ГМО қосылған тағам өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиян



Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Гендік-модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді, оларды зиянкестер де жей алмайды және олар климат талғамайды, қуаңшылық немесе суық аймақтарда да өсе береді. Гендік инженерияның соңғы жетістігі арқасында жылма-жыл азық-түліктік көкөністердің жоғары өнімін алып отыруға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан дүние жүзінің көптеген өркениетті мемлекеттерінде ГМО өндіру бұрынырақ қолға алынып, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан. Сонымен қатар, ГМО өнімдер қазіргі таңда азық-түлік өндірумен қатар, дәрі-дәрмек өндіру үшін де қолданылып отыр. Гендік инженерияның дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор. Оның көмегімен ерекше аминқышқылдарды жинақтай алатын жаңа организмдер өндіріліп, дәрі-дәрмек өндіруде жаңа әдіс технологиясы дами бастады. Бірақ, ғалымдарды ГМО қосылған тағам өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиянды жақтары алаңдатып отыр, денсаулыққа зиянды әсері бар екендігі туралы ақпарат күннен-күнге жаңа мәлімдемелермен толығып, кері әсерлері дәлелденіп, көптеген мемлекеттер гендік инженерияның соңғы жетістіктерін тағамға пайдаланудан бас тарта бастады. Бүгінгі таңда трансгенді организмдер адамзатқа, қоршаған ортаға тигізетін зардабының дәрежесі бойынша химиялық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды басып озып отыр.
1. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски //Человек, 2002, №5, с.158-164
2. Поморцев А. Мутации и мутанты//Fакел, 2003,№1, с.12-15
3. «Токсикологическая химия» Учебное пособие для ВУЗов. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. 1008 с. Глава-11. Биологическая опасность и биологический терроризм.
4. Чечилова С. Трансгенная пища.// Здоровье, 2000, №6, с.20-23
5. http://web.a.ebscohost.com/ehost/detail?sid=225c28d9-e49d-40dc-ac90-5e096e667de1@sessionmgr4004&vid=1&hid=4206&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ==#db=aph&AN=89345868
6. http://web.a.ebscohost.com/ehost/detail?sid=047b4df1-373d-45a4-886c-b2ff87115d95@sessionmgr4002&vid=1&hid=4206&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ==#db=afh&AN=92653949
7. http://web.a.ebscohost.com/ehost/detail?sid=7390b37e-eb68-4211-930d-5913d210ea9d@sessionmgr4003&vid=1&hid=4206&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ==#db=afh&AN=90473597
8. http://web.a.ebscohost.com/ehost/detail?sid=5f94cc3c-6654-4f7f-a5db-895565d9b7ad@sessionmgr4005&vid=1&hid=4206&bdata=JnNpdGU9ZWhvc3QtbGl2ZQ==#db=afh&AN=93982583
9. http://www.akorda.kz/kz/page/page_215738_poslanie-glavy-gosudarstva-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana
10. http://www.zhardem.kz/news/1314958597.html
11. http://www.katrenstyle.ru/zdorovie/gmo-za-i-protiv-trekh-bukv
12. http://igiuv.ru/narodnaya-mediczina/991-gmo-za-i-protiv.html
13. http://www.glavrecept.ru/statji/ugolok-potrebitelya/geneticheski-modificirovannye-produkty/
14. http://www.pravda.ru/science/planet/environment/29-04-2010/1029588-gmo-0/
15. http://www.novayagazeta.ru/society/41123.html

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар
Жасыл экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын.
Н.Ә.Назарбаев
Гендік-модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді, оларды зиянкестер де жей алмайды және олар климат талғамайды, қуаңшылық немесе суық аймақтарда да өсе береді. Гендік инженерияның соңғы жетістігі арқасында жылма-жыл азық-түліктік көкөністердің жоғары өнімін алып отыруға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан дүние жүзінің көптеген өркениетті мемлекеттерінде ГМО өндіру бұрынырақ қолға алынып, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан. Сонымен қатар, ГМО өнімдер қазіргі таңда азық-түлік өндірумен қатар, дәрі-дәрмек өндіру үшін де қолданылып отыр. Гендік инженерияның дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор. Оның көмегімен ерекше аминқышқылдарды жинақтай алатын жаңа организмдер өндіріліп, дәрі-дәрмек өндіруде жаңа әдіс технологиясы дами бастады. Бірақ, ғалымдарды ГМО қосылған тағам өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиянды жақтары алаңдатып отыр, денсаулыққа зиянды әсері бар екендігі туралы ақпарат күннен-күнге жаңа мәлімдемелермен толығып, кері әсерлері дәлелденіп, көптеген мемлекеттер гендік инженерияның соңғы жетістіктерін тағамға пайдаланудан бас тарта бастады. Бүгінгі таңда трансгенді организмдер адамзатқа, қоршаған ортаға тигізетін зардабының дәрежесі бойынша химиялық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды басып озып отыр. Бүгінде әлем екі лагерге бөлініп отыр: гендік және молекулалық технологияларды меңгерген дамыған мемлекеттер және ғылыми-техникалық прогресс жетілмеген дамушы елдер. Осыдан келіп гендік және молекулалық технологияларды меңгерген мемлекеттер - экспериментаторлар болса, дамымаған елдер олардың қолында тәжірибеге арналған нысанға айналып отыр. Көптеген өркениетті мемлекеттер генетикалық модификацияланған организмдерден бас тартып, олардан азат болуды жөн көреді. Ал Қазақстан қай жолды таңдамақ? Қазақстанда ел аумағында гендік- модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау жөнінде заң жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым министрлігі құрды. Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тосқауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық-түлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Дегенмен, генетикалық ақпаратты өзгерту түрлердің сақталуы мен белгілердің өзгеріске ұшырамай беріліп отыру заңдылығына қарама-қайшы келетіндіктен, оның салдары қандай болатынын болжап айту қиын. Әйтеуір гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екені аян.
Ақпаратты жеткізу әдістері: ғылыми баяндамалар, оқулықтар, газет-журналдар, веб-сайттар.

Негізгі бөлім
Трансгендер -- генетикалық материалы жасанды жолмен өзгертілген организмдер. Ең алғаш рет 1973 жылы американдық ғалымдар ішек таяқшасының гендік- модификацияланған түрін алған. Бүгінде гендік-модификацияланған организмдер тек өсімдіктер мен жануарлар емес, сонымен қатар бактериялар болып табылады. 1978 жылы ең алғаш рет трансгенді адам инсулині алынды, гендік-модификация технологиясы фармацевтикада дәрілік препараттар өндіру үшін кеңінен қолданыла бастады. 1985 жылы ең алғашқы ГМ-өсімдік - темекі алынды. Соңғы жылдары дүние жүзінде гендік модификацияға ұшыратылған организмдер тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулер үшін және медицинада кеңінен қолданыла бастады. Соңғы мәліметтерден мемлекеттер мен континенттер бойынша ГМО таралу дәрежесі: Африка континенті түгел қамтылған (кейбір ең кедей мемлекеттері ГМО өнімдерін әкелуге 8 жылдан бері тиым салып отыр). АҚШ пен Канада: тағам өнімдерінде ГМО қолданғандығы туралы маркировка міндетті емес. Американың дәрілік заттар мен тағам өнімдерін бақылау бойынша федералдық әкімділігі (FDA) трансгендерді қолдануға, соның ішінде медициналық мақсаттар үшін, рұхсат беріп отыр. Еуроодақ: Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Еуропалық басқарушы ұйымының тұжырымына сүйенсек - генетикалық модификацияланған жануарлардың еті мен сүтін тағамға пайдалану қауіпсіз. Бірақ еуропа елдерінің бір бөлігі генетикалық модификацияланған организмдерден бас тарту жолына түсіп отыр. Мысалы, Австрия ГМО толық бас тартып отырған мемлекет, мұнда трансгенді өсімдіктерді өсіруге де тиым салынған. Осындай заң Греция, Польша және Швейцарияда қабылданған. Испания мен еуропаның басқа көптеген елдерінде өздерін ГМО өнімдерінен бос, еркін екенін жариялап отырған аудандары бар. Австралия және Жаңа Зеландия: ГМО өнімдерінен бос, еркін бірнеше аймақ бар, оларды өсіруге рұхсат етілген және одан өндірілген тағамға маркировка қойылмайды. Ал Қазақстанда осы мәселе қандай шешімін тапты? Бұған елімізде трансгендік организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы себеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбгейлі тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін ғылыми дәйегі бар дәлелдемелер келтіріліп, ГМО қауіптілігі жан-жақты сарапқа салынуы тиіс. Дәлелдемелер мен арнайы сараптамалық құжатты импорттаушы немесе өндіруші ұсынуы тиіс. Елімізде өндірушінің өнімі түбегейлі тексерістен өткізілуі тиіс. Алайда адам ағзасы ГМО құрамының зияндылығы бар-жоғын қадағалайтын лабораторияның жоқтығы бұл істе қолды байлауы мүмкін дейді мамандар. Дегенмен әр мәселенің оң және теріс жақтары болады.
Гендік модификацияланған өсімдіктерді химиялық улар: гербицид, пестицид, инсектицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды қолданбай-ақ өсіруге болады. Себебі, бұл организмдер құрғақшылыққа, суыққа шыдамды және зиянкестер олардың өнімділігіне әсер ете алмайды. Егер адамзат бүгінде ГМ- организмдерді өсіруден бас тартса, онда пестицидтер, гербицидтер және басқа улы химикаттарға қайта оралуға тура келеді.
Бұрынғы Кеңес дәуірі кезінде азық-түлік бағдарламаларын жоспардан тыс орындау мақсатында егіс алқаптарына, бау-бақшаларға улы дәрілер: пестицидтер ешғандай бақылаусыз себілген. Оның салдарынан топырақ улы химикаттармен ластанған, топырақта өскен жеміс-жидектерде тыңайтқыштар мен пестицидтердің мөлшері артып, тұтынған халық арасында улану жағдайлары көбейіп кеткен және өзекті мәселеге айналған. ГМО тыңайтқышсыз жоғары өнім бере алады.
Гендік инженерия медицина, ауылшаруашылығы салаларында пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі, өйткені климаттық жағдайы нашар аумақтарда да егіннің мол шығуына құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер түрлерін өсіруге мүмкіндік туғызады. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде дәрі-дәрмек, азық-түлікті молынан өндіру үшін генді-модификацияланған организмдерді көптеп өсіріп, оларды тамақ өнімдерін, дәрілік заттар өндіру үшін барған сайын кеңірек қолдана бастады.
Жер бетінде халықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сондықтан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып отыр. ГМО-өнімдері ғаламшарымызды ашаршылықтан сақтайды. Себебі, гендік модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді және климаттың ерекшеліктері де олардың өнімінің жоғары болуына әсер ете алмайды, ал керісінше, гендік модификацияға ұшырамаған өсімдіктер климаттың өзгерісіне сезімтал болғандықтан, қаншама халықтар кейбір ауа райының қолайсыз болған жылдары небір аштықты басынан өткізіп, тіпті қырылып қалып отырғаны тарихтан мәлім.
Алғашында ГМО өнімдерін ғаламшарымызды мекендейтін халықтарды ашаршылық қаупінен сақтау мақсатында өндіре бастаған. Ғалымдардың айтуы бойынша халықтар санының өсу қарқынында тек ГМО өнімдері ғана әлемді аштық пен жұттан сақтап қала алады, себебі гендік-модификация арқылы тағамның шығымы мен сапасын арттыруға болады. Сондықтан, ГМО өнімдері Африканың кейбір ең кедей деген елдеріне жіберілген, соңынан әлемнің барлық дамушы елдеріне таралды.
Тарихи деректер бойынша талай халықтар түрлі себептермен небір ашаршылықтарды басынан өткізген. Мысалы, Германияда 1939 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін химиялық тыңайтқыштарды қолданбай, тек табиғи компост, органикалық тыңайтқыштарды ғана қолданып өсіру туралы үкімге қол қойылған еді, Үшінші Рейхтың эксперименті сәтсіз болып шығып, Германияда ашаршылық басталған болатын. Ал қазіргі кезде генетикалық модификацияланған организмдер бұл химиялық тыңайтқыштарсыз өсе береді.
Сондықтан, әлем халықтарын ашаршылықтан аман алып қалу жолы біреу: гендік модификацияланған өсімдіктерді өсіру.
ГМО-өнімдері аллергия және ісік ауруларын тудырады. Себебі, генетикалық коды өзгертілген организмдер клеткаларында ақуыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
Трансгенді ағзалар
Ген инженериясының кезеңдері
Гендік модифицирленген ағзалардың биоқауіпсіздігі
Биотехнология және генетикалық инженерия
Трансгенді өнімдер
Органикалық ауыл шаруашылығы
Генетикалық модифицерленген азық
Экологиялық генетика пәнінен лекциялар
Қазақстандағы қолданыстағы ГМО өнімдеріне көзқарастар
Пәндер