Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2 бет
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОқушылардыҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері . . . 6 бет
- Оқыту барысында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселесі . . . 6 бет
- Дене шынықтыру пәні бойынша патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың қазіргі күй-жайы . . . 25 бет
- Дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойындағы патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері . . . 42 бет
2 Мектепте ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ оқыту арқылы ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ АРТТЫРУДЫҢ Әдістемесі . . . 53 бет
- Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары . . . 53 бет
2. 2 Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда патриоттық қасиеттерді дене шынықтыруда пайдаланудың технологиясы . . . 69 бет
Қорытынды . . . . . . 81 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 83 бе
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде жас жеткіншектерге елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Мектеп оқушыларының бойында патриоттыққа қасиеттерді қалыптастыру мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру бір науқандық іс-шара емес. Патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үдерісінің өз идеологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде оқушылардың бойында патриоттыққа қасиеттерді қалыптастыру ақын-жыраулардың тағылымдарын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жеткіншектерді елін, халқын, туған жерін сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін, олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылу жолдары да бар. Сондай-ақ, қазақ зиялыларының мұраларын оқытудың маңызы зор. Оқушыларды патриоттыққа, Отанын сүюге, елін қорғауға бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі жүргізілген іс-шаралардың озық үлгілерін пайдалануға да болады. Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару үдерісіне оң көзқарас қоғам мүшелерінің осы патриоттық сезімі үлкен ықпал жасауда. Дейтұрғанмен, еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы жағдайында қоғамдық келісімді одан әрі нығайту міндеті басты назарда тұрғандықтан, жеткіншектердің патриоттық көзқарасын қалыптастыруда жаңа бағыттың қажет екендігі де аңғарылды. Өйткені, өткен озық тәжірибелердің патриоттық сезімге игі әсер ететін тәлімді-тағылымдық әлеуеті мен бүгінгі мектептегі тәрбие әрекетінде, олардың пайдалануы арасында қайшылықтар қатты сезілуде. Себебі Отан, сенім, ерлік дәстүрлерге құрмет, парыз, абырой, ар-намыс, елі үшін өзін құрбан ету сияқты құндылықтарға көзқарас өзгеріп кетті. Әлеуметтік-адамгершілік бағыт бұрмаланып кетті, керісінше жастарға өзімшілдік тән. Күнделікті өмірде бұл жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік және рухани толыспағандығын көрсетуі, әртүрлі діни секталарға кіруі, жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден көрінеді. Туындап отырған жағдайлардың себебінің бірі еліміз егемендік алғаннан кейін патриоттық тәрбиенің мәні мен рөлін жете бағаламауында болып отыр. Патриоттық тәрбиенің практикадағы бай жинақталған тәжірибесінің ғана беделі түскен жоқ, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға дайын және қабілетті патриоттық азаматтың да, яғни тұлғаны қалыптастыру мен дамыту идеясының да беделі түсіп кетті. Ал, Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік стандартқа жақындату саясаты жүргізіліп жатқан кезеңде, мектептердегі оқу мен тәрбие ісінің мазмұнына қазіргі талапқа сай жан-жақты ойластырылған ең тиімді жұмыс түрлері мен тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Сондай жаңа тәсілдер туралы ой Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында [1], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [2, 16б. ], сондай-ақ, елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында [3, 4, 5] көрсетілген. Нақ осы құжаттар, заңдар бүгінгі таңда патриоттық тәрбиелеудің негізгі бағыттарын айқындап берді.
Бүгінгі таңда патриоттық ұғымы жаңа тұрғыда көрініс береді, ол елді жаудан қорғау ғана емес, сонымен қатар, ол елді тоқыраудан, космополитизмнен қорғау деп түсіну қажет. Қазіргі таңдағы патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың ұстанатын жол - әр елдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып модернизацияға, экономиканы көтеруге, алға жылжу үшін барлық әлеуметтік күшін жұмылдыруға, өзінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қараудан және енжарлық жағдайдан шығуға ұмтылу. Бұл көпұлтты және көпконфессиялы ел жағдайында шынайы патриоттыққа қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін білім беру саласы қазіргі кездегі әлеуметтік маңызды құндылықтар мен мақсаттарды қоғамның жаңа құндылық жүйесіне біріктіруі қажет. Ол ашықтықты, вариативтілікті, рухани және мәдени мазмұнға бай, ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы қажет.
Біз қарастырған патриоттық тәрбиесі философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде, ғылыми еңбектерде арқылы көрініс тауып жатты.
Оқушылардың патриоттыққа тәрбиелеуде классик-педагогтар К. Д. Ушинский [6], А. С. Макаренко [7], В. А. Сухомлинский үлкен үлес қосты. Олар өз еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.
Советтік патриотизмді Н. П. Егоров [8 ] қарастырса, Г. И. Щукина [9], Б. Т. Лихачев [10], еңбектерінде патриотизмнің мән-мазмұнын қарастырады. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбиенің міндеттері, мазмұны мен әдістері И. Ф. Харламовтың [11] оқу құралында көрініс алған. Сонымен қатар, И. Е. Кравцев, М. А. Терентий, А. В. Русецкий оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтарын өздерінің зерттеу жұмыстарында қарастырған.
Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірудің үлкен маңызы болды. Осы тұрғыдан алғанда Отандық ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Тарихшылар М. Қ. Қозыбаев [12], М. Мұқанов, философтар А. Айталы , Д. Раев, А. Қасабеков, Ж. Алтаев, психологтар Н. Елікбаев , Қ. Б. Жарықбаев [13 ] , А. Темірбеков, С. Балаубаевтардың [14] еңбектерінде қарастырылды. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген Отандық ғалымдар С. Қалиев [15], С. Ұзақбаева [16], К. Құнантаева, Р. А. Джанабаева еңбектерінде педагогика тарихы мен теориясына қатысты мәселелер қамтылған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелеріне түрлі бағыттарда Е. Жұматаева, Д. С. Құсайынова оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне, оны шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар береді , ал Р. Н. Кенжебаева жаратылыстану пәні негізінде қарастырса, Ж. Н. Қалиев гуманитарлық пәндер негізінде, А. Қ. Дүйсенбаев зерттеулер жүргізді. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мұралары арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу жолдарын Н. А. Мұхамединова [17] жан-жақты қарастырып талдаса, Е. К. Утегенов оқу-тәрбие үдерісінде Отанымызды болашақ қорғаушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Ал дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М. Сапарбаев, Е. Уаңбаев, Ж. Оңалбек, С. Тайжанов, Б. А. Тойлыбаев, Т. Ж. Бекбатчаев, Б. Төтенаев, Т. А. Ақпаев т. б зерттеген [18] .
Оқушылардың бойында патриоттық рухта тәрбиелеуде жинақталған ғылыми қордың бар екендігін, алайда оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу қоғам сұранысынан туындаған өзекті мәселе екенін ғылыми еңбектерге жасаған талдаулар көрсетіп отыр.
Дейтұрғанмен, дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, дене шынықтыру пән ретінде, атап айтсақ, білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, дене шынықтыру пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастырылмағандығы анықталды. Бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін дене шынықтыру пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен білім беру саласындағы ізденістерді талдау:
- оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жаңа тұжырымдамалық бағдарды анықтаудың қажеттілігі мен оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді дене шынықтыру пәнінің әлеуеттік мүмкіндіктері мен дене шынықтыруды оқыту арқылы патриоттық қасиеттерді ұйымдастыру жүйесінің қалыптаспағандығының арасындағы;
- оқушылардың бойында патриоттық қасиеттердің өзектілігі мен дене шынықтыруды оқыту арқылы осы мәселені шешудің ғылыми-педагогикалық негіздердің жеткіліксіз зерттелгендігінің арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін аңғартады.
Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыру пәнінің мүмкіндіктерімен ұштастыра жүргізу мәселесі тақырыпты «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын дене шынықтыру арқылы патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтап, әдістемелік негізін жасау және оның сабақ үлгілері.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын дене шынықтыруды оқыту үдерісінде патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;
- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына дене шынықтыру арқылы патриоттыққа тәрбие берудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;
- оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мазмұнын жетілдірудің бағдарламасын жасау, оның сабақ үлгілерін тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепте дене шынықтыруды оқыту үдерісінде оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерге тәрбиелеудің тиімділігі артады, егер:
- отандық философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерде “патриот”, “патриоттық тәрбие” ұғымдарының мәні талданса; оқушыларға патриоттық қасиет берудің теориялық және әдістемелік қағидалары оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланылса;
- Қазақстанның өзгерген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайында оқушыларды патриоттық қасиеттердің мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие мазмұны патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа материалдармен толықтырылса;
- дене шынықтыруды оқыту үдерісі патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталса және дене шынықтыруды оқыту арқылы патриоттық қасиеттерге тәрбиелеудің озық тәжірибелері анықталып ғылыми және әдістемелік негізі жасалса.
Зерттеудің әдістері - зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдау, сынып мұғалімдерінің патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелерімен және мекемелердің құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама) танысу, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, баға беру.
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОқушылардыҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері
1. 1 Оқыту барысында оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселесі
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінде күн талаптарына сай тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасауда. Ал егеменді ел болғанымыз ата-бабаларымыздың жерін, елін жаудан жан аямай қорғауының арқасында екені тарихтан белгілі. Қай ғасырда болсын, елін, халқын сүюге, яғни халқын патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Қоғамның әртүрлі дамуы жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіліп отырған. Біздің пайымдауымызша, ғұлама ойшылдардың еңбектерінде бірыңғай дидактикалық, тәлімдік сарындағы ой-пікірлерімен бірге көркем эпикалық туындылардың да түпкі мағынасы тарих сабақтарын, тарихи оқиғалар өзегіндегі даналық тәлімдерді тағлым еткендігі көрінеді. Қазіргі таңда халықтық сананың қайта жаңғырған кезінде, жастарға ұлттық ерлік дәстүрге деген құрмет пен жақсы көзқарас қалыптастыра білу - педагог-тарихшылардың басты міндеттерінің бірі. Ұлттық бай мұрада “Қазақтардың қайталанбас ерлік әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” екендігі туралы елбасы Н. Ә. Назарбаев та атап көрсеткен [19, 145 б. ] . Осыған орай, бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық оң өзгеріске байланысты бұл мәселенің көптеген салаларын ұрпақ тәрбиесіне әлі де болса бағыттауды қажеттейді. Ал, осы мәселені шешу - қазақ халқының мәдени-рухани жетістіктеріне көңіл қойып, ата-баба дәстүрін қастерлеуге, сонымен ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Осы тұрғыдан алғанда қазақ қауымының ең алғаш іргесі қаланып, рухани дамуына өз үлестерін қосып дем беруші қазақ ғұлама ғалымдарының тәлім-тәрбиелік мұрасындағы халықтық ерлік дәстүрлерінің қалыптасуына, патриоттық мәселелеріне шолу жасауды қажет деп білеміз.
Ертедегі түркілердің ерлік туралы ой-пікірлері, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халықтық ерлік дәстүрінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның көрнекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің жерлестеріміз жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. “Әл-Фараби трактаттарынан бастап” “Түркі тіліндегі Гүлістанға” дейінгі ерлік дәстүр баяндалған педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аударылғаны байқалады. Ата-баба мұралары негізінде тәлім-тәрбие барысында жеткіншектерді патриоттыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілділікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу міндеті басты назарда тұрды. Осындай қасиеттердің тарихи генезисі (“genesis” грек тілінен - “шығу тегі” дегенді білдіреді) жеке мемлекеттердің құрылуы және нығаюымен, олардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресімен байланысты. Ұлттық патриоттыққа тәрбиелеудің генезисін тану үшін орта ғасырлық және кейінгі ұлы ойшылдар мен ғұламалардың еңбектеріне қысқаша шолу жасау қажеттілік танытады, себебі қазақ халқының ерлік дәстүрінің қалыптасуында ойшылдардың ықпалы зор болды.
Ел тарихын ата-баба мұралары арқылы зерделеудің оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру рөлінің маңызды екендігінің себебі патриоттық адамдарда сан ғасырлар бойы қалыптасқан терең сезім болып табылады. Бұл ойды отандық ғалымдар А. Темірбеков, С. Балаубаевтар қуаттай келе: “Тарихты үйренудің патриоттық сезімді қалыптастыруға әсері күшті” - деп тұжырымдайды [14, 212 б. ] . Ал қазақ елінің тарихы бай, жеткіншектерге үлгі боларлық батырларға, олардың ұлан-ғайыр жерін қорғаудағы ерлік істеріне толы тарихы бар деп айта аламыз. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң қазақ халқының тарихын Т. Сұлтанов және С. Кляшторный түбегейлі зерттеді. Аталған ғалымдар қазақ тарихының ежелгі сақ дәуірінен басталатындығын археологиялық және тарихи деректерге сүйене отырып, ғылыми тұрғыда негіздеді. Осы орайда белгілі ғалым Қ. Жарықбаев: “Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар бойы басқыншы жаудан сан рет қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында шыбын жанын пида еткен. Біздер халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылай ханды, Амангелді мен Бауыржанды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабалармыздың болғанын қалайша мақтан тұтпаймыз!” - деп жазады [13 , 378 б. ] . Халқымыздың мұрасына ықыласпен қарау қазіргі мәдениетімізді байытудың бір көзі. Халқымыздың тарихына көз жіберсек, Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап халқын, жерін, тілін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы күрес жолдарын көреміз. Күлтегін жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты… [20 , 14 б. ]
Күлтегін ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытқан жау-жүрек батыр, ұлан-ғайыр кең даланы еркін билеген дала халқының қайсар жауынгері [15 , 84 б. ] . Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түрік елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаһармандық дастан деуге болады. Бұл дастандардың авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Йоллығ тегін ( 8 ғ. ) [21 , 374 б. ] . Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім-тәрбие жайлары баяндалады. Мысалы, «Бізге жеңіс әперген жер-суымыз-Отанымыз деп білу керек… Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау, оңбаған) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңізші!- Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойлап толғаныңыздар… Су ағысы тартылса жас жапырақ қурайды, адамдардан күш кетсе - жат кісіге бағынады…»-деген сөздердің тәрбиелік мәнінің қаншалықты зор екендігін аңғару қиын емес [15, 84 б. ] . Білге Күлтегіннің ағасы болған. Білге немере ағасы Можоға (Қапаған) еріп бірқатар жорықтарға қатысты. 14 жасында «Тардуш елінің шады» лауазымын алған. Мого мен Шығыс Түрік қағанатының қаған тағына отырып, «Білге қаған» лауазымын алады. Білге қаған өз туыстарының қолынан уланып өлген. Оның ескерткіші күні бүгінге дейін сақталған. Ескерткіште «елді халық едім, елім енді қайда. Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз» деген шешен тілмен ел тағдырын жырлайды [21, 246 б. ] .
Тоныкөк - Түркі қағанатының (8ғ. ) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кемеңгер ойшылы, түркі елінің алғашқы үш қағанатының (Елтеріс, Қанаған, Білге қағандар) ақылгөй кеңесшісі, қалың қол бастаған ерен батыры, дарынды ақыны. Тоныкөк жазуы-Түркі қағанатының саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. Тоныкөк жазуы 313 өлең жолынан тұрады. Бұл жырда түрік елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөл атқарғаны ерекше атап айтылады [21, 580 б. ] . Құлыптасқа жазылған осы ескерткіштер “Орхон-Енисей жазуы” деп те аталады. Ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндалады. Бұл жазбалардың жас жеткіншектер үшін тәрбиелік мәні зор, жазбалар жастарымызды елін, халқын сүюге, ерлікке шақырады. Осындай ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бойынша елімізде біршама жұмыстар атқарылды. Көрнекті ғұламалардың мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мұрасындағы тарихи мәні бар сирек кездесетін қолжазбаларды, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мақсатында шетел мұрағаттары мен кітапханаларында жұмыс жүргізу үшін ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды және ұйымдастырылуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz