Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу әдісі


Мазмұны:
Кіріспе
1 Матаға көркемдеп сурет салудың тарихы
1. 1 Батик өнерінің шығу тарихы
1. 2 Батик өнерінің эстетикалық тәрбиедегі мәні
2 Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеудің әдіс-тәсілдері
2. 1 Батиктің орындалу техникасы
2. 2 Батикке қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Сәндік қолданбалы өнер әсемдік әлеміндегі алар орны ерекше. Жылдар өткен сайын адамзат баласының осы өнерге деген қызығушылықтары, құштарлықтары артып келеді. Сәндік қолданбалы өнер адам-өмірімен, оның тұрмысымен тығыз байланысты. Ал ұлттық өнер сонау әріден, тереңнен, көне дәуірлерден бастау алады. Осы сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі батик өнері. Бұл өзі ежелден шығыс халқына тән өнер.
Батик әр түрлі елдерде бірсыпыра айырмашылық ерекшеліктерімен сипатталды. Мысалы, Индонезияда Батиктің негізі индиго көк, қызыл қоңыр және піл сүйек түстің барлық реңдері, Индонезиялық дәстүрлі ою символикалық мағынаға ие суреттерімен бұйымдарды өздері анықтады және патшалық, корольдік оюларды қайта қайталауға ешкімнің құқықтары болмады.
Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар ағаштың қабығына өрнектерді салып оларды балқытылған балауызбен бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі балқытылған балауызбен сурет түсіру, сол жұмысты сәндеуге де қолданыла бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында ежелгі әдістердің бір матаны әрлеудің негізі қаланды. Батик сөзі Ява тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу деген мағына береді. Өз уақыты бойынша батик кайда болуы мен дамуы, әртүрлі елдермен саяхатта және суретшіден суретшіге ұрпақтан ұрпаққа көшіп акварель, пастельді, витражды, бейнелеу өнерінің көптеген қабілеттерді өзіне сіңіріп алды. Қазақстанда бұл сала әлі жетік дамып үлгермеді.
Батик техникасының нәзіктігімен, және әдемілігімен табиғат көрінісін бейнелеу. Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Табиғат көрінісі» деп алдық. Қандай да бір шығармашылық жұмыс болмасын адам баласының рухани өміріне, мәдениет пен тұрмысына қызмет етеді. Декорация деген сөз латын тілінен аударғанда әрлеймін, әшекейлеймін деген сөз. Сәндік өнер адамды қоршаған қажетті заттардың барлығын шығармаға айналдыру. Адам өміріне күнделікті қызмет атқару үшін қоршаған орта, адам өмірінің негізгі бөлігі болып табылады. Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық мән жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөенер арқылы өмірге келген көркем туындылар жасау болып табылады.
Қазақ елінің өзіне тән ерекшеліктері мен ұлттық көрінісі, қол өнерінің даму тарихында жатыр. Үй тұрмысында пайдаланылған қандайда заттары болмасын оның қажеттілігіне байланысты өзіне тән ерекшеліктері мен сәндік көркем ойлары ерекшеленіп көрінеді. Шаруашылықта, үй тұрмысында,
3
қолданылатын заттарды тұтынуға жарамдылығы мен оларды бейнелеудегі ерекшеліктері, ою-өрнектерді пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктернің барлығы да осы іспеттес. Тек қана мата түрлерін алатын болсақ, түрлі малдардың жүн, түбіттерінен жіп иіріп, одан тұрмысқа қажетті неше түрлі мата түрлерін тоқу, одан орамал көйлек, кестелі орамалдар, шапан-шекпендер, шалбар, т. б, қажетті заттарды өздері қолдан тоқып қажеттілігіне жаратқан. Ұлттық дәстүріне сәйкес етіп қыз-келіншектерге арнайы тіккен киімдер, ондағы ою-өрнектердің ұлттық әрленуі өзінше ерекше дүние.
Курстық жұмыстың өзектілігі табиғат көрінісін жазу амалдарын сипаттай отырып оны тәжірибе жүзінде қолданып, сонымен бірге мектеп қабырғасында өтілетін бейнелеу өнері сабақтарында батик жүйесімен сурет салуды тәжірибелік эксперименттерді қолдануға бейімделу. Бұл курстық жұмыста мектептерге қажетті батик өнерімен сурет салу әдістемесі де кеңінен қамтылған, сонымен қатар әр дәуірдегі педагогтардың әдістемелік жаңалықтары, батик өнерімен сурет салдыру сабақтарын жүргізу әдістерінің қолдануына талдау жасалған.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері тәсілдерін меңгеруге , оларды қолдануға көмегін тигізу . Пейзаждық кескіндеме мен пленэрлік кескіндеме арқылы сурет салудағы қиындықтарды шешу мен түрлі кескіндемелік тәсілдерді үйретуге негіз болу. Пленэрлік кескіндеме проблемаларын шешу мен батик техникасын меңгеруге тұтқа болу, сонымен қатар нобай жазу тәсілдері мен нұсқаға қарап сурет салу және эскиз жасау амалдарын меңгеруге үйрету.
Практикалық маңыздылығы кез келген пейзаж кескіндемесін үйренемін деушілерге, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының бейнелеу өнері бөлімінің төменгі курс студенттеріне, мектеп оқушыларына теориялық бөлімі мен, мектеп, болса онда келтірілген сабақ үлгісі, курстық жұмыстың тәжірибелік жұмысы біраз пайда алып келеді деп сенемін. Ең алдымен менің бұл жұмысымды көрер жанға ләззат сыйлайды. Одан кейін шабыт шақырып қолға қылқалам алуға негіз бола алады. Тіпті болмаса көшірмесін салып, суретші өз үйінің төріне іліп қойса да қуаныш сыйлап тұрары және кескіндемемен айналасуға үндеп тұрары белгілі.
Курстық жұмысының құндылығы студенттерге, мектеп мұғалімдеріне
және әуесқой суретшілерге өте пайдалы маңызы бар материал болмақ. Студенттер конференцияларға баяндамалар мен сабақтарға курстық жұмыстар және рефераттар орындағанда да ғылыми тұрғыдан көмегі тиері даусыз. Одан қалды әуесқой суретшілерге және мектеп оқушыларына да пайдасы тиетін маңызды материал болмақ.
Зерттеу объектісі . Тәжірибелік эксперимент жұмысы №23 жалпы орта мектебі.
4
1 МАТАҒА КӨРКЕМДЕП СУРЕТ САЛУДЫҢ ТАРИХЫ
- Батик өнеріндегі қолданылатын құрал-жабдықтар
Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында (біздің І ғасырда), Индияда, Жапонияда, Перуде, Батыстағы және Орталық Африкада және кешірек (XVIIIғ) -Европада, Ресейде1930 жылдарға қарай алғаш рет дүниеге келді.
Матаны әсемдеу өнері ерте кезден белгілі. Алғашында матаны жасау барысында ерекше әдіспен тоқылған суреттер пайда болды. Кейінірек суретші қолмен салатын болды. Ал содан соң белгі түсіретін ағаш таяқшалар ойлап табылды.
XVII ғасырда металдан жасалған белгі салғышты қолдана бастады. Келесі қадам- белгі салуға арналған машинаны ойлап табуы. Гравер шебердің суреті металл білікке(вал) ойылған. Содан соң оны бояуға шалып, матаның бетінен жүргізілген. Егерде түрлі-түсті өрнек болса, бірнеше білікті қолданған.
Кейде матаны көркемдеу үшін бір уақытта екі әдісті қолданған-жіптерді тоқу және өрнек. Қытайдың «КЭСЭ» матасын осыған жатқызуға болады, мұнда жіптен тоқылған қылқалам арқылы өрнек жасалып толықтырылған.
Ең көне (шамамен екі мың жыл) өрнек қытайлық өрнек болып табылады. Мата өте жақсы сақталған, онда минералды бояғыштар арқылы күңгірт кескіндер салынған.
Ыстық батик отаны Индонезия болып саналады. Классикалық ыссы батик-көп еңбекті қажет ететін өрнек түрі. Тек матаны дайындаудың өзі бірнеше күнге созылады.
Өрнекті, XVII ғасырда ойлап табылған «чантинг» (тьянтинг, тьянтин) құралы арқылы жасаған. Уақыт өте келе батикті қолмен орындау сирек кездеседі. Жіңішке металл сымнан жасалған қалып (штамп) жұмыс барысын жылдамдатты.
XVII ғасырдың аяғында үнділік «ситцы» матасы өзінің әдемілігімен Еуропаны таң қалдырды. Мұнда қалып арқылы матаға өрнектер түсірілді.
Сонымен қатар XVII ғасырдың аяғында ақ түске түрлі түсті суреттерді салу қолданыла бастады. Осы кезде бейнелер барынша күрделеніп, контурлы суреттер салынды, өрнектер салуға өсімдік майынан алынған желімдегіш масса қолданды.
Үндістанда және Индонезияда өрнек киімді әсемдеу үшін қолданды. Жапония мен Қытайда өрнекті дәстүрлі интерьерді әсемдеу үшін қолданды. Шеберлер көбінесе бір түсті қолдана отырып табиғаттың тамаша әдемілігін көрсете білген. Ондағы ассиметриялық композиция кайталанбас үйлесімділігі туындады.
5
Мата батик жазу үшін алдын-ала арнайы бір-біріне мекем етіп бекітілген ағаштан жасалған рамкаларға керіледі, немесе бекітілген таяқшалардан жасалған рамкаға тартылады. Керекті мөлшерде рамкаға мата тимей тұру үшін ағаштың шетіне 5-6 мм қашықтықта ара қашықтығы кемінде 2 см, ағаштың бет жағынан 12-13 мм өтіп тұратындай етіп шегелер қағу керек, шегенің ұштары өткір болуы кажет немесе матаны керіп ұстап тұруға арналған ілгіштер орындалуы тиіс. Шегелер тот баспау үшін үшкір жақтарын спиртті сумен сүрткен дұрыс болады.
Батик немесе роспись жазылатын мата өте таза болуы қажет, сол үшін матаны алдын-ала жуу қажет. Рамкаға матаны керер алдында аздап сулау қажет.
Алдымен жазу техникасын толық меңгергенше мықты бекітіліп жасалынған рамкада орындаған дұрыс. Мұндай рамкаларда матаны керу оңайлау болады және техникалық қауіпсіздік жағынан алғанда матаны керу өте жеңіл. Матаның тартылуы рамка бетінде бірдей қалыпта болуы қажет.
Матаның ішкі талшықтарының қисайып кетпеуін қадағалауымыз тиіс, мұндай жағдайда суреттің қисайып тура шықпауы мүмкін. Олай болмау үшін матаны кергенде ортасынан бастап қарама-қарсы керу керек те содан кейін бұрыштары керілуі тиіс.
Арнайы сұйық суық батик жазу үшін де қолданылады, ол резина желімінен, парафиннен және бензиннен құралады, сол себепті жұмыс орындаған уақытта техника қауіпсіздігін сақтаған жөн болады.
Суық батикте қолданылатын резервті қоспаның құрамы:
80 г. парафин,
300-400г. резина желімі,
300-400г. таза бензиннен тұрады.
Бұл қоспа былай даярланады: фарфорлы стаканға немесе эмальды ыдысқа парафин майдалап салынады, оның үстіне сұйықтығына байланысты 300-400 г. резина желімі құйылады. Одан кейін бензин қосылады. Дайын қоспаны 100 градусты суық суға салып, парфин толық ерігенше, арнайы сұйық пайда болғанша ұстаймыз. Оны суытып болған соң, беті толық жабылатын ыдысқа құйып алады. Жұмысты орындау барысында қажетті сұйықтықты сақтау үшін жұмысты бастамай тұрып бір тәулік бұрын бензин қосу керек.
Батикті еркін жазу техникасы ыстық және суық жазу техникасынан көптеген айырмашылықтар бар, ол акварель жазғанға ұқсастау болып келеді. Тек қағазға емес рамкаға тартылған матаға жазылады. Даярланған бояумен мақта томпонымен немесе майда губкамен жарық реңдерінен бастап қараңгы жағына қарай жазылады. Ең соңында реңі қанық түспен барлығын толық жағу керек. Егер жұмыс барысындамата тез кеуіп жатса, онда оны бірнеше рет сулау қажет, бояу бұл әдістен ағып кетпейді. Жұмыстың бетін сулау жекеленген орындарда емес толық қамтылып сулануы керек, олай болмаған жағдайда жұмыс ала-құла болып қалуы мүмкін.
6
Батик салу кезіндегі щығармашылықтың негізі- гаммалық үйлесімділігі болып табылады. Сол үшін алдымен бояулардың түрлерінің барлығын, керек болса бір-бірімен араластыру арқылы даярлап алу керек. Бояуды тек палитрада араластыру керек, көп бояуды араластыру оң күңгірт тартуына соқтырады, әсіресе анилинді бояулар түйіршіктеніп кетуі де мүмкін. Жұмыс бастар алдында сол маталардың қалдықтарына жазып көру керек. Батитк салатын матаның өзі сияқты мата болу керек. Тексеріп көрген жұмыстың нәтижесі бояу кепкеннен кейін көрінеді. Өйткені матаға салынған бояулар кенкеннен кейін өте қатты ағарады. Ал анилинді бояулардың қақпағы тығыз және жақсы жабылатын шыны ыдыстарда сақтаған жөн. Бояу түрлерін пайдаланғанда мақта бояйтын бояулар түрлерін пайдалану керек. Бояулардың әр түрі былай дайындалады: 15 г. анилинді ұнтаққа 900г. ыстық су құямыз, содан соң ұнтақ толық ерігенге дейін қайнату керек, одан барып оны сүзіп қоямыз. Даярланған қоспа суығаннан кейін 100 г. спирт және жарты рамм сода қосамыз.
Анилинді бояулар мата бетінде тез жайылғыш болады, мұндай жағдайда күтпген түрлі реңдер алуға болады. Рең жағынан, түс жағынан күтпеген гаммалар пайда болады. Бұл жағдайда бояуларға басқа ешнәрсе қоспасада болады. Егер сурет бір-біріне ағып кетпеуі үшін бояуға қоблатқыш қосқан жөн, қоюлатқыш-трагант деп аталады немесе трагантты желім қосу керек. Оны былай істейді: 1 стакан суға трагант араластырып 10-15 жапырақ желім қосып оны сұйық анилинді бояуға қосу керек, /3/1 қоюлатқышты, 3/2 бояуға/. Бояудың ағып кетпеуіне бұдан басқа әдіс-тәсіл ол матаның бетін сұйықпен жағу(грунтовка) .
Бір литр ыстық суға 2-3 грамм желатин еріту керек, ол еріп болған соң матаны сол сұйыққа малып алып, кептіргеннен кейін рамкаға тартып, бұдан кейін суретті түсіріп сала беруге болады. Батик немесе роспись салғанда тушьты қолдануга болады. Жұмыс сол кезде жақсы шығуы мүмкін. Бірақ анилинді бояудай бола алмайды. Өйткені анилинді бояулар өте жеңіл де жеңіл реңдер бере алады. Ал тушьпен жасалған жұмыстардың реңі солғындау болып келеді. Тағы бір кеңес: үй тұрмыс жағдайында жібек сияқты материалдарға салуға болмайды, оларға бояулардың арнайы түрлері қолданылатын болғандықтан, техникалық қауіп туындауы мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан кейін арнайы сұйықтарды сурет бетінен алып тастау керек. Ол былай аткарылады: салынған жұмысты рамкадан алып, бірнеше қабатты газет арқылы шығарманы ыстық үтікпен үтіктеу керек, кейін жұмысты бензинге жусаңыз, ол матадағы сұйық қалдықтарынан тазартады. Даяр жұмысты кептіреді де, қажетінше әшекейлейді.
Ыстық батиктің резервті қоспасының құрамы:
Құрамы №1
Парафин 660 гр.
Вазелин 340 гр.
7
Құрамы №2
Парафин 500гр.
Техникалық вазелин 250 гр.
Ара желімі 250 гр.
Құрамы №3
Петролатум 210 гр.
Парафин 790 гр.
Суық батик.
Суық батикте матаға салу тәсілі ондағы суреттердің өзіндік ерекшелігін білдіретін контурлы сызықтар жүргізіледі. Арнайы дайындалған резерв қоспасының құрамы шүмегі иіңкі шыны ыдыс артық мөлшердегі сұйықтықты жинайтын шар тәрізді жуандатылған пішінді құрал. Суреттегі контурлы сызықтардың жуандығы шыны ыдыстың иіңкі шүмегінің сұйықтық жағылатын тесігінің көлеміне байланысты.
Шыны ыдыстың ұшының иілуі өрнекті сызықтарының сапалы жазылуына маңызды әсер етеді. Түікшенің үшкір жағы 135 градуска иілуі қажет. Осы шарт сақталмаған жағдайда резерв құрамының матаға жағылу тепе-теңдігі бұзылып, көп мөлшерде салынып, суреттегі өрнектерді бүлдіріп алуымыз мүмкін.
Сызықтың жүргізілу бастамасында және жай қозғалыстағы жүргізілген контурлы сызықтарда тамшы құралады. Сондықтан жұмысты бастар алдында түтікшені біркалыпты қозғалыста жүргізіп отыру қажет. Контурлы сызықтарды жүргізіп болғаннан соң түтікшенің иіңкі ұшын матадан ала жоғарғыға барып бағыттайды. Резерв құрамы мата бетіне тамып кетпеуі үшін түтікшенің соңын сәл көтеріңкі жағдайда бірқалыпты ұстап отыру керек. Өрнекті сызықтарды жүргізгеннен кейін суретті кептіру қажет. Боялмаған суретті шамамен 24 сағат қою міндетті, мұндай жағдайда резерв құрамы майланып, матаға толық сіңіп, жағылған бояу суреттің басқа бөліктеріне сызықтар арқылы өтіп кетпеуі тиіс.
Суретке бояуды тампонмен, қылқаламмен немесе түтікше арқылы жағады. Матаға бояуды жаққан кезде сурет бетінде сызықтар немесе түрлі дақтар пайда болуы мүмкін, сондықтан бояудың суретке біркелкі жағылуына көпм көңіл аударуымыз керек.
Шыны түтікшені басқа құрал-жабдықтардан басқа арнайы ағаш қорапта сақтайды.
Жұмысты аяқтағаннан кейін түтікшені бензинмен тазалап, жуып, сымға жіңішке етіп оралған мақтамен тазалайды.
Ыстық батик.
Ыстық батик мынадай негізгі жұмыс тәсілдерімен ерекшеленеді:
- Жай батик.
- Күрделі батик.
8
- Дақтар арқылы(нүктелеп) матаға салу.
Жай батик. Шаблондағы суретті матаға штамп, сүйек, пышақ арқылы резерв қоспасын жағады. Бұдан контурлы сурет немесе геометриялық өрнектер шығады. Пышақ алдын-ала жұқа матамен тартылып керіледі. Жұмыс барысында бірнеше минут қыздырылған резерв қоспасына батырылады. Жұмыс орындауда оны қыздырып тұру керек. Себебі резерв қоспасы пышаққа түгелдей сіңіп, мата бетіне біркелкі жағылмау мүмкін. Матаға жағылған резерв құрамын суынғаннан кейін паралонды губкамен жағып шығады. Резерв жағылған өрнектің әрбір бөлігін бірнеше түстермен бояуға болады. Бояу барысында матағабояуды түгелдей біркелкі жағылып, кейіннен кепкен фонға резерв құрамы жағылады.
Күрделі батик. Қатты керілген матаға резерв құрамы жағылып, біркелкі боялып кептіріледі. Түстер ашық түстен қанық түстерге өте бастайды. Бояуды жағар алдында резерв құрамының сапасын тексеріп шаблондағы өрнектердің дұрыс салынуын қадағалап отыру керек.
Дақтармен жазу. Бұл әдіс өте қызық әрі күрделі болып келеді. Резерв қыздырылған күйде эскизге байланысты дақ тәрізді нүктелеп тамызып жағады. Нүктелі өрнектерді толық орналастырғаннан кейін матаның фонын қанық түстермен бояп шығады. Мұнда бояудың жағылуын, матаның кебуін қадағалап отырады. Жұмысты аяқтағаннан кейін матаны рамадан алып қөлденең кереді. Кейде резервтің толық кетуі үшін матаны умаждап, қатты сілкіп қағады. Бұдан кейін үстелге 3-4 газет төсеп, үстіне бүтіндей ақ қағаз қойып қатты қыздырылған үтікпен жүргізеді. Үтіктің қызуынан резерв құрамы еріп қағаз бетіне өтеді. Қағазды ауыстырып отырады, ал матадағы қалып қойған дақтарды бензинмен кетіреді. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер ыстық резерв құралымен салынған батик болып табылады. Ол өзіндік ерекшеліктерімен айрықша көз тартады.
- Батик өнеріндегі сурет салу техникасы мен түрлері
Қазіргі заманғы қолмен өрнек жазу бұрынғы әдістерді негізге ала отырып, жаңа технологиямен толықтырылған. Батик техникасы негізі өз бойынан су өткізбейтін бояу құрамынан тұрады. Сонымен бірге оның белгілі жерлері салынып, салынбай қалған жерлері өрнектерге айналатын өнер(ара желімі немесе ара желімі араласкқан ерекше қоспа, парафин және вазелин) .
Бұл техника матаға түсірілетін әшекейдің түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлуге болады:
Ыстық батик, суық батик және аралас батик деп екеуін де қоса пайдаланғанда айтамыз, және тағыда басқа түрлері: еркін жазу, т. б.
9
Ыстық батик ара шалшығының орнына парафинды және стеаринді пайдалана бастады. Өрнек салу кезінде бояулардың ажырап кеткен жерлері кемшілік болып келсе, уақыт өткен сайын өзінше әсер беріп, жаңа мәнге ие болады. Қазіргі кезде ол осы техниканың нышанына айналды. Сонымен қатар түрлі материалдардың пайда болуына байланысты өрнек жасаудың жаңа техникасы салқын батик дами бастады.
Суық батик. Батырма немесе инелер арқылы мата тергішке керіледі де, сурет контуры қарындаш арқылы түсіріледі. Қажетті бояуды шыны немесе фарфор ыдысқа құяды. Содан соң түтікшеге сорғызып, қарандаш ізімен контур сызықты түсіреді. Міндетті түрде контур сызық тұйық болуы шарт, себебі бояу матаға жайылып, дақтар қалдыруы мүмкін. Бояу түсірілгеннен кейін 40-50 мин кептіреді.
Дайын бояуларды араластыру үшін ас содасының ерітіндісін дайындау керек. Жасыл, қызыл, көк және жасыл түсті араластыруға қайнаған жылы суға бір шай қасық ас содасын салып араластырады, қара түс үшін жарты шай қасық ас содасы қажет. Жұмыс алдында ас содасы ерітіндісі мен бояулар 1:1 пропорциясына араластырылады. Бірақта бұл езілген дайын ерітінділері екі тәуліктен артық сақтауға болмайды.
Араластырылған бояулар матаға қылқалам арқылы жағылады. Ереже бойынша алдымен ақшыл бөліктері содан соң күңгірт элементтері боялады. Ерітінді матаға еркін жайылады, дегенмен де үлкен бөліктерін бояғанда мақтамен дымқыл жерлерін сүрту қажет.
Жұмысты кепкеннен кейін бумен өңдеген жөн. Ол үшін матаның боялған жерлерін бір-біріне тимейтіндей етіп қағазға немесе матаға орайды. Бумен өңдеуді үлкен кәстрөлде немесе шелекте жасауға болады. 5 см дейінгі деңгейде су құйылған ыдыстың ішіне оралған мата тимейтіндей етіп жіп керіп, оның үстіне орналастырады. Егер де жұмыс өте үлкен емес болса, қақпағы жабылған ыдысты 30 мин қайнатады. Ал жұмыс үлкен көлемде бірнеше рет оралған болса, 60-90 мин қайнатады. Келесі кезекте матаны алдымен салқын сумен, содан соң ыстық сумен шаяды да, сабынмен жуады. Табиғи жібекті жуғаннан кейін бөлме температурасында сірке суының ерітіндісінде өңдейді(1 литр су- 2 ас қасық 9 % сірке суы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz