Бейнелеу өнерінде сурет салуда қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттері



Кіріспе ... ... ... .3
І.Бөлім. Бейнелеу өнерінде сурет салудын өзіндік ерекшеліктерінің маңызы ... ... ... ... .5
1.1.Бейнелеу өнерін меңгеру, білім мен дағдыларын қалыптастыру жолдары ... ... .5
1.2. Творчество және заттың өзіне қарап жұмыс жасауға үйрету әдістері ... .. 9
ІІ.Бөлім. Бейнелеу өнері сабағында қолданылатын құрал жабдықтарымен жұмыс істеуде ереженің маңыздылығы ... ... ... ...16
2.1. Сурет салуда қарандаштың түрлерін пайдаланып, графикалық сурет салуда сызықтық әртүрлі заттардың пішініне қарай штрих салуды үйрету әдістері ... ... 15
2.2 Бейнелеу өнері сабағына арналған сурет салу ережесінің мақсаты мен міндеттері ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Білім министірлігі бекіткен оқу жоспарына сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие беріледі. Ол оқушының білімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты мектептен тыс мекемелерде одан әрі кеңейтіліп кәсіптік бағдар беріледі. Оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы - сабақ. Онда мұғалім белгіленген уақытқа сай оқушылармен бірлесе отырып мақсаты бар оқу тәрбие мәселесін шешеді. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру сабағы біліктілікке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы, білімді қорыту және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ, лекция сабақ, сұрақ - жауап сабақ т.б.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Бейнелеу өнері” пәнінің негізгі функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабілетінің дамуына себептесетін оларға көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Білім берудің алғашқы кезеңінде композиция құрастыру кескіндеме, мүсін, сәндік - қолданбалы өнер бойынша білім, білік дағдыларының негізі қаланады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негігі мақсаты - оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды - құндылық тәжірибелерін тереңдетіп, байыту болып табылады.
1. Методика руководства изабразительный деятельности детей.
Б.В. Косменская, Н.В. Колязова
2. Уроки рисования с натуры. Г.Винаградов, М - 1980 г.
3. Қазақстан мектебі. С. Әбішқызы. 2004-7,2004-1,2002-9,2003-8,2000-6
4. Энциклопедический. Словарь юного художника. В.М.Алпатов. Москва «Педагогика» 1983
5. Искусство Деревнего мира. Н.А.Дмитриева, Н.А. Винаградова. Масква 1986
6. Бейнелеу өнері және сызу. Журнал. Э.Саланчена. Ғ. Баймағанбетова. Алматы 2005.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Бөлім. Бейнелеу өнерінде сурет салудын өзіндік ерекшеліктерінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1.Бейнелеу өнерін меңгеру, білім мен дағдыларын қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Творчество және заттың өзіне қарап жұмыс жасауға үйрету
әдістері ... .. 9

ІІ.Бөлім. Бейнелеу өнері сабағында қолданылатын құрал жабдықтарымен жұмыс
істеуде ереженің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2.1. Сурет салуда қарандаштың түрлерін пайдаланып, графикалық сурет салуда
сызықтық әртүрлі заттардың пішініне қарай штрих салуды үйрету әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.2 Бейнелеу өнері сабағына арналған сурет салу ережесінің мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім министірлігі бекіткен оқу жоспарына
сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие
беріледі. Ол оқушының білімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты
мектептен тыс мекемелерде одан әрі кеңейтіліп кәсіптік бағдар беріледі.
Оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы - сабақ. Онда мұғалім
белгіленген уақытқа сай оқушылармен бірлесе отырып мақсаты бар оқу тәрбие
мәселесін шешеді. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру
сабағы біліктілікке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы, білімді қорыту
және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ,
лекция сабақ, сұрақ - жауап сабақ т.б.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Бейнелеу өнері” пәнінің негізгі
функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабілетінің дамуына себептесетін оларға
көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Білім берудің
алғашқы кезеңінде композиция құрастыру кескіндеме, мүсін, сәндік -
қолданбалы өнер бойынша білім, білік дағдыларының негізі қаланады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негігі мақсаты
- оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық
қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды - құндылық
тәжірибелерін тереңдетіп, байыту болып табылады.
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды
қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып
дамытуға жаңа жол ашуда.
Білім беру ісінде ұстаз - басты әрі шешушітұлғабұстаздың сапалылығы,
білімдарлығы, абырой - беделі оның шәкіртінен көрінеді. Шәкірттің жақсы
болмағы ұстазынан деп тегін айтпаған. Халық ұстаз ұғымы мағынасы кең мәні
түпкі тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына білімнің қажеттігі сол білімді
таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігінен бірдей маңызға ие болған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бейнелеу өнерінде сурет салуда
қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттері, қылқаламмен сурет
салуда жаңа әдістерді салуға баулу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Сурет салуда құрал – жабдықтарды
қолдануда ережені дұрыс меңгерту жолдары.
Зерттеу объектісі: Бейнелеу өнері сабағында жаңа техникамен
жұмыс жасау әдістері.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік оқулықтар, газет, журнал,
суретшілер туындылары.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері әдістемесімен.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімімен және қосымшадан тұрады.

І.Бөлім. Бейнелеу өнерінде сурет салудың өзіндік ерекшелігінің маңызы.
1.1. Бейнелеу өнерін меңгеру, білім мен дағдыларын қалыптастыру жолдары.
Бейнелеу өнерін меңгеру – мұның өзі де білім мен дағдыларға ие
болу. Аспаптарды, материалды жұмыс техникасын жақсы білу профессионалдық
шеберін тәсілдерін меңгеру қажет. Бұл туынды жасағысы келетіндердің,
жұмыста ең болмағанда өзіне көрінетіндей табысқа ие болып, одан ләззәт
алғысы келетіндердің, бәріне қажет.
Бейнелеу өнеріне әуестенушіге қалай үйрену керек? Бұл сұраққа
өте қарапайым және бірсыдырғы жауап бере салу қиын. Жауап жұмыс
тәжірибесінен және творчествалық процестің өзіне тән ерекшелігінен
туындайтын көптеген жеке сұрақтарға берілген жауаптардан құралады. Әуесқой
суретші жұмысының жалпы прициптерін белгілеп берейік.
Талапкер суретші қылқаламды құшырлана қанағат сезіммен қолға
алады, оны айналадау ерекшеленіп тұрады. Мұны өз бойында үнемі сақтап
отыру, кітаптардан оқылған ережелермен сірестіріп қоймай, бұл ережелерді
сұрақтардың пайда болу және нақты творчестволық міндеттердің шешілу
дәрежесіне қарай, өз жұмысына біртіндеп енгізу қажает. Ең алдымен түрлі
ережелер мен мәліметтерді мүмкіндігінше көбірек жаттап алып, содан кейін
ғана жұмысқа кіріскен жөн деп ойламау керек. Бәрінен бұрын өз көзіне және
өзінің жеке сезіміңе көбірек сен. Оның өзінде жеке бастың практикасы, өз
тәжірибең теориялық білімдерді бейне бір басып озып, оларға деген жанды
қажетсінуді тудыруға тиіс. Талапкер суретші творчество арқылы үйренуге
тиіс.
Өз бойларыңды жанды қызығушылықты жұмысқа деген творчествалық
көзақрасты дамытыңдар. Мысалы, қандай да бір заттың өзіне қарап суретін
салу сияқты тіпті қарапайым міндетті шеше отырып, сендер мүмкіндігінше оның
атқаратын қызметіне терең ой жіберуге, сол заттың алуан түрлі қасиеттерін
белгілеуге, оның конструкциясымен формаларының ерекшеліктеріне, оның
үстіндегі жарық пен көленкенің құбылуына, заттың және оның
айналасындағылардың өң –түсінің ара қатынастарына назар аударуға
тиіссіңдер .
Авторға мейлінше қызықтыда сипатты болып көрінетіндердің бәрі
шығармада шынайы бейнеленуі тиіс.
Естеріңде болсын, егер сендер өздерің белсендіде табанды
болмасаңдар, өз еңбектерінің нәтижелерінің ой елегінен өткізуге
ұмтылмасаңдар ешқандай кітап еш бір жетекші сендерден суретші шығара
алмайды.
Сендердің басты мақсаттарың – белсенді реалистік творчествоға
үйрену. Ал, мұндай творчествонын негізінде айналадағыны қырағы да, мұқият
бақылай білу, бейнелеу үшін, көркем туынды жасау үшін басты, маңызды
нәрсені ұстай білу жатады.
Бұған үйрену, яғни өз бойында айналаға қарап, көре білу,
пропортцияларды, ауқымды формаларды, айналадағы заттардың түсін тауып,
дұрыс бағалай білу қабілетін бақылау объектісін нәзік сезіммен, әсерлі,
тұтас және обрызды түрде қабылдай білу қабілетін дамыту керек.
Әуесқой суретші графикаға немесе кескіндемеге декорациалық-
безендіру өнеріне белгілі бір дәрежеде жеке іш тарта қарауы,оны жақсы
қарауы мұмкін, бірақ ол суретпен де, кескіндемемен де, композициямен де
айналыспай, кез-келген салада жақсы суретші болуға болмайтынын есте
ұстауға тиіс. Онын үстіне сурет және кескіндеме сабақтарында заттың өзіне
қарап сурет салу жұмысын есте ұстағандары бойынша жеке қиялы бойынша
жасалатын жұмыспен, ұзаққа созылатын және тез бітетін жұмыстармен міндетті
түрде кезектесіп отыруы талап етіледі.
Сонымен, жас суретші творчествалық биіктерге барлық жағынан
және бір мезгілде шабуыл жасаған кезде ғана өзінің айналысқан
жұмыстарында табыстарға жетеміндеп үміт етуіне болады. Сурет-реалистік
өнердегі барлық нәрсенің негізі, ол форманың шын мәніндегі дамыған сезімін
береді, мұнсыз толық құнды кескіндеме жасау да мұмкін емес. Бірақ өз
тарапынан суретшіге мейлінше әсерлі көркемдік құралдар беретін
кескіндемен де суретпен айналысуға қолайлы ықпал жасайды.Ал суретсіз және
кескіндеме суретші, мейлі картина, плакат немесе театыр декорациясы болсын,
композиция жасауға дәрменсіз болады. Сурет салудың өзіндік ерекшелігі.
Пейзаждық сурет салу. Таңданарлық сияқты болғанымен айта
кетерлік, өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу, салуға қарағанда.
Біренші ерекшелік – күн мезгілімен ауа райына қарап өзгеріп
отыратын күшті табиғи жарық. Кез келген пейзаждың басты элементтері жер,
аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу ең алдымен осы
элементтерді, әсіресе ағаштарды сала білуге үйрене білу керек. Әйтпесе
пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады. Барлық
ағаштар бірдей.
Көркем-эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды да тиімді әдісі -
эстетикалық көркем сипаттағы бейнелеу әрекеті түріндегі ойын болып
табылады. Фребель өз еңбегінде баланы эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде өнер
түрінің барлығының маңызды екендігін атап көрсетті. Сонын ішінде
оқушылардың әр түрлі өнер шығармаларын қабылдауға деген қызығушылығын
арттыруға баса назар аударылуда..
"Көркемдік шығарманы түсіну, демек оны ең алдымен мәнісін жете
сезіну, әсерлі қабылдап, бастан кешіру және осы негізде оның үстінде ой
толғау",- дейді Б.М.Теплов.
Жалпы өнер дегеніміз — шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін,
әлемді эстетикалық игерудін маңызды тәсілінің бірі болып саналатың коғамдық
сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекеті. Өнер сұлулық
заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту
қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсаты. Қоғам адамының болмысты
рухани меңгерудің түрі. Өнер өзінің тарихи дамуы барысында нақты өнер
түрлерінде шынайы өмірдің көп қырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе
ретінде дамиды.Өнер бір рет пайда болғаннан кейін дами отырып, адамның әр
жакты қабілетін калыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс-әрекеттермен
танымның кез-келген саласында ғылым да болсын, саясатта болсын, тұрмыста
және тікелей еңбектеде іске асырылады.
Өнер шығармалары "өнерді түсінетін және әсемдіктен қуанышқа кеңеліп,
масаттануға қабілетті көпшілік жұртшылықты қалыптастырады", - деп жазады
К.Маркс. Әрбір өнер түрі (кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері
және сәулет өнері) затты, көріністі, құбылысты суреттеу үшін өзінің ерекше
мүмкіндіктеріне ие. Бейнелеу өнерінің бір түрі кескіндеме, сыртқы қатты
бетке бояу көмегі арқылы жағылған белгілі бір көркемдік мазмұнды түсіндіріп
берумен ерекшеленеді. Әлемнің эстетикалык тұрғыдан қабылдануы, кескіндеме
түстік байлығын көру арқылы қабылданады: мүсіндеу өнерінде пластикалық
бейнелер, көлемдік кеңістіктік формаларды мүсіндеу арқылы іске асырылады;
графика бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде сурет салу мен басылымдық
көркемдік шығармаларды гравюра, литографияны өзіне қамтиды және әртүрлі
реңдегі сызықтар, штрих пен дақтар, жарық пен көлеңке арқылы ерекшеленеді;
сәулет өнерінің ерекшелігі — адамдардың эстетикалық қажеттілігін қамти
отырып, күнделікті практикалық және рухани мұқтаждығына жауап беретін
сәулеттік ғимараттар ор-нату болып табылады: сәндік өнер адамның тұрмыстық
қажеттіліктеріне қызмет ететін, өміріне әсемдік әкелетін, бір мезгілде
олардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын өнер түрі болып саналады.
Сәнді көнерген әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдар жатады. Сәндік
өнер бұйымдарының әсемдігі олардың формаларының сәнділігіне байланысты арта
түседі. Безендірудің ежелгі түрі бұйымға ритмикалық қайталану мен салынған
әшекей немесе оның құрылымдық негізі болып табылатын ою жатады. Сәндік өнер
шығармаларындағы басты ерекшелік, практикалық білімге сүйенген эстетикалық
принциптердің бірлігі болып табылады. Бұдан жалпы өнер түрлерінің қайсысы
болса да олардың бәрінің ерекше нысанасы адамның болмысқа деген эстетикалық
қатынасы ретінде және эстетикалық әрекеті ретінде танылады, оның міндеті —
әлемді көркемдік тұрғьдан меңгеру. Сол себепті өнер шығармаларының орталық
назарында Адам, оның өмірі, белгілі бір тарихи жағдайдағы іс-әрекеті
тұрады. Өнердің қоғамдық өмірде алар орны ерекше. Өнер рухани жан дүниені
байытып, мәдени мұраларды жаңғыртып, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл
атқарады.

1.2. Творчество және заттың өзіне қарап жұмыс жасауға үйрету әдістері.
Осы өз творчествосы үшін заттың өзіне қарап жұмыс жасаудың қаншалықты
маңызды болғандығы жайында сүйіспеншілікпен шабыттана айтпайтын бірде-бір
реалист – суретші жоқ шығар. Ол суретшінің үйренуіндегі ең басты
бағыттарының бірі болып келеді және солай болып қала береді.
Заттың өзіне қарап жұмыс жасау процесі – творчестволық процесс, ол
парақты штрихтармен және дақтармен көзге көрінбейтіндей етіп толтырудан
ғана тұрмайды. Өзінің едәуір бөлігінде бұл сырт көзге шалына бермейтін ішкі
процесс. Ол суретшінің қағазға немесе кенепке қол тигізуінен көп бұрын
басталады. Осы процестің бәрін үш сағатта сатыға бөлуге болады.
Суретші аспаптарды қолына алып,шығарма жасауға кіріспен бұрын оның
қандай да бір ой, болашақ шығарманың идеясы баурап алады да ол біртіндеп ой
түйініне айналады. Ал, мұның өзі қиялдау арқылы компазициямен ғана болып
қоймайда, заттың өзіне қарап жұмыс жасау үстінде суретшіде ең алдымен
түпкі ой түйініне қалыптаса бастайды, ол модельді немесе натюрмортты қою
кезінің өзінде, ал пейзаж жасағанда Ландшафттың белгілі бір бөлігін, жарық
түсу сипатын, көріну жағын таңдағанда одан әрі тұжырымдарға түседі.
Суретші өз жұмысының ақырғы нәтижесін – ол қандай болуға тиіс,өзі онда
нені көрсетуге ұмтылуға тиіс екенін, ол арқылы нені білдіргісі келетінін
жалпылама болсада да көз алдына алдын-ала елестетуге тырысады. Көлем,
формат, үйлестіру, түстердің көрінісі бір сөзбен айтқанда – бүкі
компазицияның шешуі суретшінің жеке ерекшелігіне, оның бойында түпкі ойдың
пісіп жетілуіне байланысты. Осындай ортақ принциптік шешім арнасында кейін
шығармада жасалады.
Творчестволық жұмыстың нақ осындай барысының маңыздылығын әуесқойлар
көп жағдайда түсіне бермейді.
Көпшілігі, оның алғашқы екі кезеңіне толық дерлік соқпай, бірден
үшінші кезеңге – орындауға кірісе отырып, шығарманы тезірек бітіруге
тырысады. Мұндай жағдайда жалпыдан жалқыға өту принципі елеусіз қалады.
Іске былай қараған кезде әусқой суретші бейне бір тұтас бейненің
детальдарын көрсетіп, оларды біртіндеп бірін екіншісіне қоса отырып,
әрбірін толық өңдеуге дейін жеткізеді.
Өнер суретшінің санасында өңделген және көрерменге көркем образдар
түрінде ұсынылған өмір бейнесі.Ұлы неміс жасушысы Гетенің ескертуі бойынша,
егер суретші төбетті нағыз төбеттен айнытпай дәлме-дәл бейнелесе, онда
жарық дүниеде бір төбет көбірек болады, ал өнер бұдан ештеңе де ұтпайды.
Заттың өзін суретшіге зерттеу оны тәптіштеген дәлдікпен бейнелеу үшін
тіпті де қажет емес, мұның өзі өнер үшін мүлдем қарапайым міндет болар
еді. Бұл зерттеу суретшіге өз идеяларын, бейнеліп отырған нәрсеге өз
қатынасын шығармаға енгізе отырып, заттың өзіне қарап бейнесін еркін
кібірткісіз бере білу қажет.
Мысалы, А.С.Пушкиннің Борис Годунов шығармасын еске түсіріп
көріндерші. Өмірді қалай күшті , шынайы бейнелей білген! Солай болса да,
осы драма кейіпкерлері бәрі өлеңмен сөйлейді, ал мұндай жағдай шынайы
өмірде болмайды ғой.
Суретші бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын қызыға
талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ, елеусіз нәрселендің бәрін алып тастап,
тек бірегей, өзіндік ерекше жайларды ғана алады, құбылыстардың жинақтап
қорытып, оның толғаныстарының бүкіл иірімін өз бойына сіңірген көркем образ
ретінде ұсынады.Шынайы көркем шығармада оған суретші сіңірген жан
дүниесімен көңіл күй тебіреністері бізді суретшімен бірге сүйініп –
күйінуге мәжбүр ете отырып, сонымен бірге бір мезгілде әсемдікті
пайымдаудан эстетикалық ләззәт алуды бастан кешіруге итермелейді. Нағыз
суретшілер бұкіл өмір бойы заттың өзіне қарап жұмыс істейді–сурет салады,
бояулармен салады мүсін жасайды.олардың өнер обырыздарыда нақты өмірдің
осындай бақылауларын творчестволық ой елегінен өткізудің нәтижесі ретінде
туады.
Қажетті білімдерді менгерумен қатар, әрбір суретші өз
ерекшеліктерінің қандай болуына қарамастан, өз бойында кейбір ерекше
қасиеттерді қалыптастыруға тиіс. Оларға ең алдымен нақты өмір құбылыстарын
бақылауды көре білу Қырағы көзге ие болу, оларға белсене және қызға жауап
қату жатады.
Заттардың формасын штрих арқвлы салу үшін сурет сызықтардан,
штрихтардан және дақтардан құралады .
Штрих-қаламыштың немесе өзінше дербес маңызы жоқ қысқа ғана ізі. Ол
басқа штрихтармен қосылып біріккенде ғана, он-түс жасай отырып, маңыз
–мәнге ие болады; қойю жазылған штрихтар дақ береді .
Сызық-аспаптың созылмалы қимылының ізі. Оның суреттегі ролі күрделіде
жауапты, ол бейнеліп отырған нәрсенің мәнімен ажырағысыз байланысты
және форманы көркемдік ой елегінің өткізудің нәтейжесі болып
табылады.Сызық – суреттің ең негізгі мейлінше әсерлі элементтерінің бірі.
Суретшінің сызығы – бұл чертеж сызығы емес, форманың контурын
сезімсіз бейнелей салған сым сызық емес. Ол бірде жуандап, бірде
жіңішкеріп, бірде күшейіп, бірде толық ғайып болғанға дейін әсірелеп
отырады.
Қысқа да әсерлі бейне – бір ғана қимылмен жасалғандай әсер
қалдыратын сызықтар силуэттерді, формалардың ауысуын олардың кеңістіктегі
қимылын береді.
Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, өлі қозғалмайтын
модельден – натюрморттан бастаған жақсы. Натюрмортты ол тұруға шаршап кетіп
қалады, тұрған қалпын өзгертеді қорқпай-ақ оны түрлі нүктелерден мұқият
зертей отырып қалғанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде жас
суретші заттардың формасын құруға оның конструкциясын талдауға, олардың
ерекше өзгешеліктерін игеруге көмектеседі. Ағаш – бұтақтармен жапырақтардың
кездейсоқ үйінділері емес, осы элементтердің сымбатты жүйесі. Егер суретші
бұны сезімбесе, онда суретші аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі
бір бөлігі үшін модель қызметін атқарған бұтақтардың және жапырақ
топтарының қайда тұрғанындығын білмейтін болады. Жақсы суреттер басты
бұтақтармен жапырақ топтарының мөлшерімен өзара орналасуы дәл берілуге
тиіс.
Бейнелеу өнері сабығында әңгіме сабағын өткізу ерекше орын алады.
әңгіме сабағы табиғат сұлулығын, натюрморт және атақты суретшілердің
мысалы: Әбілхан. Қастеев, Гүлфайруз Исмайлова, Молдахмет Кенбаев, Айша
Ғалымбаева т.с.с суретшілердің көркем суреттерін оқушыларға сөз құрату
арқылы кортинкадағы түстердің ондағы үйлестіру заңдылықтарының кеңістік
перспективасын салыстыра отырып көрсетіп эстетикалық тәрбиеге баулимыз.
әңгіме сабағында мүсін өнерінің ерекшелігі мүсіншілер мен олардың жасайтын
туындыларының ерекшелігінің маңыздылығын ескертеміз.
Барлық блоктардағы оқу материалының құрамды бөлігі өнер тарихы бойыша
сұхбат болып табылады. Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі
толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол кұралдары қолданылады.
Суретшілер өнердің осы мазмұны мол саласынан өзіне ұнайтын тақырыптарды
тандап алады. Жанр сөзі француздың Qenre - түр, тек деген сөзінен шыққан.
Бейнелеу өнерін оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың жағымдық ойлауы
байып, күрделене түседі. Оқушылар көркемдік бейне коғамдық, эстетикалық
мұрат-мақсаттың мәнін, әсемдік пен ұсқынсыздық, күлкі мен қайғы сияқты
күрделі ұғымдарды оқып үйренеді. Бағдарлама мазұнында беріліген натюрморт,
портрет табиғат көрінісін бейнелеу жұмыстарының тәжірибелерімен тікелей
айналысады. Бейнелеу өнерінің осындай үлгілі жақтары оқушыға жағымды -
өнегелі тәрбие ментағылым қалыптастырады.
Сурет - болмасты зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы,
бүкіл реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Барлық мамандықтағы
суретшілерге: графиктерге, живописьшілерге, мүсіншілерге, архитекторларға,
безендірушілерге, қолданбалы өнер шебелеріне сурет салуды игеру қажет.
Кейде тіпті өзіне де онша айқын емес алғашқы идеяларынсуретші шапшаң да
шамамен салынатын нобай суреттерге түсіріп алады, содан кейін ол қажетті
бақылауларын этюд-суреттерге жинақтайды және ақырында, шығармадың болашақ
композициясын эскиз –суретте іздестіріп табады. Өткен заманның аса ұлы
суретшілеріның бірі-бір мезгілде әрі живописьші, әрі мүсінші, әрі
архитектор болған Микеланджело: сурет... живописьтің де, скульптураның да,
архитектураның да жоғарғы нүктесі, сурет-барлық ғылымның қайнар көзі мен
тамыры деген болатын.
Сурет сала білу тек суретшіге ғана қажет емес. Ол кез-келген
кәсіптегі маманға-инженерге, гекологқа, географқа, дәрігерге... қажет. Ал
суретші үшін серет-оны көре білуге, яғни айналадағыдүниеге жіті көз тастап,
көргендерін салыстыруға, талдауға, тереңірек қабылдап, сезіне білуге
үйрететін ең жақсы мектеп. Бейнелеу шеберлігінің асқаралы биегіне жету,
кқркем көре білуді дамыту және көргендерін өз шығармаларында бере білу нақ
осы суреттен басталады.
Өзінің сипаты жағынан суреттер мейлінше сан алуан болып келеді. Бұл
сырт көзге жәй ғана шимай - шатпақ болып көрінуі мүмкін, шиыршиқ атқан,
тіпті қас қағым сәтте дерлік жасала салған нобай сызықтар; бұл сызықтар
арқылы суретші өзі үшін бір сәттік әсерді немесе ойды ұстап қалуға
тырысады. Бұл әрі мұқият жасалған, толық аяқталған өңдік бейнелер.
Айтпақшы, аяқталған деген ұғымның да бұл арада өзіндік ерекшелігі бар: өте
шапшаң, жүгіртежасалған сурет көркемдік жағынан өзінше әсірлі,
жетілдірілген, демек, аяқталған да болуы мүмкін ғой!
Суретті қабылдаудың осы бір ерекшеліктері біздің көруіміздің белгілі
бір психо-физиологиялық сапалармен байлнысты. Көзбен көру арқылы алған
арқылы алған информацияның негізгі бөлігі айналадағы дүниенің заттарың
танып-білу процесінденегізгі роль атқаратын сызба.
Жұмыс материалдары мен техникасы. Сурет салу үшін суретшілер өте көп
аспаптар мен мтериалдарды пайдаланады. Олардың ішіндегі бірінші және
неғұрлым кең тарағаны-кәдімгі графит қарандаш . Сурет салған кезде қаран
дашты, жазу жазхандағыдай емес, тіпті басқаша ұстайды.
Графит қарандаштың кәдімгі кеңінен тараған, әркімге сәби жастан
таныс қарандашқа айналғанына онша көп бола қойған жоқ. Ежелгі римдіктердің
өзіне қарандаш белгілі болған, бірақ ол тек қана күміс немесе қорғасын
қарандаш болатын. Орта ғасырда оларға қалайындан және қалайы мен
қорғасынның қорытпасынан жасалған қарандаштар қосылды. Мұндай
қарандаштардың ізі пергаментте нашар сақталатын, сондықтан, олар дербес
жұмыстар үшін пайдалануға жарамсыз болады- олдр тек алдын-ала нобайлар
сызып алуға ғана пайдаланылып, кейін ол нобайлар қаламұшпен немесе
қылқаламмен дұрыстап жасалды.
XIII ғасырдың аяғында Европада қағаз пайда болды да мұның өзі металл
қарандаштардың мүмкіндігін ұлғайтты. Бірақ олар қағаз бетінде де өте
бозғылт сызықтар берді, сондықтан үлкен тиімділікке жету үшін қағазды кейде
алдын-ала грунттеп отырды. Күміс қарындаштың штрихтары біршама уақыт
өткеннен кейін тотығып, қызыл-қоңыр түске ие болып, бұрынғыдан айқынырақ
көзге түсетін болды. Күміс қарындаш өте жіңішке штрих жасауға, форманы
мұқият бейнелеп шығуға мүмкіндік берді. Ренессанстың ұлы шеберлері —
Боттичелли, Гольбейн, Рафаэль және басқалар күміс қарындашты падаланды.
Мұндай қарындаштар кең тарай алмады. XVI ғасырдың II жартысында
Англияда графиттің табылуы бұл істе революция жасады. Металл қарындаштардың
орнына неғұрлым қара түсті әрі неғұрлым арзанырақ графит қарындаштар келді.
Бірақ олардың да ірі кемшілігі бар еді — ластағыш болды, қағаз бетінде онша
жақсы ұсталмайтын, оп-оңай сынып қалатын. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана
француз механигі Фонте, графит ұнтағын тиімді пропор цияда
сазбалшықпен араластыра отырып, біз қазір де пайдаланып жүрген қарындашты
принципінде ойлап тапты. Графит қарындаштың өзіне тән ерекшелігі — оның
шрихтарының металл түстес жеңіл реңкте болуы.

ІІ. Бөлім. Бейнелеу өнері сабағында қолданатын құрал жабдықтармен жұмыс
істеуге ереженің маңыздылығы.
2.1 Сурет салуда қарандаштың түрлерін пайдаланып, графикалық сурет салуда
сызықтың әртүрлі заттардың пішініне қарай штрих салуды үйрету әдістері.
Бейнелеу өнері сабағында әр түрлі құрал жабдықтар қажет.Әрбір құралмен
жұмыс істеудің маңызы зор. Сурет салуға арналған құрал жабдықтарды атап
айтсақ:
Қарандаш
Өшіргіш
Қылқалам
Акварель(сулы бояу)
Тушь
Гуашь
Майлы бояулар
Мольверт
Ермексаз тб.
Сурет салуға арналған құралды дұрыс пайдалану үшін оны атқаратын жақсы
білген орынды.Әр түрлі құралдармен жұмыс істеудің өзіндік тәсілі бар.
Қарандаш ХҮІІ ғ француз оқымыстысы Н.Конте ойлап тапты.Кезінде Италия
суретшілері сурет салуға арнаулы графикалық қарандашты пайдаланған.Ол жай
қарандашты жуан, қағаз беттес, жұмсақ, өте қанық болып түседі.
Сурет салуға арналған және қарандаштар қатты және жұмсақ болып екіге
бөлінеді.Сондықтан оның сыртында екі түрлі жазу болады. Т, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пейзаждық сурет салу
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Ертегі мазмұны бойынша балаларды сурет салуға үйрету
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Балабақшада сурет оқу іс-әрекетінде қазақ ою-өрнектерімен таныстыру және салуға үйрету
Бейнелеу өнері сабағын өткізуде кезеңдер бойынша сурет салуда барлық заңдылықтарды меңгерту
Қазақстандағы қыш өнерінің дамуы
Балабақшада бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру әдістері
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Пәндер