Тарих ғылымының рационалды және ағарту дәуір


Жоспар
Кіріспе
- Тарих ғылымының рационалды және ағарту дәуірі
Негізгі бөлім
- Француз ағартушылығы
- Неміс ағартушылығы
- Ағылшын ағартушылары
Қолданылғын дерек көздері
- Тарих ғылымының рационалды және ағарту дәуірі
1789 жылы Францияда монархиялық билікке қарсы революциялық қозғалыс басталды. Келесі жылы король өлтіріліп, якобиншілердің терроры басталы. Осыдан кейін Франциядағы шиеленіскен саяси қақтығыстар нәтижесінде билік басына Наполеон Бонопарт келді. Франция империя болып жарияланып, жаулап алушылық соғыстар басталды. Сөйтіп, Европаның саяси картасында қаншалықты өзгерістер болғандығы белгілі.
Ағылшын еліндегі өндірістік төңкеріс техниканың, сонымен бірге нақтылы ғылымдардың, дамуына кең жол ашты. Сонымен қатар саяси экономия (А. Смит), фиолософия ғылымдары өз дамуының сара жолына түсті.
XVIII ғасырда тарих ғылымының пәні айқындала бастады. Тарихқа «ағарту ғасыры» атымен кірген бұл заманда кешегі провиденциализм бүгінгі «рационализм» идеяларына жол берді.
Жаңа ғана дүниеге келген буржуазия табына жаңа идея, жаңа көзқарас, жаңа руханият қажет болды. Тарихи прогрестің жетекші күші адам. Яғни тарих ғылымының негізгі объектісі де адам, оның өткені, бүгіні және келешегі деген ұғым қалыптасты. Бостандық, теңдік - қоғамдық прогресс процесіндегі негізгі құндылықтар. Прогрестің қозғаушы күші білімге негізделген ақыл-ой. Сонымен рационализм қоғамда кең өріс алған идеялық-интеллектуальді және мәдени қозғалыс. Ағартушылар концепциясы «табиғи құқық» және «қоғамдық келісім» теорияларына негізделген. Олар қоғамдық дамудың мәңгілік заңдылығын ойлап табу мүмкіншілігі барлығына сенді. Ақыл-ой және адамның табиғи қажеттілігі қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етеді деп дәлелдеуге тырысты. Ол үшін ел басындағы адам білімге құштар болуы керек. Білімді монарх олардың концепциясын жүзеге асырады деп ойлады (Вольтера и Дидро) . Ағартушылық идеяның отаны Англия, бірақ оның рухани орталығы Франция болды. «Энциклопедии, или Толкового словаря наук, искусств и ремесел» Францияда жарық көрді.
Ағартушылар тарих ғылымына қатты қызықты. Өйткені тарих арқылы адамзаттың өмірлік тәжрибесін меңгеруге болады. Адамның ақыл-ойы барлық халықтарға ортақ. Сондықтан олар (Вольтера, И. Г. Гердера) әлем тарихын жазуға ұмтылыс жасады.
Француз ғалымдары өз шығармаларында тарихи танымның объектісі адамзат қоғамы екендігін тағы да дәлелдеді. Тарихи заңдылық адамзат қоғамының ілгерілеп дамуы, тарихи дамуға табиғи факторлардың әсері сияқты проблемалар XVIII ғасыр авторларының шығармаларында көрініс тапты. Тарих білімнен ғылымға айналды, яғни ол өзінің пәнін тапты.
Сол кездегі тарих ғылымында екі бағыт қалыптасы. Бірінші бағыт тарихшы-эрудиттердің еңбектерінен және екінші бағыт тарихшы-философтардың шығармаларынан тұрды. Эрудиттер қолжазбалардағы мәтінді сынау әдістерін, археологиялық материалдарды зерттеу тәсілдерін жасады.
Тарихи процесске тарихилық тұрғыдан қараған және осы ұстанымның негізін қалаған белгілі итальян тарихшысы ВИКО Джамбаттиста (1668-1744) . Ол тарихи процесс объективті және провиденциалды екендігін дәлелдейді. Қоғамның даму заңдылығын құдай анықтайды. Дегенмен де оған табиғи және ішкі себептер де әсер етеді. Сондықтан қоғамда болып жатқан құбылыстар объективті. Адам күнделікті тұрмысында өзінің әрекетін табиғи және тарихи заңдылықтар негізінде жүзге асырады. Адамзаттың бірлігі, әлемнің барлық халықтары мен мемлекеттері қоғам дамуының универсалды заңдылықтарына бағынады деген приинцип Вико концепциясының жаңалығы еді.
Вико «қоғамдық айналу» (общественного круговорот) теориясының авторы. Кез келген халық өз тарихында үш циклдан тұратын кезеңдерді басынан өткізеді. Бірінші кезеңде(құдайлар ғасыры) билік абыздар қолында, әлі мемлекеттік нышандар жоқ. Екінші кезеңде (батырлар ғасыры) ақсүйектер билеген мемлекет пайда болады, мұны ол батырлық дәуірі деп атайды. Ал енді адамзат тарихының соңғы кезеңінде (адамдар ғасыры) мемлекет бірте бірте демократиялыық сипатқа ие болады. Бұл дәуірді ол адами деп атайды. Сонымен бір цикл аяқталады да адамзат тарихы қайта басталады.
Қоғам төменнен жоғарыға қарай бағытымен дамиды. Әрбір цикл ішінде әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе келе қоғамның күйзелісіне, дағдарысына әкеліп соғады. Соның нәтижесінде бірінші цикл ыдырап екінші қоғамдық құрлысқа жол береді. Өзінің концепциясын дәлелдеу үшін ол Рим тарихын мысалға келтіреді. Оның алғашқы дәуірінде қоғамды үрей биледі. Мемлекеттік аппарат жоқ. Билік құдайдың қолында, оның жер бетіндегі абыздарының ырқында. «Әулет бысшылары» және «әулет мүшелері мен қызметшілері» арасындағы қарама-қайшылық мемлекет белгілерін дүниеге әкелді. Келесі циклда «Әулет басшылары Феодалдарға айналады да екінші топ қарапайым халыққа айналады. Осылайша ертедегі Римде патрицилер мен плебейлер пайда болды. Мемлекет аристократиялық сипатқа ие болды. Мемлекет басқару күшке сүйенді. Феодалдар өзін құдайдай немесе жарты құдайдай сезінді. Екі топ арасындағы қарама-қайшылық қарулы қақтығыстарға апарып соғып отырды. Мұндай жағыдайда күрескерлер өз арасынан батырлар туғызды.
Циклдың ең жоғары деңгейі - адамдар ғасыры. Феодалдармен шаруалардың күресі нәтижесінде мемлекеттің демократиялық түрі пайда болады. Патшалық билік шектеледі, азаматтық және саяси теңдік орнайды. Қоғамдық құрылыс гуманистік құндылықтарға негізделеді, рационалдық құқық кең етек алады. Қоғамның алдыңғы екі деңгейінде болмаған қолөнер. Ғылым, философия және өнер пайда болады. Мемлекет аралық шекаралар жойылады, халықтар арасындағы қарым-қатынас күшейеді, олардың бірлігі артады, соның арқасында сауда-саттық, товар алмасу алдыңғы орынға шығады. Бірақ демократиялық бостандықпен теңдік анархияға, бірте-бірте қоғамның дағдарысына әкеліп соғады. Сөйтіп қоғам бұрынғы «таз қалпына» қайта түседі дейді Вико. Виконың тарихшы ретінде ғылымға қосқан үлесі, тарихилық прициптің негізін қалауы. Тарихи деректердің объктивтілігіне үлкен көңіл бөлді. Тіл, аңыз, заң, жерлеу және үйлену әдет-ғұрыптарын маңызды тарихи дерек деп есептеді.
Оның еңбектері қоғамда пікірталас тудырды. Оның идеяларын сынаушылар да қостаушылар да көп болды. Бірақ бұл еңбек оның атын әлемге паш етті. Осы кітаптың негізгі идеясын одан әрі дамытқан тағы да екі кітап жазды. Өмірінің соңында (1728) ғұмырнамалық еңбегін жариялады. 1735 жылы ол ресми түрде Неаполитан королдігінің тарихнамашы қызметіне тағайындалды.
- Француз ағартушылығы
Француз ағартушылығы. Француздар өз тарихының орта ғасырымен айналыса бастады. Францияның әлеуметтік-саяси мекемелері мен француз халқының шығу тегі проблемасы тарихшыларды екі ойға бөлді.
Граф А. де Буленвилье және аббатом Ж. Б. Дюбо (XVIII ғасырдың 30-жылдары) арасындағы пікірталасқа Францияның бүкіл зиялы қауымы қатынасты. Елдің аристокртия қауымының өкілі Булевилье француз қоғамы және француз халқы елді галлдардың жаулап алуы нәтижесінде пайда болғандығы жөніндегі тезисті ұсынды. Оның пікірінше жаулап алушы галлдар дворян сословиесін құрады, ал жаулап алынған жергілікті халық қазіргі үшінші сословиенің негізі қалады. Король алдыңғы уақытта аристократтар қатарынан сайланды. Ал енді Ж. Б. Дюбо болса Француз мемлекетінің тарихын романдық теория тұрғысынан қарастырды. Француз халқы Галлияның жергілікті тұрғындары мен сырттан келген франк тайпаларының қосылуынан пайда болды. Кейін дворяндар билікті узурпация жасады дейді. Бұл теориялар экономикалық салада және қоғамдық-саяси өмірдегі дворяндар мен үшінші сословиенің күресінің көрінісі еді. Ағартушылар франк жаулауын мойындағанмен Буленвильенің сословиелік артықшылық пікірлеріне қарсы шықты.
Француз философы және тарихшысы Шарль Луи Монтескье (толық аты-жөні Шарль-Луи́ де Секонда́, барон Ля Брэд и де Монтескьё (1689-1755) 1748 жылы жазған Заңдар рухы трактатында адамдардың өміріне әсер ететін ішкі заңдылықтарды түсіндіруге тырысты. Ол ауқатты провинция дворянының отбасында дүниеге келген. Саяси көзқарасы жағынан конституцияға негізделген монархияны жақтаған. Бірақ биліктің тармақтары арасындағы тепе-теңдік азаматтардың жеке басының бостандығын қорғауға мүмкіндік береді деп ойлаған. Әлемді мекендеген әрбір халықтың тағдыры жөнінде салыстыру әдісін пайдалана отырып өзінше пікір айтқан. Тарихи заңдылықтарды «необходимые отношения, вытекающие из природы вещей»деп түсіндіреді. Әр халықтың даму заңдылығы өздері мекендеп жатқан географиялық ортаның жағдайына байланысты дейді ол. «От различия в потребностях, порождаемых различием климатов, происходит различие в образе жизни, а от различия в образе жизни - различие законов» деп қорытындылайды. Негізгі шығармалары: Персидские письма», «Энциклопедия, или Толковый словарь наук, искусств и ремёсел», «О духе законов».
Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушылары арасындағы көшбасшыларының бірі. Феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынады. Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білімсіздіктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Кез келген еркіндіктің бастауы - ар-ұждан мен сөз еркіндігі.
Католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Ол үшін маңызды мәселелер: табиғи құқық, еркіндік, теңдік. Жеке тұлғаның еркіндігі қоғамда алғашқы орында болуы шарт, ал жалпы қоғам еркіндігіне ол мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католик шіркеуініңқатаң тәртібіне адамның жекебас еркіндігін қарсы қойды. Оның пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналуы шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипаталады, адам тек қана заңға тәуелді болмақ.
Ол еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймады, қайта еркіндік теңдікті толықтырып, күшейтеді. Мүлік теңсіздігі табиғи. Мүлік адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана қатынасуға құқылы. Сословиелік артықшылықтарды және шіркеу сотын жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыру қажеттілігін дәлелдейді.
Ал реформаларды жүргізуді білімге негізделген мемлекеттік билікке жүктеді. Мемлекет басында білімді, абсолюттік билігі бар монарх отыруы тиіс. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республикалық құрылыс адамдардың табиғи жағдайына сәйкес келеді. Мұндай жағдайда көпшілік өзінің мүддесін билікке жеткізе алады. Ал оны монарх немесе көпшілік сайлап қойған адамдар тобы іске асырады.
Автор концепциясы мына төмендегі еңбектерде көрініс тапқан. Век Людовика XIV», «История Карла XII», «История России в царствование Петра Великого», «Опыт о нравах и духе народов и о главных исторических событиях» (1756), История» в «Энциклопедии» мақалалары.
Ол ғылымға «философия тарихы» деген ұғымды кіргізді. Тарихшының негізгі мақсаты тек фактілерді жинап оларды баяндау емес, оларды түсіндіру қажет екендігін айтты. Тарихшы тек корольдер тарихын емес сонымен қатар қарапайым халықтың рухын, әдет-ғұрпын баяндауы қажет деді. «Три вещи непрестанно влияют на склад и характер людей - климат, государственное управление и религия» - деп жазды ол.
Вольтер тарих ғылымының арнасын кеңейтті. Тек саяси проблмалармен қатар тарихшылар қолөнер, сауда, теңізде жүзу, халықтың орналасуы және әлеуметтік топтар тарихын зерттеуді ұсынды. Сонымен қатар ол ғылымның географиялық шеңберін де ұлғайтты. Батыста қалыптасып үлгірген еуроцентризм дәстүріне қарсы шыға отырып, ол Азия тарихына бет бұруға шақырады. Олардың қол жеткізген мәдени табыстарын пайдаланып қана қоймай, тарихын да білгеніміз дұрыс дейді. Вольтер ежелгі Үндістан мен Қытай, Жапония, Таяу Шығыс, Африка және Америка мен Еуропа өркениеттерін қарастырды. Тарихтағы прогрес теориясын қолай отыра ол былай дейді: «Нетрудно заметить, как сильно изменились почти на всей земле нравы со времени нашествия варваров до наших дней». Прогресті алға сүйрейтін қоғамның білімді өкілдері. Ал қалған бөлігі «не должны рассуждать, не должны идти самостоятельным путем»деп жазды ол. Ол тарихи деректерді пайдалануда сақ болуға шақырды: «достойны доверия те «памятники», которые вышли из-под пера просвещенных современников».
Тарих ғылымындағы эгалитаризм теориясын қолдаушы «Рассуждение о происхождении и основаниях неравенства между людьми», «Об общественном договоре, или принципы политического права» сияқты тағы басқа да шығармалар жазған Жан-Жак Руссо́ (1712-1778) . Ол көрнекті француз философы, жазушы, ойшылы. Мемлекетті халықтың тура басқару формасын ойлап тапты. Осы күнге дейін Швецарияда сол форма қолданылады. «Табиғи құқық» және «қоғамдық келісім» теорияларының негізінде адамзат тарихына реконструкция жасады. Оның пікірінше алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде қоғамда теңдік, бостандық принциптері басымдылық танытады. Дайын өнімді жинаумен, аңшылықпен айналысқан алғашқы адамдар қауымы бақытты да еркін өмір сүрді. Кейін келе халық санының артуына байланысты азық-түлік тапшылығы байқалады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін адам қару-жарағы мен құрал-жабдықтарын жетілдіруге мәжбүр болады. Оны өркениетке жеткізген де, сонымен қатар бақытсыздыққа ұшыратқан да темірдің пайда болуы деп жазды ол. Осыдан бары жеке меншік пайда болды. Сол меншікті қорғау үшін меншік иелері мемлекеттік аппаратты ойлап тапты. Міне содан бастап адамзат азғындау жолына түсті. Одан құтылу жолы меншікті қайта бөлетін республикалық тәртіп орнату. Ондай тәртіп тек қана күш қолдану арқылы жүзеге асады. Сөйтіп ол деспотияға қарсы қарулы көтеріліс қажеттілігі заңдылығын дәлелдеді. Руссо өркениет прогресінің материалдық негізін және оның қарама-қайшылықтарын ашты.
Келесі бір француз ойшылы Анн Робер Жак Тюрго (1727-1781) Сорбон университетінде классикалық білім алған. Мемлекеттік қызметте болған, Франция тағына XV Людовик отырған уақытында теңіз министрі, ал 1774 жылы қаржы бақылаушы қызметтерін атқарған. Ол өз кезінде Франциядағы экономикалық реформалардың жасалуына мұрындық болды. Адамзат қоғамының даму негізінде экономика жатқандығын сөзімен де ісімен де дәлелдеген адам. Қоғам тарихы бірде дамып, бірде дағдарысқа ұшырап отыруы заңды құбылыс. Даму процесі білімнің оң нәтижесіне тікелей байланысты. Сонымен қатар тарихи дамудың әр дәуіріне материалдық өндірістің әр түрі сәйкес келеді. Күнен-күнге күшейе түскен теңсіздік прогрестің дамуына әсер етті. Адамның бір тобы өнермен және ғылыммен айналыса бастады. Саяси экономия ғылымындағы физиократиялық көзқарасқа ол қосымша бір пікірлер білдірді. Қоғамды тапқа жіктеуде ол 1. Өндірушілер табы, егіншілер; 2. жерге меншік иелері табы; 3. Егіншілікке қатынасы жоқ тап. Бірінші тапты ол капиталист-кәсіпкерлер, соңғы топты жалдамалы жұмыскерлер табы деп атайды. Осылайша кейін Адам Смиттің «Богатстве народов» аты кітабындағы қоғамның таптық құрылым теориясына алғы шарт жасады. Бізге қажеттісі 1750 жылы жазылған «Рассуждения о всемирной истории» кітабы. Онда ол «Человечество медлеными шагами движется ко все большему совершенству, «переживая попеременно спокойствие и волнения…» деп жазды.
Ж. Кондорсе. Белгілі математик, философ, энциклопедист, Француз революциясына қатысушы. 1793-1794 жылдары «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» атты еңбек жазған. Оның пікірінше прогрестің айқындаушы критериі ақыл-ойдың, ғылыми білімнің және жеке тұлғаның бостандығы дәрежесі. Ол шығармасында осы критерилерді негізге ала отыра әлем тарихын тоғыз дәуірге бөледі. Адамзат тарихының алғашқы бес дәуірінде, яғни алғашқы қауымдық құрылыстан антика уақытына дейін қоғам алға қарай дамиды. Ал біздің заманымыздың Ү-ХІ ғасырлар аралығын қамтитын алтыншы кезеңде қоғам дағдарысқа, күйзеліске ұшырайды. XI-XV ғасырдың орта шенін ол жетінші дәуір деп есептейді. Бұл дәуірде біршама жаңалықтар ашылды. Әсіресе кітап басу ісінің пайда болуы әлемдік өркениетке қосылған үлкен үлес еді. Еуропаның бірқатар елдерінде бостандықтың алғашқы белгілері көрініс тапты.
ХҮ ғасырдың ортасы мен ХҮІ ғасырдың ортасы аралығын сегізінші дәуір қамтиды. Бұл кезде философиялық ой-пікір қанат жайды, ғылым дамыды. Декарттан бастап француз ревлюциясына дейінгі дәуір Кондорс айтуынша соңғы тоғызыншы дәуір. Солтүстік Америкада, Францияда болған револциялық қозғалыстар заңды құбылыс. Ол тарихтың болжам жасау мүмкіндгіне шек келтірмеді. Келешектегі оныншы дәуір адамзат ақыл-ойының ғарыштап алға кетер заманы болады деп өз оқырмандарын сендірді.
- Неміс ағартушылығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz