Людвиг Витгенштейннің тіл философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Людвиг Витгенштейннің тіл философиясы

Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р. Карнап (1891-1970), Л. Витгенштейн (1889-1951), Б. Рассел (1872-1970), А. Айер (1910) жөне т. б. Неопозитивизм - XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт - позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О. Конттың (1798-1857) жоне Г. Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі - екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э. Мах (1838-1916), Р. Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм - XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм - математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді. Неопозитивизм философияның барлық кемшіліктерін жойды, - дейді Фейгль деген неопозитивист. - Оның негізгі проблемасы - „логакалық анализ". Сондықтан, деп қорытын-дылайды ойын Фейгль, философияны логикалық анализ емдеуге тиісті кесел деп анықтауға болады. Неопозитивистердің ілімі бойынша, философия тек тілдік формаларды талдаумен жөне тілдік пайымдауларды қүру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. „Философ, - дейді А. Айер, - заттардың физикалық қасиеттерімен айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың тәсілдерімен айналысады". Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы, дейді ол, біз тілдің шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз қүратын тілдік қүрылыстың, сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы жайындағы мөселеге келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай ғылыми қүңцылығы жоқ. Олай болса, материалистер мен идеалистердің арасындағы пікірталасының, олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сейтіп, олар философияның негізгі мөселесін тіл мэселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен жоғары түруға әрекет жасайды. Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі. толығымен адамға байланысты, адамның субъективтік кеңіл күйінен теуелді. Егер адамзаттың тілдік қүрылысын қаласа, онда дүние емір сүргені, оны қаламаса, онда дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сейтіп, адам ез қалауынша дүниені бар-жоқ қылатын ғаламат күшке айналады. Карнаптың белгілі бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл атқаратыны, олай болса объективтік материалдық дүниенің бар екенін қостайтын не терістейтін де тіл екені жайындағы ойы американдық философ С. Чейздің жөне басқалардың ілімінде әрі қарай дамытылды. Олар адамдардың мінез-қүлқын анықтайтын да тіл, тілдік қүрылым деп дөлелдейді. Тілдік формаларды дүрыс қолданса, іс-өрекет те, мінез-қүлық та дүрыс болады, қайсыбір сездерді дүрыс қодданбау адамның кеңіл-күйін бүзьш, түрліше дау-жанжалдар мен қайшылықтардың тууына, тап күресіне т. б. себепші болады. Бүдан шығатын қорытынды - адамдарды шатастыратын, дау-жанжалдар тудыратын жалпы үғымдарды жойып, тілді қайта қүру қажет-мыс. С. Чейз, мөселен, адамдар жиі-жиі жалпы үғымдарды, абстракцияларды шындықтағы заттармен шатастырып, соның салдарынан бір-бірімен айтысады, кейде елтіруге дейін барады. „Фашизм" деген сез нені білдіреді? - деген сүрақ қояды да, оған озі „Бүл термин ездігінше ешнөрсені білдірмейтіні анық" деп жауап қайырады. Чсйздің пікірінше, объективтік шындықта тек жеке-дара заттар ғана бар, ал жалпы үғымдар - қүры бос создср. Оларға сәйкес нәрсслерді (ағашты, үйді, т. б. ) таба алсақ қана жалпы ұғымдардың мәні болады. Егер сәйкес келетін шын заттар мен құбылыстар болмаса, онда мүндай жалпы ұғымдар мен сөздерді қолдану міндетті түрде дау-жанжал тудырады. Ондай кикілжіндер болмау үшін Чейз жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің бәрін тілден шығарып тастауды ұсынады. Олар „капитал", „құн", „жұмыссыздық", „революция", „демократия" деген сияқты толып жатқан жалпы ұғымдар. Белгілі бір мәні бар, яғни шындықта бар нәрселерге сәйкес келетін, жалпы үғымдар мен сөйлемдерді ондай сәйкес нәрселері жоқтардан айырудың критерийі ретіңде неопозитивистер верификация принципін, яғни сөйлемдерді іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретін принципті ұсынады. Алайда әрбір жалпы ұғымды сезім мүшелерінің тікелей көрсетуімен салыстыруға бола бермейтіні белгілі. Мысалы, „адамзат" деген сөздің мазмұнын тікелей тексеру мүмкін емес. Сондықтан, егер верификация принципін басшылыққа алатын болсақ, онда заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың қасиеттері мен заңдылықтарын бейнелейтіндердің барлық жалпы үғымдар мен пікірлерді лақтырып тастауға тура келер еді. Ғылым тілін таза формальды түрғыдан талдаудың нәтижесіз құр бос әуре екені неопозитивизмді, оның бір тармағы - логикалық позитивизмді тілдің семиотикалық проблемаларына бас назар аударуға мәжбүр етті: бүл проблемалар тілдік қатынастардың үш саласын бөліп алады. Олар: 1) тілдің сөйлеушіге деген қатынасы (прагматика) ; 2) тілдің не нәрсені білдіретіні (семантика) жене 3) тіларалық сөйлемдер қатынасы (синтаксис) . Мұның бәрі семиотика деген атаумен аталады. Неопозитивизм ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға қарай бетбұрыс жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік белгілер, логикалық, лингвистикалық жөне психологиялық проблемалар болатын болды. Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді қолданудың алуан түрлі тесілдерін түсіндіретін әртүрлі "тілдік ойындар" жүргізуге көшті, ал бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп соқты: философиялық және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік құрылымдар ғана деп қаралатын болды. Жалпы үғымдарды білдіретін сөздердің семантикалық мазмұнын жоққа шығару социологияда қоғамдық құбылыстардың даму зандылықтарын жоққа шығаруға алып келді.

ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты - лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние - логикалық кеңістіктегі фактілер. Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы - тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Адамның дүниесі оның тілінің дүниесі. Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. Көптеген теориялық, тіпті әлеуметтік проблемалар тілді дұрыс қолданбағандықтан шығады.

Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті - біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.

Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау) . Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.

Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүниежүзіндегі тілдердің жалпы адамзаттық сипаттарын, типтес белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі салыстырмалы әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп те аталады.

Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, зерттеудің бір әдісі ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың бас кезі болғанымен, ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда басталған көп тілді салыстырмалы сөздіктер жасау, рационалды грамматикалар жасау, - осы әдістің алғашқы нәтижелері. Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанымен, типологиялық зерттеу - салыстырмалы-тарихи зерттеуден өзгеше. Бұлардың объектісінде де, көздейтін түпкі мақсатында да өзгешелік кездеседі. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-бірімен ешқандай туыстық жақындығы жоқ тілдер фактілері де салыстырылады. Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі жеке элементтер емес, жүйе құрылымы салыстырылады. Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық туыстығын ашу көзделмейді, салғастырылып отырған тілдердің ортақ белгілерін, типтік сипаттарын айқындау, сөйтіп тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. Типологиялық зерттеудің алға қоятын мақсаты - барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ әмбебап, типтік белгілерді ашу. Бұл зерттеудің типологиялық деп аталуы да осыдан.

Ғылымда типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің жалғасы, соның екінші басқышы деген пікір бар. Бұл орынды да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен, дүние жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол айқындалған құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра қарау арқылы тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді айқындайды.

Типологиялық зерттеу - мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар объектілер салыстырылады. Мұндай объект тілдің фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болады. Типология тілдердің осы аталған жүйелердегі жалпылық мәні бар объектілерді бір-біріне салыстыра қарау арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, грамматикалық болып бөлінуі, т. с. с. тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық зерттеуде осылар сияқты әмбебап тұлғалар салыстырылады.

Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі пікір айтқандарымен, бұл меселе күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неопозитивизм философиясы
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері
Менің ойымша, ғылымның мақсаты өзін түсіндіруге мұқтаж нәрсе ретінде көрсететін нәрселердің бәрінің қанағаттандырарлық түсіндірмесін табу
Позитивизм
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Екінші позитивизм
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz