Ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы - құс шаруашылығы



1.Кіріспе
2.Құс өсіру
3.Тауықтар
4.Қаздар
5.Күркетауықтар
6.Үйректер
7.Түйеқұс
8.Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны(мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл
2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
3. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.
4.Мал шаруашылығы. Қ.Ш.Нұрғазы. Алматы 2010

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Құс өсіру
3.Тауықтар
4.Қаздар
5.Күркетауықтар
6.Үйректер
7.Түйеқұс
8.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Құс шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны(мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені - көгершін. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат -- олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені -- асыранды қаз.Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады. Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Оның тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтүқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т.б.) есіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқым дары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250 , кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т.б.) техника күшімен жүргізіледі. Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1,5 - 1,8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. Бройлер - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы отқа қақтау деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар. Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім. Қолға үйретілген үйректің арғы тегі -- жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі - күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде ңесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның жүмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс өте өсімтал. 5-6 апталық бөдене жұмыртқалай береді. Әрбір бөденеден өнеркәсіптік негізде жылына 250-300 жұмыртқа алуға болады. Қазіргі кезде АҚШ-та осы бөдененің фараон деген етті қолтұқымы өсіріледі. Қоразының салмағы - 200 грамм, ал мекиені 250 грамм тартады. Бөдене өсіретін құс фабрикалары соңғы кезде Италия, Франция, Германия елдерінде көбейіп келеді. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде тауыстың бірнеше жабайы түрі кездеседі. Тауыс құсы қауырсын түсінің әдемілігіне сәйкес әсемдік үшін арнайы қолда өсіріледі. Құйрық қауырсындары ұзын әрі онда көзге ұқсас, түрлі түсті ірі өрнектері болады.
Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс - африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та, Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда (Қостанай өңіріндегі Қарабатыр шаруа қожалығында, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында және т.б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде.
Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен шүғылданатын да шаруашылықтар бар.
2. Құс Өсіру, құс шаруашылығы -- мал шаруашылығының құс өсірумен айналысатын саласы. Негізгі өнімі -- ет және жұмыртқа, қосалқы өнімі -- мамық пен қауырсын. Құс сойылғаннан кейінгі сүйек қалдықтары мен жұмыртқа қатты қабығы өндірісте жемдік ұн ретінде, саңғырығы -- бағалы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Жұмыртқа алу бағытында құстың жұмыртқалағыш тұқымы өсіріледі, ет алу бағытында құстың етті мол беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тұқымдары өсіріледі.
Құс Өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 -- 19 ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. 2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 26,3 млн тауық өсірілді, оның 10,3 млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,3 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда шығарылады, оған 7 -- 8 айлық мекиен тауықтардан бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады. Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар пайдаланылады.
Құс өсірудің әдісі, ең алдымен, өнім өндіру технологиясына және жергілікті жағдайларға қарай белгіленеді. Арнайы өндіріс орындарында балапандарды және жұмыртқалағыш мекиен тауықтарды ауасы, төсеніші тазартылып, жылуы, жарықтың берілуі мен ұзақтығы, т.б. реттеліп отыратын, терезесі жоқ құсханаларда жылу батареялары бар торлардың ішінде өсіреді. Құс тұқымын асылдандыру -- құстан сапалы өнім алудың басты шарты. Арнайы іріктеліп алынған құс топтарын шағылыстыру арқылы алынып, өсірілген құстар төзімді әрі өнімділігі де өте жоғары болады. Құстарды құнарлылығы мол құрғақ, құрама жеммен азықтандырады. Құрама жемге әр түрлі дәндер және олардың қайта өңделген түрлері, балық және сүйек ұны, шөп ұны, минералдық азықтар, витаминді қоспалар, микроэлементтер қосылады. Құрама жемді құстардың жасына және беретін өніміне қарай ұнтақ және түйіршік түрінде өндіреді. Құстың жұмыртқасы мен еті адам организміне жұғымды да сіңімді диеталық тағамдар қатарына жатқызылады. Құс етінің құрамында белок, май, минералдық заттар, витаминдер мол. Құс етінде протеин көп, дәнекерлік тіндер аз болып келеді әрі бұлшық еттерінің арасында май қабаты болмайды. Сондықтан ол балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланылады. Құстың жұмыртқасы әр түрлі қоректік заттарға бай келеді.
Пісірілген жұмыртқа адамның жүйке жүйесін нығайтып, зат алмасуын жақсартады, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады (қ. Жұмыртқа). Жұмыртқаның ақ уызы жеңіл өнеркәсіп саласында жылтыр және хром былғары дайындауда пайдаланылады, тоқыма өнеркәсібінде бояулардың тез оңып кетпеуі үшін қолданылады; бекіткіш ретінде баспахана бояуларына, фотография өніміне қосылады. Жұмыртқаның сары уызы терінің ерекше сорттарын илегенде, сабын қайнатқанда және косметикалық бұйымдар дайындағанда қолданылады. Жұмыртқа, сондай-ақ, медицинада, мал дәрігерлігінде сарысу, вакциналар және бактерияға қарсы дәрілер дайындағанда, фармакологиялық дәрі-дәрмектер жасағанда пайдаланылады.
3. Тауықтар -- тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.
Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 - 2,2, қоразы 2,5 - 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 - 2,8 және 3,4 - 3,8; етті тұқымы 3 - 3,5 және 3,8 - 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 - 41 г. болса, 7 - 8 аптада 1,5 - 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 - 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 - 50 г, ал соңына қарай 57 - 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі - арнайы дайындалған құрама жем.
Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.
Леггорн (итал. Livorno; ағылш. Leghorn) - жұмыртқа үшін өсірілетін тауық тұқымының бірі. Легорн тауығы 19 ғасырда АҚШ, Италияның ақ тауығын күрделі буандастыру арқылы шығарылып, жаңа тауыққа Италия портының аты берілген.
Сүйек бітімі, айдарының пішіні, қауырсынының түсі жағынан оның бірнеше түрі бар. Легорн тауығының төс сүйегі шығыңқы, дөңгелек, тұрқы ұзынша, басы жеңіл, қанаты енді, тұмсығы мен аяғы сарғыш, қауырсыны көбінесе ақ түсті болады. Бұл тауық тез жетіледі, күтім талғамайды, ауа райына көнбісті. Бір жылдық қоразының салмағы 2,3 - 2,7, мекиені 1,8 -2 кг. Жылына 220-300 жұмыртқа салады. Жұмыртқасының орташа салмағы 55-62 г. Мекиені 4,5 -5 айлығында жұмыртқалайды. Легорн тауығы дүние жүзіне тараған. КСРО-ға 1925-27 жылы әкелінді. Олар жергілікті тауық тұқымын жақсартуға, орыстың ақ тауығын шығаруға пайдаланылды. Қазақстанның барлық құс шаруашылығында, әсіресе Таран құс совхозында бұл тауықтың будандары өсіріледі. Сондай-ақ Латвия, Эстония, Литвада, Мәскеу, Саратов, Киев облысында таза Легорн тауығын өсіретін арнайы шаруашылықтар бар
Бройлер(ағылш. broіler; broіl - отқа қақтау) -- ет бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның 40 -- 60 күндігіндегі салмағы 1,4 -- 1,7 кг-ға дейін жетеді. Әр 1 кг үстеме салмақ алу үшін 2,0 -- 2,5 кг жем жұмсалады. Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен 60 -- 62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек құстардікінен әлдеқайда артық болады. Бройлер өсірумен арнайы ірі құс шаруашылықтары айналысады. Бройлер өсіру ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тұқымдары жеке өсіріліп, оларды ұтымды будандастыру арқылы инкубациялық жұмыртқа алу, жұмыртқаны инкубациялау, оларды өсіру, сою, ұшасын өңдеу, құрама жем өндіру сияқты күрделі процестер жүйелі түрде іске асырылуы қажет. Ол үшін ет бағытындағы (етжеңді) балапан алуды қамтамасыз ететін құс асылдандыру жұмысы мен сапалы құрама жем өндіру алдын-ала шешілуі қажет. Бройлер өсіруде негізінен атасы корниш, енесі плимутрок тұқымдары тектес будан балапандар пайдаланылады. Бройлерге арнайы құрғақ құрама жем беріледі; Бройлер өсірілетін тауық қора алдын-ала тазаланып, дезинсекция және дезинфекция жүргізіледі. Тазаланған еденге құрғақ әк (1 м2-ге 0,7 -- 1 кг) шашылып, оның бетіне қалың (5 -- 7 см) төсеніш салынады. Тауық қораның ішіндегі температура басында 33 -- 35°С-қа жеткізіледі. Кейін бірте-бірте жылылықты 18 -- 20°С-қа дейін төмендетеді. Бройлер алғашқы 40 күндігінде жылытқыш қондырғы астында болады. Бір тауық қорада ұстайтын балапан санын 1 м2 жерге 18 -- 20 есебімен анықтайды. Жемді үстемелеп беріп, суды күніне кем дегенде 2 рет ауыстырып отырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Жұмыртқа өндіру технологиясы
Жұмыртқа бағытындағы тауық тұқымдары
Ордабасы құс шаруашылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Құс етін сою технологиясы
Нарықтық қатынастар жағдайында құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігін жоғарлату жолдары
Құс фабрикаларының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Құс тұқымдары
Жұмыртқа құс шаруашылығы
Пәндер