Ірі қараның пастереллезіне қарсы поливаленттік вакцинаның иммуногендігін және иммуногендік коэффициентін анықтау нәтижелері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ірі қараның пастереллезіне қарсы поливаленттік

Вакцинаның иммуногендігін және иммуногендік коэффициентін анықтау нәтижелері

Пастерелла мультоциданың иммуногендік қасиеттері аз зерттелінгендіктен, пастереллезге қарсы арнайы сақтандыру жұмыстары да аяқталынбаған болып саналынады. Пастерелла штамдарынан дайындалған антигендер мен вакциналардың иммуногендік белсенділігін анықтаудың негізгі тәсілі - биологиялық сынама. Вакциндік профилактиканың нәтижелілігі пастереллалардың далалық және өндірістік штамдарының капсулалық және соматикалық антигендер бойынша сәйкес келуіне байланысты [1] . Бірақта, пастерелланың туыстас штамдары иммуногендігі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді [2] . Бұл ерекшелікке әлі күнге дейін толық түсіндірме берілмегендіктен, пастереллез қоздырғышының иммуногендігін зерттеу сұрақтары өзекті де күрделі мәселелердің қатарына жатады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсатының бірі пастерелла мультоциданың 97-А (А серологиялық түрі), 96-В (В серологиялық түрі) және 97-Д (Д серологиялық түрі) штамдарынан дайындалған вакцинаның тәжірибелік үлгілерінің иммуногендігін ақ тышқандар мен үй қояндарында анықтау болды.

Тәжірибеде салмақтары 18-20 г ақ тышқандар және 2, 5-3, 0 кг болатын шиншилла тұқымының үй қояндары пайдаланылды. Зертханалық жануарларды үш топқа бөлдік: біреуі-бақылау, екеуі-тәжірибелік.

Бірінші топтағы ақ тышқандар мен үй қояндарына ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульсияланған формолвакцинаны ендірілді.

Екінші тәжірибелік топтағы ақ тышқандар мен үй қояндары 97-А, 96-В және 97-Д (Д серологиялық түрі) штамдарынан дайындалған ірі қара пастереллезіне қарсы инактивтелген вакцинамен егілді.

Үшінші, (бақылау) топтағы ақ тышқандар мен үй қояндарына вакцина ендірілген жоқ.

Вакциналаудан кейін он бес күннен соң тәжірибедегі барлық жануарлардың қандарының сарысуларын тікелей емес гемагглютинация реакциясында тексердік. Тәжірибенің 21-ші күнінде зертханалық жануарларға тәжірибе жүзінде ауру жұқтырылып, аурудан кейін сойылған жануарлардың ішкі паренхималық мүшелері мен лимфа түйіндерін бактериологиялық зерттеуден өткіздік.

Ақ тышқандарға және үй қояндарына қойылған тәжірибе нәтижелері 1-ші және 2-ші кестелерде берілді.

Кесте 1 - Пастереллезге қарсы әртүрлі вакциналар ендірілген ақ тышқандардың антидене титрлері және иммуногендік коэффициенттері (ТЕГАР)

Ендірілген вакциналар (топтың нөмірі)

Реакция нәтижелері

Қан сарысуының сұйылтымдары

Иммуногендік коэффициенті

1:80
1:160
1:320
1:640
1:1280
1:2560
1:5120
Ендірілген вакциналар (топтың нөмірі):

1-ші топ

Іірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульсияланған формолвакцина

Реакция нәтижелері:

1 +

2 +

3 +

4 +

Қан сарысуының сұйылтымдары:

-

-

-

20/20

Иммуногендік коэффициенті:

-

4/20

15/20

-

4/20

7/20

9/20

-

9/20

10/20

-

-

10/20

-

-

-

-

-

-

-

-

-
-

-

10, 85
Ендірілген вакциналар (топтың нөмірі):

2-ші топ

97-А, 96-В және 97-Д инактивтелінген штамдарынан дайындалған вакцина

Реакция нәтижелері:

1 +

2 +

3 +

4 +

Қан сарысуының сұйылтымдары:

-

-

-

20/20

Иммуногендік коэффициенті:

-

3/20

16/20

-

-

1/20

19/20

-

-

2/20

18/20

-

-

10/20

10/20

-

20/20

-

-

-

-

-
-

-

16, 05
Ендірілген вакциналар (топтың нөмірі):

3-ші топ

Бақылау

Реакция нәтижелері:

1 +

2 +

3 +

4 +

Қан сарысуының сұйылтымдары: 0
Иммуногендік коэффициенті: 0
0
0
0
0
0
0

Алынған нәтижелер екінші топтағы ақ тышқандардың иммунды жауабы бірінші топпен салыстырғанда едәуір жоғары болатындығын көрсетті.

Екінші тәжірибелік топтағы жануарлардағы иммуногендік коэффициент бірінші топпен салыстырғанда 5, 2 % және 4, 5 %-ға артық, немесе сәйкесінше 16, 05 % және 10, 85 %; 18, 10 % және 13, 60 %.

Екі биологиялық препараттың иммуногендік нәтижелілігінің коэффициенттері сәйкесінше 75-80 % және 95-100 % құрады.

Осы кестелерде берілген мәліметтерден, барлық зерттелінген көрсеткіштердің арасында коррелятивтік байланыс бар екендігін байқауға болады.

Иммуногендік коэффициент пен иммунологиялық нәтижелілік сияқты иммуногендік жауап көрсеткіштері ақ тышқандармен салыстырғанда үй қояндарында айқын байқалынды.

Кесте 2 - Пастереллезге қарсы әртүрлі вакциналар ендірілген үй қояндарының антидене титрлері және иммуногендік коэффициенттері (ТЕГАР)

Ендірілген вакциналар

(топтың нөмірі)

Реакция нәтижелері

Қан сарысуының сұйылтымдары

Иммуногендік коэффициенті

1:80
1:160
1:320
1:640
1:1280
1:2560
1:5120
Ендірілген вакциналар(топтың нөмірі):

1-ші топ

Іірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульсияланған формолвакцина

Реакция нәтижелері:

1 +

2 +

3 +

4 +

Қан сарысуының сұйылтымдары:

-

-

-

10/10

Иммуногендік коэффициенті:

-

-

2/10

8/10

-

2/10

7/10

1/10

3/10

7/10

-

-

8/10

2/10

-

-

0/10

-

-

-

0/10

-
-

-

13, 60
Ендірілген вакциналар(топтың нөмірі):

2-ші топ

97-А, 96-В және 97-Д инактивтелінген штамдарынан дайындалған вакцина

Реакция нәтижелері:

1 +

2 +

3 +

4 +

Қан сарысуының сұйылтымдары:

-

-

-

10/10

Иммуногендік коэффициенті:

-

-

-

10/10

-

-

4/10

6/10

-

3/10

6/10

-

-

5/10

5/10

-

10/10

-

-

-

10/10

-

-
-

18, 10
Ендірілген вакциналар(топтың нөмірі):

3-ші топ

Бақылау

Реакция нәтижелері:

1 +

2 +

3 +

4 +

Қан сарысуының сұйылтымдары: 0
Иммуногендік коэффициенті: 0
0
0
0
0
0
0

Мысалы, 2-ші кестедегі келтірілген мәліметтерге сәйкес, екінші топтағы үй қояндарында иммуногендік коэффициент осы топтағы ақ тышқандармен салыстырғанда 2, 05 %; ал бірінші топтағы үй қояндарында 2, 75 %-ға артық болды.

Тәжірибе нәтижелерін талдай отырып, 97-А, 96-В және 97-Д штамдарынан дайындалған инактивтелген вакцинаның иммуногендігі ірі қара, қодас және қойлардың пастереллезіне қарсы эмульсияланған формолвакцинадан жоғары деп қорытынды жасауға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Каширин, В. В. Иммуногенные свойства штаммов Pasteurella multocida / В. В. Каширин // Ветеринария - 1995 - №10 - С. 25-28

2. Борисенкова, А. Н. Изучение иммунохимических свойств штаммов пастерелл / А. Н. Борисенкова // Сб. Тр. ВНИИБП - 1971. - Вып. 7 (18) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой қылауы мен пастереллез ауруының таралуы
Иммунологияның негізгі қағидалары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар.2)Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Тірі вакцина түсінігі
Иммуногендер мен вакциналардың биотехнологиясы
Ісік жасушалары негізіндегі вакциналар
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы туралы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы
Құлындардың өлі туылуының бір себебі жылқы сальмонеллезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz