Ғұн империясы



1 «Ғұн» тайпалары
2 Ғұндардың Дунхулармен соғысы
3 Қытай императоры Лю Банның Мөдеге шабуылы
4 Шаруашылығы мен қолөнері
Ежелгі дәуірдегі өмір сүрген үлкен тайпалар одағының бірі Үисіндер. Түркі халықтарының арғы тегі саналатын бұл «ғұн» тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиүң ну» секілді атаулармен берілген.
Б.з.б. III ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды бектер биледі. Әр рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі «тәңіркүт» лауазымын иемденген.
Қытай деректерінде ғұндардың жоғары билеушісі «шаньюй» деп аталады. Оның қолында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түменбасылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар тәңір құттың ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰН ИМПЕРИЯСЫ
Ежелгі дәуірдегі өмір сүрген үлкен тайпалар одағының бірі Үисіндер.
Түркі халықтарының арғы тегі саналатын бұл ғұн тайпалары бастапқы кезде
Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай
жылнамаларында ғұндар гуй фаң, гун руң, хун ю, шиан ю, шиүң ну
секілді атаулармен берілген.
Б.з.б. III ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің
мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды бектер биледі. Әр рудың
көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі тәңіркүт лауазымын
иемденген.
Қытай деректерінде ғұндардың жоғары билеушісі шаньюй деп аталады.
Оның қолында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түменбасылар деп
аталатын бекзадалар тұрды. Олар тәңір құттың ұлдары, інілері немесе жақын
туысқандары болатын. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар
тағайындай алатын еді. Алайда тәңірқұт өзіне бағынбаған немесе жазықты
болған түменбасылардың жерін қайтарып алатын, өздерінің жүзбасылары мен
онбасылары жөнінде түменбасылардың да нақ сондай құқығы болды. Лауазымдар
мен жоғары іпепдер мұраға қалдырылды. Олар үй қызметшілері, бақташылар,
қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды. Саяси тарихм. Бз.б.
II мыңжылдықта Хуанхэ өзенінің орта тұсы егін шаруашылығымен айналысуға
қолайлы болатын. Сондықтан осы өңірдегі көшпелі тайпалар қытайлықтармен
кескілескен ұрыс жүргізіп, оны қорғап қалуға күш салды. Бұл орайда ғұндар
белсенділік танытып, мал өсіруге, күнкөріске тиімді Ордос жері үшін
шайқасты.
Тұман тәңіркұт қайтыс болғаннан соң б.з.б. 209 жылы билік оның ұлы
Мөденің қолына көшті. Ол бірден әскер жасақтап, қытай иемденген жерлерді
тартып алуға кірісті. Осы кезде ғұндар мен дунху тайпалары арасындағы
жағдай шиеленісе бастайды. Дунху билеушісі Мөдеден Тұманның жүйрік атын
сұратып елші жібереді. Мөде кеңесшілерімен ақылдасып, бір атқа бола екі
тайпа арасындағы қарым-қатынасты бұзғысы келмей, сұраған атты береді. Біраз
уақыт өткен соң, дунхулар бізден қорқып айтқанымызға жүреді деп ойлап,
тәңіркұттың бәйбішесін сұратып елші жібереді. Мөде кеңесшілерімен тағы да
ақылдасуды жөн көреді. Олар мұндай жағдайды басынғандық деп бағалап, шабуыл
жасау керек деген шешімге келеді. Бірақ Мөде басқа мемлекетпен көрші тұрып,
одан бір ой елді қызғанған болмас деп сүйікті әйелін бергізеді. Дунху
билеушісі енді ғұндармен екі арадағы бос жатқан жерді сұратын Мөдеге елші
жібереді. Мөде кеңесішілерімен ақылдасады, оның кеңесшілерінің пікірлері,
ақыры бір шешімге келе алмайды. Өзіне дейін ғұндарда мемлекеттің болмауы
осы жерге байланысты екендігіне анық көзі жеткен Мөде жерді беру керек
деген кеңесшілерін қуып жібереді. Жер - мемлекеттің негізі, оны біреуге
беруге болмайды. Әрбір халыққа Жерді Тәңір берген. Жер болса, халық болады
және онда мемлекет құруға болады, - деп жерді сұрағандардың басын алуды
бұйырады.
Мөденің мұндай батыл шешімі тарихта оның даңқын арттырып, беделін
нығайтты. Сөйтіп, ол дунхуларды талқандап, қолға түскен билеушілерін
жазалады. Дунхулардың қалған бөлігі Ухуан мен Сэнби тауларына барып бас
сауғалады.
Дунхулармен соғыста ғұндар үлкен жеңіске жетіп, солтүстік түркі
тайпалары динлиндерге шабуыл жасады. Оларды талқандағаннан кейін Ертіс
өзеніне шықты. Одан шығысқа қарай жорықты жалғастыра отырып, Тынық мұхиты
жағалауына жетті. Мөде әскерін біраз тынықтырып алып, қытайлықтарға
шабуылдай бастады. Қытай барлаушылары Мөденің әскер санының қанша екендігін
дәл анықтай алмады. Ол әскерінің ең әлсіз бөлігін алға салып отырды.
Қытайлықтар
оларды талқандап өкшелеп қуған кезде Мөденің ең күшті әскерлеріне тап
болды. Мөденің бұйрығымен жасалған ысқырғыш жебелер жауларының құтын
қашыратын еді. Бірнеше жылға созыглған соғыстардың нәтижесінде Мөде
қытайлардан ғұндардың Ордос алқабын тартып алды. Мемлекет аумағы кеңейіп,
империяның қуаты артқанын білген қытайлықтар оны Хань империясымен
теңестіруге мәжбүр болды.
Б.з.б. 200 жылы қытай императоры Лю Бан Мөдеге бірінші болып шабуыл
бастады. Мөде әскерін үш бөлікке бөліп орналастырған еді, ал қытайлықтар
болса ғұн әскерінің бір бөлігін шегіндіре бастайды. Осы үрымтал сәтті
пайдаланған ғұндар мықты қаруланған әскерімен қарсы шабуылға шығып,
қытайлықтарды лезде қоршауға алады. Қысты күні 7 күн бойы қоршауда қалған
Лю Бан Мөденің әйеліне сыйлықтар жіберіп, өздеріне көмектесуге көндіреді.
Мөденің әйелі ғұндар қытайлықтардың жерін алғанмен, бөтен жерде көп
тұрақтай алмайтындығын айтып, ерін айтқанына көндіреді. Мөде әскерлеріне Лю
Банды қоршаудан босатуды бұйырып, өзі Ордосқа оралады. Лю Бан қоршаудан
босатылғанымен, екі жақты әскери қақтығыстар бірден тоқтай қоймады.
Мөде қытай аумағына тонаушылық мақсатта үнемі жорық жасап, императордың
қуғын қашырумен болды. Өзінің бір кеңесшісі императорға Мөдеге қызыңды бер
деп ақыл-кеңес береді, сонда одан туған бала нағашы атасына қарсы
шықпайтындығын, елдің тыныштығы сақталатындығын есіне салады. Сөйтіп,
сенімге кіргеннен кейін болашақта ғұндарды өзімізге қосып аламыз деп
көндіруге тырысады. Осылайша б.з.б. 198 жылы Қытай империясы өзін ғұндардың
алдында төмен санап, Мөдеге қызын беретіндігін, ғұндармен бейбітшілік және
туысқандық келісім жасағысы келетіндігін білдіреді. Қытай императоры
Мөдеге қызын беріп, жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттенеді. Бірақ мұндай
салық қитұрқы саясатқа негізделген көзалдаушы салық еді.
Б.з.б. 195 жылы император Лю Бан қайтыс болды. Оның баласы өте жас
болғандықтан, елді императордың жесірі Люй Хоу басқарды. Ол қайтыс болған
соң билікке император Вэн ди келді, оның тұсында елде біраз өзгерістер
болды. Жеке ғұн князьдіктері екі ел арасындағы келісімді бұзып, Қытай
аумағына етіп кетті. Бірақ екі жақты хат алмасу арқылы келіссөздің
нәтижесінде жағдай бейбіт жолмен шешіліп отырған. Қытай императоры өз
хатында Ғұн империясы Хань империясымен терезесі тең дей келіп, Мөдені
өзінің бауыры санайтындығын хабарлайды. Бұл ғұндар үшін үлкен жетістік еді.
Өйткені, бұған дейін көшпелілер көсемдерінің ешқайсысы Хань империясымен
теңесуді армандап көрген жоқ еді.
Мөде Орта Азияға қарай жорыққа аттанып, б.з.б. 177 жылы түркі тайпалары
юэчжилерді талқандады, соның нәтижесінде ғұндар өздеріне Шығыс Түркістан
жерлерін қосып алды. Осылайша Шығыс Түркістаннан Корей жеріне дейінгі
аумақты иеленген Ұлы Ғұн империясы тарих сахнасына шықты.
Мөде ақылдылығымен, кәнігі саясат керлігімен ұлы билеушілердің
қатарынан орын алады. Ол Ғұн империясының негізін қалауда қай істі болсын
алдын ала жоспарлағандықтан үнемі жетістікке жетіп отырды. Мөде қаған
б.з.б. 174 жылы қайтыс болды, ал оның ұрпақтары Ұлы Ғұн империясының даңқын
асырып, Мөде қағанның саясатын әрі қарай жалғастырды.
Мөденің ұлы Лаошань Гиюй тәңірқұт лауазымымен билікке келіп, әкесінің
мұрагері ретінде Ұлы Ғұн империясына иелік етті. Ол Шығыс Түркістан, Жетісу
жерлеріндегі түркі тайпалары юэчжилермен соғысты жалғастырып, б.з.б. 165
жылы оларды толықтай талқандады. Юэчжилердің жартысы Сырдариядан өтіп,
Әмудария жағасында А.Македонскийден қалған Грек-Бактрия патшалығының
халқымен соғысты. Бактриялықтарға қосылып кеткен олар бұдан кейін ғұндарға
қарсы шықпаған.
Юечжилерді жеңген Лаошань шаньюй енді Қытайға қарсы соғысқа аттанды. Ол
б.з.б. 166 жылы 140 мың атты әскермен Қытай аумағына солтүстік батыс
жағынан басып кірді. Біраз тұтқындарды қолға түсіріп, императордың жазғы
мекенін өртеп кейін қайтып кетті. Б.з.б. 162 жылы император Вэн-ди Лао шань
тәңірқұтқа бейбіт келісім сұрап елші жібереді. Қытайлықтардың ендігі жерде
ғұндар мен қытай империясын тең деп тануға мәжбүр болудан басқа амалы
қалмады. Б.з.б. 161 жылы Лаошань тәңірқұт қайтыс болып, билікті оның баласы
Гюнчен қолына алды. Ол Қытаймен бейбіт қатынас орнатты. Б.з.б. 157 жылы
император Вэн ди өлген соң, император тағын Цзин-ди иеленді. Оның император
болуына қарсы шыққандар ғұндардан көмек сұрағанымен қолдау таппады. Б.з.б.
154 жылы елдегі көтеріліс күшпен басылды. Б.з.б. 152 жылы ғұндармен келісім
жасалып, шекаралық аймақтарда сауда орталықтары ашылды, сондай-ақ
тәңірқұтқа қытай ханшайымын беріп, салық төлейтін болды.
Б.з.б. 140 жылы Қытайдағы билікке император У-ди ие болып, ғұндарға
қарсы соғыс бастады. Содан кейін ғұндармен шекаралық аймақтардағы байланыс
бірте-бірте үзіле бастады. Б.з.б. 128 жылы талантты қытай қолбасшысы Вэй
Цин көп әскерімен Ордосқа басып кірді. Олар қорғанысты күшейту үшін Шофан
деген қамал салып алды. Бұған жауап ретінде ғұндар Ұлы Қытай қорғанының
шығысындағы Цзаоян ауданын бағындырды. Б.з.б. 126 жылы қыста Гюнчен
тәңірқұт қаза тапты. Ол өзінің атасы Мөде негізін қалаған Ғұн империясының
шаңырағын шайқалтпай, қытайлықтармен алты жыл бойы соғысты. Кейін орнына
інісі Ичисие тәңіркұт келіп, Қытайдың солтүстік аудандарына шабуыл жасап,
бірқатар жеңістерге қол жеткізді. Б.з.б. 125 жылы ол Ордосқа басып
кіргенімен, оны қолына ұзақ ұстап тұра алмады.
Император У-ди енді ғұндардың далалық жерлеріне жорық жасамақшы болды.
Осы көздеген мақсатына орай өте мықты қаруланған атты әскер жасақтады. Оның
қолбасшысы болып Вэй Цин тағайындалды. Б.з.б. 124 жылы көктемде 100 мың
адамнан тұратын Қытай әскері батыстағы көшпелі ғұндарға шабуыл жасап, 15
мың адамды тұтқынға түсірді. Тап осы кезде ғұндар қытайлыктардың батыс
аумағына шабуыл жасап, өздерімен бірге мыңдаған тұтқынды әкетті.
Қайтадан әскер жасақтаған император ғұндарға шабуылды тоқтатқысы
келмей, Вэй Цин мен Хо Цюй Биннің қолбасшылығымен б.з.б. 119 жылы
ғұндарға қарсы жорыққа шықты. Ғұн билеушісі астанасын алыс түкпірге
көшіріп, өзі қытай әскерін Гоби шөлінің солтүстігінде күтіп жатты. Екі
жақты жойқын соғыс бір күнге созылды. Бірақ шайқас еш нәтиже бермеді. Қатты
соққан бораннан ештеңені көру мүмкін болмады. Түнге қарай қытайлықтар
ғұндарды қоршап, екі жақ қолма-қол шайкаска кірісті. Ғұндар ақырындап
шегіне бастады, оларды қумақшы болған император әскерлері ғұндардың қатты
қарсылығына тап болып, амалсыздан кейін шегінді.
Шығыста Хо Цюй Бин әскері ғұндардың ордасын талқандап, оларды Иншанды
тастап, шөлге қарай шегінуге мәжбүр етті. Осы шайқастардан кейін Ғұндар мен
Қытайдың шекарасын Гоби шөлі бөліп жатты. Енді қытайлықтар еншілеген
аумақты одан әрі кеңейтудің жолын іздестіре бастады. Б.з.б. 112-111 жылдары
қытайлар тибеттіктерді өз аумағынан ғұндармен қоса ығыстырып, Сары өзенге
дейін тықсырды. Дегенмен, олар тибеттіктерді бағындыра алмады, б.з.б. 107
жылы ғана соғыс аяқталды.
Б.з.б. 109 жылы император Кореяға қарсы соғыс ашып, оны бағындырған соң
Еуропаға дейін жаулап алуды көздеді. Бірақ ол үшін алдымен ғұндарды
талқандап алу керек еді, ал олар ғұндардың біраз жерлерін тартып алғанмен,
Ғұн империясын толық бағындыруға шамасы келмеді. Енді қытайлықтар ғұндарды
ішінен ірітудің жолын іздестіре бастады. Олар ғұндарға тәуелді үйсіндердің
жабғуына қытай ханшайымын бір топ күтушісімен әйелдікке береді. Қартайған
жабғу оны ең кіші әйелі етіп алғанымен, кейін оны өзінің немересіне
бергенді жөн санайды.
Жат жерлік қытай қызы үйсіндер арасында астыртын қытай тобын құрады.
Бірақ қызын босанған соң қайтыс болады да, ол құрған астыртын топ У-дидің
батыстағы саясатын жалғастыра береді. У-ди ғұндарға қайтадан шабуыл жасау
үшін 7 жыл бойы тиянақты дайындалады. Б.з.б. 90 жылы жақсы жасақталған
әскері соғысқа сақадай сай еді.
Б.з.б. 101 жылы дарынды билеуші Гюйлиху тәңірқұт қаза болып, билікке
шығыстағы Цзюйдихәу келеді, бірақ ол да қайтыс болады. Ғұндар ақылдаса
келе, таққа Цзюйдихәудің үлкен ұлы Хулугуды отырғызады. Хулугу тәңіркұт
өзінің жансыздары арқылы Қытай тарапынан қауіп төніп келе жатқанын біліп,
шайқасқа мұқият дайындала бастайды. Оған көмекке көшпелі тайпалардың бір
сыпырасы моңғол, сәнби, таба және т.б. келіп қосылады. Бұл шайқасқа
Қытайдың жақтасы болған үйсіндер қатыспайды. Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ
күші басым қытайлар ғұндарды бірден шегіндіреді. Әскери өнердің барлық
қырын меңгерген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұн
Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы
Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер
Ғұн көсемі - Атилла
Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
Ғұн державасы
Ғұндар өмірі мен тарихы
Ғұндар империясы
Пәндер