін басты міндет болып табылады [3].
Мысалы, сала өнімділігінің маңызды көрсеткіші болып ауыл шаруашылығының жалпы өнімі табылады.
Ол республикада 2002 жылдан бері шамамен 2 есеге өсті, бұл әсіресе рекордтық көрсеткіш 22 миллион тоннаға жеткен жалпы дән өндірісінен ерекше байқалады.
Экономиканың аграрлық саласына салынған отандық және шетелдік инвестициялар 3 еседен артық көлемге көбейді.
Осылардың барлығы ауылдарды дамыту бағдарламасының (2003-2005 жылдар) нәтижесінде мүмкін болды.

2-Кесте - Бидай өндірісі мен тұтынысының әлемдік балансы, млн. тонна
Көрсеткіштер
20062007 маркетинг жылы
20072008 маркетинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
Сауда саясатының теориялық негіздері
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
ДСҰ міндеттері
Пәндер