Ежелгi Римнің саяси ой-санасы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгi Римнің саяси ой-санасы

I. Ежелгi Римдегі саяси ой-сананың ерекшеліктері

II. Ежелгi Римдегі саяси-құқықтық ілімдердің негізгі ерекшеліктері

III. Ежелгi Римдегі саяси ойдың негізгі өкілдері

Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері. Үш кезеңге бөлінеді:

1. Патшалық (754-510), республикалық (509-28) .

2. Императорлық (27-476) .

Біртұтас Рим империясы б. з. д. 395 жылы түпкілікті түрде Батыс (Рим) және Шығыс (Константинополь) болып екі империяға бөлініп кетті. Олар Шығыс Рим және Византия болып 1453 жылға дейін өмір сүреді. Римнің тарихы ұзақ дамыды. Көбінде құлдардың күресімен байланысты болды. Құлдар өз алдына саяси концепциялар ұсынбаса да қоғамдық ой-пікірдің дамуына ықпал етті. Ежелгі Грек концепцияларының ықпалы болды. Әсіресе б. з. д. Y - ғасырдағы Солонның заңдары ықпалды болды. Ежелгі Грек авторларына Сократтың, Платонның, Аристотльдің көзқарастары жатымды ықпал жасады.

Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық ойлардың тарихы бүтiндей мың жылды қамтиды және өзiнiң эволюциялық дамуында Ежелгi Римнiң ұзақ уақытқа созылған әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрiндегi айтулы өзгерiстердi бiлдiредi. Рим тарихының өзi үш кезеңге бөлiнедi: 1) патшалық Рим (б. з. д. 754-510 жж. ) ; 2) республикалық Рим (б. з. д. 509-28 жж. ) ; 3) императорлық Рим (б. з. д. 27-б. з. 476 жж. ) Сонымен бiрге бiртұтас Рим империясы б. з. 395 жылы екiге: Батыс және Шығыс Римге бөлiнедi. Шығыс Рим -Византия империясы 1453 жылға дейiн өмiр сүредi. Ежелгi Римдегi саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлi топтары - патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлер мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен популярлар (төменгi халықты қолдаушылар), ерiктiлер мен құлдар арасындағы өткiр күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемi дамып отырды. Ежелгi Рим тарихында өздерiнiң құқықтық және әлеуметтiк жағдайын патрицийлермен теңестiру жолындағы плебейлер күресi маңызды роль атқарды. Плебейлердiң бұл күресi Римнiң алтыншы патшасы Сервий Туллийдiң реформа жасауына әкелiп соқты. Аталған реформа бойынша плебейлер ″Рим халқының″ құрамына қосылды және мүлiктiк белгiсi бойынша бес разрядқа бөлiндi. Реформа байлардың мемлекет басқарудағы артықшылығын бекiтiп бердi. Плебейлер халық жиналыстарына қатысуға және қоғамдық меншiктен үлес алуға құқығына ие болды. Бiрақ олардың құқықтық жағдайы патрицийлермен толық теңесе алмады. Сондықтан патрицийлерге қарсы күресiн ұзақ уақыт бойы жүргiзуiне тура келдi. Плебейлер күресiнiң көрнектi өкiлдерi ағайынды Тиберий және Гай Гракхтар болды. Халық трибундары болып сайланған олар iрi жер иеленушiлiктi шектеудi, артық жерлердi тәркiлеудi және оны жерсiз азаматтарға үлестiрудi талап еттi. Қала халқының кедей тобы үшiн Гай Гракх нанның бағасын арзандату, жол құрылысын салу сияқты ұсыныстар енгiздi. Бұл шараларды iске асыру әрекетi Рим қоғамындағы жоғары топтың қиян-кескi қарсылығын туғызды. Осының нәтижесiнде қарулы күрес басталып, күрес барысында ағайынды Гракхтар қаза тапты. Ежелгi Римнiң саяси-құқықтық ойы жалпы теориялық iзденiсте сол деңгейдегi ежелгi грек концепцияларының едәуiр ықпалына душар болды. Б. з. д. V ғасырдың орта кезiнде плебейлер жазба заңды құрастыруды талап еткен кезде гректiң заң шығару iсiмен, әсiресе Солон заңдарымен танысу үшiн Грецияға Рим елшiлерi жiберiлдi. Осындай танысудың нәтижесiнде ежелгi Рим құқығының басты құжаты XII кесте заңдары құрастырылды. Алғашқы он кесте б. з. д. 451 жылы, екi соңғы кесте б. з. д. 450-449 жылдары жасалып, қабылданды.

Ежелгi Римдегі саяси-құқықтық ілімдердің негізгі ерекшеліктері

Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдердің жалпы сипаттамасы. Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерінің саяси және құқықтық идеялары. Сенека. Рим юристері құқық табиғаты және жүйесі туралы. Табиғи құқық. Халықтар құқығы. Жария және жеке құқық. Ерте христиандықтың саяси және құқықтық идеялары. Інжіл. Августиннің саяси-құқықтық ілімі.

Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары - патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар) . еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады.

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий Августин шешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты.

Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б. з. д. 106 жылы туып, б. з. д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.

Цицерон мемлекетке халық еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі - жеке меншікті қорғау туралы ережені мақұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді. Табиғат құқықтары, Цицерон бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайда болған. . Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "coт - сөйлейтін заң, ал заң - әлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмнің басты өкілдері: Луций Анней Сенека /3 -65жж/, Эпиктет /50-140жж/ және Марк Аврелий Антонин.

Стоиктердің ілімі бойынша, әлем - біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді.

Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.

Рим заңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) rеsponderе - жеке адамдардың құқық мәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап беру, 2) cavere - келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) agere - сот ісіне көмектесу.

Азаматтық құқық жинақталған Юстиниан кодификациясы "Корпус юрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияға ең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институциялары құқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.

Рим құқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқық саласында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясында болды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иелену және пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюға да құқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдың одан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Греция ғалымдары Платон мен Аристотель
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Латын әріптері қазақ алфавитте
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Шәкәрім және парсы әдебиеті
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер
Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Этика ұғымы және оның заты
Ежелгі римнің философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz