Ежелгі Грекия мен Рим тарихнамасы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Көне грек тарихнамасы
2. 2 Рим тарихнамасы
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (көне, ежелгі) » деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Грек қоғамы және мәдениетінің, өндірісі мен өнерінің қалыптасу кезеңдері, саяси-экономикалық, әлеуметтік және дүниетанымдық шарттары. Мәдениет ошақтары. Полис-мемлекеттегі мәдениеттің деңгейі. Билік түрлері және ел басқару мәдениеті. Антика дәуіріндегі материалдық және рухани мәдениеттің арақатынасы. Мәдениеттің дамуына ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы. Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. “Антик - (көне, ежелгі) ” деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді итальян ойшыл - гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні “ежелгі”, “көне”, “қадым заман” мағынасын беретін “антиквос” деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттерінің мол, мәдени мұрасы еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.
“Көне”, “қадым заман” мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін “Эллиндер”; ал өз елдерін “Эллада” деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V - ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды.
2. 1 Көне грек тарихнамасы
Алғашқы кезде тарих көркем прозаның жанры ғана болды. Оның пайда болған жері - грек мәдениетінің орталығы кіші азиялық Иония, яғни Милет. Логогра́фтар (грек сөзі логос - сөз, графо - жазамын) деп аталатын бұл топ екі бағытқа бөлінді. Бірі - тарихшылар, екіншілері - сөз жазатындар. Бұлардың екі дәуірінің болғандығы белгілі. Аға ұрпағы - ҮІ-Ү ғасырлардың алғашқы жартысы. Кадм Милетский, Гекатей Милеский, Скилак.
Бүгінгі ғылымға белгілі ең алғашқы жазушы әрі әдебиетші - Кіші Азиядағы Милет қаласының тұрғыны Пандион баласы Кадм. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ ғасырдың басында дүниеге келген. Өмір сүрген уақыты да, оның өмірбаяны да бізге беймәлім.
Византияда Х ғасырда жазылған Суда сөздігінде (Suidae Lexicon 1854 жылы грек тілінде жарияланған) оның төрт кітаптан тұратын «Милет және жалпы Ионияның пайда болуы» деп аталған шығарма жазғандығы айтылады. Финикия әліпбиін алғаш Грекия еліне әкелгенде осы Кадм екендігін де осы деректен оқимыз. ІХ-Х ғасырдағы болгар жазушысы Храбрдың «Сказание о письменах . . . » деген шығармасында Кадмның грек әліпбиінің 16 әрпіне 3 әріп қосқаны жөнінде мәлімет бар.
Тарихта Кадм есімді бірнеше адам болған сияқты. Жоғардағы деректе 12 кітаптан тұратын «Аттика тарихын» жазған Архелай баласы Кадм туралы айтылады. Бұлардың қайсысы бұрын өмір сүргендігі тағы белгісіз. Орыстың 1890-1907 жылдары жылдары жазылған 82 томдық Брокгауз Ф. А. және Ефронның И. А. энциклопедиясында грек әдебиетінде бұларға дейін прозамен жазылған шығармалардың болмағанды айтады.
Милетте туған екінші бір автор Гектай. Шамамен б. д. д. 550 - 490 жылдары өмір сүрген. Көне грек тарихшысы, әрі географы. Геродоттың рухани әкесі, оған дем беруші.
Оның заманы - гректердің парсыларға қарсы соғыстарының заманы. Гектай барлық саяси оқиғаларға қатынасқан адам. Тіпті парсыларға елші ретіндегі қызметі де тарихта қалған.
Бізге белгілісі оның «Шежіре» және «Әлемге саяхат немесе Жердің сипаттамасы» деп аталатын екі шығармасы. Оның өзі толық сақталмаған. Тек одан кейінгі авторлардың оған сілтемесі арқылы белгілі болып отыр.
Гектай алыс жерлерге саяхат жасаған, Африкада болған. Оның географиялық шығармаларында Азия, Африка және Европа елдеріне сипаттама береді. Ол елдердің табиғаты, өзен-көлдері, тұрғындары жөнінде мәлімет береді. Әлемнің картасын жасауға тырысқан, Анаксимандра картасын толықтыра-ды. Бізге дейін оның 300 фрагменттері жаткен. Әсіресе Африка жөнінде толық мағұлымат беруге талаптанады. Оның пигмей тайпасы туралы жазғандары осы күнгі этнограф-зерттеушілерді қызықтырары анық. Көне Мысыр жерінде абыздарға өзін құдайдың 16-ұрпағымын деп таныстырады. Әрине олар бұған сенбейді, бірақ оның тегін адам еместігін түсінеді.
Оның біздің пәнімізге жақын «Шежіре» еңбегінде өзіне белгілі әулеттерді тарихи оқиғалармен байланыстырады. Мұнда ол аңыз-әңгімелерді, географиялық атауларды қарапайым скептицизм тұрғысынан қарастырмай, рациональді түсіндіруге тырысады. Яғни, Гектай ондай шығармаларға тарих дерек ретінде қарады деп айтуға толық мүмкіншілігіміз бар. Өкініштісі шығарма бізге толық жеткен жоқ, фрагменттерін Геродот өз еңбегін жазу барысында пайдаланғаны белгілі.
Скилак - грек саяхатшысы, географ. Азиядағы Кария жерінде б. э. д. ҮІ ғасырда дүниеге келген. Парсы патшасы І Дарийдің тапсырмасымен 519-516 жылдары Инд өзенінің бойымен және Парсы шығанағы жағалауына саяхатқа шыққан. Осы саяхатының нәтижесінде жазған еңбегін кейін Гекатей мен Геродот пайдаланады.
Логографтардың келесі ұрпағы Ү ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Олардың қатарына Ксанф, Ферекид, Гелланик және басқалар жатады.
Ксанф - көне грек тарихшысы. Лидияда б. э. д. Ү ғасырдың екінші жартысында дүнеге келген. Лидия тархы жөнінде 4 кітаптан тұратын еңбек жазған. Фереки́д - б. э. д. 583-499 жылдар аралығында Сирос қаласында өмір сүрген. Космолог әрі мифограф. "Теогония" және "Космогония" атты шығармалардың авторы. Өз бетімен білім алған. Еңбектері түсінікті тілде, қысқа сөйлемдерді пайдаланып жазған, ең көп тараған грек аңыздарының авторы. Аңыздардың негізгі мазмұны - әлемді жаратқан құдай. Ферекидтің еңбектерін өзінен кейінгі көптеген авторлар пайдаланған.
Оның «Теогния» деп аталатын кітабында скифтердің патшасы Иданфурдың парсының патшасы Дариге жіберген хат орнына тышқан, көлбақа, құс, соқа және оқ жібергендігі жазылады. Скифтердің бұл қылығын Феркидте, басқа авторларда әртүрлі жориды.
Гелланик - (шамамен б. э. д. . 496 - 411. ) грек тарихшысы. «Фороней тарихы», «Девкалион тарихы», «Троян оқиғалары», «Эолия тарихы», «Персия тарихы», «Аттила», «Карней жеңістері», «Гера абыздары» сияқты шығармалардың авторы.
Гелланиктен кейін өмір сүрген тарихшылар оның 30-ға жақын еңбек жазғандығын айтады. Олардың бізге дейін жеткені 180-ге жақын фрагменттері ғана. Логографтардың дәстүрінен айнымай ол барлық грек аңыздарын жинастырып бір жүйеге келтірген. Фукидит пен Страбон оның жіберген қателіктері үшін сынаған.
Логографтардың кейбір шығармалары жат жерге саяхаттаудың негізінде пайда болды. Мұндай еңбектерде сол елдерді мекендеген халықтардың этнографисы мен географиясы жөнінде бай мағұлыматтар бар. Аңыз-әңгімелер негізінде олар грек полистері, варварлар елдері тарихын, ақсүйектер әулетінің шежіресін жазуға тырысқан. Олардың кейінгі ұрпағы мұрағат құжаттары (қала хроникалары, мемлекет қызметіндегі адамдардың тізімі сияқты) негізінде Грекияның ертедегі тарихындағы оқиғалардың хронологиялық кестесін жасады. Бізге дейін жеткен Гелланик деген автордың «Аттила» атты шығармасында Афина және грек полистерінде болған оқиғалардың жылнамасы беріледі.
Тарихты жазу процесінде аңыз-әңгімелерді де пайдалануға болады деген қорытындыға алғаш келген де сол логографтар еді. Олар аңызда кездесетін адам ойына симайтын, қалыптан тыс күштердің әрекетін алып тастаса ондағы мәліметтер шындықты көрсетеді деп ойлады. Өкінішке қарай логографтардың еңбектерінің бізге дейін тек азғана фрагменттері жетті. Олар Афинада сотқа қатынасатындар үшін сөз дайындаумен айналысты.
Грек тарихшылары. Біздің жыл санауымызға дейнгі VII ғасырда Греция жерінде тарихи шығармалар әдеби жанрдың бір түріне айналды. «Тарихтың атасы» аталған грек тарихшысы Геродот, одан кейінгілер Фукидид, Полибий т. б. өз шығармаларында болған оқиғаларды шындыққа сәйкес жазуға тырысып, кейбір процестердің себебін, ішкі мәнін анықтауға талаптанды. Дегенмен, олардың тарихи еңбектері баяндау әдісімен жазылып, заманының белгілі адамдарының өмірін баяндаумен шектелді.
Олардан кейін өмір сүрген Рим тарихшылары Тит Ливий, Тацит, Световий т. б. да осылардың кебін киді. Тарихи шығарма неше түрл ішытырман оқиғалармен көркемделіп, қызғылықты етіп жазылды. Ол кезде тарих көркем шығарманың, өнердің бір түрі болып қала барді. Ертедегі гректер тарихтың құдайын «Клио» деп атады. Ол гректердің тоғызыншы музасы болып есептелді.
Геродот - ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 - 425 жылдары өмір сүрген. Кіші Азияның оңтүстігіндегі Галикарнас қаласында дүниеге келді.
Барлық кіші азиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Галикарнас тұрғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бірақ, олардың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып-жаншу кезінде Геродоттың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий қаза табады.
Өз отанының саяси өміріне жас кезінен-ақ белсенді түрде араласқан Геродот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәтсіз әрекеттерінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жылдардан кейін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қатысады. Ол б. з. б. 454 жылы галикарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осыдан бастап, Галикарнас Афина қаласының сенімді серіктесіне айналып, сонымен бірге аттикалық басқарушылардың бір мүшесі болады.
Геродот б. з. б. 40-жылдардан бастап Грекияның көптеген өлкелерінде, тіпті парсы патшалығының өзінде болып сол жерлерді мекендеген әртүрлі халықтардың тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда және Грекияның еуропалық бөлігінде болды деген де мәліметтер бар. Ал енді Афина оның екінші рухани отанына айналды. Афинада сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым-қатынаста болды.
Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған жерінде ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құқылы болатын. Геродот болса Самоста да, Афинада да шетелдік болып есептелді. Осы жағдайлар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер еткен болуы мүмкін.
Б. з. б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия колониясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құқығына ие болды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заңдар жазса, архитектор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды.
Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фурияда ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек. Бір қызығы оның «Тарих» еңбегі кейде « . . . Геродот Галикарнастан жинап, жазды . . . », ал кейде «Геродот Фуриядан жинап, жазды . . . » сөздерімен басталатын. Тарихшы өзін Фурия азаматы деп атау-атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурияда өткізді деп айту қиын.
Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афинаға оралды деген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен болған, көп жылдарды қамтыған Афина мен Спартаның арасындағы Пелопоннес соғысы кезінде б. з. б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті.
Геродот Элладаның әлсіреп, Афинаның құлап, Кіші Азияның Персияның қол астына қайта өткенін көре алған жоқ. Оның заманында Грекия дәуірлеген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының көтерілуіне күш берерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі аяқталмай қалды, ол дүниеден өткеннен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көрді.
Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріліп, тоғыз кітапқа бөлген.
Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 - 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген.
Шығарманың төртінші кітабында парсыпатшасы Дарийдің сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер кездеседі. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т. б. тілдерге аударылған.
Тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Ол скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты қазақ жерін мекендеген тайпаларды "азиялық скифтер" деп атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Олардың тайпалық құрамы беріледі.
Мысалы, массагеттер, сарматтар(савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондаржәне т. б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтармен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.
Сақтар мекендеген жердің солтүстігіне қарай орналасқан сайримдер туралы барынша толығырақ деректер бар. Ол: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", - дейді. Сарматтартайпа бірлестігі құрамына солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық-Елекөзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштерде аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", - деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер - тайпасы туралы аңызды баяндайды.
"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", - деп көрсетеді. Халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп Геродот: Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген « . . . аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", - деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII-VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді.
Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі бұл өңір алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлімаңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды.
Геродот скифтерінің шығыстан қоныс аударған далалық көшпелі тайпалар екендігін хабарлайды. Ал біздің елдің шығысындағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдарынан табылған жәдігерлер бұл жердеежелгі өркениеттіңқанат жайғандығын дәлелдейді. Геродоттың баяндауынан сақтайпалары ішінен массагеттермен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпаларекендігін байқауға болады. Оның айтуынша, массагеттерАракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.
Геродот «Менің міндетім - айтылғандарды қайталау, бірақ мен ол айтылғандардың барлығына сенуге міндетті емеспін» деп жазды. Геродот бір ғана халықтың, бір ғана мемлекеттің тарихын жазумен шектелменген әмбебап тарихшы.
Көне Грекияның келесі бір тарихшысы Фукидид (460 - 399 / 396 гг. до н. э. ) өз заманында болған тарихи оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп кеткен көрнекті ғалымдардың бірі. Оның өмірбаяны жөнінде толық мәлімет жоқ. Оның өмірі туралы кейбір дәйектерді біз өзінің шығармаларынан кездестіреміз. Ақсүйектер әулетінің өкілі ретінде ол сол замандағы Грекия қоғамының саяси өмірінің көптеген жағдайларынан хабардар болған. Фракиядағы ірі жериеленуші және алтын шығатын кеніштердің қожасы болған оның әкесі баласының жақсы тәрбие және терең білім алуына жағдай жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz