Орыстың ұлттық тарих ғылымының қалыптасуы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Ресейде тарих ғылымының қалыптасуы
- ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс тарихнамасы
- ХҮІІІ ғасырдағы орыс тарихнамасындағы қазақ тарихының зерттелуі
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орыстың ұлттық тарих ғылымының қалыптасу кезеңі XVIII ғасырда басталады. Ортағасырлық тарихи білімнің ғылымға айналуына әсер еткен Европадағы рационалистік ойлау әдістері еді. Бірінші Петрдың реформалары нәтижесінде Ресейге шетел ғалымдары келе бастады. Мектептер ашылды, Университеттің ірге тасы қаланды, Академия құрылды.
Орыс патшайымы Екінші Екатерина тұсында мемлекет тарихи зерттеулерге ерекше көңіл бөлді. Деректер корпусының толығуы тарихи тақырыптардың ауқымының ұлғаюына игі әсер етті.
ХҮІІІ ғасырдың 60-70 жылдарында тарихи білімге жұртшылықтың ықыласы артты, оған қызығушылардың саны күннен күнге көбейе түсті. Оның жетістіктері ғылымда, әдебиетте, өнерде диломатиялық қатынаста, тіпті заң шығару барысында да пайдалана бастады.
Ресейде тарихи шығармалардың пайда болуы оның мәдени деңгейінің өскендігінің белгісі еді. Осы кезде «Сөз» деп аталатын тарих пен көркем шығарманың арасындағы жанр пайда болды. Үйлену, нәрестенің дүниеге келу тойларында, жерлеу немесе еске алу рәсімдерінде сөз сөйлеу дәстүрі пайда болды. Тіпті бейбіт келісмдер жасау, патшаның таққа отыру, бір мекемелердің ашылуы сияқты іс-шараларда ұзақ-сонар сөздер айтылатын.
- Ресейде тарих ғылымының қалыптасуы
Орыстың белгілі ғалымы М. В. Ломоносов жаратылыстану ғылымы жөніндегі "О пользе химии", "О явлениях воздушных", "О происхождении света", "О рождении металлов" сияқты сөздері Ресей жұртшылығына, ел ішінде ғылым-білімнің таралуына игі әсерін тигізді.
И. А. Третьяковтың "Слово о произшествии и учреждении университетов в Европе на государственных иждивениях" (М., 1768), "Слово о римском правлении и о разных оного переменах" (М., 1769), "Рассуждение о причинах изобилия медлительного обогащения государства", Д. С. Аничковтың "Слово о свойствах познания человеческого" (М., 1770), сияқты сөздерінде тарихи ой-пікірлер айтылды 60-жылдардың орта шенінде орыс тарихының деректері жариялана бастады.
Академияны ұйымдастырған және аяғынан тік тұрып кетуіне ат салысқан шетелдік ғалымдар еді. Оның іщінде неміс ғалымдары ерекше көзге түсті. Байер Готлиб Зигфрид (1694-1738), неміс тарихшысы, филолог Ресей Академиясының академигі 1725 жылдан Ресейде тұрды. Көбіне шығыс мәдениетімен айналысқан. Орыс тілін білмесе де, кейбір осы күнгі тарихшылар сияқты, орыс тарихына қалам тартады. Көне Русь мемлекетінің пайда болу проблемасында, көптеген тарихшылардың наразылығын туғызған, нормандық теориясын негіздеді. Бұл теорияның авторлары ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Петербург Академиясында қызмет істеген неміс тарихшылары Г. З. Байер, Г. Ф. Миллер және А. Л. Шлецер. Олар орыс жылнамаларына сүйене отырып «жабайы» славян тайпалары өз мемлекетін құруға шамасы жетпегендіктен Новгородқа сырттан келген үш варяг княздары орыс мемлекетінің негізін қалады деп дәлелдеді. Бұл теорияға М. В. Ломоносов бастаған орыс патриоттары қарсы шықты. Олар орыс мемлекетінің пайда болу процесіндегі скандинавтардың ролін жоққа шығарды. Бірақ мәселе ашық қалды. Бірі оның негізін қалаға хазарлар десе, екіншілері - франктер ал үшіншілері - литва немесе батыс славян тайпалары деп есептеді. Бұл академиялық проблема осы күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Кейбір монархист-тарихшылар және словянофил-тарихшылар бұл теорияны Ресейді Еуропаға қарсы қою үшін пайдаланды. Батыс Еуропадағы мемлекеттер жаулап алу нәтижесінде пайда болды. Ал Ресейде мелекет бейбіт түрде құрылды. Сондықтан орыс елінде билік пен халық арасында қарама-қайщылық жоқ деп дәлелдейді. Осы күнге дейін кейбір еуропалық норманистер славян халықтарының билік жасауға қабілетсіз екендігін жазады. Шындығында алғашқы орыс княздарының есімдері - Аскольд, Дир, Рюрик, Олег, Игорь, Ольга варягтардың есімдері екендігі тарихи жағынан дәлелденді. Олар билеуші әулетті негіздегеннен кейін орыс халқымен тығыз араласып кетті.
Орыс тарихнамасының негізін Фри́дрих Ми́ллер ́(1705-1783) қалады. Неміс ғалымы орыс патшасының шақыруы бойынша 1725 жылы Ресейге келеді. Ресей Академиясында тарихнамашы қызметін атқарады. Ресейде гуманитарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Оның әсіресе Сібір жерін зерттеуге қосқан үлесі айтарлықтай. «Екінші Камчатка экспедициясын» басқарды. Он жыл бойы ол бүкіл Сібірді аралап, географиялық мәліметтермен қатар, мұрағат құжаттарын, археологиялық жәдігерлерді және этнографиялық материалдарды жинады.
Ол материалдардың аз ғана бөлігін өз жұмыстарында пайдаланса, көпшілігін кейінгі авторлардың еңбектеріне арқау болды. Ол қайтыс болғаннан кейін артында 258 портфель мұрағат құжаттары қалды деген ақпарат бар. Ресей жаулап алған Сібір хандығының бүкіл мұрағаты осы Миллер алып кетті деген де әңгіме бар.
Петербургке оралғанан кейін ол өзінің атын бүкіл әлемге паш еткен шығармаларын жазуға кірісті. Алғашқы еңбегі Ресейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналды. Француз тілінде жарық көрген осы еңбектің арқасында Европа жұртшылығы Ресейде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеулерден хабардар болды.
1749 жылы Ресей ғылым Академиясының мәжілісіндегі баяндамасында орыс халқының тарихына байланысты айтқан пікірлері кейбір ғалымдарға ұнамады. Миллер орыс мемлекетін құру процесіндегі варягтардың роліне ерекше көңіл бөліп, олардың түбі Скандинвия екендігін дәлелдуге тырысты. Бұл концепция академик М. В. Ломоносов пен Крашенинников тарапынан сынға ұшырады. Тіпті, кейін, оның ақыры Миллердің қызметінің төмендеуіне әсерін тигізді.
1750 жылы ол өзінің «Сібір патшалығының сипаттамасы» атты еңбегінің бірінші томын жарыққа шығарды. Әртүрлі себептерге байланысты екінші томының шығуы созылып кетті.
1755-1765 жылдары ол «Ежемесячные сочинения, к пользе и увеселению служащие» журналының редакторлығына тағайындалды. Міне осының беттерінде Сібір туралы ғалымның мақалалары жариялана бастады.
Миллер орыс тарихы жөніндегі көптеген алғашқы еңбектердің авторы. Мыслы мына «О летописце Несторе» (1755), «Известие о запорожских казаках» (1760), «О начале Новгорода и происхождении российского народа» (1761) и «Опыт новой истории о России» (1761) сияқты шығармалар орыс тарихнамасына қосылған сүбелі еңбектер еді. Сібірді мекендеген түркі тілдес тайпалар кейін қазақ халқының құрамына енді. Мысалы Сібір хандығының негізін қалаған керейлер бүгінде қазақ халқының құрамында. Сондықтан Миллерді қазақ тарихын зерттеуші деп те атауға әбден болады.
М. В. Ломоносов кәсіби тарихшы емес еді. Сол кездегі орыс ішінен шыққан алғашқы білімді адамдардың бірі ретінде, орыстар туралы тарихи сананы қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді. Жоғарыда айтқанымыздай шетелдіктердің жасаған орыс тарихының концепциясына риза болмаған ол, өз халқының тарихына арнап бірнеше еңбектер жазды.
М. В. Ломоносовтың негізгі тарихи шығармалары мыналар:"Древняя российская история от начала российского народа до кончины великого князя Ярослава Перваго или до 1054 года…" (Санкт-Петербург, 1766) ; "Краткий Российский летописец с родословием" (Санкт-Петербург, 1760) ; "Описание стрелецких бунтов и правления царевны Софии" (осыны Вольтер түгелімен өзінің "История Российской империи при Петре Великом"деп аталатын кітабына кіргізді. Амстердам, 1761) . Отансүйгіштік пиғылдан жазылған ұлы ғалымның тарихи шығармалары орыс халқының тарихи санасының қалыптасуына игі әсер етті. Деректерді таңдау прициптері, зерттеу әдістері, тарихи процессті концептуалді түрде қайта қарауы, методологиялық мәселелерді қарастыруы бүгінгі күнгі жас тарихшыларға үлгі боларлық.
М. В. Ломоносовтың 1761 жылы И. И. Шуваловқа ұсынған "О сохранении и размножении русского народа" трактатында "Начало сего полагаю самым главным делом: сохранением и размножением российского народа, в чем состоит величество, могущество и богатство всего государства, а не в обширности земель без обитателей" - деп мемлекеттің байлығы да сапасы да сол жерді мекендейтін халықта деп атап көрсетеді. Меніңше оның пікірі бүгін де өзекті сияқты.
Ол кейбір жаратылыстану ғылымдарының өкілдері сияқты тарих жазу ісіне ат-үсті қарамаған. Мысалы өзінің негізгі тарихи шығармасы "Древней Российской историей…" жазу барысын былайша суреттейді : "…читал для собрания материй к сочинению Российской истории Нестора, Законы Ярославли, большой Летописец, первый том работы Татищева, книги Крамера, Вейселя, Гелмонда, Арнольда и другие, из которых брал… выписки и примечания, всех числом 653 статьи…"; "читал российские академические летописи без записок, чтобы общее понятие иметь пространно о деяниях российских".
М. В. Ломоносов орыс мемлекетінің пайда болу жөніндегі нормандық теориясына қарсы шықты. Кейбір шетелдік ғалымдардың орыс елінің артта қалғандығы туралы айтқан пікірлерін сынайды: "Немало имеем свидетельств, что в России толь великой тьмы невежества не было, какую представляют многие внешние писатели". Ол бірінші Петрдың тарихтағы роліне зор баға береді. Оның өнеркәсіпті, сауданы, әскер мен флотты құрудағы еңбегі, оқу-ағарту және мәдени өмірді жандандыруы Ресей мемлекетін ілгері жылжытқандығын жазды. М. В. Ломоносовтың тарихи еңбектері неміс, француз, ағылшын тілдеріне аударылды.
1754 жылы М. В. Ломоносов Ғылым Академиясына Бірінші Петр, Бірінші Екатерина, Екінші Петр және Елизавета Петрқызының қызметіне арналған "медалическая история" жазуға ұсыныс жасайды.
М. В. Ломоносов ұлттық тарихшы-кадрларды дайындауды мақсат етті. 1754жылы И. И. Шуваловқа жазған хатында ол Мәскеу университетінің фолософия факультетіне тарих профессоры штатын кіргізуді өтінеді. Ал заң факультетінде профессор "политики, который должен показывать взаимные поведения, союзы и поступки государств и государей между собою, как были в прешедшие веки и как состоят в нынешнее время" болуы керек деген пікір білдіреді.
1764 жылы Ғылым Академиясының жаңа жобасына орыс тарихын жазу үшін материалдар жинайтын тарихнамашы қызметін кіргізу жөнінде ұсыныс кіргізді. Бұл қызметті атқаратын адам барлық мұрағаттарға кіру құқығына ие болу шарт және ол "человеком надежным и верным", не склонным в своих исторических сочинениях" ко шпынствуи посмеянию". Ол 748 жылы Петербург академиясы жанынан құрылған «Историческое собрания»-ның мүшесі болды.
М. В. Ломоносов Ресейдің озық дәстүрлерін насихаттау, келер ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу үшін ұрпақтар сабақтастығын үзбеуде тарихтың ролін жақсы түсінді. "Велико есть дело смертными и преходящими трудами дать бессмертие множеству народа, соблюсти похвальных дел должную славу, и, пренося минувшие деяния в потомство и в глубокую вечность, соединить тех, которых натура долготою времени разделила" - деп жазды ол.
Оның сол кезде айтқан идеялық тұжырымдарының өзектілігі бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Әсіресе тәуелсіздігін жаңа алған елдер өз тарихын қайта жазғанда осы М. В. Ломоносовтың ақыл-кеңесіне жүгінген дұрыспа деп ойлаймыз.
- ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс тарихнамасы
Щерба́тов Михаи́л Миха́йлович (1733-1790) - орыс тарихшысы публицист, философ. Санкт-Петербург ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей академиясының мүшесі (1783) . Өте ауқатты отбасыдан шыққан. Жасында жақсы білім алып, әскери қызметте болды. Отставкаға шыққаннан кейін әртүрлі мемлекеттік қызметте істейді.
Орыс тарихымен айналысты. Дворян тарихнамасының өкілі өзінің тарихи еңбектерінде дворян тобының мүддесін қорғайды. Көзқарасы жағынан - рационализмді және прагматизмді ұстанады. Провиденцилизмге қарсы. Щерба́тов М. М. археографиялық жұмыстармен айналысты. Ол көптеген деректерді пайдаланды. «Царственная книга», «Летопись о многих мятежах», «Журнал Петра Великого» сияқты деректерді іздеп тауып, оларды жарыққа шығарды. Орыс тарихына қатысты деректерді жинап, оларды бастыруға күш салды.
Дворян тарихшысы ретінде, соған сәйкес орыс тарихының схемасын жасайды. Оның пікірінше патшалық самодержавие Ресей үшін ең тиімді, ең ыңғайлы өзіне ғана тән мемлекеттік құрылым. Дворяндар боярлардың заңды жалғасы, орыс қоғамының іргетасы. Еңбектерінде дворяндар мен шаруалардың және патшаның бірлігі насихатталады. Щербатов орыс тарихын кезеңдерге бөлмейді, бірақ оның еңбегінің әрбір томы белгілі бір оқиғалармен басталып белгілі бір оқиғалармен бітеді. Оның жазған «История российская от древнейших времен» атты кітабы орыс тарихнамасының бір белесі.
Петр Иванович Рычков (1712-1777) Орыстың белгігілі тарихшысы, эканомисі, мемлекет қайраткері. Арғы тегі шетелдік, әкесі ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейге кәсіп іздеп келген.
Жас кезінде неміс, голланд тілдерін, есеп-қисап мамандығын игереді. Соның арқасында Қазақ даласына аттанатын әскери-ғылыми экспедицияға бухгалтер қызыметіне орналасады. Алдымен И. К. Кириловпен, кейін В. Н. Татищевпен қызметтес болады. Бұл екеуі де қазақ даласының географиясы және тарихымен белсенді айналысқан тұлғалар. Осылардың тапсырмаларын орындай жүріп П. И. Рычков өзі де жаңа әрі ғылымға беймәлім өлкенің тарихына қызығады. Өз өмірінің 43 жылын осы жерде өткізген ғалым бірнеше еңбектің авторы болды, ұзын саны 50-ден асады.
Оның негізгі шығармалары «История Оренбургская» және «Топография Оренбургская» деп аталады. Өте бай деректер негізінде жазылған шығармаларда Орал тауының оңтүстік етегін, Қазақстанның солтүстік батысын мекендеген халықтардың тарихы, этнографиясы, шаруашылығы туралы мол мәліметтер бар. Әлбетте, ол өзі мүше болған Орынбор экспедициясы жөнінде толық ақпарат береді. П. И. Рычков кітаптарында жаңа өлкені отарлау процесін бүге-шігесіне дейін қалдырмай баяндайды.
Қамалдардың салынуы, орыстардың қоныс аударуы, егіншіліктің дамуы, келімсектермен жергілікті халықтардың қарым-қатынасы туралы жазғандары, Жайық орыс-казактарының пайда болуы, Жайық қалашығының салынуы сияқты мәселелер осы күнгі оқырмандарды да қызықтырары сөзсіз.
1741 жылы Рычков Орынбор шекара комиссиясынң жанындағы География департаментінің директоры болып тағайындалды. 1752 оның мұрындық болуының арқасында геодезистер тобы құрылды. Олар 1755 жылы Орынбор губерниясының Бас картасын және оған қосымша 10 карта жасады.
Осы карталарға қосымша түсіндірме ретінде «Топография Оренбургская» (бірінші бөлім - 1755, екінші бөлім - 1760) . 1762 жылы еңбек Санкт-Петербургте академиялық журналда басылып шықты. Орыс география ғылымы үшін бұл еңбектің маңызы өте жоғары еді. Сол кездегі ең беделді М. В. Ломоносов, Г. Ф. Миллер сияқты ғалымдар жоғарғы бағасын берді.
Осымен қатар П. И. Рычков жаңа аймақты эканомикалық жағынан тиімді пайдалану үшін бірнеше мақалалар жазды. «О сбережении и размножении лесов», «О способе к умножению земледелия в Оренбургской губернии», «Описание урожая хлеба в Оренбургской губернии», «О содержании пчел», «О медных рудах и минералах, находящихся в Оренбургской губернии» тағы да басқа осы сияқты шығармалары Ресей журналдарына жарияланды.
П. И. Рычков бірнеше рет Ресей Академисына мүшелікке ұсынылады. Алдымен В. Н Татищев әрекетінен түк шықпады. 1758 жылғы Г. Ф. Миллердің талпынысы да сәтсіз аяқталды. Тек 1759 жылы М. В. Ломоносов араласып, сол жылдың 29-ыншы қаңтарында ол Ресей Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Оның шығармалары, әсіресе Қазақстан тарихы үшін, таптырмайтын дерек ретінде құнды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартсында өмір сүрген белгілі тарихшы, дворян тарихнамасының өкілі Иван Никитич Болтин (1735-1792) . Ғылымға кеш келді. Жас уақытында әртүрлі мемлекеттік қызметтер атқарып, өмірлік тәжрибе жинақтайды. Батыс Европа елдерінің тарихи-философиялық шығармаларымен танысты. Өзін В. Н. Татищевтің оқушысымын деп есептеді.
Тарихи процесстерге рационалдық, психологиялық прагматизм тұрғысынан қарады. Оның себеп-салдарлық негіздерін іздейді. Мұның өзі оны тарихи заңдылықтардың бар екендігін мойындауға мәжбүр етті.
Осы жылдары француз тарихшысы Леклерктің орыс тарихына арналған еңбегі жарық көрді. Леклерк Николай Гавриил (1726-1798) 1759 жылы император Елизаветаның шақыруымен Ресейге келген. Ол орыс тарихы бойынша материал жинап: "Histoire de la Russie ancienne et moderne" (1783-94) деп аталатын кітап жазған.
Осыған сын ретінде И. Н. Болтин «Примечанияна историю древния и нынешния России господина Леклерка» ( т. 1-11, 1788) деген екі томдық кітап жазды. Осыдан кейін ол М. Щербатов еңбегіне пікір ретінде «Критические примечания генерал-мойора Болтина на первый» том «Истории» князя Щербатова. (СПб., 1793) деп аталатын кітабын жариялады.
Екі кітаптан да біз И. Болтиннің тарихи көзқарасын анық көреміз. Ол тарихи құбылыстарға философиялық қорытындылар жасау, сыни интерпретация мәселелеріне көңіл бөледі. Ол тарих ғылымының мақсаты мен бағдарын анықтайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатаң талап қоя білді. Бріншіден, жұмысты жазбас бұрын оған мұқият дайындалу қажет. Деректер корпусының толықтығы және оларды пайдалану әдістерін меңгеру. Екіншіден, тарих ғылымының арнаулы салалары болып есептелетін тарихи география және этнография ғылымдарының зерттелуін жолға қою. Үшіншіден, тарихи деректерді дұрыс ғылыми синтездеу ғылыми шығарманың жай ғана баяндау немесе көркем әдебиеттен айырмашылығын көрсетеді. Сонымен орыс тарихнамасында Болтин алғаш рет деректерді талдау мәселесін көтерді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz