Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі: әдістері, ірі тарихшылар және қазақ даласы туралы деректер


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МҰСЫЛМАН ТАРИХНАМАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ДӘУІРІ

Ислам дінінің тара­луы мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Бұл әде­биет саласында тарих жанрының дамуы­нан көрінді.

VІІ ғасырдың соңынан бастап негізінен араб тілінде, сондай-ақ, парсы, түрік, малай тілдерінде жеке халықтар мен әлем тарихы бойын­ша ең­бек­тер жа­зы­лып, биографиялық сөздіктер құрастырылды. Тарих­шы - мұ­сыл­мандар өз ел­дерінің тарихы мен мәдениетіне ғана қызы­ғу­шы­лық танытқан жоқ, басқа елдерге жасалған саяхаттар да сипатталды.

Тарихи баяндаулар интеллектуалдарға ғана емес, қарапайым халық­қа ар­нап жазылғанымен, онда тарих философиясының да мәселелері кө­те­ріл­­ді. Мы­са­лы, Бируни ХІ ғасырда уақыт категориясына шолу жа­са­ды.

Егер Батыс Еуропалық тарихнамада бірыңғай хронология ХІ ғасыр­дан бас­тап қалыптасса, ал ислам тарихшылары оқиғаларды VІІІ ғасыр­дан бас­тап хро­но­логиялық ретпен қойып белгілейді. Араб тарихшылары хро­ни­каның басында жазбаша және ауызша деректерді талдап, салыс­тыр­ған.

Араб тарихнамасының негізгі дерек көздері тарихи ру-тайпалық ше­жі­ре­лер мен әртүрлі исламға дейінгі тарихи әңгімелер еді. Одан кейін Мұ­хаммед пай­ғамбардың іс-әрекеті, діни-тарихи сюжеттер араб тарих­на­­­ма­сының маңыз­ды тақырыбына айналды. Әлемдік тарихи процесс схе­­­ма­сы да құранның идея­сы­мен сабақтас болып жатты. Бір қызығы ҮІІ-ҮІІІ ғасырда мұсылман шежіре­сін арабтардың арғы тегін библия­да­ғы «халықтар таблицасына» сәйкес­тен­діріліп жасалды.

Мұсылман тарихнамасының қалыптасуына астрономиялық білімнің (әлем тарихының хронологиясын қалыптасты) дамуы және көне иран­дық­­тар­­дың тарихи-эпикалық шығармалары (сасанидттік Ирандағы « Пат­­ша­лар кітабы ») үлкен әсер етті. Иудей-христандық апок­рифи­ка­лық ( апо́­кри­фы (көне грек сөзі - жасырылған, құпия ) - соңғы иудей­лік, алғашқы хрис­тиандық библия конондарына кірмеген шығармалар) аңыздарының да ықпалын көреміз.

Ортағасырлық мұсылман тарихнамасы тарихи процесті теологилық тұр­ғыда түсіндіреді. Сонымен қатар олар тарихтағы жеке тұлғаның да ро­лін жоққа шығармайды.

Жоғарыда тарихи шығармалардың негізінде шежірелер жатты дедік. Сол­арды жинап алғаш рет құрастырғандар: Мухаммед аль-Кальби (763 өмірден озды) . Кейін оны толықтырған оның баласы Хишам (819 өмір­ден озды ), Муарриджас Садуси (811 өмірден озды), Сухайм ибн Хафс (806), Мусаб аз-Зубайри (851 өмірден озды), Зубайр ибн Баккар (870), Ибн Хазм ( 1030 өмірден озды), аль-Калькашанди (1355-1418) .

Араб тарихнамасының алғашқы дәуірінің көрнекті өкілі Мұхаммед аз-Зух-ри (741/42 өмірден озды) . Ол жиналған шежірелік және аңыз-әңгі­ме­лер негіз­ін­де саяси мәні бар Мұхаммед пайғамбардың әскери жо­рық­­та­ры жөнінде еңбек жазды.

Осы тақырыпқа қалам тартқан екінші бір тарихшы Ибн Исхака(ша­ма­мен 704-768 немесе 767) . Оның Пайғамбарымыз жөнінде жазған шы­ғар­масы кейінгі тарихшыларға үлгі болды.

Аль-Вакиди (747-823), Ибн Сад (өмірден озды 845), Ибн Сайд ан-Наса , Нураддина аль-Халаби тағы да басқалардың да еңбектерін атап өтпеске болмайды. Олар жазған агиографиялық пайғамбарлар мен мұ­сыл­­ман әулилері жөніндегі қиял-ғажайып шығармалар осы күнге дейін оқыр­манның қызығу­шылығын туғызады.

ҮІІІ ғасырдың екінші жартсы мен ІХ ғасырдың орта шенінде жеке­лен­ген тарихи оқиғаларға байланысты еңбектер пайда болады. Онда араб әскерінің жаулап алу, Халифаттың өз ішіндегі соғыстары баян­да­ла­ды. Бұл тақырып Абу Михнаф (774 өмірден озды) , Абу Убайда (өмірден озды 824 өмірден озды) әсіресе аль-Мадаини (ІХ ғасырдың орта ше­нін­де қайтыс болған) шығарма­ларында көрініс тапты. Араб тарих ғылы­мы­ның орталығы көп уақытқа дейін Ирак болып қала берді.

ІХ ғасырдың екінші жартсында тархи баяндау тәсілімен жазылған шы­ғармалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең көрнектісі аль-Белазури (шамамен 820 - шамамен 892) ; Абу Ханифа ад-Динавери (895 өмірден озды) және аль-Якуби еңбектері. Анналдар түрінде жазылған бұл шығар­ма­ларда әлем тарихына шолу, мұсылман қауымы тарихының алғаш­қы ке­зе­ңі, араб әскерінің жорықтары және Халифаттың саяси та­ри­­хы сөз бола­ды. Бұл жанрдағы ең ірі шығарма ат-Табаридің (838 не­месе 839-923) көп том­дық « Пайғамбарлар мен патшалар тарихы ». Толық аты Абу Джа­фар Мухаммад ибн Джари́р ат-Табари . Заманы­ның ірі тарихшы­сы. Пер­сия­да оқыған, бірақ шығамаларын арабша жаз­ған. Оны кейде мұсылман тарих­намасының атасы деп те атайды.

Мұнда әлем тарихы тіршілік басталғанан ІХ ғасырға дейінгі оқиға­лар баяндалады. Шығарманың толық мәтіні бізге дейін жетпеді. Ол 30 мың беттен тұр­ған екен, оқуға жеңіл болсын деп өзі көзі тірісінде қыс­қар­тыл­ған нұсқасын жасаған. Шығарманың парсы, француз, шағатай тіл­деріне ау­да­рыл­ғандары да бар. Кейінде көптеген авторлар оның ең­бегінің толық нұс­қасын кеңінен пайда­ланды.

Тарихи шығармалардың дидактикалық маңызын араб тарихшыла­ры жақсы түсінді. Осындай шығармалардың бір түрін жазған Ибн Мис­ка­вайх (103 жылы қайтыс болды. ) аль-Масуди (957 қайтыс болды), Хам­зы аль-Исфа­хани (Х ғасырдың бірінші жартсында қайтыс болды), Ибн Миска­вайха , Ибн аль-Асира (1160 - 1233), тағы басқа осы сияқты автор­лар әлем тарихын түсінуге ты­рыс­­ты. Бұл ғалымдардың энциклопе­дия­лық білімі, өмірге деген көзқарасы ол­ар­дың жазған еңбектерін бүкіл әлемге паш етті.

Х ғасырдың екінші жартсында Аббасид халифатында билеушілер сарай­ында әулеттік хроника жазатын хатшы-мамандар пайда болды. Олар сарай ақындары сияқты елде, мемлекет ішінде болып жатқан уақи­ға­ларды жіп­ке тіз­ген моншақтай етіп тіркеп жазып отырды. Бұлардың ішін­де де жетістіктерге жеткендері бар. Солардың бір-екеуін атап өте­лік, аль-Ажах­шийари , қайтыс бол­ған уақыты 943; Хилаль ас-Саби . (969-1056), судей ( Ваки аль-Кади , қайтыс болған уақыты 918; аль-Кинди , қайтыс болған уақыты 961; аль-Хуша­ни , қайтыс болған уақыты 971) .

Жергілікті тарихқа, қалалар мен провинция тарихына арналған шы­ғар­малар жазылды. Мысалы Мекке тарихы - аль-Азраки (қайтыс бол­ған уақыты 858), Бағдад тарихы - Ибн Абу ТахираТайфура (819/20 - 893), аль-Хати­бааль-Бағдади (1002-71), Египет тарихы - Ибн Абд аль-Хака­ма (798-871), мұсыл­ман Испаниясы - Абд аль-Малика ибн Хабиба (796-853) . Дамаск тарихы - аль-Каланиси (қайтыс болған уа­қы­ты 1160) және Ибн Асакира (1105-1176), Халеба (Алеппо) ­- Ибн аль-Адим (1192-1262), Гранад тарихы - Ибн аль-Хатиба (1313-1374) .

Ерекше атап өтер тағы да бір тарихшы бар. Оның есімі аль-Хамдани (Х ға­сыр­дың екінші жартсында қайтыс болған), Иемен тарихшысы, Оң­түс­тік Ара­бия тайпаларының географисы, археологисы, генеологиясы жә­не әдебиеті жөн­ін­де энциклопедиялық еңбек жазған.

Ортағасырлық мұсылман тарихнамасының осы дәуірінде аннал­дар­мен байланысып жатқан өмірбаяндық шығармалар пайда болды. Бұл дәс­­түр Ибра­хим ас-Саби (994 өмірден озды) әулеттік тарихынан бас­та­лады. Одан кейін аль-Утби (961-1022, Буидтер тарихы, Газнавидтер та­рихы сияқты шығар­малармен толықты.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда мұсылман тарихнамасының орталығы Сирия же­рі­не ау­ысты. Жергілікті Зенгид және Айюбидтер әулеті өз тарихын жаз­­дырды. Имад-ад-дина аль-Исфахани (1125-1201), Ибн Шаддад (1145-1234), Абу Шам (1203-1268) әсіресе Ибн Васил (1207-1298) . Осы салада үлкен жетістік­терге жетті. Осы жерде әлем тарихына бай­ла­ныс­ты туынды­­лар пайда болды. Абу-ль-Фид, 1273-1331; аз-Захаби, 1274-1353; Ибн Касир, 1300-1373 және басқалардың шығармаларын атауға болады.

Араб тарихнамасының бір ерекшелігі - ондағы өмірбаяндық еңбек­тер­­дің басымдылығы. Якут, Ибн Халликан (1211-1282) және ас-Сафа­ди (1296/97 - 1363), Ибн аль-Кифти (1172-1248) және Ибн Абу Усай­би (1203-1270) тағы да басқа тарихшылар саяси, мәдени филосо­фия, меди­ци­на қайраткерлері жөнін­де баға жетпес құнды дүнилер қал­дыр­ды.

Ибн Халдун (1332-1406жылдары) - XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын тал­да­ды. Ол әр-түрлі қоғамдардың құрылымындағы айырмашылықтар­дың се­­беп­терін айқын­дады. Себептердің бірінші түрі - бұл психология­лық құбылыс, ол сезімтал, отбасындағы және тайпадағы жеке мүшелері мен топтарын байланыстыратын себептердің сипатын анықтайды. Екін­ші түрі - экономикалық құбылыс, табиғи жә­не географиялық жағдай­лар­мен, еңбек, қолөнер және өнер бөлінісімен байланысты болады. Се­беп­тердің үшінші түрі - саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен би­лік­ке бағына­тындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкі­меттің, мемлекет­тің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқа­лары туралы бірқатар пікірлер айтқан. Ол адам өң­ді­ру­ші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.

Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттілік­тер­­ге негізделген әрекеттермен байланыстырып қарастырады. Ол былай деп атап өтті: « Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып та­бы­лады. Бұл бір­лескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бір­лес­кен қоныс­та­ну, бұл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің ка­жет­тіліктерін бірлесе қана­ғат­тандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйт­ке­ні адам таби­ғатына өмір сүрудің қажетті құ­рал­дарын алуға бір-бі­ріне көмектесуге ұмтылу тән ».

Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өң­ді­ріс­тік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік бе­ре­ді. Өңдірістің өсуі мен артық азық-түліктің жинақталуы қоғам про­гре­сінің басты факторлары болып табылады.

Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың ара­қа­ты­нас­тары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Оның тұ­жы­рым­дамасына сәйкес ададар қоғамды тіршілікке кажетті құралдарды бір­лесіп өн­діру­ үшін құрған, өйткені бір адамның қабілеті оның тамақ­тануға деген қажет­тілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Еңбек бөлінісі - бірігудің ең алғашқы факторы; бірлесуге деген басқа себеп - сырттан тө­не­тін қауіп-қатерден қорғану жөне қоғамдарға бірік­кен адамдардын өз­де­рі­нің алакөздік табиғатының пайда болуынан жал­пы қауіпсіздікті қам­та­ма­сыз ету. Қоғамға климат пен баска да табиғи факторлар ықпал етеді, бірақ ең бастысы - шаруашылық нысандары, өндіріс тәсілдері. Осыған байланысты Ибн Халдун екі кезеңін (күйін) бөліп қарайды: қарапайым немесе "ауылдық". Бұл кезеңде адамдар тек кажеттілерді ғана өндіреді және бұл ұйымның алдында азық-түлік бөлінісі проблемасы мүл­де бол­май­ды. Қоғамның нысаны толық тең дәрежелілік негізіндегі қандас туыс­тар ұйымы болып табылады.

Өркениетті немесе "қалалық" (қолөнердің, сауданың, ғылымнын, өнер­дің дамуы) . Еңбек бөлінісінің дамуы және көптеген адамдардың күш-жігерлерін бірік­тіруі молшылық пенастамдық өндірісін тудырады, ол теңсіздік пен мәж­бүр­леуге негізделген ұйымның пайда болуына әкеп соғады. Екінші кезеңге өмір­шілік (қоғам), (билік-меншік) сәйкес келеді.

Ибн Халдун әл-Фараби менмемлекеттің мәні туралы мәселе бойын­ша пікір таластырады, оның әл-Фарабиден айырмашылығы мем­лекет­ті ке­лі­сім­шарт­тың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туын­дысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғам­ның табиғи да­муы­ның қажетті күрделі және қарама-қайшылыққа толы өнімі деп кара­ды.

ХІV ғасырда тарихшы Ибн Халдун (1332-1406 жж. ) тарихи оқи­ға­лар­дың өзара байланысын, араб, бербер, парсы, византия қоғам­да­ры­ның пай­да болуын, дамуын және құлдырауын зерттеді. Ол өз «Кіріс­пе­сінде» түрлі мәдениеттерді дамыған немесе дамымаған деп бөлмей, кез келген қоғам­ның жағдайын «өр­кениеттілік» ( умран ) деп сипат­тай­ды. Ибн Халдунның айтуынша, кез келген қо­ғам көшпелі және отырық­шы өмір салтының арасында болады. Ол мәдениет эко­номикалық және саяси процестердің ықпалымен дамиды деп есептеді.

Ибн Халдун өз еңбегін асабия терминіне түсініктеме беруден бастай­ды. Асабия - ұжымдық ынтымақтастыққа негізделген көшпенді-бе­ду­ин­­дер­дің ру­лық немесе тайпалық бірлестіктері.

Ибн Халдун бойынша мемлекеттің өмір сүру ұзақтығы үш ұрпақтың өмір сүру уақытына, шамамен 120 жылға тең. А. А. Игнатенко мұсыл­ман әу­­леттері билігінің сипаты және ұзақтығы жөніндегі мәліметтерді талдап, Ибн Халдун­ның айтқандарымен келісті. А. А. Игнатенко «Сол дәуірдегі мемлекеттер мен қоғамдар дамуының циклділігі жөніндегі Ибн Хал­дун­­ның идеялары - бұл орта ғасырлық шығыс қоғамының нақты ас­пек­­ті­­лерін ашып көрсететін әлеуметтанулық, ғылыми концепция» деген қо­рытындыға келді.

В. В. Бартольд пен француз зерттеушісі М. Бувье-Ажам Ибн Хал­дун­ды әлеуметтанудың негізін салушы деп есептеді. Ибн Халдунның кон­цеп­циясы « күштеу теориясының » авторы Л. Гумпловичтің көзқа­рас­тары­на ықпал жа­сады. А. Тойнби Ибн Халдунның концепциясын өзі­нің « Вы­зов­-и-Ответ » деп ата­латын теориясына кіргізді.

Соңғы уақытта Ибн Халдунның теориясын П. Турчин өз жұмыс­та­­рында пайдаланды. П. Турчин оның кейбір қазіргі концепцияларымен, Дюрк­­гейм­­нің әлеуметтік бірігу теориясымен, «әлеуметтік капитал» тео­рия­сы­­мен, «инди­видуализм-коллективизмнің» әлеуметтік-психология­лық тео­рияларымен ұқ­сас­тығын анықтады.

Мұсылман тарихнамасы тек араб елдерінде ғана сақталған жоқ. Со­ны­­мен қатар бұл дәстүр Осман елінде, Иранда Индияда тағы да басқа мұ­сыл­­ман елдер­інде кеңінен дамыды.

ХҮ-ХҮІ ғасырларда мұсылман тарихнамасы Мысыр елінде өз жалға­сын тапты. ан-Нувайри , (1279-1332) мәмүліктер тарихы, тарихи энци­кло­­­педия авторы ( Ибн аль-Фурат , 1334-1405) жалпы хроникалар, алъ-Мак­ри­­зи(1364-1442), аль-Айни (1361-1451), Абу-ль-Махасин Ибн Таг­ри­бер­­ди (1409 немесе 1410-1470) және ас-Суюти (1445-1505 ), сияқты по­ли­гистор (көп білетін, жан-жақты білімі бар адам) - тарихшылар - Мысыр елінің саяси-экономи­ка­лық, әлеуметтік және мәдени тарихы жөнінде көп томдық шығармалар жазып кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырып кетті.

ІХ-ХII ғасырлардағы араб авторларының еңбектеріндегі қазақ даласы.

Орта ғасырдағы қазақ тарихын зарттеу үшін сол кездегі араб тілінде жаз­ыл­ған әртүрлі мазмұнда, әрқилы жанрдағы шығармалардың орыны ерекше. Араб халифтерінің басқыншылық саясаты оларды алыс-жақын ел­дерді сая­си, экономикалық және гографиялық жағынан зерттеуге мәж­бүр­леді. Бұл мақ­сатта жер-жерлерге жіберілген елшілер, саяхатшылар жә­не жансыздар басқын­шыларды қызықтыратын алуан-алуан ақпарат­тар жинады.

Ислам синкретті мәдениетінің көрші елдерге таралуы, араб елде­рі­нің сау­да керуендері Европа мен Азияның, көрші Африканың елдерін ара­­лауы араб авторларының көзқарасын кеңейтті, білімін толықтырды. Олардың бо­­­ла­шақта жазатын шығармаларына мол материал жиналды.

ҮІІІ ғасырдың басында араб әскері Орталық Азия және Қазақ еліне де жет­ті. Жарты ғасырға созылған қарулы қақтығыстан кейін еліміздің біраз бө­лігі ар­аб билігін мойындауға мәжбүр болды. Жаулап алынған жерлерді өз қол астын­да ұстап тұру үшін, елді мекен еткен тұрғындарды мұқият зерттеу қажеттігі туындады. Міне осы мақсатта Орталық Азия халықтары бо­йын­­ша едәуір ғылы­ми, әдеби шығармалар жинақталды. Біз оларды мақ­саты­на, мазмұнына және маңыздылығына қарай классикалық, геогра­фия­лық, өмірбаяндық, діни шы­ғар­малар деп бөлеміз.

Классикалық араб әдебиетіндегі қазақтар жөніндегі алғашқы де­рек­тер . Қазақ даласын мекендеген тайпалар жөніндегі алғашқы мәлі­мет­­­тер­ді біз араб­тың классикалық тарихи шығармаларынан кездес­ті­ре­міз.

IХ ғасырда өмір сүрген ал-Балазури және ат-Табари еңбектерінде Же­ті­су өлкесі мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген ру-тайпалардың араб әскеріне Орталық Азия жерінде көрсеткен қарсылығы туралы жа­зы­ла­­ды. Онтүстік Қа­зақ­стан жеріндегі араб басқыншыларына жергілікті ха­лық­тың қарсылығы да кейбір шығармалардың негізгі тақырыбына ай­нал­ған.

Арабтың ірі тарихшыларының бірі ал-Балазури, «Елдерді жаулап алу туралы кітап» (Китаб футух ал-булдан), деп аталатын еңбек жаз­ды. Өзде­ріңізге белгілі ат-Табарида «Пайғамбарлар мен патша­лар та­ри­хы» (Тарих ар-русул ва-л-мулук) атты еңбектің авторы. Бұл екі кітапта да Орталық Азия­ны мекендейтін тайпалар жөнінде көптеген мәліметтер бар.

Ат-Табари Араб халифатының бірсыпыра қалаларын аралаған ғалым. Өмі­рінің соңында Бағдат қаласында қоныстанып көрген-біл­генін қағазға түсіріп, өз елінің тарихын болашақ ұрпаққа мирас етіп қал­дырды.

Сол ғасырда өмір сүрген үшіші бір тарихшы ал-Джахиз «Достоин­ства тюрок» (Манакиб ал-атрак) деп аталатын кітаптың авторы. Энци­к­лопеди­алық білімді ғалым көшпелі түркілердің этнографиялық сипат­та­ма­сын берді. Аббасид халифтерінің жеке басын қорғайтын әскердің басым көпшілігі түркі жігіттері еді. Ол солармен жақсы қарым-қатынаста бол­ған. Араб жұртына бей­таныс түркілерге автор жағымды мінездеме береді.

ІХ ғасырдыңалғашқы жартысында арабтың Тамим ибн Бахр есімді сая­хат­шысы қимақ даласында саяхат жасады. Ертіс өзенінің жаға­сын­дағы олардың астанасында болып қайтты. Не себепті, не үшін бар­ған­ды­ғы бізге беймәлім. Саяхатшы өз еңбегінде кимақтардың тұрмыс-тір­ші­лігі, шаруа­шы­­лығы, Тараз қа­ласынан қимақ қағанының резиденция­сы­на дейінгі жол­да көрген-білгенін қағазға түсірген.

Әлбетте бұл еңбектерде үлен тарихи проблема шешілген жоқ. Сол кез­дегі мұсылман әлеміне белгісіз болып келген алыстағы түркі жұрты­мен арабтардың алғашқы танысуы осылай басталған еді.

Географиялық шығармалардағы қазақ даласы . Әлемді жаулап алу­­ды армандаған арабтар географиялық білімнің жинақталуына аса зор мән берді. Мемлекет саяхатшылардың ұмтылысына дем беріп, оларды әр­қа­­шанда қолдап отырды. Сондықтан да дәл осы дәуірде арабтың геогра­фия­лық тақырыптарында жарық көрген бір топ авторларының еңбектері қа­зақ даласын зерттеуде таптыр­майтын деректерге айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Скифтер мен сақтардың дәуірі: шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы және қаңлылар туралы деректер
Римнің алғашқы жылнамашылығы: дереккөздер, дәстүрлер және негізгі тарихшылар
XVIII ғасырдағы Ресей тарихнамасының қалыптасуы және қазақ тарихының зерттелуі
Торғай даласы туралы ақпараттық веб-парақшаны жобалау және PHP, JavaScript негізінде әзірлеу
Қазақ тарихнамасының қалыптасуы: С. Асфендияровтың үлесі, Ұлы Отан соғысы зерттеулері және классикалық еңбектер
Қазақстандағы алғашқы қауымдық мәдениеттер: тас дәуірі, қола дәуірі (Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) және темір дәуірі
Қазақ тарихнамасының өзекті мәселелері: этногенез, мемлекеттің қалыптасуы және отаршылдық
Әмір-Темір - ірі мемлекет қайраткері: өмірі, дәуірі және Орталық Азиядағы рөлі
Қадырғали Жалайыр (1530-1605): Жылнамалар жинағының авторы және қазақ тарихнамасының іргетасы
Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы: алғашқы қауымдық құрылыс дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz