Орта ғасырдағы Еуропа тарихы


Жоспар
1. 1 Орта ғасырдағы еуропа тарихы
1. 2 Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірі
1. 3 Италия тарихнамасының «саяси-риторикалық» мектебі
1. 4 XVII ғасырдағы тарихи білім деңгейі. Европа ғылымындағы төңкеріс
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 1 ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХЫ
Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) - адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі. Орта ғасыр деген ұғымды 1453 жылы итальян тарихшы-гуманисі Флавио Бьондо, енгізіп, XVIII ғасырда бүкіл ғалымдар мойындады. Бұған дейін Петрарка ойлап тапқан, Рим империясының құлауымен Қайта өрлеу заманының арсын қамтитын кезеңді қараңғы-түнек ғасыры - темные века - деп атаған болатын. XV-XVI ғасырларда ғалымдар бұл кезеңді:
Орта ғасыр - Батыс Еуропада феодализмнің өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарихғылымында Орта ғасырғақұлиеленушіРим империясыныңкүйреуі (шарттытүрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды. Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихын зерттегенде ғана пайдаланатын термин. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарының тарихына арналған еңбектерде де кездеседі.
Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы -Константинопольдің құлауы (1453ж. ), Американың ашылуы (1492ж. ), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж. ) деген әр түрлі пікірлер айтылуда.
ЮНЕСКО шығарған «История человечеств» деп аталатын энциклопедияда орта ғасыр ислам дінінің пайда болуынан басталады деп көрсетілген. Әлем ғалымдары әлі ортақ пікірге келе қойған жоқ. Біздің ойымызша бұл анықтама тек Европа тарихына ғана тән сияқты. Европаның тарихындағы орта ғасыр үшке бөлінеді;
Ерте орта ғасыр (V ғасырдың аяғы - XI ғасырдың ортасы) ;
Жоғарғы немесе классикалық (XI ғасырдың ортасы - XIV ғасырдың аяғы) ;
Соңғы орта ғасыр (XIV-XVI ғасырлар),
Француз «Анналдар мектебінің» өкілдері «ұзақ ортағасыр» деген ұғым кіргізді. Олар орта ғасырды XVIII ғасырдың аяғына дейін созды. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады. Орта ғасырдағы тарихи ой-пікір антика тарихнамасының заңды жалғасы. Қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің негізгі себебтерін орта ғасырлық авторлар сол қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланыстырады. Орта ғасырдағы тарихи шығармалар тақырыбы мен жанры жағынан әртүрлі еді. Бұған анналдар, хроникалар, өмірбаяндық шығармалар, кейбір зайырлы және діни қоғамдар тарихы және ақсүйектер әулеттерінің генеологиялық шығармалары кірді.
Агиографиялық шығармаларда да сол замаңдағы қоғам жөнінде көптеген мәліметтер алуға болады. Бұл шығармаларда тек қана әулие дәрежесіне дейін көтерілген жеке тұлғалардың өмірі туралы ғана емес, оның өмір сүрген уақыты, ортасы, мекені туралы мағлұматтар кездестіруге болады.
Европа жұртында жыл сайын өмірден өткен ата - бабаларын еске алуға арналған кездесулер, жиындар жиі болып тұрған. Осындай литургиялық іс-шарада ұрпақтар сабақтастығы, өткен мен бүгінгінің арасындағы байланыс туралы ой - пікірлер айттылған. Міне осылардың барлығы әлеуметтік есті қалыптастырады. Әрине, бұл шығармаларды шынайы тарихи зерттеулер қатарына жатқызу дұрыс болмас еді.
Орта ғасырлық тарихшылар жаңа пайда болған христиан дінінің ықпалынан шыға алмады. Адамзат тарихының даму заңдылығы діни көзқарас тұрғысынан түсіндірді. Кесарийлық Евсевий христиан хронологиясының негізін қалады. ІІІ ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келген. Христиан дінінің таратушыларын қуғынға ұшыратқан кезде Евсевий Палестина, Египет, Финикия жерлерінде қашып жүріп, ақырында түрмеге түседі. Өмірінің соңында Тир қаласында қоныстанып, 331-жылы 80 жасқа қараған шағында қайтыс болады.
Өте білімді адам болған. Ол жай ғана архивариус қызметін атқара жүріп, сол замандағы христиан әдебиетін жинастырған. Үлкен кітапхана жасайды. Сөйтіп ІҮ ғасырдың басында өзінің атақты «Хронографиясын» жазып шығарды. Бұл еңбектің латын және армян тілдеріндегі нұсқалары сақталған.
Бірінші бөлімінде көптеген көне халықтардың тарихы, оларды билеген патшалардың тізімі және билік құрған уақыты қысқаша түрде баяндалады. «Хронологиялық конондар» деп аталатын екінші бөлімінде Аврам туғанан 325 жылға дейінгі тарихи оқиғалардың синхронды таблицасы берілген. Неге ол тарихты Аврамнан бастайды десек, Библияның еврей тіліндегі нұсқасында тіршілік сол туғанан кейін басталды деп есептейді екен.
Еңбектің сипаты универсиалды, ол әрі тарихи әрі теологиялық болып саналады. Автор тарихи фактілерге сүйене отырып «Көне шарт» кітабының тарихилылығын дәлелдейді. Әлем тарихының шытырман оқиғаларын уақыт жағынан бір арнаға түсіруі Евсевийдің үлкен жаңалығы. Бұған дейінгі грек тарихнамасында оқиғаларды баяндағанда хронология мәселелеріне көңіл аударыла қоймайтын. Өйткені ертедегі Грекида ортақ күнтізбе болмады. Әрбір қала өз календарын пайдаланатын.
Аврелий Августин (354 -430) - көне рим философы, христиан теологы, 395 жылдан бастап Гиппон епископы. «Құдай қаласы туралы» енбегінде белгілі «ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын» формуласын негіздейді. Кітапта адамзат тек екі қаланың ғана азаматы болуы мүмкін. Бірі-Құдай қаласы, екіншісі-Жер қаласы. Бірінші қала тұрғындары тек құдай заңымен өмір сүреді, ал екіншісінікі құдайдан бас тартқан өр көкірек адамдар орнатқан заңға бағынады. Қалалардың қай мемлекеттекі екендігі айтылмайды. Қалалардың азаматтарының айырмашылығы олардың ішкі қасиеттерінде. Ертеңгі келесі өмірде құдай алдына барғанда әр адам өз ісіне жауап береді. Қай қалада өмір сүру әр адамның өзіне байланысты. Құдай екі қаланың да тұрғындарын бақылап отыр. Әр адамның тағдыры кесулі. Міне осы тұжырым келешекте христиан дінінің кальванизм бағытына негіз болды.
Кітап Римді вестготтар жаулап алғаннан кейін 413-427 жылдары жазылды. Бұл оқиға Августинге үлкен әсер етті. Мемлекеттік құрылыс тұрақсыз дейді автор, ал рухани жағынан берік адамдар бірлестігі мәңгілік. Мемлекеттік құрылым да құдайдың құдіретімен ел ішінде тәртіп сақтау үшін орнайды. Сондықтан адамдар заңды орындауға міндетті. Авугустиннің екінші көтерген мәселесі құдайға сенбейтіндермен күрес. Ол шіркеудің еретиктерге қарсы қуғын-сүргін саясатын негіздеуге тырысады.
Қорыта айтқанда, Аврелий Августин «Құдай қаласы жөнінде» өз шығармасында қарама - қарсы екі әлемнің: Аспан қаласы мен Жер қаласының күресіне арналған. Библияда негізделген адамзат тарихының моделін одан әрі дамыта отыра Ол қоғамның дамуы табиғаттан тыс, тылсым күште деген тұжырымға келеді. Яғни, адамның өмірі, оның қоғамдағы қызметі бір құдайдың қолында. Жалпы тарих дегеніміз - жақсылық пен жамандықтың, діншілдер мен күнәқорлар арасындағы күрес. Августин және оның жақтастары тарихтың жетер шегі бар деп есептеді. Күнәқорлар жеңілген күні тарих та өз мақсатына жетеді.
Павл Орозий жазған «Пұтқа табынушыларға қарсы тарих» шығарма тек христиан мәдениетінің алғашқы дәуірінің аса көрнекті ескерткіші ғана емес сонымен қатар орта ғасырдағы Европа тарихнамасының баға жетпес еңбектерінің бірі. Шығарманың 300 жақын қолжазбалары бар. Ол латын христиан хроникасының негізі қалады. Одан кейін өмір сүрген тарихшылардың оны еңбегіне сілтеме жасамағандары кемде кем. Х ғасырда Кордово халифының тапсырмасы бойынша шығарма араб тіліне де аударылды.
Орозидің өмірбаяны жөнінде мәлімет өте аз. Шамамен ІҮ ғасырдың аяғы Ү ғасырдың басында өмір сүрген сияқты. Тіпті оның туған жері, нәсілі туралы да дерек жоқ. Белгілісі ол 414 жылы Испаниядан Солтүстік Африкаға келгендігі. Осы жерге келгеннен кейін ол Августинге оқушы болады. Жоғарыда аталған трактатты соның тапсырмасы бойнша жазған сияқты. Себебі, ол өз шығармасында ұстазының концепциясын одан әрі тереңдете дәләлдеуге тырысады.
Адамзаттың христиан діні пайда болғанға дейінгі өмірін қайғы-қасіретке толы екендігін толғана баяндайды. Еңбек діндарлар арасында кең қолдауға ие болды. Тарихи процесске христиандық көзқарас тұрғысында жазылған бұл шығарма оны авторының беделін жоғары көтерді. Шығарма жеті кітаптан, екі бөліктен тұрады. Хорографиялық (география ғылымының әр жердің ерекшелігін сипаттайтын бөлімі) сипаттама берілген еңбек Жерорта теңізінің айналасын мекендеген халықтардың Римнің пайда болғанынан б. з. 416 жылына дейінгі аралықтағы тарихына тоқталады.
Орозий шығармасы кейінен дәл осындай еңбектердің пайда болуына түрткі болды. ІХ ғасырдың аяғында король Альфред жасаған шығарманың англосаксон нұсқасы жарық көрді. Бұл хорографиялық жанрдың жаңа дәуірі еді. Альфред кітапты дәлме дәл аударуға тырысқан жоқ. Ол еңбектің біраз жерін қысқартып, тек оның қысқаша мазмұнын берді.
Сонымен, орта ғасырдың алғашқы дәуірінде тарихтанудың христиандық концепциясы қалыптасты. Егер көне гректер тарихтың басы да аяғы да жоқ, ол бір қайталанып келетін дөңгеленген дүние десе, христиан тарихшылары ол түзу бір жолмен дамиды деп дәлелдеді. Оның басы бар, белгілі бір мақсатқа жету үшін алға жылжиды.
Мұндай концепция провиденциализм деп аталды. Орыстың провидение деген сөзі (аударғанда - алдын-ала көре білетіндік; болжағыштық; жазмыш; жасаған; көрегендік; құдірет; құдіретті күш; тағдыр; хақтағала)
Бұл концепция бойынша тарих Адам пайда болған уақыттан басталады. Ол бақтың ішінде жүріп Еваны кездестіреді, екеуі алма жеп, күнә жасайды. Міне содан бастап адамзат күнәдан арылу жолына түседі. Бұл ұзақ жол. Алда қатаң сот. Тарихи процесс барысын құдайдың өзі бақылап отырады. Жоғарыда айтылған Августин мұны Құдай қаласы мен Жер қаласы арасындағы ұзаққа созылған күрес дейді. Түбі, Құдай қаласының тұрғындары жеңіске жетеді, өйткені тарихтың жолын құдай өзі күні бұрын белгілеп қойған.
Концепция бойынша адамзат тарихы алты кезеңге бөлінеді: 1. Адамнан бастап топан су қаптағанға дейін, 2. Нойдан Авраамға дейін, 3. Авраамнан Давидқа дейін, 4. Давидтан оның Вавилон тұтқынына түскенге дейін, 5. Вавилон тұтқынынан Христостың туғанына дейін, 6. Христостың бірінші және екінші өмірге келу арасы.
1. 2 ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ГУМАНИСТІК ДӘУІРІ
К. Маркс капиталистік қарым-қатынастардың пайда болуын ХVI ғасырдан бастайды. Бірақ Европа елдеріңде оның алғашқы көрінестері ХІV ғасырдың соңғы мен ХV ғасырдың басында біліне бастаған болатын.
Жаңа пайда болған товарлы-ақша қатынасы қоғамды түбегейлі өзгертті. Географиялық ашулар жаңа елдерді, жаңа жерлерді тану мүмкіндігін туғызды. Ғылымның, техниканың дамуы Европа экономикасын жаңа биік деңгейге көтерді. Қоғамдағы жеке тұлғаның білім дәрежесі кеңейді. Адамның әрекеті бөгде бір күшке байланысты емес, оның өзінің қолында екендігі белгілі болды. Жаңа тап буржуазия пайда болды. Осындай жағдайда қайта өрлеу мәдениеті пайда болып, бүкіл әлемді таң қалдырды. ХVI ғасырдың басында мәдени дамудың ең жоғарғы белгісі кітап шығару өнері пайда болды. 250-ге жақын кітап басу орталығы 40 000 кітап басып шығарды. Антика ақындарының, ғалымдарының еңбектері мыңдаған данамен жарық көріп Европаның түкпір-түкпіріне тарады. Кітап оқу адамдардың күнделікті дағдысына айналды. Сауаттылар қатары көбейді.
Гумани́зм (лат. Humanitas- адамгершілік, humanus - адамша, ), Философиялық көзқарас. Қоғамның негізгі құндылығы-ол адам. Сондықтан ол бас бостандығына, бахытты болуына, өзінің қабілетін дамытуға құқылы.
Америка зерттушісі Уоррен Аллен Смит (Warren Allen Smith) бірнеше түсінігіне тоқталады:
*гуманизм - ұғым, негізгі объктісі адам.
*көне гуманизм - Аристотель, Демокрит, Эпикур, Лукреций, Перикл, Протагор және Сократұстанымдары.
*классикалық гуманизм - Қайта өрлеу гуманизмі Бэкон, Боккаччо, Эразм Роттердамский, Монтень, Томас Мор және Петрарка;
*теистік гуманизм - діни ұғым. Адам өзін өзі құтқару үшін құдайдың көмегіне жүгінуі қажет.
*атеистік гуманизм - Жан-Поль Сартра және басқалардың ұғымы. ;
*коммунистік гуманизм - Карл Маркс нағыз гуманист әрі натуралист еді деп сенетін Фидель Кастро сияқты коммунистердің үғымы.
*натуралистік (немесе ғылыми) гуманизм - Қазіргі замандағы ғылымда қалыптасқан адамның өзін-өзі жетілдіруі туралы эклектикалық ұғымдар жиынтығы. .
Цицерон «Адам қабілетінің жұмсақтық пен адамгершілікті негізге ала отырып қалыптастырған мәдени және адами дамуындағы ең жоғарғы құндылығы» деген түсініктеме береді. Ал Халқаралық гуманистік және этика одағының Жарғысында - «Гуманизм дегеніміз демократия мен этикаға негізделген адамзат өмірінің ұстанымы. Әрбір адам өз өмірінің мәні мен түрін айқындауға құқылы» деп жазылған. Америка гуманистерінің ассоциациясы «Гуманизм дегеніміз - прогрессивті өмір ұстанымы. Әрбір адам жоғарғы күштің көмегінсіз өзінің қабілетін дамытып, қоғамға өз үлесін қосуға міндетті» дейді.
Гуманистер адамның қоғамдағы рөліне жаңа көзқарас қалыптастырды. Адам барлық қызығын, рахатын осы өмірде көруі қажет. Әрбір адамның бақыты өз қолында. Сөйтіп қоғам дамуының теологиялық, концепциясынан бас тартқан гуманистер жаңа пайда болған буржуазия табының идеологиясына айналды.
Жаңа қоғамдық ой-пікірдің қалыптасуы ғылымның, оның ішінде тарих ғылымының өзгеруіне әкеліп соқты. Гуманистік тарихнама діни көзқарастан бастартып, ғылымның алдына жаңа проблемалар қойды. Гуманистер саясат адам әрекетінің ең жоғарғы формасы деп есептеді. Сондықтан оның тарихын зерттеу ғылының мәртебелі міндеті болып саналды.
Тарих қойнауына кеткен қоғамдардың саяси жүйесін, олардың жүргізген соғыстары егжегей-тегжейлі түрде зерттелді. Сөйтіп саяси тарих ғылымы пайда болды. Гуманистер шаруашылық, әлеуметтік мәселерге онша көп мән бермеді. Қоғамның горизанталды дамып прогреске ұмтылуын олар түсінбеді. Адамзат мемлекеттік түрдің бірнешеуін біледі, солар уақыт өткен сайын бірін-бірі ауыстырып отырады деп есептейді. Мұны қоғам дамуының циклдік формасы деп атайды.
Антика дәуірінің белгілі тұлғаларына арналған тарихи - мәдени шығармалар пайда болды. Солардың бірі Европа әдебиетінің классигі Франческо Петрарка (1304 - 1374) . Оның 1337 жылдар шамасында жазылған «Белгілі тұлғалар туралы» деген латын тіліндегі шығармасында ол Рим тарихын белгілі тұлғалардың өмірбаяны арқылы баяндайды. Ромулдан бастап Цезарьға дейін өмір сүрген Римнің саяси қайраткерлерінің тарихтағы орнына ерекше, тым жоғары баға бере отырып, өз заманының саясаткерлерімен салыстырады.
Келесі бір итальяндық классик - жазушы Джованни Бокаччо (1313 - 1375) «Даңқты әйелдер туралы» деген еңбегі антика дәуірінде өмір сүрген әйелдер туралы қысқаша анекдот тәріздес әңгімелерден құралады.
ХV-ХVІ ғасырда тарихи шығармалар көбейді. Тарихи шығарманы жазу әдістеріне арналған зерттеулер пайда болды. Саясатпен тиімді айналысу үшін саясаттың тарихымен танысу қажеттілігі түсінігі пайда болды. Тарихтан сабақ алу, тарихпен келешек ұрпақты тәрбиелеу жолға қойылды.
Дегенмен тарих жеке ғылым болып қалыптаспады. Ол көркем шығарманың бір бағыты болып қала берді. Ол университеттерде арнаулы пән ретінде оқытылмады. Гуманистердің кіргізген бір жаңалығы - деректерді талдау, оларды кеңінен пайдалану. Ғалымдар арасында «ad fontеs» (деректерге көңіл аудар) ұраны пайда болды. Тарихтаың даму деңгейі қоғам дамуының деңгейіне сәйкес болды. Олар түгелдей, біржолата схоластикалық - діни көзқарастан арыла алмады. Зерттелген тақырыптары да бір шеңберде болды. Олар тек саясат, соғыс, жеке бір тұлғалардың тарихынан аса алмады.
1. 3 ИТАЛИЯ ТАРИХНАМАСЫНЫҢ «САЯСИ-РИТОРИКАЛЫҚ» МЕКТЕБІ
Гуманистік тарихнама аясында Италияда тарихшылардың бірнеше мектебі қалыптасты. Соның бірі Флоренция гуманисі Леонардо Бруни негізін қалаған «саяси-риторикалық» мектебі. Ол заманда тарихшылар әрі философиямен, әрі әдебиетпен, әрі саясатпен де айналысты. Көпшілігі саясаткерлер еді. Елдің әрбір азаматы Флоренция қаласының нағыз патриоты болып қана қоймай, ол бүкіл ісімен, қызметімен туған қаласының беделін, абырой-атағын көтеруге міндетті болды. Осындай пиғылдағы тарихшылар ойы аталған мектеп айналасында топтасты.
Леонардо Бруни (1370-1444) 12 томдық «Флоренция тарихы» атты еңбек жазды. Кітапта Флоренция қаласының пайда болған уақытынан бастап 1404 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Автор Флоренция республикасын ертедегі Рим республикасының заңды мұргері, оның демократиялық дәстүрлерінің жалғасы деп есептейді. Ол Флоренция қаласының бай бюргерлік (пополондар) топтарына қарап, 1378 жылы кедей топтардың Чомпи көтерілісін де жақтамайды. Ол қаладағы орта топтың мүддесін көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz