Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов
1 Ғабит Мүсірепов
2 Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері
3 Ғ.Мүсіреповтің пьесалары
4 Ғ. Мүсірепов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Қорытынды

мазмұнын шеберлік құдіретімен оқушының көкейіне ұялатуға тырысты.
Ғ.Мүсіреповтің кейіпкерлері ұлттық ерекшеліктерімен көрініп, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен, өмірлік тағдырымен адамзаттық озық идеал дәрежесіне дейін көтеріледі.
(I.Омаров. «Сұлулықтың сан қырлы сыр сипаты". )
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Ол алғаш өз аулында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл мектепті бітіріп Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы Ауылшаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін Кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркемөнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.
Жазушының әдеби-творчестволық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады.

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ (1902-1985)
Ғабит Мүсірепов әрқашанда өз халқымен бірге қуанып, бірге толғанды. Әр
оқиғаның мән-мазмұнын шеберлік құдіретімен оқушының көкейіне ұялатуға
тырысты.
Ғ.Мүсіреповтің кейіпкерлері ұлттық ерекшеліктерімен көрініп, іс-
әрекетімен, мінез-құлқымен, өмірлік тағдырымен адамзаттық озық идеал
дәрежесіне дейін көтеріледі.
(I.Омаров. Сұлулықтың сан қырлы сыр сипаты". )
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, көркемсөз зергері
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының
Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Ол алғаш өз аулында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы)
Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл
мектепті бітіріп Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып, жеті
жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-1926 жылдары Орынбор
қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен
Омбыдағы Ауылшаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін
Кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркемөнер мекемелерінде әр
түрлі жауапты қызметтерді атқарады.
Жазушының әдеби-творчестволық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен
басталады.
Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, повесть
("Қос шалқар", "Талпақ танау", "Ана туралы новеллалар, "Автографиялық
әңгіме", т. б.), ондаған пьесалар (оның басты-бастылары: "Қыз Жібек", "Қозы
Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Ақтоқты", "Аманкелді", т.б.), "Қазақ
солдаты", "Ұлпан", "Оянған өлке" атты романдарын, "Кездеспейі кеткен бір
бейне" поэмасын (қара сөзбен жазылған) қалдырып кетті.
Орыс, батыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару ісімен де
шұғылданды.
Оның жүзге тарта публицистикалық мақалалары жарық көрді.
Сөйтіп, Ғ.Мүсірепов қазақ кеңес әдебиетінің көптеген жанрын дамытуда
аянбай еңбек еткен классик жазушы болды. Оның осы еңбектері жоғары
бағаланып, бірнеше орден, медальдармен наградталды. Алты рет Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесіне, 1958 жылы КССР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды.
1974 жылы Ғ.Мүсіреповке Кеңес әдебиетін өркендетуге сіңірген еңбегі үшін
Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.
Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері. Жазушы 1930 жылдардың бас кезінде "Қос
Шалқар" (1929) әңгімесін жазды. Әңгіменің уақиғасы Қазақстанда егіндік,
шабындық жерлерді бөліске салу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі
болады. Қосым сияқты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен сияқты
кедейлердің артель болып ұйымдасуы, қазақ аулының шындық өмірі суреттеледі.
Ғ.Мүсіреповтің бұдан кейінгі жазған - "Көк үйдегі көршілер" (1929),
"Күсен" (1930) әңгімелерінде қазақ аулындағы колхоздастыру кезіндегі
қиыншылық ашылып айтылады. Ғ.Мүсірепов 1932 жылы "Бір адым кейін, екі адым
ілгері" атты әңгімесін жазды. Онда да таптық күрес, астыртын әрекеттер,
ауылдың бай мен кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам өкілдерінің
риза болмай қарсы тұруы суреттеледі. Әңгіменің басты кейіпкерлері колхоз
бастығы Рамазан мен оның орынбасары Жанғалилар өз туыстарын ғана колхозға
тартып, рушылдықты қоздырады. Ал Сүгір молда, Есентай сияқты өткен қоғам
өкілдері астыртын колхоздың қоймасын өртеп, асыл тұқымды малдарын өлтіру
арқылы жаулық әрекет жасайды.
Жазушының адамдардың көзқарас өзгешеліктерін дөп басып, шебер
суреттеген әңгімесі - "Талпақ танау" (1934). Бұл әңгімеде де қазақ
аулындағы колхоздастыру кезеңінің шындығы баяндалған. Онда колхоз
председателі Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті
өсіртуі, қазақ, аулына жаңа әкелінген бесінші түлікті қазақ шалы. Есеннің
бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене қарауын суреттеу арқылы
адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен жаңа көзқарастың
қақтығысы сипатталады.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горькийдің ана тақырыбына
жазған романтикалық әңгімелері қызықтырды. Гуманист жазушы М.Горькийдің
адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі
аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің
"Адамның анасы" және "Өлімді жеңген ана" атты екі новелласын аударып, өзі
де "Ананың анасы", "Ашынған ана", "Ананың арашасы" (1934), "Ер ана" (1942),
"Ақлима" (1944) атты әңгімелерін жазды.
"Ашынған ана" (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына
арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа
жібермек болған болыс пен оның қол шоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ
жұмсап түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры большевиктердің ананы
түрмеден босатуы баяндалады. Жазушьшың суреттеуінше ол қиыншылық пен зорлық-
зомбылықты көп көріп, азап шеккен "...өмір өзін сондай сіліккен, ...енді
өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана"...
Ал Ғ.Мүсіреповтің "Ананың арашасы" (1934) атты әңгімесінде Антоновтың
ақ бандыларының қазақ аулына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы,
Нағиманы большевик баланды тауып бер деп соққыға жығуы, ананың жан азабына
шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып,
солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры, олардың Антоновты өлтіріп,
Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.
Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы "ана
алдында өлім де мойын ұсынады, өлімді өмір жеңелі" деген идея береді.
Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып,
екі әңгіме жазды. Оның бірі - "Ер ана" (1942). Онда жау уақытша басып алған
селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны
жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы
партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал "Ақлима" (1944) әңгімесінде жалгыз
ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар
деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі
баяндалады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен
келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы
көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған
анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті
іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының
молдығын асқан суреткерлікпен бейнелеп беріп отыр.
Жазушының "Ана" тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы
"Ұлпан" романы дүниеге келді.
"Ұлпан" - тарихи ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Романда қазақ
аулының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал беріп қыз
айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең
көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың
билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы би, атақты бай. Ол Шыңғыспен
партиялық сайлауда таласса тең түседі. Өткір сөзді, алып денелі Есеней
жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен
кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап, штабқа
өткізген, кейін жараланып орыс казачествосының дәрігерлерінің көмегімен
ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын Арқабай батырдың жайылымына байқамай
қаптата жайып келе жатқанда, оның алдынан еркекше киінген, кесек тұлғалы
батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып
төлетеді.
Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы
болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға пар болып жүріп, өзінен қырық жас
кіші, қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады. Есенейдің уыздай
Ұлпанды қолға түсіруіне екінші себеп - айттырған күйеуі Түлен саудагердің
таз баласы Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Мыңғырған
малы бар, бір ояз елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған
Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, үйір жылқы
беріп, екінші әйелдікке алады. Сонда бес болыс (аудан) елді билеген
Есенейге Ұлпан: "Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық
айырма бар. Осыны ойландың ба?" - дейді. Есеней: "Қырық жыл болса
қайтейін? Қырыққа келгенде, біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін
сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп
қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба?
Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап менің Есенейім -
сенсің" деп кесіп жауап береді. "Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан
жүрегін жібіткен Ұлпан болды" деп суреттейді жазушы. Айналасы он-он бес
жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай
уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан Сыр бойына әнші,
күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, үйір жылқы айдап
барып, өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырды аза тұтып,
асын бергізеді.
Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 жылдары шамасында),
Орынбор-Ташкент темір жолы салынған кезде, "Ұлпан ас берген көл" жағасынан
өткен темір жол бойындағы бір бекетке "Ұлпан" деген ат беріледі (Шалқардан
кейінгі бекет).
Ұлпанныңн шалы Есеней тоғыз жыл сал болып жатып қайтыс болады. Одан
қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке қосып,
қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті
пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды "отырса опақ, тұрса
сопақ" күйге түсіреді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: "Маған
көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін" деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі.
Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс
әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы
Кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғырып кетеді, Торсанның
шаңырағы шайқалып ортасына түседі.
Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы
ақылгөй болу - Ұлпан сияқты дана әйелдерге гана тән қасиет. Ондай қайраткер
аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың
анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-
даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің
жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан - аналардың анасы, ел
билеген көсем, сөз бастаған шешен, қоғам кайраткері.
Ғ.Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында "Қазақ солдаты" (1945)
повесін (кейін "Қазақ солдаты" романы) жазды.
Ал бұдан кейін 1953 жылы Қазан төңкерісінен бұрынғы Қарағанды көмір
өндірісінің ашылып, онда қазақ жұмысшы табының құрыла бастауы туралы
"Оянған өлке" романы дүниеге келді. Оралдан келген орыс, украин
жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің
азабын бірге тартып, біте қайнасуы суреттеледі. Романның екінші кітабы "Жат
қолында" атты роман ширек ғасыр өткен соң 1984 жылы жазылды. Онда Қарағанды
көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.
Ғ.Мүсіреповтің пьесалары. Ғ.Мүсірепов - көрнекті драматургтердін бірі.
Ол - қазақ драма жанры жаңа туып, дамып келе жатқан отызыншы жылдардың
басынан осы жанрмен белсене айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған "Қыз
Жібек" (1934) музыкалық драмасы (кейін осы аттас операның либреттосын
жазды), "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" (1939), "Ақан серь ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz