Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4-6

І Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті

дамытудың теориялық негіздері 7-28

1. 1 Бастауыш сыныпта оқушыларының шығармашылық қабілетін

дамытудың теориялық негізі 7-16

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру

жолдары 17-28

ІІ Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамытудың әдістері 29-56

  1. Бастауыш сыныптың математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мазмұны29-37
  2. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында

шығармашылық қабілетін дамыту әдістері 38-56

Қорытынды 57-58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 59-60

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкестілігі : Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында білім саласы туралы: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Н. Ә. Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет», - делінген [1] . Демек, қарай отырып, Н. Ә. Назарбаев Зияткерлік мектептері - қазақстандық білім көшін бастап келе жатқанын және өзге мектептерге үлгі.

Кез-келген қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Сондықтан, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі мен уақыт талабына сай оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың шығармашылық қабілетін, ақыл-ой белсенділігін дамыту міндеті қойылып отыр [1] .

Сол себепті, қазіргі таңда мектепте математика пәнін оқытудың әдістерін жетілдіру және оқу материалдарын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогика және психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, аталмыш заңда: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген [2] .

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейді [3, 4] .

Психологиялық-педагогикалық еңбектерде шығармашылық қабілет, шығармашылық қабілеттің құрылымы мен оның формалары ( П. П. Блонский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн т. б. ), адамның өнімді ойлауы, оның ерекшеліктері мен даму заңдылықтары ( Д. Н. Богоявленский, Н. А. Мечинская т. б. ), арнайы ұйымдастырылған оқыту әдістерінің шығармашылық қабілетінің дамуы мен ойлаудың икемділігіне тигізетін әсері ( П. Я. Гальперин, А:В. Запорежец, Д. В. Эльконин, т. б. ), жалпы қабілеттер мен арнайы қабілеттер

( Л. С. Выготский, В. А. Крутецкий, т. б. ), ақыл-ой әрекеті мен оның элементтері (Л. М. Фридман, М. М. Мұқанов, т. б. ), тұлғаның шығармашылық қабілетінің психологиясы (А. В. Брушлинский, С. Л. Рубинштейн, т. б. ) жан-жақты

зерттелген[5] .

Оқыту процесінде шығармашылық қабілет құрылымы аз қолданылғанымен, ғылыми ізденіс процесінде ол «оқушылардың пәндік іс-әрекеті» ұғымына сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, оқушылардың шығармашылық қабілетінің нәтижесі өз мәнінде ғылыми шығармашылық еңбектен айырмашылығы шамалы [6] .

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.

Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.

Зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңінің алыу себебі балалардың шығармашылықты жеке адам ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті оқушылардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үдерісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажет [7] .

Қазіргі заман талабына сай қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл кезеңде математика пәні басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі қажетті шешімдері табылмаған мәселелер аз емес. Солардың бірі - оқушылардың логикалық ойлау, ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.

Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көпістердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.

Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты болып келеді. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеу қажет.

Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді. Айтылған мәселелер диплом жұмысы тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.

Диплом жұмысының мақсаты:

Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау.

Диплом жұмысының міндеттері:

1. Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерделеу;

2. Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесіне дидактикалық талдау жасау;

Диплом жұмысының объектісі: Математика пәнін оқыту үдерісі

Диплом жұмысының пәні: Математика сабағында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.

Диплом жұмысының әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, оқулыққа, бағдарламаға, әдістемелік құралға теориялық талдау жасау. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін оқып үйрену, оқу үдерісінде пәнаралық байланыстың нәтижелерін бақылау.

Димлом жұмысының құрылымы:

Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті

дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сыныпта оқушыларының шығармашылық қабілетін

дамытудың теориялық негізі

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, бүгіні және оның болашағы үнемі толғандыратын өзекті мәселелер. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселелеріне байланысты психологиялық зерттеулер, кез-келген дені сау, ақыл-ойы қалыпты дамыған бала мектеп бағдарламасын толық меңгереді және арнайы шығармашылық қабілетін дамыта алатыны күмінсіз екенін көрсетті. Сонымен бірге психологияда ерекше орын алатын туа біткен қасиет, дарын, талант немесе математикалық қабілет сияқты белгілерді оқу әрекетін бөле қарастыратынын байқадық. Осы мәселеге байланысты көптеген психологтар өз еңбектерінде «оқуға қабілеттілік» ұғымының мазмұнын әр қырынан ашып көрсеткен. Олардың ішінді Л. С. Выготский, М. М. Мұқанов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, В. А. Крутецкий дәлелдеулері бойынша, қазіргі мектеп жағдайында оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың толық мүмкіндіктері бар екені көрсетілген.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі ежелден-ақ ұлы ойшылдарымызды Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби ұлы Абайды ерекше толғандырған, олар өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Бүкіл халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық-бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі [6] .

Арнайы әдебиеттерде «шығармашылық» ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Мысалы, С. И. Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық - жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі» деген анықтама беріледі. Ал, энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық - адамның іс-әрекетіндегі өз бетінше жұмыс жасау мен белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік» делінген. С. Л. Рубинштейн « . . . шығармашылықдеп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады», - дейді. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады». Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту өте ертеден зерттеліп келеді. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек .

«Шығармашылық» сөзі «шығару», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп көрсетілген [3] . Психолог Л. С. Выготскийдің пікірінше: «Шығармашылық жаңалық ашатын әрекет», деп атаған [5, 6] .

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.

Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың қабілетін,

шығармашылығын дамыту мәселесі Б. М. Теплов, К. К. Платонов, М. Ә. Құдайқұлов, Г. Қ. Нұрғалиева, Б. П. Тұрғынбаева, А. Б. Мырзабаев еңбектерінде қарастырған [7] .

Шығармашылық - жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. Шығармашыл тұлға - өзінің әрекеті мен қарым-қатынастары арқылы қоғамдық қатынастардың, қоғамдық мұраттардың, құндылықтардың жеке көрінісі және субъектісі.

Шығармашылық - ең алдымен, адам әрекеті. Шығармашылықты әрекет түрінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін көрсетеді және оның өзін белсенді етуге бастайды. Бiздің қарастырып отырған оқушылар мен студенттердің шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы олардың өз бетінше, сонымен қатар арнайы да ұйымдастырылатын үрдiс. Онда оқушы мен студент белсенді әрекет, академиялық ұтқырлық жағдайында болуға тиісті. Мұндай білімдік әрекетте теориялық материал сол бiлiм алушының өз әрекеті арқылы меңгерілуі қажет десек, осы үрдiс үшiн ол объект те субъект те болады. Баланы жастайынан шығармашылыққа қалай баулу қажет? Психологтардың зерттеуі бойынша өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулуға өзекті болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік қажет. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен [5] .

Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Біріншіден, адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Сыныптағы оқушылардың қабілеттері бірдей емес әрқайсысы әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салады. Олардың қабілеттерінің құрылымы, оны құрайтын компоненттер әр түрлі болады. Мысалы: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу, музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. Екіншіден, адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді.

Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген

Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз [8] .

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

«Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да ондағы білім беру ісі - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді [9] .

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген

Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Оқушы шығармашылығына бағыт - бағдар беруді білім мазмұнына енгізуді тұжырымдаған Мағжан Жұмабаев болатын.

Оқушылардың игерген білім деңгейіне байланысты шығармашылық қабілеттің дамуы нәтижелі болу үшін оларды дидактикалық бірліктерді ірлендіру әдісі негізінде оқытып шығармашылық әрекеттегі тәжірибелерін байытудың қажеттілігі айтылды.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

  1. Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
  2. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Ойды логикалық түрде дамыту
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Группалар теориясын геометрия есептерін шешуде қолдану
Пәнаралық байланыстың негізі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz