Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері



1. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және білім берудегі интеграциялау
2. Бейнелеу өнері пәніндегі интеграциялау негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны.
3. Орта мектептегі оқыту.тәрбиелеу үдерісінде эстетикалық пәндерді интеграциялау мәселелері.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі қарқынды даму кезеңінде елімізде білім беру мәселесін дамыту, оны әлемдік биік деңгейге жеткізу міндеттеріне аса үлкен көңіл бөлініп, мән беріліп, оны жүзеге асырудың нақты жолдары анықталған. Республикамыздағы «Білім туралы» заңында білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылған.
Дүниетанымдық ұғымдардың өзегінде ғылыми, көркем, ұлттық дүниетанымдар жатады. Соған сәйкес, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Абай, Шоқан т.б. сынды халықтың ұлы перзенттерінің ой толғаныстары мен дүниенің, жаратылыстың ақиқатын, мәнін ашуға тырысқан көзқарастары қазіргі өмірдің көптеген сырларын танып білудің қайнар көзі болып табылады.
Қазақта Қорқыт Ата – халқымыздың данышпаны ретінде бүкіл әлемге танымал халық ұстазы болды, сонымен қатар ол қазақ музыкасының, күйінің бастаушысы, халық қамқоршысы атанған тұлға. «Қорқыт ата кітабы» дүниенің не екенін, жамандық пен жақсылық, өмір мен өлім, шындық пен әділетсіздік туралы жазылған дүниетанымдық әрі тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық байлығымыз болып есептеледі. Қорқыт Ата: «Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес»,- деген өлең жолдарынан өмір мен өлім табиғатының заңдылықтарын жеткізеді.
Әл-Фараби - әлемдегі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама ғалымымыз. Ол дүниетанымды арттыру үшін алты текке бөлінетін денелерді, яғни, аспан, ақыл-парасатты жануарлар, ақыл парасатсыз жануарлар, өсімдіктер, минералдар, төрт негізді (күн, жер, су, ауа) білу керектігін жазады. Ал, нәрлендіру, түйсіндіру, елестету, ұмтылу, ақыл-парасатты адам жанының басты бөлшектері мен күштеріне жатқызады.
Дүниетанымның анықталуы дүниеге көзқарас, яғни адамның тіршілік болмысынан пайда болған қоғамдық тарихи-құбылысымен тікелей байланысты болады. Адамның әрбір тарихи кезеңдерде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір, тіршілік, тұрмыс туралы өзіндік көзқарасы, түсініктері болады. Ал осы дүниеге көзқарас адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі болып есептеледі.
1 Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы /Егемен Қазақстан. Астана. -2014, 12 қараша.
2 «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинақ. /бас ред. Нысанбаев Ә.Н. -Алматы. -1999. -799 б.
3 Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. -Алматы. -1975. -419 б.
4 Иассауи Қ.А. Құрастырған Баймұратова А. -Алматы. -1994. -67 б.
5 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы. -1993. -192 б.
6 Баласағұн Ж. Құтты білік. -Алматы. -1986. -616 б.
7 Абайдың қара сөздері. -Алматы. -1996. -128 б.
8 Абдильдин Ж. Собрание сочинений в 5-ти томах. -Т.1. -Алматы. -2000. -455 с.
9 Тұрғынбаев Ә. Логика. -Алматы. -2000. -176 б.
10 Неменский Б.М. Мудрость красоты. М., Просвещение. 1997. 352 с.
11 Герасимов С.А. Система эстетического воспитания школьников. М., Педагогика. 1983. 264 с /33, 51, 56, 196 с./
12 Юсов Б.П. Искусство и дети. Сборник. /под ред. Б.П.Юсова, В.П.Шестакова. М., Искусство. 1969. 272 с.
13 Лошкарева И.А. Межпредметные связи как средство совершенствования учебно-воспитательного процесса. Советская педагогика. 1983. №6. С.48-56.
14 Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. М., Просвещение. 1988. 175 с.
15 Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. 3-е издание. -М., Просвещение. -1991. -93 с.
16 Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка. Вопросы психологии. -1986. -№6. -72 с.
17 Жарықбаев К. Развитие психологической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века. -Алматы. -1986. -168 с.
18 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы. -2002. -384 б.
19 Немов Р.С. Психология. Книга 1.- М. -2000. -356 с.
20 Подласый И.П. Педагогика. Новый курс. В 2-х книгах. -М., Владос. 2001. -576 с.
21 Харламов И.Ф. Педагогика. -Минск. -2000. -320 с.
22 Философия Я.А. Коменского. Джибладзе Г.Н. -М. -1982. -125 с.
23 Локк Дж. Педагогические сочинения. -М. - 1985. -360 с.
24 Уәлиханов Ш. Шығармалалар жинағы. -Алматы. -1976. -482 б.
25 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. -Алматы. -1994. -288 б.
26 Құнанбаев А. Өлеңдер. -Алматы. -1987. -159 б.
27 Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы. Жазушы. -1989. 265б.
28 Коменский Я.А., Локк Дж., Руссо Ж.-Ж., Песталоцци И.Г. /сост. Кларин В.Е., Джуринский А.Н. Педагогическое наследие. -М., Педагогика. -1987. -416 с.
29 Песталоцци И.Г. Избранные педагогические произведения. -Т.4. -М., 1984. С.19, Т.2. –С.307-308.
30 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. /оқу қ±ралы. Алматы. Санат. 2001. 320 бет. /.
31 Болатбаев Қ.К. Көкжиек және кеңістік. –Алматы: «Алматы баспа үйі» ЖШС, 2008. -192 б.
32 Ауелбеков Е.Б. Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. Пед.ғыл. канд. автореф. Алматы. 2008. 30 б.
33 Альмухамбетов Б.А. Эстетическое воспитание учащихся 4-7 классов средствами национального изобразительного искусства. автореф... канд. дисс. пед. наук. -1990. -24 с.
34 Ростовцев М.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. Второе издание. -М., Просвещение. -1980. -С. 239.
35 Ералин Қ., Халмұратов Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері. -Алматы. М-талант. -1997. -100 б.
36 Леонардо да Винчи. Книга о живописи. М., т.2. –с. 155-156, 1994.
37 Дюрер А. Дневники. Письма. Трактаты. М., 1987. Т.2.
38 Максимова Б.Н. Межпредметные связи в процессе обучения. – М.: Просвещение. – 2000. – 191 с.
39 Зверев И.Д. МПС в современной школе / И.Д. Зверев, В.Н. Максимова. М., 1981. С. 57.
40 Жеделов Қ.О. Бастауыш класс оқушыларын бейнелеу өнері сабағында көркемдік қабылдауды қалыптастырудың педагогикалық негіздері. Пед.ғыл. канд. автореф. Алматы. 1995. 25б.
41 Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. -Алматы. Республикалық баспа кабинеті. -1995. –117 б.
42 Балкенов Ж. Традиции народного творчества в системе навыков изобразительной деятельности младших школьников: автореф... канд. дисс. пед. наук. -1987. -30 с.
43 Амиргазин К.Ж. Научно-теоретические основы и методика декоративно-прикладному искусству в общеобразовательных школах. Дисс.на соискание ученой степени докт. пед.наук. М., 1995. -120с.
44 Құдабаева К.І. Сәндік-қолданбалы өнерді оқыту теориясы мен технологиясы. -Қарағанды. Санат-Полиграфия. -2005. -110 б.
45 Өмірбекова М.Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі ою-өрнекке байланысты лексика. Фил.ғыл.дисс...автореф. Алматы, 1995, 21б.
46 Асылханов Б.С. Изучение декоративно-прикладного искусства казахстана в общеобразовательной школе и пеагогических институтах республики. Автореф... канд. дисс. пед. наук. М., -1985. 25с.
47 Болатбаев Қ.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. Оқу құралы. –Алматы: Абай ат. Алматы Мемлекеттік университеті. 1996. 50б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Өнер факультеті

Бейнелеу өнері кафедрасы

Ғылыми-әдістемелік семинар

Тақырыбы:

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

п.ғ.к., доцент м.а. Ауелбеков Е.

Түркістан – 2015

ЖОСПАР

1. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және білім берудегі интеграциялау

2. Бейнелеу өнері пәніндегі интеграциялау негізінде оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны.

3. Орта мектептегі оқыту-тәрбиелеу үдерісінде эстетикалық пәндерді
интеграциялау мәселелері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және білім берудегі
интеграциялау
Қазіргі қарқынды даму кезеңінде елімізде білім беру мәселесін дамыту,
оны әлемдік биік деңгейге жеткізу міндеттеріне аса үлкен көңіл бөлініп,
мән беріліп, оны жүзеге асырудың нақты жолдары анықталған.
Республикамыздағы Білім туралы заңында білім беру барысында оқушының
жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға,
ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылған.
Дүниетанымдық ұғымдардың өзегінде ғылыми, көркем, ұлттық дүниетанымдар
жатады. Соған сәйкес, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт
Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Абай, Шоқан т.б. сынды халықтың ұлы
перзенттерінің ой толғаныстары мен дүниенің, жаратылыстың ақиқатын, мәнін
ашуға тырысқан көзқарастары қазіргі өмірдің көптеген сырларын танып
білудің қайнар көзі болып табылады.
Қазақта Қорқыт Ата – халқымыздың данышпаны ретінде бүкіл әлемге
танымал халық ұстазы болды, сонымен қатар ол қазақ музыкасының, күйінің
бастаушысы, халық қамқоршысы атанған тұлға. Қорқыт ата кітабы дүниенің
не екенін, жамандық пен жақсылық, өмір мен өлім, шындық пен әділетсіздік
туралы жазылған дүниетанымдық әрі тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық
байлығымыз болып есептеледі. Қорқыт Ата: Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де
өлмес. Өлген адам тірілмес,- деген өлең жолдарынан өмір мен өлім
табиғатының заңдылықтарын жеткізеді.
Әл-Фараби - әлемдегі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз
атанған ғұлама ғалымымыз. Ол дүниетанымды арттыру үшін алты текке
бөлінетін денелерді, яғни, аспан, ақыл-парасатты жануарлар, ақыл
парасатсыз жануарлар, өсімдіктер, минералдар, төрт негізді (күн, жер, су,
ауа) білу керектігін жазады. Ал, нәрлендіру, түйсіндіру, елестету, ұмтылу,
ақыл-парасатты адам жанының басты бөлшектері мен күштеріне жатқызады.
Дүниетанымның анықталуы дүниеге көзқарас, яғни адамның тіршілік
болмысынан пайда болған қоғамдық тарихи-құбылысымен тікелей байланысты
болады. Адамның әрбір тарихи кезеңдерде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір,
тіршілік, тұрмыс туралы өзіндік көзқарасы, түсініктері болады. Ал осы
дүниеге көзқарас адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі болып
есептеледі.
Адамның жеке басының қалыптасу мәселелеріне төрт дүниенің көптеген
ойшыл өкілдері атсалысты, саналуан тұжырымдамалар мен анықтамалар беріп,
зерттеп, өздерінің ақыл-ойларын ортаға салды. Осыған орай, оқушылардың
дүнитанымын қалыптастырудың сипаттамасын анықтау мақсатында философиялық,
психологиялық-педагогикалық еңбектерді саралап, зерттеп, оларға талдау
жұмыстары жүргізілді.
Қазақстандағы педагогика ғылымының да келелі мәселелерінің
бірнешеуін баса назар сала көрсетуге болады: республиканың тарихи, мәдени,
экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын
дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық үдеріс кезінде
тиімді пайдалану мәселесі; жеке бастың өзін-өзі танып білуі, өзін-өзі
дамыту, өзіндік іс-әрекеті, егеменді елдің ерікті азаматы болу мәселесі;
қазіргі жанұядағы тәрбиесі мәселесі; әртүрлі пәндерді оқып үйренуді
диалектикалық тұрғыдан жүргізу т.б.
Көптеген жылдар, ғасырлар бойы адамзаттың асылдары мен ойшылдарын
көп толғандырған адам мәселесі - қазіргі қайта жаңғыру заманының да ең
өзекті мәселесі. Ұлы ғұламалардың, ойшылдардың дүниені танып, білуді
анықтайтын өлім мен өмір, жалғандық пен шындық, жан мен тән туралы күрделі
ұғымдар туралы ойларында келешек өскелең ұрпаққа берілетін сарқылмас мол
қазына жатыр.
Адамның дамуы мен қалыптасуы психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы
тәжірибелерден дәлелденген негізгі үш факторға сүйенеді, яғни биологиялық
немесе тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбиенің негізінде
қалыптасып, жүреді. Дегенмен, ежелгі грек философтары Аристотель, Платон
адамның дамуын тұқым қуалаушылық табиғатымен интеграциясы ты болатындығын
дәлелдеп, тұжырымдар жазды.
Ал, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру деңгейі мынадай
көрсеткіштермен өлшенетіндігі белгілі:
- дүниетанымды қалыптастыру және қоғам мен табиғаттың даму үдерісінің
ғылыми мәнін түсіну үшін нақты мағынасы бар теориялық қорытындыларды,
ұғымдар мен заңдылықтарды оқушылардың білуі;
- оқушылардың сенімдері мен көзқарастарының беріктігі;
- оқушылардың дүниетанымдық ұстанымдарының нақты қоғамдық істерде,
өздерінің мінез-құлқы мен әрекеттерінде көрінуі.
Педагогиканың көрнекті өкілі, чех халқының педагогі Я.А.Коменский
оқушылардың табиғатында өмірге құштарлық, дүниені танудағы белсенділіктері
басым болатындығын әрдайым көрсетіп отырған, соған сәйкес олар шаршауды
білмейтіндігін анықтап жазады.
Оқушылардың пәндер интеграциясы негізінде дүниетанымын
қалыптастырудың кейбір мәселелері Н.А.Менчинская, В.С.Мухина, М.Н.Скаткин,
Э.Н.Моносзон, В.А.Сластенин, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Б.М.Неменский,
А.А.Бейсенбаева, Ә.Мұханбетжанова т.б. еңбектерінде қарастырылды.
Қазақстандағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі бойынша
зерттеу жұмыстарының ішінде Ә.Мұханбетжанованың бастауыш білімнің
интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық негіздеріне жазылған докторлық жұмыссы біздің
зерттеу жұмысымыздың барысында қарастырылып, талданды.
Дүниетаным қалыптастыру жас ұрпақты тәрбиелеудің, қиындықтарды жеңіп,
алдыға ұмтылуға тәрбиелеудің қазіргі кездегі өте қажетті шарты болып
табылады. Дүниетаным қалыптастыру, оны қазіргі даму сатысына қарай
бағыттап жетілдіру – орта мектепте білім берудің, оқушылардың тұлғалық
қасиеттерін арттырудың көкейкесті мәселелерінің бірі.
Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тек шынайы дүние туралы білімдердің
саналы игерілуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Яғни, оқушылардың игеріп
жатқан құбылыстардың мәнін, олардың даму заңдылықтарын түсінген кезде,
алынған білімді алдыдағы оқу және практикалық міндеттерді шешуде
шығармашылықпен қолдануды білген кезде ғана мүмкін болады. Ғалымдардың
дүниетанымды адамдардың қоғам, қоршаған орта туралы ғылыми, философиялық,
психологиялық, педагогикалық көзқарастардың және адам іс-әрекетінің бағыт-
бағдарын анықтайтын біртұтас жүйе ретінде қарастыратын ойлары мен
пікірлері, тұжырымдары бір арнаға келіп түйіседі. Осылардан кейінгі
дүниетаным мәселелерін ғылыми зерттеудің философиялық, психологиялық,
педагогикалық қорытынды нәтижелері мынадай тұжырымдарды анықтайды:
1. Еліміздегі және алыс жақын шетелдердегі философтардың және
ойшылдарының ой-пікірлері бойынша дүниетанымды қалыптастыратын себептерге
мыналар жатады:
а) дүниетаным адамның қажеттіліктері мен мұқтаждарын қозғаушы және
қоршаған ортадағы іс-әрекетті, бағыт-бағдарды реттеуші қызмет атқарады.
Дүниетаным адамның жас ерекшеліктеріне, психологиялық өзіндік
ерекшеліктеріне, оның өмірлік ұстанымдарына байланысты болады;
ә) дүниетаным адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеушісі, сенім
мен мұратының тірегі әрі көрсеткіші болып саналады;
б) дүниетаным жеке адамды, тұлғаны дамытудың басты факторы
болып табылады;
в) дүниетаным білім берудің қажетті іргетасы болғандықтан, ғылыми
дүниетанымды қалыптастырудың ең маңызды шарттарының бірі - бұл ғылыми
білім беру болып саналады.
2. Дүниетанымды қалыптастыру - күрделі әрі ұзақ жүргізілетін
үдеріс ретінде саналады, сондықтан адамдағы ғылыми дүниетаным қалыптастыру
барысында мектеп кезеңі ең маңызды роль атқарады.
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда пәндер интеграциясының
мүмкіншілігі зор. Әсіресе эстетикалық, көркем циклдағы пәндер
материалдарын интеграциялау оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
ерекшеліктерін анықтауға көп көмегін тигізеді.
Интеграциялау ұғымына талдау жасау барысында бұл мәселенің
әдіснамалық тұрғыдан ашылуына көп көңіл бөлу қажет. Бұны негіздеуде
көптеген философтардың (И.А.Акчурин, Б.М.Кедров, Э.С.Маркарян,
П.Н.Федосеев, И.Т.Фролов, М.Г.Чепиков т.б.), психологтардың
(П.Я.Гальперин, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская, А.Н.Леонтьев,
Ю.А.Самарин, Н.Ф.Талызина т.б.), педагогтардың (В.С.Безрукова,
О.Г.Гилязова, М.А.Данилов, Ю.М.Колягин, О.Л.Алексеенко, Ю.А.Кустов,
Ю.Ю.Кустов т.б.) осы құбылыстың негізгі алғышарттары туралы ой-
пікірлерінің жақындығын еске алсақ та жеткілікті. Соның негізінде оның
интеграция жүйелі білім беру болыптабылады және ол мынадай белгілерімен
анықталады:
а) интеграцияның процестік және нәтижелілік синтезін құрайтын біртұтас
екендігі;
б) интеграция – үдеріс болып табылады;
в) интеграция – интеграциялық процесті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
нәтиже.
Сол сияқты педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген кейбір анықтамаларын
да келтіруге болады:
– интеграция – система органически связанных учебных дисциплин,
построенная по аналогии с окружающим миром, в основу интеграции положена
аксиома, что все в мире взаимосвязано и не существует в чистом виде
(О.Г.Гилязова );
– интеграция – процесс сближения и связи наук, происходящий наряду с
процессами дифференциации и представляющий высокую форму воплощения
межпредметных связей на качественно новой ступени обучения
(Н.С.Сердюкова);
– интеграция – ведущая форма организации содержания образования на
основе всеобщности и единства законов природы, целостности восприятия
субъектом окружающего мира (Г.А.Монахова);
– интеграция как педагогическая категория представляет собой
целенаправленное объединение, синтез определенных учебных дисциплин в
самостоятельную систему целевого назначения, направленную на обеспечение
целостности знаний и умений (Л.В.Трубайчук);
– интеграция – это высшая форма взаимосвязи, нерасторжимость
компонентов (основание для определения – специфические характеристики
интеграции как высшей формы взаимосвязи); выражения единства целей,
принципов, содержания, форм организации процесса обучения и воспитания,
осуществляемых в нескольких разделах образования, направленная на
интенсификацию системы подготовки учащихся (основание для определения –
содержание образования); создания укрупненных педагогических единиц на
основе взаимосвязи различных компонентов учебно-воспитательного процесса
нескольких разделов подготовки учащихся (основание для определения –
понятие укрупненных педагогических единиц) (В.С.Безрукова) [58].
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар негізінде интеграцияның тек
элементерді біріктіру, байланыстыру үдерісі ғана емес, сонымен бірге сол
үдеріс барысындағы нәтижені де білдіретіндігін айқындауға болады.
Педагогикалық жүйелерді құрастыру мен адамды қалыптастырудың әлеуметтік
тәжірибесін, ғылыми зерттеулерін, білімдерін талдау негізінде интеграция
ұғымының ауқымы кеңейе түседі.
Сөйтіп, интеграция педагогикалық ұғым ретіндегі ғылыми-зерттеу
қызметінде мынадай анықтамаларға ие екендігі анықталады:
– педагогикалық жүйедегі элементтердің арасындағы байланыстарды құруға,
енгізуге, анықтауға мүмкіндіктер беретін жол;
– педагогикалық моделдерді жасау құралы;
– жүйені өзіндік тұтастыққа бағыттайтын жол;
– педагогикалық жүйелердегі, үдерістердегі, құбылыстардағы
заңдылықтарды ашуға мүмкіндік беретін жол;
– педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды кешенді, біртұтас зерттеу
жолы.

2 Бейнелеу өнері пәніндегі интеграциялау негізінде оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны
Қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Өзінің өрісі биік, сан-
салалы өскелең мәдениеті мен өнері арқылы бүкіл әлем мәдениетінде,
өнерінде өзіндік орнын нақтылады. Оған куә - 2010 жылы Берлин қаласында
өткен бүкіл дүниежүзілік мәдениет және өнер көрмесінде қазақстанның өнер
және мәдениет бойынша көрмесінің бірінші орын алуы.
Біраз тарихтан сыр шертетін болсақ, бізге дейін жеткен тас бетіндегі
суреттер, тас мүсіндер, сәулет мұралары, қол өнер туындылары, ою-өрнектері
т.б. қазақтың ұлттық өнерінде айрықша орын алады. Қазақ өнеріндегі ою-
өрнекке толы қол өнерінің туындылары - жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие
берудің, ой-өрісін кеңейтіп, көркем дүниетаным қалыптастыруға көмектесетін
мол қазыналарының бірі деп есептеуге болады. Қазақтың ою-өрнектері - қазақ
халқының ғасырлар бойы тұрмыс-тіршілігін, шаруашылық түрлерін, ой-санасын,
дүниетанымын білдіретін күрделі өнер түрі және келешек ұрпаққа қалдырған
мәдени мұрасы. Ал енді ою-өрнектердің жалпы тарихына қысқаша тоқтасақ,
олардың әртүрлі халықтарда әрқилы мақсатта қолданылып, дамығандығын
байқаймыз. Мәселен, Грецияда ою-өрнектерді пайдаланғанда заттың негізгі
формасындағы ерекшелік қасиеттерді көрсетуге, жалпы тұтастық заңдылықты
қолданып, оны үлгі ретінде қалдырған. Римдіктер ою-өрнектерді қолданудың
пайдалы жағын іздеп, оларды сымбаттылықтан гөрі жақсы жағдай мен байлықты
көрсету үшін кең қолданған. Қытайлықтар ою-өрнек арқылы сәулет өнерін
дамытуды мақсат етіп алған. Олар ою-өрнектерді өнеркәсіпте қолданып,
ұлттық живопись өнерінде әсіресе фарфор ыдыстарын әшекейлеуде кең
қолданған. Парсылар өрнектер мен оюларды монументті құрылыста қолданып,
өсімдіктер, жан-жануарлар сюжетін пайдалану арқылы жасап, табиғатпен
тілдесу мағынасында пайдаланса, үндістер ою-өрнектерді күміс немесе алтын
фольгалардан жасап қолданса, Шығыс Орта Азия халықтары араб өнерінде
курсив жазуын ою-өрнек ретінде әрі құранды дәріптеу, насихаттау мақсатында
қолданған екен.
Қазақ халқының мал шаруашылығымен шұғылданып, көшпелі өмір салтын құруы
барлық қазақ ою-өрнектерінің мазмұнында көрсетілген. Әйгілі Қошқар мүйіз
оюының нақты қошқардың мүйізінің бейнесін анықтап, қазақ ой-тұжырымында
байлық-берекенің, дәулет пен ырыстың белгісін білдіруі де осыны
дәлелдейді. Ә.Марғұланның, Қ.Ақышевтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде қола
дәуірдегі бұйымдарда бейнеленген белгілер мен таңбалардың XVII-XIX ғ.
қазақ халқының қолөнерінде кездесетін ою-өрнектерге өте ұқсас екендігі
дәлелденген. Сол сияқты Ө.Жәнібеков аспан әлеміне байланысты ою-өрнектерді
зерттеп, сақ дәуірінен келе жатқан дөңгелек, төрт құлақ, қосу, шимай ою-
өрнектің пайда болуына негіздеме беріп, шеңбердің - әлемдік кеңістікті,
төрт құлақ – төрт құбыланы, шимайдың - тынымсыз қозғалысты білдіретіндігін
т.б. анықтады.
Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде
саралай бастағанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Біздің төл өнерімізді
зерттеуге басқа елдердің ғалымдары мен жиһангездері де елеулі үлес қосты.
Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр ғалымдары да көп
еңбектер жасай бастады. Мысалы, М.Ш.Өмірбекова ою-өрнекті зерттеген
ғалымдардың еңбектерін біріктіріп, Қазақ ою-өрнектері атты жаңа
энциклопедияны басып шығарды. Энциклопедияға мыңнан астам ою-өрнектің
ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор қазақ ою өнерінің басқа
халықтардан ерекшелеп тұратын айрықша белгі екендігін айта келе, оның
тайға таңба басқандай дара тұратындығын айқындаған. Қазақ оюының мәні мен
маңыздылығына тоқталған кейбір шетел өнер зерттеушілерінің пікірлерін де
тілге тиек етеді. Мәселен, қазақ халқының тек ою-өрнек әлемінде өмір
сүретін халық екендігін (В.Чеплев), Азияны, қазақ жері үлкен этнографиялық
музейге теңелетіндігін (А.С.Фелькерзам) т.с.с. деп атап өтеді [65].
Халықтық өнер арқылы болашақ педагог-мамандардың танымын кеңейтуге,
дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып нығайтуға әрі осыған сәйкес,
оларға халықтық мәдени құндылықтарды игертуге, ұлттық мәдениетін
қалыптастыруға, келешек кәсіптік біліктілігін шыңдауға қажетті ұтымды
материал – бұл қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көмкерілген сәндік-
қолданбалы өнері болып есептеледі. Қазақ тұрмысында, өмірінде ою-өрнектің
араласпайтын саласын табу қиын. Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі
болып табылатын осы құндылық тәуелсіз еліміздің рәмізін – көк байрағымызды
көріктендіріп тұр. Халықтың тілін, мәдениетін білмей тұрып, сол халықтың
қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, оның қайсы халықтың қазынасы екенін
танып білеміз. Өйткені ою-өрнек - әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу
өнерінің символы және көнеден келе жатқан мәдениеті.
Сонымен, бейнелеу өнеріндегі ою-өрнектер оқушылардың дүниетанымының
маңызды буыны ретіндегі көркем дүниетанымын қалыптастыруға ықпалы орасан
зор. Көркем дүниетаным сұлулық пен жексұрындық, сатқындық пен ұждансыздық,
қуаныш пен қайғыға қатысты барлық қабылдаулардың, түсініктер мен
сезінулердің ықпалдасуын анықтайтын қоғамның эстетикалық санасының
құрамдас бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың осындай кең және қоғамдық-
тарихи тәжірибеде, өнерде, табиғатта көрінетін сұлулық заңдары, сұлулық
түсінігі мен сезімі туралы орталық бекет болып табылады. Көркем дүниетаным
адамдардың барлық тіршілік өміріне енеді. Көркем мәдениеттің барлық
мұрасымен байытылған көркем дүниетаным адамның жан-жақты дамуы ретінде,
дүниенің сұлулық заңдары арқылы қайта құрылуы ретінде өмір тәжірибесінде
белсенді және әрекетшілдікпен жүзеге асырылады.
Қорыта айтқанда, көркем дүниетаным – өнердегі бейнелі анықталатын
идеялар мен сезінулердің ықпалдасуы, өнер арқылы байқалып, ойланып-
толғанылған және эмоционалды түрде қабылданған шындық дүние, сонымен
бірге, көрушінің, тыңдаушының, оқырманның көркем қиялы, қабылдауы, талдау
есі арқылы жасалған дүниенің көркем көрінісі. Көркем дүниетанудың ғылыми
дүниетанымнан ерекшелігі шындық өмірді көркем көре білумен бірге, дүниені
бейнелік сезіну, туындату жүйесі болып табылады. Соған сәйкес, дүниені
тануда үлгі тұтарлық сұлу ұғымдар мен түсініктерді, теорияларды және
талғамдарды бойға сіңіруге бағытталады.

Мектептегі бейнелеу өнері пәндерінің тұлғаны дамытушылық сипаты және
оның оқытылуы туралы мәселені қарастырғанда көбінесе Е.Н.Игнатьев,
В.П.Зинченко, Б.А.Альмухамбетов, Н.Н.Ростовцев, В.Кузин, Қ.Ералин т.б.
еңбектеріне сүйенеміз.
Қазақ елінде қоғамдық құрылыстың дамуы бейнелеу өнеріне де ықпал
жасады. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі,
тұрмысы, әдет-ғұрпы мен шаруашылығына байланысты болды. Қазақстан бейнелеу
өнерінің тарихында ертедегі жартастардағы бейнелерде халықтық тұрмыс салт-
дәстүрлер ерекше орын алады. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып,
сәндік-колданбалы өнерге қажетті тері, жүн, сүйек сияқты шикізаттарды мал
өнімдерінен алған. Сол себепті қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне
керекті материалдар халықтың тұрмысы мен шаруашылығына, өмір-тіршілігіне
тікелей байланыста болды. Қазақтың сан алуан ою-өрнектері де малға,
өсімдіктерге немесе қоршаған ортадағы құбылыстарға қатысты болып келген.
Әсіресе бұғы мен қошқар мүйіз, түйетабан ою-өрнектері негізгі халық
өнеріне кіретін түрткілердің бірі болып табылады. Қазақстан жеріндегі
табылған сақ дәуірінің ескерткіштері осындай стильге жатады. Сақ дәуірінің
алғашқы кезеңінде аңдар бейнесі реалдық шындыққа жақын болып келсе, соңғы
кездері стильдеу, ықшамдау болды. Аңдар бейнесі, олардың мүйіздері, басқан
іздері т.б. біртіндеп ою-өрнекті туындатушы түрткіге айналды. Тау ешкісін,
арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозғалыссыз қалпында бейнелеу - сақ
өнерінің архаикалық кезеңіне тән құбылыс. Бұларды Қазақ жеріндегі
Қарқаралы ауданының Мырза Шоқы қорғанының Қайранкөл маңынан табылған
миниатюрлік резеткеден көруге болады. Ашоты түбіндегі Есік қорғанынан,
Тарбағатай жеріндегі Шілікті өңірінен табылған алтын киімді адамдар –
Андронов стилінің жарқын ескерткіштерінің бірегейлері. Алтын адамның бас
киімінен бастап түгелдей алтыннан жасалынды. Оның бас киімі, кеуде,
жағасы, белбеуі, киімдерінің көптеген бөлшектерінде жолбарыс, қанатты
тұлпар, құс қанаты көріністері оюланып, әшекейленген. Түрік қағаны
кезінде тас пен сүйекті өңдеу, оюды жасау, келтіру өнері дамудың жоғары
дәрежесіне көтерілді. Сол кездегі тас ою өнері екі түрге бөлінді:
біріншісінде тас бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екінші
түрінде көлемді мүсін ретінде жасалынды. Түрік қағанында мәдени дәстүрді
қыпшақ, қаңлы тайпаларының ұрпақтары ХІІ-ХV ғғ. жалғастырды. Сол
замандағы көлемді ескерткіштер, яғни тастан жасалған адам мүсіндері ерекше
дамыды. Бұл мүсіндер Орталық Қазақстанда және Жетісу өңірінде көптен
сақталған. Мүсіндер бойында киімдердің бөлшектері, қару-жарақтар, бас
киімі, белдік, әйелдердің сырға, білезік т.б. безендірулері, сондай-ақ
музыка аспаптары айқын сомдалған. Қорыта айтқанда, Қазақстан жерінде
дамыған Қыпшақ, Қарлұқ, Оғыз тайпаларының өнері, көркем мәдениеттің
бастауы ғана болып қоймай, қазақ жеріндегі бейнелеу өнерінің де алғашқы
қалыптасу кезеңіне жол ашты.
Қайта өрлеу дәуіріндегі Леонардо да Винчи, Альберти Леон Баттиста,
А.Дюрер сынды суретші-ғалымдардың бейнелеу өнерін оқытудың, сурет салу
ережесінің ғылыми-теориялық негіздемесін жасауда ерен еңбектері белгілі.
Леонардо да Винчи бейнелеу өнерінің сызу, математика, анатомия
ғылымдарымен етене интеграциясы ын айқындап, оны өз шығарма, туындыларында
көрсете білді. Көркемдік, өнерлік мазмұндағы пәндердің, яғни әдебиет,
тарих, бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі пайдасын педагог
Я.А.Коменский де белгілеп берді. Ол өзінің Ұлы дидактика еңбегінде
өнерді үш талап негізінде үйренуді анықтады, яғни, өнерді дұрыс пайдалану;
өнерді сапалы бағытта оқыту; жиі жаттығулар жасау.
А.Дюрер өз еңбектерінде бейнелеу өнерінің, музыканың кең көлемде
оқытылуын насихаттады. Баланың сурет салумен шұғылдану кезінде қалт еткен
уақытын музыкалық аспапта ойнауға жіберуіне үлкен мән берді, себебі музыка
арқылы бойда қан жүгіріп, қиын жаттығулардан кейін ойды меланхолия
жайламайтындығын психологиялық тұрғыдан тұжырымдап берді.
Білім берудің маңызды шарты – оқу үдерісінде оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту. Тек осы
жағдайда ғана оқушылардың білім сапасының деңгейі төмен түспеуі мүмкін,
себебі оқуға қызығушылық оқу нәтижесіне жетудің бірден-бір түрткісі болып
табылады. Мектептегі эстетикалық циклдағы бейнелеу өнері, сол сияқты
музыка пәндерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың оқуға
қызығушылықтарын арттыруға ықпалы күшті екендігі анықталған.
Осы ой-тұжырымдардың негізінде мынадай қорытындылар шығады: бейнелеу
өнерінің, музыка, әдебиеттің қалыптасу тарихында олардың өзара
интеграциясы жас ұрпақтың танымын арттыруға, дүниетанымдық түсініктерін
тереңдетуге, дамытуға ықпал жасайды. Оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруда эстетикалық циклдағы пәндер интеграциясы қажеттілік әрі
маңызды дүниетаным құралы ретінде қарастырылады. Эстетикалық циклдағы
бейнелеу өнері, музыка, әдебиет пәндерінің материалдары арқылы оқушылардың
дүниетанымын қалыптастыру – ерте заманнан бері жүргізіліп келе жатқан
күрделі үдеріс және қоғамдық даму өзгерістерінің элементтері мен ұғымдарын
(табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Ағылшын тілін оқыту
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері
«Дүниетану» пәнін оқыту
Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың орны
Пәндер