Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері баға арқылы мемлекет тарапынан реттеудің жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

К і р і с п е . . . 3

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында

баға механизімін мемлекеттік реттеудің теориялық

негіздері . . . 4

  1. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің реттеу теориялары . . . 4
  2. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы баға механизмін мемлекеттік реттеу нысандары . . . 12

2 тарау. Ауыл шаруашылық өніміне мемлекет тарапынан

реттеудегі бағанын маңызы мен нәтижелері . . . 26

2. 1. Ауыл шаруашылығы өнімі бағаларының қалыптасуы мен

нәтижелері . . . 26

2. 2. Дүние жүзілік ұйымдарда ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеуді ерекшелігі . . . 38

3 тарау. Ауыл шаруашылық өнімінін бағасын мемлекет тарапынан реттеуді дамыту жолдары . . . 44

3. 1. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін баға арқылы ішкі нарықта қорғау жолдары . . . 44

3. 2. Ауыл шаруашылық өніміне мемлекет тарапынан баға белгігеуді реттеу жолдары . . . 63

Қ о р ы т ы н д ы . . . 74

П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р т і з і м і . . . 75

К і р і с п е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің ауылшаруашылығы саласы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты экономиканың өзге салаларының салалары бәсекеге толық қатыса алмайды да, осыған байланысты мемлекет тарапынан реттеудің қажеттілігі туындайды. Мемлекет экономикалық және құқықтық тетіктерді пайдалана отырып ауылшаруашылық өндірісінің дамуына және ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына әсер ете алады.

Нарықтық экономика жағдайында обьективтік және субъективтік факторлардың сұраныс пен ұсынысқа әсер етуі және олардың өз кезегінде бағаға әсер етуіне байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы мемлекет тарапынан реттеу ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің табысын ұлғайтатын бірден бір басты құрал болып табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетілгендей мемлекеттік органдардың бағаны реттеудегі ісі, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жағдайларын түзеуге бағытталған. Сондықтан қазіргі кезде барлық дамыған елдерде ауылшаруашылығының негізгі өнімдеріне қойылатын бағаны бақылап отырады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет тарапынан реттеу басты бағыт және бұл бағыт агроөнеркәсібі дамыған елдерде кеңінен қолданылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері баға арқылы мемлекет тарапынан реттеудің жолдары, ауыл шаруашылық өндірісінде баға тетігін пайдалану және жетілдіру салықпен бірге мемлекет тарапынан реттеудің бағаға әсерін зерттей отырып диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

  • нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің алатын орны мен ролін анықтау; ауыл шаруашылық экономиканың мемлекеттік реттеудің ерекшеліктеріне, тетіктеріне талдау жасау; ауыл шаруашылық өндірісінің және оның өнімдеріне баға белгілеудің қалыптасуы мен ограрлық сектордағы бағаның қызмет ету ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу; ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасына мемлекеттік салықтың инвестициясы әсерін зерттеу.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 7 кестеден, 5 суреттен, 76 беттен тұрады.

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында

баға механизімін мемлекеттік реттеудің теориялық

негіздері

1. 1. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің реттеу теориялары

Нарық - бұл сатып алушылар мен нақтылы тауар немесе қызмет сатушыларды тоғыстыратын механизм; баскаша айтканда, дербес шешім қабылдайтын жекелеген экономикалық субъектілер арасыңдағы байланыстар, өзара катынастар түрі [1] .

Мемлекеттік реттеу - бұл шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін тұрақтандыруға ықпал-әсер тигізу мақсатыңда мемлекеттің экономикаға тікелей де жанама араласуы [2] .

Нарық нақты бір тауар немесе қызмет көрсетуді, сатып алушылар мен сатушыларды бір жерде тоғыстыратын механизм. Баскаша айтқанда, бұл шешімді - дербес қабылдайтын жекелеген экономикалық субьектілер арасындағы өзара қарым-қатынас, байланыс нысаны [3] .

Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі негізіңде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді [4] .

Нарықтық экономика -бұл пайда табу жолында және кажеттілік дәрежесінде аз көлемде мемлекет тарапынан реттелуге негізделінген, өзін-өзі басқаратын іскерлер меншік иелері-өндіруішлер мен тұтынушылар арасындағы еркін, өзін өзі реттейтін экономикалық қатынас.

Нарықгық экономика дегеніміз - ерікті, өзінен өзі реттелетін, кәсіпкерлер мен меншік иелері және өндірушілер мен тұтынушылардың арасыңдағы экономикалық катынастар. Олар өзара тиімділікке негізделеді жөне ең соңғы деңгейде болса да мемлекет тарапынан реттеледі [5] .

Нарық комаңдалық әкімшілік жүйеге карама-қарсы жүйе болып табылады. Ол өндіруішлер мен тұтынушылар арасына ендіріліп, оларға ез шарттарын қойып, олардың қызметіне баскарушылық командалар мен директивалар көмегімен бағыт-бағдар беріп отырады. Академик Н. К. Мамыров жөне Ж. О. Ихдановтың «Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана» деген ғылыми еңбектерінде «Нарық адамдардың айырбас сферасындағы әлеуметті экономякалық катынастар жиынтығын көрсетеді жене бұл арқылы тауарларды сату іске асырылады [6] .

Рынок бұл тауарларды өндірушілер мүддесін тұтынушылар мүддесімен автоматты түрде келістіруді қамтамасыз ететін тауар өндірісі, осы тұжырымның дұрыстығы ҚР Президентінің Қазақстан халқына 1996 және 1997 жылдардың күзіндегі үндеуінің мазмұнымен дәлелденеді деп және экокономиканы реттеудің мемлекеттік және жолдарын тиімді пайдалану үшін жалпы мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарға қол жеткізуге тұрақты бағыт ұстау аса маңыздың көрсетілген авторлардың келесі еңбектерінде.

Нарықтық қатынастар өндірушілер мен түтынушылар арасында олардың қызметін реттейтін ешқандай аралық басқарушы, жоспарлаушы немесе әкімшілік мекемелер болмайтын халық шаруашылығын ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайды [6] . Нарықтық қатынастарға негізделінген экономикалық жүйеге өту ғана елдің ондаған жылдар бойы жинақталған өткір проблемаларын шешуге, экономиканы әлемдік шаруашылыққа үйлесімді қосуға, еңбекшілер мұқтаждығына сәйкес өңдіріс өсуін қамтамасыз етуге, сол арқылы экономиканың әлеуметтік бағытын анықгауға, тапшылықты жоюға мүмкіндік беріп, азаматтарға әлемдік өркениетті жетістіктерінің бәріне қол жеткізуге жол ашады. Қазіргі әлемдік экономикалық әдебиеттердегі (кесте 1) қойылымдарды жинақтай отырып, нарық сипаттамасын мынандай етіп, шоғырландырып беруге болады: сатып алушылар мен сатушылардың нарықта абсолютті кедергісіз етуі мен дәл солай шығуы бәсекеге қатысушылардың шексіз санына тепе-тең; әр бәсекелесте ресурстардың кез келген түрлерінің абсолютті жылдамдығы (еңбек, материалдық, қаржылық және т. б. ) ; бірдей өнімдердің абсолютті біртектілігі, айыруға қиындығы (сауда маркалары жоқ, тауар сапасының кез келген жеке сипаттамасы) ; кез келген бәсекелестің басқа қатысушылар шешіміне әсер ете алмаушылығы.

Кесте 1. - Бәсеке түрлері мен нарық нысандары.

Нарық типтері: Нарық типтері
Нарық типтері: Жетілген еркін бәсеке
Жетілмеген еркін бәсеке
Таза толық монополия
Нарық типтері: Біртектес өнім өндіретін көп тауар өндірушілер санымен, ешқандай қиындықсыз салаға кіруге мүмкіндігі бар, бағаны тауар өндірушілер тарапынан бақылау дәрежесі жоқ
Монополистік бәсеке
Олигополия
Жалғыз тауар өндіруші, баға тауар өндіруші тарапынан бақылау дәрежесі едәуір, бірақ мемлеекетке тән бақыланады
Нарық типтері: Әртектес өнім өндіретін тауар өндірушілер саны көп, бағаны тауар өндірушілер тарапынан бақылау дәрежесі орташа
Тауар өндірушілер саны көп емес, бағаны тауар өндірушілер тарапынан бақылау дәрежесі орташа

Меркантилистердің ғылыми көзқарастарының негізгі принциптері жақсы белгілі: елге алтын мен күміс ағынының келуін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы сауданы реттеу; арзан шикізат импорты арқылы өнеркәсіпті қолдау; импортка шығарылатын өнеркәсіптік тауарлардың протекционистік тарифтері; экспортты; әсіресе дайын өнімді ынталаңдыру. Меркантилизм ғасырының басты дәлелдерінің бірі: мемлекеттік кұрылыс мақсатына меншік экономикалық күштің күшеюінен ғана емес, көршілес мемлекеттер күшінің әлсіреуімен де күш жеткізуге болады. Шынында меркантилистердің көпшілігі ұлттар мүддесі бір-біріне өзара карама-қайшы деген көзқарасты ұстайды. Дүние жүзінде ресурстардың қатаң бекітілген саны бар деген идея осының дәлелі болды. Нарықтық қатынастар дамуымен күшіне енген кәсіпкерлер класы мемлекеттің араласуы мен осымен байланысты шектеулерді өз қызметіне деген кедергі ретінде қарай бастады. Сондықтан XVIII ғ. аяғында меркантилизм орнына келген, экономикаға мемлекеттің араласуын жағымсыз бағалаған экономикалық либерализм идеясы бірден көптеген қолдаушыларын тапты [7] . Нарықтық экономикаға катысты экономикалық либерализм идеяларын бірінші рет А. Смит өзінің "Халықтар байлығының табиғаты меи себептері туралы зерттеулер" кітабында толығырақ берді [8] . Оның айтуынша нарықтық жүйе "көрінбейтін қол" арқылы өзін-өзі реттеуге қабілетті. Бұл кезде пайда табуға ұмтылған жеке мүдде экономикалық дамудың басты қозғаушы күші ретінде жүреді. Мемлекеттің реттеуін жоқка шығарғанда экономика тиімдірек әрекет етеді деген идея А. Смит ілімінің басты идеяларының бірі болды. А. Смит пайда алуға ұмтылу адамдарды басқалар үшін қажеттірек тауарларды ұсынуға итереді деген болатын. Бір-бірімен жарыса отырып, сұранысқа ие және ең төмен бағамен тауар сататын өндірушілер ғана аман қалады. Адам Смит идеялары үкіметпен қатар экономистерге де күшті әсер етті. XX ғасырдың ең көрнекті экономистері - ағылшындар Джон Стюарт Милль мен Нассау Сениорлар “сауда бостандығы” ретінде белгілі доктринаны жасады. Осы доктринаның негізгі идеясы - мемлекет жеке секторға, яғии мемлекет жеке кәсіпкерлік сферасына араласпауы қажет және оны реттеуге немесе бақылауға тырыспауы керек. Авторлар пікірі бойынша еркін бәсеке қоғам мүддесіне жақсырақ әсер етеді. А. Смит бойынша нарық басты, үйлестіруші болғандықган, нарыққа толық еркіндік берілуі қажет. А. Смиттің ізбасарларын Д. Рикардо, Ж. Сэя, Д. Миль, А. Маршалл аттарымен байланысты классикалық мектепке жатқызады. Классикалық шоғырландыру тарих жетістігі болып табылады. Қазіргі жаңа классикалық шоғырландыру идеясы (монетаризм, рационалды күту теориясы) нарықтық экономикаға деген классикалық көзқарастан шығады. Сонымен қатар, жаңа экономикалық жағдай кезінде мемлекет елдің экономикалық жағдайы үшін жауап береді, яғни нарықтық көрінбейтін қолы мемлекеттің көрінбейтін қолымен толықтырылуы керек.

Классиктер нарықгық бәсеке механизмі қол жеткізуінен тыс орналасқан сфералар бар екенін түсіне отырып, мемлекеттің дәстүрлі

қызметтерді орындау қажеттігі туралы тезистен шықгы.

Бұл алдымен қоғамдық тауарлар деп аталатындарға қатысты болды, яғни ұжымдық түрде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер (ұлттық қорғаныс, білім, көлік жүйесі және т. б. ) туралы болды. Сондықтан мемлекет оларды өндіру туралы міндетті өзіне алып, азаматтардың осы өнімге бірлесе ақы төлеуін ұйымдастыруы керек. Басқа нарықгық проблема -жұмыссыздықта мемлекеттің араласуын талап етеді. Егер оны болдырмау мүмкін болмаса, онда оның салдарын қысқарту немесе жұмсарту үшін күш қажет. Жоғары аталған және басқа факторлардың жағымсыз әрекеттері тек нарықтық өзін-өзі күйге келтіруге ғана үміт арттыру, жүйе өзінің тіршілік етуіне күмән келтіре бастауына әкеледі. Бұны әсіресе 1929-1933 ж. ж. “¥лы депрессия” кезеңінен анық көруге болады [7] . Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролін теориялық түсінудегі маңызды кезең атақгы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің атымен байланысты. “Кейнстік революция” кезінде ұсынылған идеялар, нарықтық экономикаға деген классикалық көзқарастарда төңкеріс жасады. Олар экономикалық құлдыраудың өзін-өзі емдеуі мүмкіи еместігін, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теңестіруге экономикалық дағдарыс, жағдайдан шығаруға қабілетті құрал ретіндегі мемлекеттік саясатының қажеттігін дәлелдсйді. Кейнсианстіктің негізгі алғы шарты - монополия үстем жағдайда нарықгық шаруашылықтың өзін-өзі тиімді реттеуінің жоқтығы. Осыдан тұрақтандыруға қол жеткізу үшін экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттігі туындайды. «Біздің түпкі мақсатымыз, - деп жазды Кейнс, - орталық өкімет тарапынан өзіміз өмір сүретін шаруашылық жүйе шеңберіңде ойластырылған бақылау немесе басқаруға болатын ауыспалы шамаларды тандау болуы мүмкін. Мемлекет әсер етуі керек негізгі ауыспалыларды анықтау , экономикалық дағдарыс басталуын болдырмау үшін Кейнс қысқа мерзімді кезеңде циклдік дағдарыстар себептерін анықтайды [9] .

Дж. М. Кейнс өзінің “Общая теория занятости, процента и денег” деген атақты еңбегін жариялады [10] . Нео-кейнсианстік бағыттың өкілдеріне Э. Хайсен, Д. Хикс, П. Самуэльсон жатады. Олар экономикалық циклдардың екі полюстері мен дағдарыстың жағымсыз құбылыстарын жұмсарту жолдарын ұсынған.

Келесі бір бағыт неолиберализм - халықты әлеуметтік қорғау саясатын негізге ала отырып, табысты бөлу, жұмыспен қамтуды ынталандыруда экономикалық өсуді мемлекеттің ролінің маңыздылығын көрсетті.

70-жылдардың 2-ші жартысында батыс экономикалық ойының жетекші ағыны болған кейнсиандық дағдарысқа ұшырады. Оның барлық құрылымында күрделі өзгерістер болды. Экономикаға мемлекеттің араласпауын желеу ететін либерализм идеологиясы пайда болды. Ғылыми-техникалық революция мен экономиканың интернационал дамуының жаңа кезеңі әсерінен бір жаннан икемді, тәуекелге дайын шағын жөне орта кәсіпкерлік қызметінің сферасы кеңейсе, баска жағынан транснационалдық корпорациялардың ролі күшейді. Нәтижесінде 50-70-жылдары қалыптасқан материалдық өзгерістің көптеген салаларына тараған масштабты мемлекеттік сектордың шаруашылық типі (Еуропада) (нормативті реттеудің тармақгы жүйесі бар бюджеттік жүйе арқылы ұлттық табысты қайта бөлудің өсіңкілігімен) мемлекеттің экономикаға араласуының консервативті принциптеріне негізделген басқа типіне орнын берді.

Монетаристік теорияның ең көрнекті өкілі американ ғалымы М. Фридман болып табылады [7] . Монетаризмнің көш басшысы өзінің кеинсиандық теорияға деген шабуылын 50-жылдарда-ақ бастаған еді. Ол және оны қолдаушылар кейнсиандық теорияға қарсы ұлттық табыс деңгейін анықтаудың монетарлық теориясы мен экономикалық циклдің монетарлық теориясын ұсыңды. Кейнсиандық модельдің негізгі факторлары - инвестиция мен тұтынуға, монетаристер, олардың пікірінше ұлттық табыс динамикасы мен оның циклдік ауытқуларын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын ақша факторын қарама-карсы қойды. Бұл кезде ақша сұранысы мен оның ұсынысы арасында алшақтық болғаны маңызды болады. Осы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық пен ақша ұсынысының тұрақсыздығынан монетаристер экономиканың циклдік ауытқуларының тұрақсыздығының себебін көреді. Монетаристер пікірінше дағдарыс емес инфляция рыноктық жүйенің негізгі қырсығы болып табылады. Ол табысты құнсыздандырып, экономикалық қатынастарда белгісіздік тудырып, жинақтау мен инвестициялауға ұмтылуды төмендетеді.

П. Самуэльсонның жаңа классикалық синтез теориясы (economics) экономика жағдайына байланысты не монетарлық, не кейнсиандық ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. Олардың екеуінің де экономиканы несие-ақша саясаты көмегімен реттеуді ұсынатынын айтуымыз керек. Монетаристер ақша шығаруды реттеу, ал кейнсиандықтар пайыздық мөлшерлемені реттеу арқылы сөз қозғайды және бұған біз толық тоқталып өттік. Мысалы, бұрынғы социалистік елдерде монетаризм мен кейнсиандықтың үйлесуін талқылап қана қоймай, іске асырып та отыр. Мұның себебін тепе-теңдіктің жалпы теориясы, макроэкономикалық саясатка негізделген стандартты қабылдамайтын өтпелі экономиканың екі жақты сипатында болып отыр.

“Ұзақ жылдар бойы, - дейді бір танымал батыс оқулығында, -монетаристер мен кейнсиандықтар арасындағы айтыстар ақша теориясына деген екі түрлі нақты жоддармен көрсетілген тартысты айқын көрсету мақсатында жүргізілгеңдей болып келді. Бірақ бүгінгі күні теориялық модельдер екі модельге ортақ элементтерді қамтитын синтетикалық нысандарға ие болды [11] .

Олардың пікірінше мемлекеттің араласуы тек қана ақша жүйесінде ғана болуы мүмкін. Фридмен ақша айналысы теориясына сүйене отырып, қаржы-несие тұрақтылығы, адам белсенділігі мен ісксрлігі аркасында нарық өзін-өзі реттейді деп есептеді. 70-жылдардан бастап ҒТР-ға байланысты өндіргіш күштерінің дамуының жаңа зандылықтары белең ала бастады. Олар мемлекеттік реттеуде кейнстік үлгінің іс-әрекет механизмінің шектеулі екенін көрсетті. Сонымен қатар, Кейнстің мемлекеттік реттеу үлгісі жаңа замандағы ҒТР талаптарына сай келе бермеді.

Дж. Гелбрейт (АҚШ) өзінің Жаңа индустриалды қоғам” кітабында былай деді: “Өндіріс бағасы және шығындарымен қатар, түтынушылық сұраныста басқару объектісі болып табылады. Экономикалық ортаны реттеу жүйесіндегі тағы бір маңызды қосымша кез осындай” [12] .

Ағылшын экономисі А. Медиссон "Батыс елдеріндегі экономикалық мұра" атты еңбегінде: “Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі үкімет ролі сұранътсты жай талдаумен ғана шектелмейді. Үкімет сонымен қатар елдің экономикалық потенциалының өсуіне түрлі тәсілдермен әсер ете алады. Ол күрделі салымдарда пайдаланылатын ресурстар үлесінің өсуі жөнінде шаралар қабылдап, білім мен зерттеу арқылы біліктілік пен білім деңгейін арттырып, ең үздік технологиялық процестерді тарата алады және экономикалық даму - ұзақ мерзімді болжау арқылы перспектива мен бағыттар ұсына алады. Ол бәсекені ынталандырып, төменгі кедергілерді жоя отырып, ресурстарды бөлуді жақсарта алады”

Экономикада мемлекеттік әсер етудің зор мәнін белгілі американдық ғалым П. Самуэльсон да атап өтеді. Өз кезінде Дж. Кейнстің "Жалпы теория" еңбегіне баға бере отырып, ол оны "дананың жүмысы" деп атады. Монетаризм, рационалды күту теориясы мен ұсыныс теориясын жақтаушылар - жаңа практикалық ұсыныстар жасады. Осы теориялар нарықтық экономика өндірістің потенциалды көлемі кезінде тепе-теңдікке автоматты қол жеткізеді деген классиктер идеясын жаңа деңгейде қайта тудырады. Осы теорияларды жақтаушылар макроэкономикалық деңгейде мемлекет фискальды-бюджеттік саясат арқылы экономикаға тікелсй араласып қана қоймай, нарықгың дұрыс қызмет істеуі үшін қаржы жағдайын тудыруы керек. Басқаша айтқанда, ақылды ақша-несие саясаты негізінде жанама әсер ету шаралары ұсынылады. Көптеген дамыған елдерде 80-жылдарда жүргізілген жаңа экономикалық бағыт осы идеяларды көрсетеді. Англиядағы "тетчеризмы" мен АҚШ-тағы "рейганомика" үлгілері оның ізбасарлары болып табылады. Рейган президент болған кездегі АҚШ жүргізген экономикалық саясатты ары карай талдау оның табысы көп жағдайда ұсынысқа әсер етуден гөрі сұраныс кеңеюімен байланысты екенін көрсетті. Яғни кейнсиандық "рецепт" әрекет еткенін көруге болады. Осы кезде бірқатар дамыған елдерде мемлекеттік корпоративтік басқарулар күшеюі, мемлекеттік реттеудің тереңдеу процесі жүрді.

Мемлекеттің нарықтық қатынастарға араласуының шекаралары мен нысандары туралы мәселенің ұзақ тарихы бар. Оның экономикалық ролі байқалмай қалған кездері де болған. 30-жылдары күрделі бұрылыс болып, мемлекет жүйелі макроэкономикалық реттеуге кірісті, шаруашылық өмірге деген өз әсерін елеуін кеңейтті. 80-жылдары кері қозғалыс байқалып, дамыған елдер экономикасын реттеу басталды. Қазақстан және оның жақын шет елдері, сонымен қатар бұрын социалистік деп аталған баска елдерге келсек, олар нарықтық қатынасты қалыптастырудың өте күрделі кезеңін бастан кешіріп, осыған байланысты мемлекеттің экономикалық ролін түбірінен қайта өзгерту қажет болып отыр. Мемлекеттің табысты әрекет етуі экономикалық дамудағы оның ролі белгілі бір халықаралық стандарттарға сай болғанда ғана мүмкін болады. Мемлекеттің экономикаға араласу шекарасы барлық елдерде әр түрлі және нақты кезеңдегі экономиканың даму дәрежесіне, оны реттеу әдістеріне, әр ел экономикасын басқару үшін үкімет қабылдаған экономикалық тұжырымдарға байланысты болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы 2005 жылы 15 шілде айында
нөмірі 66-ІІІ-ҚР заңы қабылдаңды [13] . Ғылыми түрде мемлекеттік
реттеудің оптималды мөлшерін орнатылған және осы сұрақтың
жалпы қабылдаған теориялық дәлелдемесі жоқ. Мемлекеттік жүйе
қиынырақ болған сайын, мемлекеттік сектор көлемін өсіруге, жаңа
жұмыс орындарын құруға, және т. б. мүмкіндік беретін бюджеттік
шығындар өседі. Мемлекеттің экономикаға араласу дөрежесі оның
дамуына әрі нақты кезеңіндегі міндетіне байланысты болады. Бұл
жағдайда қоғамға өз экономикасының белгілі бір кемшіліктеріне
оптималдандыруға тырысудан гөрі оны мойындаған дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Агроөнеркәсіп кешені ауқымда сала
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz