Ежелгі түркі жұртының тарихи санасы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Қосөзен, Иран және Египет жерінде тарихи білімнің қалыптасуы.
2. 2 Қытайдағы тарихи сананың ерекшеліктері.
2. 3 Үндістандағы тарихи сана
2. 4 Ежелгі түркі жұртының тарихи санасы.
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат пайда болған сәтте-ақ, оның тарихы да дүниеге келеді. Әр елдің, әр халықтың, әр мемлекеттің өткені мен бүгінгісі тарих болып қалыптасты. Бірі папируста, бірі тасқа қашалып, бірі қағазға жазылса, қайсы бірі ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Тарих алдымен білімге айналды, одан бертін келе ғылымға айналды міне, осыдан бастап оның зерттеу объектісі пайда болды. Жазу өнері шыққан кезден бастап қоғамдағы кейбір зиялы адамдар өз замандастары, өмір сүрген ортасы, әміршілер мен кейбір белгілі адамдар жөнінде жазбаша деректер қалдырды
Адамзаттың үздіксіз даму тарихы мен оның өзіне ғана тән өскелең өркениет өрімдерінің өркен жаю тарихындағы алып бетбұрыстардың көшбасында тұрған ұлы құбылыстардың бірінен саналатын құндылықтар қатарына жататын сәулет өнерінің биік шыңы - кент - қала құрылысы болса керек. Қауымдық қажеттіліктің баршаға ортақ ұстанымдарының үлгі-өнегелері де, ақыл-ой шарықтауының жалпыға ортақ өре-деңгейі де осы қалалар мен кенттерде тоғысып, қалалар мен кенттерде өсіп-өніп, өркен жайған. Табиғат пен жаратылыс тылсымдарының жанды-жансыз бейне-болмыстарын алуан болжамдар тоғысымен түйіндеу әдісі де, рухани құндылықтардың синтездік құрылымын - салт-сана, наным-сенім, әдет-ғұрып, тіл мен діл заңдылықтарымен зерделеу құпиясы да, ортақ болжам мен оңаша ойдың құнарлы құндылықтарын түйсік елегінен өткізіп, оларды бүкіл адамзатқа тән талассыз танымға айналдырудың тылсым-сыры да осы қалалық тұрмыс, қалалық қарым - қатынастар деңгейімен тікелей сабақтасып жатқан әлем. Сондықтан да болар, адамзаттың жетілген санасымен «түйдей құрдас» Тарих ғылымының, баяғзы заманалардан бермен қарайғы қай дәуірді алсаңыз да, танымның таусылмас Тайқазаны үздіксіз қайнап жататын қала көшелері мен тіршіліктің тас бұлақтары бір арнада үздіксіз тоғысып жататын қала алаңдарының тыныс-тішілігіне үнемі «құлақ түре беретіні . . . », ал, тарихшылардың қала атаулы құрылымның қабырғасы қалың уақыт-дуалдарының іші-сыртына үнемі «үңіле беретіні» . . .
Өкінішке орай, тарихтағы алғашқы қаланың аты-жөні де, оның бой көтерген мекен-жайы да, тарих ғылымы үшін күні бүгінге дейін шешуі күрделі жұмбақ күйінде қалып келеді
2. 1 Қосөзен, Иран және Египет жерінде тарихи білімнің қалыптасуы
Б. з. д. 539 жылы парсылар Месопатамияны жаулап алған соң, бірқатар вавилон жазбалары пайда болды. Оларда Кир патшасының мемлекет тұрғындарын Вавилон патшасы Нобонидтың езгісінен құтқарып алғаны жөнінде айтылды. Вавилон хроникасында Кир қала тұрғындарына бейбітшілікті сыйға тартып, храмдар мен Вавилон халқын өз қамқорлығына алғандығын айтады. Мазмұны жағынан осы жазбаға ұқсас, вавилон абыздары құрастырған «Цилиндр Кира» атты жазба бар. Бірақ, көрсетілген жазбалар патшаның тапсырысы бойынша үгіт-насихаттық сипатта вавилондық абыздардың қолымен жазылғандықтан, сыни көзқарасты талап етеді.
Қазіргі кезеңде бізге белгілі 200-ге жақын ежелгі парсы жазбаларының ішінен, тек біреуі ғана тарихи дерек ретінде сипатталады. Ол шамамен б. з. д. 519 ж. ежелгі парсы, элам, аккад тілдерінде құрастырылған, І Дарий патшаның әйгілі Бехистун жазбасы. ХХ ғасырдың 30-40-ыншы жылдарында ағылшын ғалымы Г. К. Роулинсон дешифровкасын жасаған. Биіктігі 105 метр шатқалдағы жазудың ені 22, ал енді биіктігі 7 метр. Тасқа қашалып сынылап жазылған мәтін Даридің Ахурамазда құдайының алдында тұрған барельефінен басталады. Жазудың төрт бағанасы үш тілде, ал бесіншісі тек көне парсы тілінде жазылған. Соңғы бағанасы шамасы кейінгі кезде қосылған болуы керек.
Дерек тілдерге аударылып, Ахеменид державасының барлық өлкелеріне жіберілген болатын. Оған дәлел ретінде, ХХ ғасырдың басында Египеттің оңтүстігінде жатқан Элефантин аралында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде, осы жазбаның арамей тіліндегі нұсқасы бар папирустар табылды. 1899 жылы Вавилон қаласындағы патша сарайының ескі орнында тасқа жазылған аккадтық нұсқасы табылды.
Тарихи деректе б. з. д. 522-521 жылдары Парсы патшасы бірінші Дарийдың өзі жаулап алған елдердегі көтерілістер мен бүліктерді аяусыз басқандығы жөнінде айтылады. Дерек үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде Дарийдің жеке басына байланысты мол мәліметтер бар. Одан әрі парсылар жүргізген шайқастар, олардың дәлме дәл орыны, уақыты, қолға түскен тұтқынның саны көрсетілді. Соған қарағанда, әрбір шайқастан кейін оның есебі жазылып отырған. Жазбаның тарихи бөлімі Мысырға қарсы болған Камбиз жорығы жөнінде мәліметтерден басталып, 521 жылы Дарийдың көтерілген вавилондықтардың көсемі Арахты жеңуімен аяқталады.
Бұл деректе сол заманда қазақ даласын мекендеген тайпалар жөнінде де деректер бар. Сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20-30-жолында былай делінген: «Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым . . . Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат. Онда тиграхауда - сақтарының жері басталатын бір үлкен өзеннің бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады.
Бехустин жазбалары сыни көзқарасты талап етеді. Мақтаншақ патшаның өзінің әскери өнерін мадақтап жазған құжат сол кездегі тарихи шындықты ашпайтындығы белгілі.
Зороастризмнің киелі "Авеста" кітабы алғашқы тарихи шығармалардың бірі. Ахурамазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) . Ол Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстаған арий тайпасының Спитама руынан шыққан тарихи тұлға. Зерттеушлердің айтуына қарағанда біздің эрамызға дейін IX ғасырда өмір сүрген. Табиғи дарынының арқасында отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады.
Басында Айға, Күнге, отқа, суғатабынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қонысаударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді.
Деректің қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың тарихын, мәдениетінтанып білуде маңызызор. Онда көшпелі тайпалар "турлар" деген жиынтық атаумен беріледі. Сонымен қатар"Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалартуралы да айтылады.
Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспиймен Арал, Еділмен Кама өңірлерінде өрбиді. Көшпелі тайпалар доңғалақты арбаларды пайдаланған. Олардың қарулары - садақпен жебе, найза, айбалта, кәсібі - малөсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы - етпен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қойәкелетіндігі баяндалған. Авестадағы құнды деректер археологиялық материалдармен де расталып отыр.
Авестада адамзат тарихы 1200 жылға созылатындығы айтылады. Алғашқы 3000 жылын «алтын ғасыр» деп атады. Осы кезде әлем суықты да, ыстықта да, өлім мен дертті, кәрілік дегендерді білмеген. Малдың көптігінен жердің беті көрінбеген. Бұл әлемді жаратушы - Ахурамазда билігі кезеңі еді. Содан «алтын ғасыр» белесі біткен соң, Ариман аштық, дерт пен өлімді өмірге әкелді. Бірақ, әлемге Зороастра пайғамбар руынан шыққан құтқарушы келіп, жақсылық жамандықты жеңіп, әлемде шынайы патшалық жайғасады.
«Ветхи-завет» («Көне шарт») кітабының адамзат мәдениеті тарихында орны жоғары. Мұнда алғашқы рет қоғамдық мораль мен мемлекеттік институттың эволюциясы баяндалған. Шамасы, автор сол кездегі Иран басқыншыларының әрекеттерін өз көзімен көрген болуы керек. Өйткені, кітаптың мәтінінде бізге осыған дейінгі белгілі Дарий патшаның Вавилонды жаулау саясаты көрініс тапқан. Біздің эрамыздың алғашқы ғасырында өмір сүрген нәсілі еврей, кітаптың авторы Дарийды да, оның баласы Кирды да құдайдың жіберген адамы ретінде көрсетеді.
2. 2 Қытайдағы тарихи сананың ерекшеліктері
Тарихы бай ел - Қытай елі. Әсіресе, жаңа дәуірде Қытай елі дүниежүзі тарихшыларын қызықтырды. Синология деп аталатын ғылым пайда болды. Қытай өз тарихын тасқа басып, сүйекке өрнектеп, қағазға жазып қалдырған ел. Біздің эрамызға дейінгі ХІІІ-ІХ ғасырларда Шаң-Ин қоғамында сүйекке жазу дәстүрі пайда болды.
Келесі қадам деп батыс Чжоу қола ыдыстарындағы инскрипцияларды (б. з. д. ХІІ/ХІ-VІІІ ғғ. ) есептеуге болады. Оларда Чжоу билеуші үйі иесінің істеріне ерекше назар аударылған. Мұнда чжоулықтардың прототарихи ойлау деп атауға болатын, уақыт пен ұрпақ арасында байланысты ұғынуы анық көрінеді.
Қолда бар жазбаша шығармалардың ең көнесі «Шан шу» («Өткен туралы жазбалар») және «Шицзин» («Әндер мен әнұрандар кітабы»), олардың ең ежелгілері б. з. д. VІІІ ғасырға, мүмкін одан да ертерек мерзіммен белгіленеді.
Тарихты ұғынып зерттеуді Кун-Цзының есімімен байланыстыру керек, ол Батыста латын тіліне бейімделген Конфуций (б. з. д. 551-479 жж. ) деген атпен белгілі болды. Ол ұлы ойшыл, мемлекет қайраткері, ұстаз, этиканың білгірі, Қытайда және кейбір көрші елдерде бүгінгі күнге дейін жеткен философиялық ағымның негізін қалаушы. Ұстаздың өзі немесе оның шәкірттері жазған «Чунь-цю» («Көктемдер және күздер») хроникасындағы және «Лунь юй» («Әңгімелесулер және толғамдар») философиялық трактатындағы мәліметтер Конфуций еңбегінің нәтижесі болып табылады. Оның идеялары мен көзқарастарының әсерімен жазылған шығармалар «Цзо чжуани» (Цзо Цюмин мырзаның хроникасы), «Мэн-цзы» («Мэн Кэ ұстаздың трактаты»; шамамен бз. д. 372-289 жж. ), «Сюн-цзы» («Сюнь Куан ұстаздың трактаты»; б. з. д. 325-238 жж. ) және т. б.
Конфуцийдың концепциясын дамытқан Мэн-цзы «Қоғамды адамгершілік негізінде басқаруды» жақтады, халық - мемлекеттің негізі деп есептеп, билеушіден жоғары қойды және өзінің «Тарихи айналым» деген теориясын жасады. Ол бойынша әр 500 жыл сайын елде тәртіп орнататын нағыз билеуші пайда болады. Конфуцийдің Қытайды қытайлықтардың өздерінің зерттеуіне қосқан ең зор үлесі білімді ортада өз еліне және оның тарихына терең қызығушылық пен құрмет сезімін туғызуы болды.
«Передаю, а не создаю, доверяя древним и любя их» деген сөздерді әр білімді қытайлық жатқа білді. Кунцзының арқасында қытайлықтар әлемдегі ең тарихы бай ұлтқа айналды.
Қытай тарихнамасының қалыптасуында атақты, бәрімізгі белгілі қытайдың тарихшысы Сыма Цяньнің (шамамен б. з. д. 145-86 жж. ) орны ерекше. Ол «Ши цзи» («Тарихшының жазбалары») атты әйгілі тарихи шығарманың авторы. Бұл кітап тек қана Қытай қоғамы жөнінде ғана дерек беріп қоймай, сонымен қатар, көршілес корей, монғол, түркі тайпалары туралы да мағлұмат береді. Шығарма 5 үлкен тараудан тұрды: «негізгі жазбалар», «хронологиялық кестелер», «трактаттар», «мұрагерлік үйлер» және «биографиялар». Тараулардың кейбірі мысалы «Трактаттар» сегіз бөлімнен, кейбірі мысалы, «Биографиялар» алпыс тоғыз бөлімнен тұрды. «Негізгі жазбалар» атты тарауда аңызға айналған император Хуан-диден (б. з. д. 2697-2598 жж. ) бастап ханьдық император У-диге (б. з. д. 140-87 жж. ) дейінгі жеке билеушілердің хроникасы болып табылады; «Хронологиялық жазбаларды» Сыма Цянь жаңадан енгізген және онда Чжоу кезеңіндегі билеушілер мен оқиғалар суреттелді; «Трактаттар» - салт-дәстүр, музыка, күнтізбе, астрономия, құрбандыққа шалу, экономика және басқа тақырыптарға жазылған шағын монографиялар; «Мұрагерлік үйлер» деген тарауда У, Ци, Лу, Янь сияқты жеке патшалықтардың тарихы зерттелген; соңғы тарау тек адамдардың биографияларынан ғана емес, көрші халықтар мен елдердің тарихына арналған бөлімдерден құралды.
Чжэн ши деп аталатын жанр, яғни қандай да бір әулеттің билігі кезінде болған оқиғалар жазылған ресми тарих (әулет тарихы) жанры пайда болды. Мұндай жанрдағы шығармалар монархтың бұйрығымен жазылды. Осы жанрда жазылған алғашқы еңбекті атақты ежелгі Қытай тарихшысы Бан Гу (32-92 жж. ) жазды. Оның еңбегі «Хань шу» («Хань әулетінің тарихы») деп аталды. Чжэн ши жанрында жазылған соңғы шығарма «Мин ши» («Мин әулетінің тарихы») ХVІІІ ғасырда Цин маньчжур әулеті кезінде (1644-1911 жж. ) құрастырылды. «Эрши сы ши» («Жиырма төрт әулет тарихы») деген атаумен танылған бұл жинақ толығымен шетел тілдеріне аударылған жоқ. «Әулет тарихтары» екі негізгі тараудан - «Негізгі жазбалар» мен «Биографиялардан» құралды.
Ресми тарихтардан басқа, алғашқы хроника «Го юй» («Мемлекеттер туралы хабарламалар») атты шығарманы атауға болады. Бұл еңбекте б. з. д. Х-V ғғ. оқиғалар сол кездегі сегіз патшалық: Чжоу, Лу, Ци, Цзинь, Чжэн, Чу, У және Юэ жөнінде материал берілген. Дәстүр бойынша бұл шығарманың авторы деп Цзо Цюмин аталады.
Ежелгі Қытай философиясының гүлденуіне байланысты тарихи мәселелерге көп көңіл бөлінген трактаттар пайда болды. Мысалы, «Мо-цзы» («Мо Ди ұстаздың трактаты»), «Шан-цзюнь шу» («Шан облысы билеушісінің кітабы»), «Хань Фэй-цзы» («Хань Фэй ұстаздың трактаты»), әскери еңбектер «Сун-цзы бин-фа» (Сунь У ұстаздың әскери туралы трактаты»), «Сунь Бинь бин-фа» («Сунь Биньнің әскери өнер туралы трактаты») және басқалар.
Б. з. д. 213 жылы Қытайдың мәдени мұрасына үлкен зиян келтірілді. Б. з. д. 221 жылы елді біріктірген, император Цинь Ши-хуандидің бұйрығы бойынша көптеген тарихи еңбектер өртелді. Өртелінген еңбектердің арасында жеке кітапханаларда сақталынған «Шан шу» және «Ши цзин» шығармалары болды. Сондықтан билікке Хань әулеті (б. з. д. 206 ж. - б. з. 220 ж. ) келген кезде ғалымдар жоғалған мәтіндерді қалпына келтіру үшін үлкен жұмыс тындырды.
Жоғарыда есімі аталған Бан Гу, тарихшы, музыкатанушы және каллиграф Цай Юн (132-192 жж. ) және басқа мамандар 62 жыл мен 225 жыл аралығында үзілістермен жұмыс жасай отырып, «Дун-гуань Хань цзи» («Дун-гуань сарайында құрастырылған Хань әулет туралы жазбалар») атты шығарманы жазды. Философ Ван Чун (27-97 жж. ) Конфуций идеяларына қарсы шықты. Оның сақталынған жалғыз еңбегі «Лунь хэн» («Критические рассуждения») деп аталды.
Қытай тарихшылары сондай-ақ, сөздіктер құрастырды. Шамамен б. з. д. ІІІ ғасырда алғашқы «цыдянь» (сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігі) - «Эр я» (канондық кітаптарға арналған синонимдер мен глосстар сөздігі) жасалды. ІХ ғасырда ол «Шисань цзин» («Он үш канондық кітап») конфуциандық канонына кіргізілді. Кейінірек диалектизмдердің алғашқы сөздігі «Фань янь» («Түрлі аймақтарда қолданылатын сөздер») пайда болды. Оның авторы Ян Сюн (б. з. д. 53 ж. - б. з. 18 ж. ) бұл еңбекті 27 жыл жазды. Сюй Шэн (шамамен 58-147 жж. ) 20 жыл бойы жазған «Шо-вэнь цзе-цзы» («Иероглифтердің түсіндірме сөздігі») сөздігі сол дәуірдегі маңызы зор шығарма. Хань дәуірінің соңында Лю Сидің «Шин мин» («Атаулардың түсіндірме сөздігі») атты сөздігі құрастырылды. Сол кезде фаньце деп аталған, белгілердің дыбысталуы жөнінде ақпаратты берудің ерекше әдісі тарала бастады. Аталған еңбектер лингвистикалық жағынан құнды, сонымен қатар, қытай деректерімен жұмыс жасайтын тарихшыларға көп көмектеседі, өйткені онда тарихи ақпарат жинақталған.
2. 3 Үндістандағы тарихи сана
Өзінің тарихына мән бермеген елдің бірі - Үндістан. Мәдниетінің, әсіресе көне мәдениетінің тереңдігіне, алуандығына қарамай үнді ұлыстарының, Үндістан елін мекендеген көне тайпалардың тарихы жөнінде мәлімет өте аз. Бұл жөнінде біз Инд өзенінің аңғарын мекендеген Мохенджено - Даро және Хараппы мәдениеті деп аталатын археологиялық ескерткіштерінен біраз мәлімет аламыз.
Б. з. д. 3 мыңжылдықтың аяғында Үнді тайпалары мәдениеттің жоғарғы деңгейіне жеткен. Қола мен мыстан, тастан жасалған қару-жарақтары, екі-үш қабатты күйдірген кірпіштен салған ғимараттары осы күнге дейін адамзатты таңқалдырады. Нақ осы заманда олар жазуды үйренген. Көне үнді әліпбиінде 400-ге жақын пиктографтар мен буындық белгілер бар. Мұны өздері веды деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz