Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы



1 Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі
2 Ұлттық.мемлекеттік құрылыс тарихы және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылуының зерттелуі
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.
1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
С - ӨЖ


Жазған: Игенбаев Ернур Манатбекұлы
Тексерілді:Мухамеджанова Раушан Журтбаевна

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [ақпараттық (А. Тоффлер), технотрондық (3. Бзежинский), ғылыми-рационалистік (Ю. Хабермас), техникалық-ақпаратгық (Дж. Мартин, Т. Гувер), өркениеттік-тартысты (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.
1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың [[1]]. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.
Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында ұлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен және қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу, 1917 жылғы революция және Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты соғыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленді. 1917 жылғы Қазан революциясы және одан кейін іле-шала бүркеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси және экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттігінің құрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар құрамында аумақтық шекараны анықтау айтулы кезең болып табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дәстүрлі жүйенің 20-30-жылдары күйреуі мен республиканың социалистік қайта құру үрдісінің жалпы ағымына қосылуы қасіретті оқиға еді. Ресей империясының шығысындағы бұрынғы отарларының индустриясы дамыған республикаларға айналғанына көз жұмып қарамағанның өзінде, бұл қайта құрудың нақты адамдар тағдыры мен оқиғаларға байланысты берілетін шынайы бағасын айтпай қалуға болмайды.
Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, коммунизм кұрылысының келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн.
Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі:
Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуі және қазақстандық партия ұйымдарының құрылуы секілді нақты оқиғалармен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған оқиғалардың баршасы І.М. Қозыбаевтың Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары (А., 1990) деп аталатын жұмысында егжей-тегжейлі қарастырылды. Республиканың ғылыми саласы ұйымдық құрылысының негізгі кезеңдері мен формаларын атап өтейік. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) 1920 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан, одан соң 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК(б)П ОК жанынан бөлім құқығында құрылған Истпарт (Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихы жөнінгі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Қазақ өлкесінде алғашқылардың бірі болып, 1921 жылдың 24 қарашасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Хүш – ХХ ғ. басындағы солтүстік және орталық Қазақстан қалаларының тарихнамасы
Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік туралы
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
Пәндер