Геоэкология пәнінен дәрістер кешені


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

№ 1лекция

Тақырыбы: Геоэкология пәнін оқытудың мақсаты мен мінндеттері.

  1. Геоэкология пінін оқытудың мақсаты мен міндеттері
  2. Қазақстанның экологиялық географиялық жағдайы
  3. Табиғатты қорғау геоэкология принциптері

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында енгізіліп жатқан жаңа пәндерінің бірі. Бұл пән қоршаған ортаны қорғауда табиғатты аялауда туған жердің табиғатының алуан түрлілігін терең білдіруге маңызы зор. Табиғат пен антропагендік геожүйе шекараларға қоршаған ортаның экологиялық жағдайын білу, жақсартуға ұсыныстар жасау, Қазақстан Республикасының байлықтарын сақтау, оны ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру, осы қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік заңдар, қаулылар, іс- шараларды халықаралық және мемлекет аралық конвенцияларды бөліп талдау пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

Геоэкология және табиғатты қорғау пәнінің маңызы - қазіргі уақытта шығарылып жатқан заңды жүзінде ат салысу. Бұл пәнді оқи отырып геожүйенің түсінігін, оның басты элементтерімен байланыстарын, айырмашылығын, экономикалық факторлардың жергілікті жерге әсерін біле отырып Қазақстанды геоэкологиялық аудандастырып, геоэкологиялық жағдайын білу.

2. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық жоспарларға (Батыс Тянь- Шаньның биоресурстарын қорғау Каспий теңізі бассейіннің экожүйелерінің өзгеруі) қатысады. Осы міндеттер аясында тақырлануға қарсы шаралар жасалып жатыр. Қазір Қазақстанда 36 тұрақты және 16 жартылай тұрақты экологиялық алаңдар бар. Аймақтың іс әрекеттер шеңберінде Қазақстан Азиядағы тақырлануды бағалау және аймақтық маниторинг тармақтарын ұйымдастыру бағдарламасына қосылып, өздерінің ұсыныстарын берді. Қазақстан Республикасының территориясының жартысынан жуығы (48, 2%) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланады, оның басым бөлігі жойылым жердің тақырлануы топырақ және өсімдіктер жамылғысының азаюы үдеп келеді. Тақырлану қаупі төнген территория еләміздің жер ауданының 60% жуығын алады. Қазақстан 1997 жылы « Таырланумен күресу конвенциясын бекіту» туралы заң қабылдады. 1999 жылы Қазақстан Республикасында тақырлануға қарсы ұлттық стратегиясымен іс- әрекеттер жоспары жасалды. Ол мынадай міндеттерді қарастырады.

  1. Жердің әрі қарай асуын тоқтату, егістіктң, жайылым жерлердің, шабындықтардың өнімдерін қалпына келтіру, ауыл шаруашылықтың тұрақты дамыту. Жайылым егістіктерді суландыру, сортаңданған топырақты шаю үшін су ресурстарын ұтмды пайдалану.
  2. биологиялық алуан түрлілікті, елімнің эколгиялық ахуалын сабақтау үшән елді мекендерді, қалаларды көгалдандыру.
  3. Бологиялық және ландшафт алуан түрлілігін сақтау мақсатында ерекше қорғалатын территориялар құру және кеңейу.
  4. Құрғақшылық пен тақырлануға қарсы шаралардың құқықтық негізін қалау және ұтымды пайдалануды ынталандыру, экономикалық механизімін құру.
  5. Жердің техногендік бүлінуін болдырмау және құндылығын қалпына келтіру.
  6. Халыққа экономикалық білім мен тәрбие беру, оларды ақпараттандыру, елдің геоэкология жүйесін жақсартуға үгіттеу.
  7. Геоэкологиялық жүйені жақсартуға дәйекті шараларды пайдаланып, ұдайы бақылап отыру үшін маниторинг ұйымдастыру.
  1. Геоэкология ұғымы ХХ ғасырдың жылдарында пайда болған кеңестік дәуірде академик Қ. Б. Сочова ең алғаш болып география және экологияның өзара байланысын зерттеді. Геоэкология бұл антропагендік үрдістің әсері нәтижесінде табиғи ортамен биосфераға қайталанбас үрдістер мен құбылыстарды зерттейді,

ХХІ ғасырдың шешімі, күрделі бірі - адам. Қоғам табиғат қарым- қатынасы, ол адам мен қоғамның табиғат заңдылығымен санаспауынан табиғи кейде тепе- теңдіктің бұзылу салдарынан туындап отыр. Сондықтан білім жүйесінің алдында тұрған мақсат адамның табиғат заңдылықтарын ескермей, табиғи байлықтарды ретсіз пайдалану табиғи тепе теңдікті бұзуына тосқауыл қою. Қалыптастыру халықтың экономикалық мәдениетін жан- жақты дамытуға қажет етеді. Географиялық оқытудың басты міндеттері табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, факторлардың рөлін түсіндіру. Табиғи рсурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны ұқыпты қорғауға үйрету. Бұл экологиялық мәселелерді табиғат, адам, қоғам жүйесінде қарастыру экологиялық білім мен тәрбие беруді әлеуметтік экологиялық ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Филсофиядағы ұғым құбылыстар мен заңдылықтарын шынайы белгілейді, корсетіп ойлаудың бір түрі.

Табиғатты қорғаудың геоэкологиялық прициптері қазіргі қоғамның тұрақты дамуының прициптері мен талаптарына белсенді салауатты өмір салтын ұстанып жан жақты үйлесімді дамыған дені сау және рухани тұлға типі сәйкес келеді. Әлеуметтік экономикалық даму мақсаты мен экологиялық мақсат келісімнің талаптары экологиялық саясаттың жүзеге асырылуымен өңделеді. Табиғатты қорғаудың принциптері; - қазіргі уақытта болашақ ұрпаққа қоршаған ортаны қорғау мен даму мүмкіндігін қамтамасыз ету.

- Қоршаған ортаны қорғау жалпы әлеуметтік экономикалық процестің ажырамас бөлігі болу қажет.

-Шаруашылық қызметті экологияландыру бойынша шараларды жүзеге асыруда, табиғат акцентін қорғау тәжірибесінде қалыптасқан бірінші кезекте теріс техногендік іс әрекеттердің себептерін жою.

-Әлеуметтік экономикалық даму экожүйе сиымдылығының шаруашылық шегінде қол жеткізудегі адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталуы қажет.

Білім, ғылым, мадениет денсаулық сақтау жүйесінің даму басымдылығы халық шаруашылығының басым эвалюциясы.

2-лекция

Тақырыбы; Геоэкология пәнінің ғылымдар жүйесіндегі орны.

  1. Геоэкологиялық пәннің теориялық негіздері
  2. Жер ғылымы жүйесіндегі геоэкология

1. Гоеэкология - бл адамның іс- әректімен өзгеріске ұшырап отырған физикалық- географиялық ғылымда провинция облыстарының табиғат ресурстарының тиімді пайдалану және қоршаған ортаның таза экологиялық жай- күйін мәлімдейтін ғылым. Геоэкология география ғылымына экология бағытымен ХХ ғасырда 30-40 жылдары қолға алынды. Ең алғаш рет бұл терминді 1939 жылы К. К. Троллер геоэкология ғылымға енгізді. Геоэкологиялық көзқарас Э. Несфа мен В. Хаазеннің еңбектерінде орын алады. Отандық ғалымдар арасынан В. В. Сочава көп ізденіс жүргізді, Ғылыми әдебиеттерде геоэкологияның синонимі ландшафт экологиялық болып есептеледі. Қазіргі уақытта геоэкология бірегей ғылымдарды қүрмайды. Ол 50 астам қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі ғылымдарды біріктіреді. Солардың бірі геоэкология. Қазазақстан ғалымдарынан Ғ. Сағымбаев, Ә. Бейсенова С. Байсалов, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғауда көптеген ізденістер жүргізуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экологилық кодексі, Қаақстан Республикасының заңнамалық актілеріне экологиялық мәселер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде.

2. Геграфия және экология ғылымы ежелден бір бірімен өте қатпалдасып жатқан ңһғылым. Географиямен экологиялық бәір бірімен байланыстырушысы ландшафт экологиясы географиялық ортаның адам іс әрекетінің өзгеріске ұшырап жатқан жер шарындағы табиғат кешендерінің әртүрлі деңгейін зерттейтін ғылымды айтамыз. Бұл пәннің теориялық негізінде жердің биосфераның географиялық қабықтың даму заңдылықтары айқындалады. Себебі геоқабықпен биосфера өте тығыз байланысты. Экологияны зерттеу әдістердің ғылыми практикалық мақсаты биологиядағы эколоия жүйесіндегі география құрылымдары геожүйемен ландшафт. Геоэкологияға тән жағдай геожүйе деңгейінің әркелкілігі экологиялық жүйенің жоғары сатысы биосфера жай қарапайым геоэкожүйе үшін бұл геоценоз жер рельефімен географиялық жағдайлары ұқсас аудандарда бірегей болып кедеседі. Географиялық қабықтың белгілі аймақтары бұл ландшафттар. Геоэкологияның ландшафттарын айырмашылығы ол аймақтарда сай саланы бөгеттерді зерттемейді. Бұл саланы лндшафт қарастырады. Қазіргі уақытта ғылымда көтеріліп жұрген саланың бірі, ортаны қорғау саласы,

3-лекция

Тақырыбы; Қоршаған орта және табиғат

  1. Табиғат және табиғат ресурстары
  2. Топырақтың экологиялық құрылымы
  1. Экологтар назарына ең алдымен қоршаған ортадағы органикалық бейорганикалық қарым қатынастың байланысы ілігеді. Себебі экология қоршаған ортаны қорғау заңына сүйене отырып белгілі бір аймақтың табиғат байлығының топырақтың құнарлығын климаттық жағдайларын өсімдіктермен жануарлар дүниесін біліп зерттеу мүмкіншілік береді.

Табиғат дегеніміз мезгілмен кеңістікте шексіз тұрақтылықты қозғалыста өзгеруге дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адам қоғамның өмір сүруне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық энергетикалқ информациялық және әр түрлі құбылыстар жиынтығы. Табиғат ақылы адам өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қоғамның материалдық мәдени т. б. мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезде немесе болашақта қолданлатын табиғи құбылыстарды табиғат ресурстары деп аталады.

Табиғат жағдайлары - күннің жылуы, климат, жер бедері, және климат байлықтары - пайдалы қазбалар су, өсімдік, жер және жанурлар дүниесі экономиканың дауына күшті ықпал етеді. Қазақстанның табиғи ортасы - табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары экономиканы дамыту тұрғысынан алғанда айрықша әрі алуан түрлі. Республикада бағалы пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуңа жарамды құнарлы жерлердің кең алқабы ұлан байтақ жайылымдар мен пішіндіктер бар. Оның үстіне мүндай табиғат байлықтары көбіне бірге құрайды. Алайда Қазақстанның өзіне тән қатаң, шұғыл континентті табиғат жағдайлары климаттың құрғақтығы және зор кеңістіктегі тұщы су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және басқа табиғат байлықтарын мүнда тек Қазақстан Республикасының меншігі болып саналады да, мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрТабиғатта топырақтың түзілуі өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім ішінде әр түрлі жолдармен үгілу мен мүжілудің нәтижесінде түзіледі. Топырақ түзуші жыныстар әуелде қатайған тау жыныстар болғанымен оның үстінгі қабаты, табиғат күштерінің көп жылдық үздіксіз әсер етуінен бірте бірте қирап, қопсыған жыныстарға айналады. Үгілудің үш түрі бар.

1. физикалық

2 механикалық

3 биологиялық

Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілу оның химиялық құрамы өзгермей тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінеді. Физикалық үгінділерге әсер ететін күштер; жер, температура, тасқын сулар, жауын шашын т. б. құбылыстар физикалық және химиялық үгілудің салдарынан бұзылып тастар мүжіледі. Құммен балшық суға жуылып шайылып жер бедерінің ыңғайына қарай шөгіндіге айналады. Бұл процестер ғасырлар бойы ластамайды. Ескі дәуірдегі жәндіктер мен өсімдіктердің қалдығынан майда ұнтақталған біріктіруге келмейтін қара шірік құрамайтын топырақ түзіледі. Топырақтың шектен тыс көбеюі аймақтың елдердің геоэкологиялық жағдайлаының төменденуіне әсерін тигізеді.

4-лекция

Тақырыбы; Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары.

1. Қазақстандағы 1970-80ж аралығында экологиялық апатты жағдайлар

2, Соғыс өндірісіне байланысты экологиялық проблемалар

3. Ұлттық экономикалық проблемалар экологиялық

1. 1970- 80 жылдар арасында қазақ операсы мен балетінің көркем суретпен графкасының қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерінде өнер көрсетті. Алайда сыртқы саясат саласындағы қарсы шешімдер біліктілік жағынан төмен және шала ойлайтын идиология мемлекет аралық қатнастарды қалыптастыру жолында көптеген кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды, Екі әлеуметтік саяси жүйе арасындағы теке тірестік орлей түсуіне әкеп соқтырды.

№ 5 лекция

Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары

  1. Қазақстандағы 1970-80 ж аралығындағы экономикалық апатты жағдайлар.
  2. Соғыс өндірісіне байланысты экологиялық проблемалар.
  3. Ұлттық экономикалық проблемалар және экологиялық.

1970 -80 ж. ж. аралында қазақ операсы мен балеттің көркем сурет пен графиканың қолданбалы өнерінің шеберлері Европа, Азия, Африка, Америка елдерінде өнер көрсетті. Алайда, сыртқы саясат саласындағы қарсы шешімдер біліктілік жағынан төмен және шала ойлайтын идеялогия мемлекет аралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болады. Екі әлеуметтік саяси жүйе арасындағы текетірестің өрши түсуіне, шынайы дүниені айқын тануға «дұшпан бейнесі» елестейтін түсінік кедергі болады. «Саяси күрестің күшеюі» туралы жолнұсқа келді. Осының салдарынан екі жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті - үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке - АҚШ пен КСРО -ға түсті. Бұл шығандар ең алдымен осы мемлекеттің азаматтары түр алатар жүкке айналды.

Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық қару қоймасын жаңарта жасақтауға итермеледі. Қазақ халқының ұлы перзенті Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келген жерлерде, яғни бұрынғы Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орнады. Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін қасіретке ұшыратты. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 ж. тамыздың 29-да сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперименттік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерилер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергілікті халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдеме де, полигон айналадағы табиғатқа, адамның денсаулық жағдайына аса қатерлі еді. Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және иондаушы радиацияға байланысты туындаған басқа да ауруларынан қайтыс болғанға дәл диагноз қоюға тыйым салынды.

КСРО Денсаулық саутау Минстрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ол әскери дәрігерлер жүргізген тексерістің аса құпия сқталып, ядролық полигон әрекеті солардан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды. Адамға денсаулығын осыншалық сұрқиялық көзқарас салдарынан полигон маңайда тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Мәселен, бұрынғы Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындары сәуле ауруына ұшырады.

Бүгін орнында жел ескен кеңестер Одағы бір кездерде екі полюсте орналасқан әлемнің екі алып күшінен біреуі саналатын. Ең болмағанда дүниежүзінде осындай пікір қалыптасқан еді. Мұндай пікірдің орнығуының себебі де экологиялық негіз бен көрсеткеннен гөрі дүниежүзінің ең қуатты күші болған АҚШ -пен бәсекеге кірген космос және соғыс өндірісі жарысында жеткен ерекше жетістігі мен стратегиялық негізге барып тірелетін.

Міне, бұл соғыс өндірістегі бақталастық жолдарында ескі Код-ғы өкіметі космостық тәжірибелерін және соғыс өнеркәсіпке бағытталған жұмыстан, сондай-ақ, бұл жұмыстан туындаған ластануларын ерекше Орта Азия және түркі республикасына бағыттайтын. Қазақстан болса Орта Азияда қол жеткізген кең байтақ жер көлемі жағынан болсын, стратегиялық жер асты байлығы жөнінен болсын Кеңес өкіметінің бұл жұмысынан туындаған қауіп - қатерлер мен ластануы жинақтау нүктесіне дейін Одақтың негізі саналған славян тектес халықтың пайдасына қолданған Одақтың ұзақ уақыттар бойы атом және басқа химиялық қарулардың, ракета сынақтардың және осы саланың негізі қажетті заттарын құраған уранның қамтамасыз етілуі және өндірілуіне байланысты жұмыстарын Қазақстан жерлерінде топтастырған.

ҚР-сы 1991 ж. Кеңестер Одағы тарқағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елдегі экономикалық қайта құру экономиканың, территорияның, тарихтың және мәдениеттің бүкіл шындықтары мен қайшлықты көріністе еді. Негізінде бұл жағдай ескі Кеңестер Одағының тәуелсіздікке қолы жеткен республикалардың да ортақ проблемасы еді. Өйткені бұл проблема жүйенің бір орталыққа бағынышты жұмыс істеуі, келешекте тәуелсіздігін ала қалған күнде бұл республикалардың көпке дейін етек - жеңін жинап, өз - өзіне келе алмауы үшін жоспарлы түрде жасалған.

№ 6 лекция

Тақырыбы: Ландшафттың экологиялық қасиеттері.

Жоспар

  1. 1. Адамның іс - әрекетіне қоршаған ортаның өзгерісі мен тұрақтылығы.
  2. 2. Ландшафттарды қорғау кепілі.

Табиғат кешендердің алуан түрлі өзгеріске ұшырауына тек антропогендік ғана емес сонымен қатар табиғи үрдістердің де тигізетін сері жан - жақты қарастырады. Қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторларды барлық түрлері дамыған (ауыл шаруашылық, техногендік, өндірістік) сондықтан олардың әсеріне дұрыс талдау жасау тиімді пайдалану, қорғау шараларына ғылыми дұрыс баға берудің маңызы зор. Табиғат кешендердің дамуына эволюциялық ерекшелігіне антропогендік фактордың тигізетін әсеріне өте ерте кезеңнен бастап көңіл аударған. Соңғы кезеңдерде ҒТР-дің жетістіктеріне байланысты оның әсері табиғи үрдістерден де артық. Сондықтан антропогендік іс - әрекеттер, геожүйелердің табиғи жағдайын анықтауда негізгі фактор болып есептеледі, ландшафттың шығу тегімен болашағын анықтауда тек табиғи факторды атап көрсету жеткіліксіз. Антропогендік үрдістерде динамикалық орнықтығы нашар табиғи ландшафттар Қазақстан аумағында кездеседі. Табиғи ландшафттар атқаратын қызметі бойынша ауыл шурашылық мақсатта кеңінен қолданатын экономикалық жағдайлардың нашарлауына әсер етуші фактор дифляциялық және эрозиялық үрдістердің үдеуіне әкеліп соғатыны анық көрсетіледі. Халық шаруашылық саласына пайдалану нәтижесінде ландшафттаралық және оның жекелеген құрамдас бөліктері өзгеріске ұшырайды. Табиғи құрамдас бөліктердің байланысы аумақтық геологиялық геоморфологиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты болғанмен табиғи құрамдас бөлігі әлсіздікке ұшырайды. Ал шөлдену, тұздану т. б. үрдістердің нақты көрсеткіші ең алдымен топырақ және өсімдіктер жамылғысының азғындауы егіс өнімдерінің кемуі ауыл шаруашылық ландшафттары ластандырушы негізгі орталық Теміртау химиялық металлургиялық кешені Қазақстан Репсубликасының табиғи ландшафттарының антропогендік өзгеру ерекшеліктерін зерттеп осы бағытта география ғылымына ерекше үлес қосып келе жатқан белгілі ғалымдар А. В. Чигаркин, К. Ж. Набиева, Т. И. Бутникова.

Ландшафттарды қорғаудың ең жоғарғы формасы қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүние жүзі тәжірибеге сүйенсек жер шарының жекелеген елдерінде қорық ұйымдастыру ХІХ ғ-дың басты кезеңдерінен бастап жүзеге асырыла бастады. Ал оның алғаш нәтижесінің бірі тіптен 1872 жылы Америка жерінде ұйымдастырылған. Алғашқы ұлттық парктер, сонан соң Канада, Африка, Австралия, Жаңа Зеландия т. б. материктерде қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылғаны белгілі. Алайда 1874 жылы Ақсу - Жабағалы қорығы құрылды. Қазіргі кезде жер шарында қоырқтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлде қайда көп, оның себебі шет елдерде қорықтар аймақтары шектелген табиғат жүйесі болғанымен табиғаттарын қорғау үшін ұлттық бақтар ұйымдастыру әлдеқайда ұтымды дер кезінде түсіне білді: мысалы, Англияның кішкене ғана жерінде 188 ұлттық қорықша, 10 ұлттық парк, 81 корольдік қорықтар болса, ал Германия жерінде 135 қорықшалар 400 астам ландшафттық заказниктер, 9100 табиғат ескерткіштер бар. Сол сияқты Франция жерінде 22 ұлттық парк бар екенін ескерсек жоғарғы өркениетті елдердің табиғатты қалай сүю керек екенін 5 жасар бала да түсінеді. Қазіргі ТМД елдері бойынша 140 мемлекеттік қорық, 2700 қорықшалар бірнеше мың табиғи ескерткіштер бар, шет елдермен ТМД елдерін салыстырғанда бұл өте аз. Ал Қазақстан Республикасы бойынша 9 мемлекеттік қорық 66 қорықшалар 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 полионтологиялық 6 ұлттық парк, 24 астам табиғи ескерткіштері бар. Бұл біздің аймақтың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлердің 3% қамтиды.

Мұның өзі табиғатты қорғау проблемаларын өз шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Дегенмен Республикада қорықтар ұйымдастыруда соңғы жылдары қолға алына бастады. Соңғы жылдары Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастыруы алтын емен, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатауы ұлттық парктердің құрылуы осының айғағы болса керек. Қандайда болмасын табиғат байлықтары өсімдіктер дүниесі түз тағыларының өкілдері болсын олардың өздері бейімделіп тіршілік ететін ортадан ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі, қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, транспорттың қарышты қадамы оларға өзінің ықпалын тигізеді. Ондай әсерін тигізбеу үшін адам ҒТП мен табиғат қорғау ісін ғылыми негізінде ұштастыра білу қажет яғни табиғи ландшафттардың барлық компоненттерімен қамқорлыққа алған жөн.

1. Жануарлар дүниесін қорғау.

2. Антропогендік іс - әрекеттің әсерінен қоршаған ортаның өзгеруі

3. Батыс Сібір жазығына геоэкологиялық сипаттама.

4. Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтар.

5. Қазақстанның зоналарының геоэкологиялық ерекшеліктері.

6. Тұран ауданына геоэкологиялық сипаттама.

7. Жер қойнауымен минерал шикізат.

8. Техногендік және метогендік орта.

9. Шығыс Еуропа жазығына геоэкологиялық сипаттама.

10. Қазақстанның экологиялық климаттық жағдайына сипаттама.

11. Оңтүстік өңірінің қазіргі экологиялық жағдайы.

12. Ауаны ластаудан және зиянды газдардан тазалау.

13. Экология, геоэкология және табиғатты қорғау.

14. Аудандастырудың зоналық принциптері.

15. Шымкент мұнай өңдеу зауытының геоэкологиялық жағдайы.

16. Геоэкологиялық, геотермикалық негіздері.

17. Байқоңыр - ғарыш аймағы.

18. Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар аймағына геоэкологиялық сипаттама.

19. Геоэкология пәні, мақсаты, міндеті.

20. Жер бедеріне экологияның тигізетін әсері.

21. Антропоганез және Қазақстанның қоршаған ортасы

22. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.

23. Геоэкологиялық құрылымға экологияның әсері.

24. Адамның табиғатқа тигізетін зияны.

25. Географиялық жүйенің экологиялық ерекшеліктері.

26. Табиғаттың экологиялық жағдайына климаттың әсері.

27. Қоршаған орта және табиғат қорлары.

28. Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайы.

29. Орманды дала экологиясы.

30. Алтай тауына геоэкологиялық сипаттама.

31. Геоэкологиялық табиғатты қорғаудағы негізгі бағыттары.

32. Биологиялық байлықтарды сақтау.

33. Ауаны таза сақтау шаралары.

34. Экологиялық сипатта тұрған аймақтар.

35. Шөл және шөлейт зоналар.

36. Тянь - Шань тауына геоэкологиялық сипаттама .

37. Қоршаған орта және табиғат қорғаудың ең басты негіздері

38. Қазақстанды экологиялық аудандастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Геоэкология пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экология ғылымы жайлы мәлімет
Экология түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz