Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
Қызметте қолдау үшін (қажет кезінде)
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Ш. Б. Құлманова
Педагогика және музыкалық білім беру әдістемесінен
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Орындаған:
ІVк. 4 ж. (к/б) Жумадилова Бакытгуль
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., доцент м. а. Сұлтанова М. С.
Алматы, 2010
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен еәлеуметтік-экономикалық дамуынна үлкен өзгерістер әкелумен қатар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар қояды. Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына, терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сазімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады.
Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар әл-Фараби, Ибн Сина және т. б. музыка өнерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.
Жалпы оқыту жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып танылатын музыка сабағының балаларды сезімталдыққа тәрбиелеуде, жан-жақты дамуына әсер етудегі қосар үлесі орасан зор. Музыка сабағында балалардың алдынан бұрыннан таныс емес, ғажайып дыбыстар әлемі көрініс береді, мұғалім оларды аталған әлем көкжиегіне жетелей отырып, шәкірттерін ести және сезіне білуге, халықтың жан дүниесі туғызған өнерді түсіне білуге баулиды. Балалар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен берііле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртқа шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.
Музыкалық педагогикада балалардың әнге тәрбиелеудің мәселелері жөнінде біраз еңбектер жазылды. Оқушылардың ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға және ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелер И. И. Левидов, А. А. Сергеев, И. Малинина, Н. Д. Орлов, Т. Н. Овчинникова және тағы басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған. Бірқатар еңбектерде балалар дауысын тәрбиелеу арқылы эстетикалық тәрбие беру Ә. Нұғманова, халық әндері арқылы музыкалық-эстетикалық тәрбиені қалыптастыру Р. Қ. Дүйсембінова, әндік дауыс дағдыларын қазақ тілі фонетикасы негізінде қалыптастыру А. Қожахметова зерттеулерінде жан-жақты талданды.
Осы жолда көптеген еңбектер істелді, көптеген жетістіктерге қол жетті дей отырсақ та, балаларды кәсіби деңгейде хормен ән айтуға баулу болашақ музыка мұғалімдері, яғни біздер үшін ұнайтын, сонымен қатар ең қиын жұмыстардың бірі десе де болады. Осыған байланысты, біз өзіміздің зерттеулеріміздің арқауы ретінде бала дауысының қыр-сыры анықтау мәселесін мақсат етіп, музыка сабағындағы және сыныптан тыс жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына тереңірек жүгінуді жөн көрдік.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін оқу үрдісі
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту үрдісіндегі дағдылары
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын оқу үрдісінде тиімді ұйымдастырып, мақсатты тұрғыда жолға қойса , онда музыкалық білімді меңгеру сапасы мен беріктігі артады, эмоционалдық және танымдық белсенділігі жетіле түседі.
Зерттеудің мақсаты: музыка сабағында және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін теориялық негіздеу;
- бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын талдау;
- бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастыруда тәжірибелік жолдарын оқып, тану.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, музыкалық әдебиеттерге талдау жасау; педагогикалық бақылау, музыкалық-педагогикалық тәжірибені танып үйрену
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: мектеп мұғалімдерінің балалардың музыкалық мәдениетін бала дауысының тәрбиесі арқылы жүзеге асыру жұмысын тиімді жүргізуі үшін белгіленген нақты шаралар, диплом материалдарын мектептердегі музыкалық тәрбие саласында, мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты салаларының бірі - музыка. Музыканың адам жанына ететін әсері жөнінде ұлы ойшыл Аристотель былай деген: «Ырғақ пен әуенде әрқашан өмір шындығы болады. Онда адамдардың қаһары мен көркемділігі, ерлігі мен байсалдылығы және оларға тән барлық қайшылықтар, сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да бейнеленеді. Мұны біз әдетте өз тәжірибемізден де байқауға болады. Біз ырғақ пен әуенді тыңдағанымызда көңіл күйіміз өзгеріп сала береді» (1) .
Адам сезімі тым ұшқыр, шегі жоқ. Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдіреті жете алады. Музыка - сезім тілі. «Оқыған сайын оқудың керектігін сезінесің», - дегендей, музыканың тұнығын бойлаған сайын оның сан салалы, тіпті ғажайып сырлы құдіретін сезіне бастайсың. Музыка тек адам жаңына ғана әсер беріп қоймай, тіршілік әлемнің барлығына да әсер ететіні белгілі.
Тіршілік әлемінде ең жоғарғы ақыл иесі - адам жанына музыканың беретін әсерінде шек болмауы керек. Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка сан алуан жанрларға бөлінеді. Сол жанрлардың ішінде әннің алатын орны тым жоғары. Өйткені, ән - адам баласының жүрек сезімін үн, дауыс және сөз арқылы жеткізе білетін күшті құрал. Табиғаттың адам баласына тарту еткен тамаша сыйы - ән. «Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді», - деп Л. Бетховен айтқандай, оның эмоциялық ықпалы өте күшті. Ән өзінің көркемдігі және маңыздылығымен балалар жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізеді.
Біздің бүгінгі мектепте жас ұрпақтарды әсемдікке баулудың негізгі құралы - музыка сабағы. Сабақта балалар дауысын тәрбиелеп, олардың музыкалық есту қабілетін дамытып отыру музыка мұғалімінің міндеті. Сондықтан да ән адамзат тіршілігіндегі рухани жемістердің жоғарғы түрі және ол күрделі қасиеттерге ие. Мәселен, ән айту адамның физиологиялық, анатомиялық, психологиялыық және педагогикалық қасиеттерін қамтумен бірге, техникалық жаттығуды да қажет етеді. Академик И. П. Павлов ән педагогикасы туралы ілімінде, оқушыға музыкалық саналы тәрбие беруде оның мінез-құлқын, бойында бар дарын мөлшерін есепке алып, ең таңдаулы өнегені біртіндеп бала бойына сіңіруге, сонымен оны дағдыға айналдыруға болатындығын дәлелдеп берді. Сол сияқты дәрігер И. Алмазов ән өнерімен үзбей шұғылдану, айтушы мен тыңдаушыға ғана рухани нәр беріп қоймай, онымен шұғылданушы адамның денсаулығына жағымды ықпал жасайтындығы және тыныс алу гимнастикасымен ұдайы шұғылдану ісі халық ішіне кең тарағандығын атап өтті.
Қазақстан ғалымдары М. Х. Балтабаев, А. Қалыбаева, С. А. Ұзақбаева, Р. Р. Жәрдемалиева, Р. Дүйсембінова, Т. Қышқашбаев, Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Әлмұхамбетов, Б. Өтемұратова т. б. қазақтың халық әндерінің педагогикалық мүмкіндіктерін қарастырған зерттеу еңбектері ән өнерінің білім беру саласында атқаратын рөлін, эстетикалық-тәрбиелік маңызын айқындаған тұжырымдар жасаған.
Балалар дауысын дамыту ерекшеліктері жайындағы Ә. Нұғыманова-ның ғылыми диссертациясында мектеп жасындағы балалардың дауысын тәрбиелеудің жас ерекшеліктеріне байланысты негізгі дағдыларын дамыту көздері белгіленген. Атап айтқанда, дем алу, дауысты дыбыстарды біркелкі соза айту, ән сөздерін анық айту жолдары баяндалды. Дауыс мүшелеріне жалпы сипаттама беріліп, болашақ мектеп мұғалімдеріне балалар дауысымен жұмыс жасау әдістерінің нұсқалары жасалды.
Хормен ән айтудың ерекше рөлі: жеке басты қалыптастыруда жақсы, тиімді әдіс болып табылады. Хормен ән айтудың маңызы жайында әйгілі педагог К. Д. Ушинский былай деген: «Әнде, әсіресе хормен ән айтуда адамды жалпы құшырландыратын және сергітетін нәрсе ғана емес, еңбекті ұйымдастыратын, ұйымшыл әншілерді ұйымшыл іске үндейтін қасиет бар. Ән жеке-дара бірнеше сезімді үлкен махаббатты бір сезімге, бірнеше жүректі сезімі күшті үлкен бір жүрекке топтастырады» (2, 108) .
Хормен ән айту - көпшілік өнер, ұжымдық шығармашылық. Бұлай дегеніміз, адамдардың үлкен тобы бір ой, санаға ұйымдасады, бір көркем-орындаушылық арқауға бағынады, сөзбен музыкадағы сезім, ойлар жеке адам арқылы емес, көпшілікпен жеткізіледі. Орындауда хор әншілерінің әрбірінің қуанышы ортақ іске өзінің үлесін, жанының бір бөлігін қосқан ойының өсуі анықталады. Хормен ән айтқанда жалпы іске өз үлесін қосып, жанын салғандығын сезінуден әрбір әншінің қуанышы артып отырады.
И. С. Козловский пікірінше: «Хормен ән айту тынысты жаттықтыруға, дауысты үйретуге, әншінің музыкалық жан-жақты дамуына көмектеседі. Дұрыс тәсілді игерген жақсы хорда ән салу ешуақытта дауысқа кесел келтірмейді, оның керісінше, әншінің есту қабілетін дамытуына, ырғақ пен бүкіл сәулеттілікті сезуіне көмектеседі, көп дауыспен өлең айту мәдениетіне үйретіп, оның бойына ең қымбат сапа - ұжымдылық (коллективизм) мен жолдастық сезімін дарытады» (3) .
Болашақ музыка мәдениетінің негізі мектепте қаланады. Егер мектеп ән шырқаса, онда бүкіл ел ән шырқайды деген қанатты сөз бар. Бұл сөздердің шынайылылығы республикамыздың мектеп хор ұжымдарының өсуінен айқын көрінеді. Хор жұмысы мектептерде ән үйретуге негізделген. Ал ән үйрету ісі мектептерде жақсара түседі.
Хормен ән айтудың негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру, хор шығармаларына қызықтыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту. Сонымен қатар, оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін әрі қарай өсіре отырып, жетілдіру.
Хормен ән айтудың білімдік мәні зор. Сол арқылы оқушылардың музыкалық есте сақтау қабілеті мен талғамы өсіп, мәнерлеп орындау шеберлігі артады. Хормен ән айту дегеніміз - әнді құр жаттап алу емес, шығарманың көркемдік мәнін сезіне және түсіне орындау. Орындаушылық шеберлікті меңгере отырып, оқушының музыкалық-теориялық білімі артады.
Музыкалық-педагогикалық анализ, әдістемелік әдебиеттер хормен ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Мектептегі хормен ән айтудың басты шарты - балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық деңгейін кеңейту, музыкаға, хормен ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, хорда ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады.
Ән айту, егер ол педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінеді. Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы балалардың дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы, жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Жалпы білім беру жүйесіндегі музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінің негізгі үш түрі жүзеге асырылады. Олар:
- музыкалық-тыңдаушылық;
- музыкалық-орындаушылық (вокалды хормен ән салу және музыкалық аспаптарда ойнау) ;
- музыкалық-шығарымпаздық және импровизациялау түріндегі музыкалық-сазгерлік шығармашылық іс-әрекеттері.
Мектептегі музыка сабақтарында аталған іс-әрекеттердің әрқайсысы өзіне тән міндеттерді орындауға бағытталады.
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет жеке дауыста немесе хормен ән салу, музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар жасау, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты түрлері арқылы жүзеге асырылады. Музыкалық іс-әрекеттің хормен ән салу түрі оқушылардың музыкалық қабілеттерінің байқалуына және дамуына ықпал ету, көркемдік тәжірибесін байыту және орындаушылық іс-әрекетке қызықтыру қызметін атқарады. Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет, соның ішінде вокалды-хормен ән салу іс-әрекеті барысында түрлі жастағы оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, вокалды-ән салу іскерліктерін, дағдыларын меңгерту, оқушылардың музыкалық мәдениетінің ажырамас түрі болып табылатын вокалды-хормен ән салу мәдениетін қалыпттастыру міндеттері жүзеге асырылады.
Хормен ән айту іс-әрекеттерінің мазмұны мен міндеттері
Оқушылардың хормен ән айту іс-әрекеттері жалпы білім берудің бастапқы сатысында келесідей көмек көрсетеді:
- оқушылардың хормен ән айту ;
- оқушылардың хормен ән айту сабақтарына деген қызығушылығының, әншілік дауысының, музыкалық есту қабілетінің, музыкалық еске сақтау қабілетінің, бейнелік және қауымдастық ойлауының, қиялдауының, хормен ән айту үрдісіндегі шығармашылық мүмкіндіктерінің және музыкалық түсініктерініңдамуына;
- оқушылардың хормен ән айту туындылары мен хормен ән айту туралы білімді, сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке және хормен ән айту мүмкіндіктерін, ноталық жазбаға бағдарланған әнді айтуды, туындының музыкалық бейнесін көрсетуді ән айтушылық-орындаушылық құралдарын, импривизациялық ән айтушылықтың түрлерінигеруіне;
- оқушылардың музыкалық туындыға деген өзінің қарым-қатынасын білдіруге және музыкалық-орындаушылық ойды жеткізуге арналған хормен ән айтудың іс жүзіндегі дағдылары мен ептіліктерін, театрландыру мен сахналау тәжірибесін, әндерді орындау мен үйрену кезіндегі музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттердің ойнаушылық түрлерін пайдаланудымеңгеруіне;
- оқушыларда музыкалық талғамның, адамгершілік ұстанымдар мен әдептілік сезімдерінің, адамға, өзінің Отанына, халқына деген сүйіспеншіліктің, өз халқының және әлімдегі басқа мемлекеттер халықтарының хормен ән айту шығармашылығына сезімдік-тұтастық .
Бастапқы мектептегі музыка сабақтарында оқушылардың өз халқының және әлемнің басқа халықтарының әндерін, сонымен бірге кәсіби музыканың қарапайым әрі балаларға қолайлы болып табылатын: отандық және шетелдік композиторлардың әндерін, балалар мюзиклдерінің хормен және жекелей орындайтын үзінділері мен тағы басқаларды айта білулері және жаттаулары қарастырылған.
Оқушылардың әншілік дауыстарын дамыту, олардың хормен ән айтудың қажетті дағдылары мен ептіліктерін меңгеруі мақсатында сабақтардың мазмұнына хормен ән айту жаттығулары мен әндетулер кешені де енгізіледі.
Оқушылардың хормен ән айту іс-әрекеттеріндегі музыкалық-шығармашылық тәжірибесі импровизациялық ән айту, жатталатын туындыдағы музыкалық бейнені жүзеге асыруға арналған мәнерлілік құралдарын іздестіру мен оны орындау және сонымен бірге әндерді сахналау, ноталық жазбаға бағдарланған әндетулер, сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке және хормен ән айтулар барысында қалыптасады.
Білім берудің бастапқы кезеңіндегі хормен ән айтуға тәрбиелеудің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі - дауыс ырғағымен жақсы айта алмайтын балалармен («дабылдатқыштар» деп аталатын) жұмыс жүргізу болып табылады. Тәжірибе барысы байқатқандай, бірінші кезекті нақты бір оқушыдағы аталған құбылыстың себептерін анықтап алу қажет: есту қабілетінің нашарлығы, ән айтудан тәжірибенің болмауы кесірінен есту қабілеті мен дауысындағы үйлестірудің жетіспеушілігі немесе даустық байланыстарының науқастануы және тағысын тағылар.
Бірінші жағдайда жұмыстың түрлі тәсілдері ұсынылады, соның ішінде соңынан аталған бала үшін қызықты және қалыпты қозғалысты қарапайым әуендерді орындау негізінде «жұмыс дауысы» диапазонын біртіндеп кеңітетін оның пимарлық дыбыстары аймағының анықтаудың орны бөлек. Сонымен бірге төменгі сөйлеу дауысын әндетуге ұластырмас үшін жоғарғы регистрдегі дыбыстар шабуылы («кішкентай торғай» сияқты әндету, «қоңырау» сияқты әндету) тәсілдерін де қолдану ұсынылады. Дегенмен барлық жағдайларда дауыс ырғағымен дұрыс айта алмайтын балалар әнді жақсы айтатындармен қатар отырып, олардың әндетулеріне құлақ түргендері дұрыс болмақ.
Екінші жағдайда науқасты алып тастау және баланы қайта тексеру үшін ларинголог-дәрігердің көмегі қажет.
Бастапқы мектептегі бітірер кезде мұғалім төмендегі бағыттарда шәкірттерін дайындауы керек:
білуге:
- әншілік дауысын сақтауға, хормен және жекелей ән айтудың негізгі тәртіптерін;
- дирижерлық нұсқаларды (демді алу мен ұстау, әндетудің басталуы мен аяқталуың туындыны орындаудың динамикасы мен шапшаңдығының белгілерің баса айту, айтылым ерекшілігі және тағы басқаларды) ;
- орындау сипатының музыка сипатына сәйкес келуінің қажеттілігі туралы (4) .
меңгеруге:
- өзінің дауысына айшықтық мүмкіндіктері бойынша сирек кездесетін «музыкалық аспап» ретінде ұқыпты қатынаста болуды;
- мұғалімнің қолы бойынша сыныппен унисонда әндетуді;
- әншілік нұсқауларды сақтауды;
- дұрыс артикуляциялауды;
- әндерді сұлу, орайласқан, әндетілген дыбыстармен орындауды;
- әндету туындыларды шығармашылық өзіндік өзгешелікті білдіруге ұмтылысты көрсете отырып, жалғыз дауысты және қос дауыстық элементтермен, сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауды;
- жеке дауысты бірнеше халықтық және композиторлық әндерді (оқушының таңдауы бойынша) орындауды.
Негізгі жалпы білім сатысында оқушылардың хормен ән айту іс-әрекеттері мыналарға бағытталған:
- оқушылардың музыкалық және көркемдік талғамын, хормен ән айту сабақтарына сезімдік-құндылық қатынасын, оның зияткерлік-бейнелік және сезімдік саласын, шығармашылық қуатын, қиялдауын және ойлауынтәрбиелеуге;
- жалпы музыкалық пен әншілік дауысын (музыкалық есту қабілетін, музыкалық еске сақтау қабілетін, көңіл-күй сезімдерің, бейнелік және қауымдастық ойлауын) одан арыдамытуға;
- хормен ән айту іс-әрекеттеріндегі тәжірибелік ептіліктер мен дағдылардыжетілдіруге;
- хормен ән айтудың әлемдік мәдениет пен хормен ән айтудағы өз халқының дәстүрлеріне, сондай-ақ, осы іс-әрекеттерге тұрақты .
Осылардың барлығының жиынтығы оқушылардың хормен ән айту мәдениетінің музыкалық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасуына жол ашады.
Сабақтардың мазмұнына балалар опералары мен мюзиклдерінің және басқаларының хормен және жеке айтылатын үзінділері, өз халқының және басқа да халықтардың әндерін, түрлі дәуірлердегі, ұлттық мектептердегі, стильдік бағыттардағы отандық және шетелдік композиторлардың әндері мен хормен айтылатын туындыларын орындаулар мен жаттаулар қосылады.
Әншілік дауыстарының одан ары дамуы мен барынша күрделі хормен ән айту дағдылары мен ептіліктерін алудың қажеттілігіне байланысты осы сабақтарда қолданылған хормен ән айту және әндету кешені айтарлықтай байытыла түседі.
Оқушылар музыкалық-шығармашылық хормен ән айту іс-әрекеттеріндегі тәжірибені бір дауыстық және көп дауыстық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жекелей және хормен ән айту үрдісінен; бейнелерді көрсетуге қажетті сахналау құралдарын іздестіруден; ноталық жазбаға бағдарланған ән айтудан; аспаптық туындылардағы негізгі тақырыптарды әнге лайықтаудан; импровизациялық тұрғыда ән айту мен әндерді сахналаудан алады.
Негізгі мектептегі оқытудың аяқталу кезеңіне таман мұғалім балалармен бастапқы мектепте алынған білімдер мен ептіліктерді бекітуге тиісті. Сонымен бірге оқушыларды төмендегілерге дайындауға міндетті:
білуге:
- өзгерістер (мутациялану) кезеңінде әншілік дауысын сақтауға және ән айту тәртібін;
- көп дауыпен ән салу тәртібін;
- орыстың халық әндері мен әлемнің басқа да халықтары әндерінің біргеше үлгілерін, орыс және шетелдік классик композиторлардың әндері мен хормен ән айтуға арналған туындыларын, сондай-ақ, осы заманға композиторлардың шығармаларын;
меңгеруге:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz