«Электр энергетикасы» мамандығы студенттері үшін есептік – сызба жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Кіріспе
«Мамандыққа кіріспе: электрэнергиясын өндіру, жеткізу және тарату» пәні 5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығының студенттері оқитын базалық пәндердің бірі болып табылады.
Бұл курс екі бөлімнен тұрады: «Электрэнергияны өндіру» және «Электрэнергияны жеткізу және тарату».
Әдістемелік нұсқаулар екі есептік - графикалық жұмыстардан тұрады: № 1 ЕГЖ «Электрэнергияны өндіру» бөлімі бойынша және № 2 ЕГЖ «Электрэнергияны жеткізу және тарату» пәннің екінші бөлімі бойынша.
1 № 1 есептеу - сызба жұмысы
1. 1 Жұмыстың мақсаты және мәселелері
Есептік - графикалық жұмыстың мақсаты абсолюттік бірліктерде электр жүктемесінің тәуліктік және жылдық графиктерін тұрғызу есептерінде, олардың параметрлерін анықтауда және техникалық әдебиетпен жұмыс жасау машықтығын өрбітуде дербестікті дамыту.
Есептік - графикалық жұмыс жүктеме графиктерін тұрғызу және негізгі параметрлерді анықтау негізгі міндеттері болып есептелетін типтік есеп. Есептік - графикалық жұмыс төменде келтірілген нұсқалар бойынша орындалады.
1. 2 Алғашқы мәліметтер
Жұмысты орындау үшін алғашқы мәліметтер нұсқаларға сәйкес қабылданады, мұнда беріледі:
- жүктеменің типтік графигі;
- тұтынушылардың максималды жүктемесі ;
- жүктемелердің ұзақтығы, қыс - жаз.
Есептік - графикалық жұмысты орындау үшін алғашқы мәліметтер қатаң жеке берілген. Әр студент өз тапсырмасының нұсқасын үш нышан - фамилиясының бірінші әрпі, есепке алу кітапшасы шифрының соңғы және оның алдындағы сандары бойынша осы пәнді оқитын оқу жылынан тәуелді анықтайды. Алғашқы мәліметтер 1, а - е суреттері, 1. 1 және 1. 2 кестелері бойынша таңдалады.
1. 1 кесте - Тұтынушылардың максималды жүктемесі , МВт
1. 2 кесте - Жүктемелер маусымының ұзақтығы, қыс - жаз және қарастырылатын кезеңнің ұзақтығы (күндер)
Есептік - түсіндіру жазбасы 10 көлемінде түсінікті және қысқа формада ЭЕМ - нің көмегімен А - 4 (210х297) форматының стандарттық парақтарында жасалынады. Жазбада барлық есептер келтіріліп, жұмыста қабылданған шешімдерді түсіндіретін негізгі қағидалы баптар қысқа жазылу керек.
1. 3 Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. 3. 1 Жалпы мәліметтер
Бөлек тұтынушылардың электр жүктемесі, олай болса, энергия жүйесінде электрстанциялардың жұмыс режимін анықтайтын олардың қосынды жүктемесі үзіліссіз өзгереді. Бұл жәйтті жүктеме графигімен сипаттау қабылданған, яғни уақыт бойынша электрқондырғы қуатының (тогының) өзгеру диаграммасымен.
Тіркелетін параметрдің түрі бойынша электрқондырғының активтік Р, реактивтік Q , толық (елестейтін) S қуаттарының және тогының I графиктерін айырады. Әдетте, графиктер белгілі уақыт аралығындағы жүктеменің өзгеруін көрсетеді. Осы нышан бойынша оларды тәуліктікке (24 сағат), маусымдыққа, жылдыққа және т. б. бөледі.
Зерттеу орны немесе олар жататын энергия жүйесінің элементі бойынша графиктерді келесі топтарға бөлуге болады:
1) қосалқы станциялардың шиналарында анықталатын тұтынушылардың жүктеме графиктері;
2) жүктеменің тораптық графиктері - аудандық және түйінді қосалқы станциялардың шиналарында;
3) энергия жүйесінің нәтижелік жүктемесін сипаттайтын энергия жүйесі жүктемесінің графиктері;
4) электрстанциялар жүктемесінің графиктері.
А, Б, В, Г, Д Е, Ж, З, И, К
Л, М, Н, О, П Р, С, Т, У
Ф, Х, Ц, Ч, Ш Щ, Ы, Э, Ю, Я
1 сурет - Электр жүктемелерінің типтік графиктерінің нұсқалары
Жүктеме графиктерін электрқондырғылар жұмысын талдау, электрмен жабдықтау жүйесін жобалау, электртұтыну болжамдарын құрастыру, жабдық жөндеуді жоспарлау және эксплуатация процесінде жұмыстың қалыпты режимін жүргізу үшін пайдаланады.
1. 3. 2 Тұтынушылар жүктемелерінің тәуліктік графиктері
Жүктеменің іс жүзіндегі графигі уақыт бойынша тиісті параметрдің өзгеруін тіркейтін тіркеуші аспаптардың көмегімен алынады. Тұтынушылар жүктемесінің болжамдық графигі жобалау процесінде анықталады. Оны тұрғызу үшін алдымен қосынды номиналды қуаты деп түсінетін орнатылған қуаты туралы мәліметтер болу керек. Активтік жүктеме үшін: Р орн = ΣР ном .
Тұтынушылар қосалқы станцияларының шиналарындағы жалғанған қуат:
,
мұнда η ср. п және η ср. с - номиналды жүктемедегі тұтынушылар электрқондырғыларының және жергілікті тораптың орта ПӘК - рі.
Эксплуатация тәжірибесінде әдетте тұтынушылардың айғақты жүктемесі қосынды орнатылған қуаттан аз. Бұл жағдай біруақыттық k o және жүктелу k з коэффициенттерімен ескеріледі. Онда тұтынушылардың максималды жүктемесі үшін өрнектің түрі болады:
,
мұнда k спр - тұтынушылардың қарастырылып отырған тобы үшін сұраныс коэффициенті.
Сұраныс коэффициенттері біртипті тұтынушылардың эксплуатация тәжірибесінің негізінде анықталады және анықтамалық әдебиетте келтіріледі.
Р max басқа графикті тұрғызу үшін жобалағанда әдетте типтік графиктермен анықталатын уақыт бойынша тұтынушы жүктемесінің өзгеру сипатын білу керек.
Тұтынушының типтік графигі осыған ұқсас жұмыс істеп тұрған тұтынушыларды зерттеу нәтижелері бойынша салынады және а суретінде көрсетілген түрінде анықтамалық әдебиетте келтіріледі.
а - типтік; б - аталған бірліктерде
2 сурет - Тұтынушының активтік жүктемесінің тәуліктік графиктері
Есептеу ыңғайлы болу үшін график сатылы жасалынады. Тәулік ішіндегі ең үлкен мүмкін жүктеме 100% қабылданады, ал графиктің қалған сатылары тәуліктің әр уақыты үшін салыстырмалы мәнін көрсетеді.
Белгілі Р max - де графиктің әр сатысы үшін қатынасты пайдаланып, типтік графикті тұтынушының жүктеме графигіне айналдыруға болады:
,
мұнда n % -типтік графиктің тиісті сатысының ординатасы, %.
2, б суретінде Р max = 20 МВт болғанда типтіктен алынған (2, а суретін қараңыз) электрэнергия тұтынушысының графигі көрсетілген.
1. 3. 3 Жүктеме ұзақтығының жылдық графигі
Бұл график қондырғының әртүрлі жүктемелермен жыл бойындағы жұмысының ұзақтығын көрсетеді. Ординаттар өсі бойынша тиісті масштабта жүктемелерді, абсцистер өсі бойынша 0 - ден 8760 - қа дейінгі жылдың сағаттарын салады. Графикте жүктемелерді олардың азайуына қарай Р max - дан P min дейін жайғастырады (3 сур. қараңыз) .
3 сурет - Жүктеме ұзақтығының жылдық графигі
Жүктеме ұзақтығының жылдық графигін тұрғызу белгілі тәулік графиктерінің негізінде жүргізіледі. 4 суретте графикті жүктеменің екі тәулік графиктерінің - қыстық (183 күн) және жаздық (182 күн) графиктерінің барлығында тұрғызу тәсілі көрсетілген.
Электрэнергияның кеңінен тараған тұтынушылары үшін анықтамалықтарда актиатік және реактивтік жүктемелердің ұзақтық бойынша типтік графиктері келтіріледі.
4 сурет - Жүктеме ұзақтығының жылдық графигін тұрғызу тәсілі
Жүктеме ұзақтығының графигін қондырғының техникалық - экономикалық көрсеткіштерінің есептерінде, электрэнергия шығындарын есептегенде, жыл бойында жабдықты пайдалануды бағалағанда және т. б. қолданады.
1. 3. 4 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық - экономикалық көрсеткіштер
Активтік жүктеме графигінің қисығымен шектелген аудан қарастырылған мерзімдегі электрқондырғы өндірген немесе тұтынған энергияға тең:
,
мұнда Р i - графиктің i сатысының қуаты;
Т i - сатының ұзақтығы.
Қондырғының орта жүктемесі қарастырылатын мерзімде (тәулік, жыл) тең:
,
мұнда Т - қарастырылатын мерзімнің ұзақтығы;
W п - қарастырылатын мерзімдегі электрэнергия.
Қондырғының жұмыс графигінің бірқалыпты емес дәрежесін толықтыру коэффициентімен бағалайды
.
Жүктеме графигін толтыру коэффициенті қарастырылатын мерзімде (тәулік, жыл) электрэнергияның өндірілген (тұтынылған) саны, егер қондырғы жүктемесі барлық уақытта максималды болса, сол уақытта өндірілген (тұтынылған) энергияның санынан қанша есе аз болғанын көрсетеді. Әрине, график бірқалыпты болған сайын, К зп мәні бірге жақын.
Қондырғының жүктеме графигін сипаттау үшін максималды жүктемені пайдаланудың шартты ұзақтығын қолдануға болады:
.
Бұл шама қарастырылатын Т мерзімінде (әдетте жыл) қондырғы сол уақыт мерзімінде электрэнергияның W п айғақты санын өндіріп (тұтыну) үшін қанша сағат өзгермейтін максималды жүктемемен жұмыс істеу керек екенін көрсетеді.
Іс жүзінде орнатылған қуаттың пайдалану коэффициентін де
,
немесе орнатылған қуаттың пайдалану ұзақтығын да қолданады
.
k и анықтағанда Р уст деп резервтікті қосқандағы барлық агрегаттардың қосынды орнатылған қуатын түсіну керек.
k и пайдалану коэффициенті агрегаттардың орнатылған қуатын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Әрине, k и < 1, ал Т уст < Т. Р уст ≥ Р max қатынасын ескеріп, k и ≤ k зп алады.
2 № 2 есептік - графикалық жұмыс
1 Жалпы мәліметтер
Әдістемелік жасалым бір есептік - графикалық жұмыстан тұрады, оған бір есеп және екі бақылау сұрақтары кірген.
Есепте кернеуі 35 кВ тұйықталмаған торап саналады, тораптың айландарындағы қуаттардың бөлінуі және жүктеме түйіндеріндегі кернеулер анықталады. ЕГЖ соңында бақылау сұрақтарының 10 нұсқасы келтірілген.
Есепті шығару үшін алғашқы мәліметтер мұқият дара. Әр студент тапсырманың өз нұсқасын үш нышан бойынша осы пәнді оқитын жылынан тәуелді анықтайды: шифрдың соңғы және оның алдындағы санмен және өз фамилиясының бірінші әрпі бойынша.
1 кестесіне сәйкес шифрдың соңғы саны бойынша (есепке алу кітапшасының нөмірі) пәнді оқитын жылы ескеріліп, бірінші топтың алғашқы мәліметтерінің нұсқа нөмірі анықталады.
1 кесте - Бірінші топтың алғашқы мәліметтері ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz