Будда өмірі және буддизм



1 Діни ілімдер мен әдет.ғұрыптар
2 Діннің ерекшеліктері мен теориялары
3 Діннің тараған аймақтары және халқына әсері
4 Қазіргі кезеңдегі буддизм
Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер-жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартхи патшасының кейпін алған.
Шығыс философтарынын тұжырымдарына жүгінсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяұлы Майя) бірде түс көрген дейді. Түсінде оның құрсағына бір аппақ піл кіріп кетіпті. Содан көп ұзамай Майя құрсақ салады. Ай-күніне жеткенде, ол ерекше – қолтығының астынан бала туады. Аңызға қарағанда бала жерге шыр етіп түскенде, оған бүкіл "құдайлар" қатты қуанышты дейді. Әкесі баласынын дін жолына түсуін қаламапты, оған дүниелік тәрбие беруді, оның көңілін діннен қашықтату әрекетінде болады. Өзі патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтіп, көңілін бөлгісі келеді, үйлендіреді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
І. Будда өмірі және буддизм

Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер-жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартхи патшасының кейпін алған.
Шығыс философтарынын тұжырымдарына жүгінсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяұлы Майя) бірде түс көрген дейді. Түсінде оның құрсағына бір аппақ піл кіріп кетіпті. Содан көп ұзамай Майя құрсақ салады. Ай-күніне жеткенде, ол ерекше –қолтығының астынан бала туады. Аңызға қарағанда бала жерге шыр етіп түскенде, оған бүкіл "құдайлар" қатты қуанышты дейді. Әкесі баласынын дін жолына түсуін қаламапты, оған дүниелік тәрбие беруді, оның көңілін діннен қашықтату әрекетінде болады. Өзі патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтіп, көңілін бөлгісі келеді, үйлендіреді. Бірақ оның әрекеттері баласын
тоқтата қоймады. Бірде Суддхартхи қалада үстін жара басқан бір қартты кездесіреді де, ойға кетеді. Азаптан құтқару идеясы ойына келеді. Содан барлық сана-сезімін сарп етіп азаптан құтылу үшін не істеу керек деген қайғыға батады. Құтылудың жолы —тек өзін өзі азаптау дегенді ойлап табады. Барлық дүниесін тастап, ел кезіп, қайыршылық жолмен күн кешіп, өзінің ойлап тапқан идеясын уағыздауға көшеді. Қиындықтарды
басынан өткеріп, азаптанып, тұрмыстық дүниені тәркі етіп, өзінің барлық жағынан шынайы табиғи нәпсісін тыйып, бедеулік жолға түседі. Бірақ сол кездегі өзін бедеушілікте ұстайтын брахмандарға ұқсаулан сақтанғысы келеді. Әулиелік қасиеті бар деп санайтын Бодхи деген ағаттың түбінде отырып "төрт шындықты" ойлап табады. Бірақ оның ол ойын амалға асыруға
қарсы күш - өлімнің Құдайы - Мара оны қорқытып, тазаруға жібермейді. Оған өзінің қыздарын жіберіп, көңілін бөлгісі келеді деп жазады Будда туралы аңыздарда. Бірақ Будда өз ісіне берік болып, Варанас деген қонысқа жақын жерде "піл паркінде" бірінші рет өз идеясын адамдарға айтады. Сол "төрт шындықты" өз шәкірттерімен 40 жыл бойы ел аралап айтып, оның дініне
кіруді уағыздайды. Өсиеттерімен, жасаған кереметтерінен бір дұрыс қорытынды табуға әрекет етті. Бірақ ешқандай дәлелді немесе маңызды, құнды нәрсе таба алмады. Француздың буддолог ғалымы Г. Сенар Будданы мифологиялық образ санады. Неміс ғалымы Г. Керн Будданың тарихта болғанына күмән келтіріп, оның өмірбаянын —аңыз дейді. Қайтсе де көптеген ғалымдар Будданы тарихтағы белгілі тұлға есебінде қарады.
Аталмыш көзқарастың негізі – Шакьямуни буддизм монахының құрылуы.
Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Философиялық көзқарастарда Буддизм белгілі бір әлеуметтік жағдайлардан пайда болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырды құл иеленушілік қоғам құрылды.
Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Пирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері —ведант, ньяя діни-философиялық құрылымы, вайшешик діни мектебі болып табылады.
Буддизмнің даму кезеңінде Будданың өсиеттерін, істеген істерін уағыздайтын түсініктемелер құрастырып, буддистік философия түздік дегенде келеді.

Діни ілімдер мен әдет-ғұрыптар

Буддизм дініндегі адамдар тұратын қандай да болмасын мемлекетке барған адамның бірден көзіне тусетін жай ол діннің әдет-ғұрыптары мен мәдениеті. Будданың бейнелерімен әшекейленген, сәулетгі табыну үйлері —храмдары. Ашық аспан астында үлкен Шакьямуннің мүсіндері орнатылған. Табыну дауысты музыка аспаптарымен алып барылады. Кейбірде неше түрлі киімдер киіп, беттеріне қорқынышты маскалар киген монахтар көшеде жүреді. Храмнан алып шыққан Будданың мүсіндерін көтеріп, көптеген адамдардың көшеде жүргенін көруге болалы. Діни әдет-ғұрыптары мол, әртүрлі өмірдегі әрбір қадамын діни әдет-ғұрыптарды өткізетіндер —өз дініне берілген діндар адамдар. Монахтары ауылдарды аралап, қолдарына тостақ алып, қайыр-садақа жияды. Буддиске буддизм не деген сұрауға ол "бұл ұлы Будданың адамдарды құтқаруға құрған діні, монах болып кеткендер өздері үшін де, басқалар үшін де сыйынады" деген ұғымды айтады. Сондықтан оларға қайыр-садақа беріледі.
Дегенмен мұндай оқу алғашқы буддизмнің пайда болған кездегі оқуына сай келмейтінін кейбір буддологтар айтады. Қазіргі оқулардың барлығы, әдет-гұрыптары өз өміріне сәйкестендірілген қалде дегенді айтады. Айта кететін жағдай, мұндай авторлардың өздері "буддизм моделіне" өз пікірлерін қосып, бірін алып, екіншісін қосып жатады. Сонымен "буддизм моделіне" буддологгар арқылы жаңа өң беріліп отырады.
Кейбір зерттеушілердің ойынша, буддизм алғашында дін емес, материалистік көзқарастағы философия болған көрінеді. Олардың айтуынша Будда келесі өмірдің барлығы туралы ойды қараған жоқ, онымен қоса Құдай да, жан да жоқ. Мұндай көзқараспен буддизм тіптен де дін бола алмайды, ол қазіргі діни философияға жақындап та келмейтін сандырақ дейді. Кейде буддизмді атеистік ағым деп те қаласың, себебі онда әлемді жаратушы қүдіретті Құдай туралы сөз де болмайды деп түсіндіреді зерттеушілер. Біріншіден, "Будданын оқуы" деп Будда деп аталған Гаутама-Шакьямун деген тұлға болған жағдайда, оның дін туралы айтқаны туралы ешқандай мәліметті табуга болмайды. Біздің заманымызға дейінгі І-П ғасырлағы буддизм өсиеттері діни әдет-ғұрыптар есебінде Будданың таратқан діні, оның өсиеті дегенге дәлелдеме бола алмайды". Сондықтан да Будда оқытты, Будда айтты дегенде, барлық уақытта да бұл сөздердің негізі жоқ, жорамал екенін ұмытпау керек. Бұл сөздер Шакьямуниге тиісті деп жорта жазып жүр дейді. Жапон буддизм ілімін зерттеген Ф. И. Щербатскийдің шәкірті Розенберг О. О. (1888-1919 ж.). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизм iлiмi туралы
Буддизмнің әлемге таралуы
Буддизм негізіндегі дүниетаным
Буддизм туралы мағлұматтар
Буддизм ұлттық дін
Буддизм философиясы - буддизмнің әртүрлі бағыттары мен мектептері аясында қалыптасқан әлемге, адамға және танымға ұтымды негізделген көзқарастар жүйесі
Нирвана теориясы
Шығыс діндері
Буддизм философиясы
Буддизм ілімі
Пәндер