Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ірі қара малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... ... ... ... .
2.2. Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау.
2.3. Ірі қараны күтіп.бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау.
2.4 . Ірі қараға арналған қора.жайға қойылатын санитариялық .гигиеналық талаптар..
2.5. Физиологиялық кесте құру
2.6. Ауа алмастыру жүйесін есептеу
а) Су буымен алмастыру жүйесін есептеу
б) Көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу .
2.7. Жылу тепе . теңдігін есептеу ...
2.8. «0» (нөлдік) балансты есептеу ... .
2.9. Қораның табиғи және жасанда жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ..
III. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Қай заманда да болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп- бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты.
Ірі қара шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өңдіреді. Қазақстан Республикасында да бұл сала жетекші салалардың бірі болып табылады. Отанымызды азық- түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45пайызға дейінгі деңгейін құрайды.

1. Ысқақбаев Б. Ірі қара шаруашылығы\оқулық-Алматы «Қайнар» баспасы , 1996. ISBN 5-620-00781-2
2. А. Ә. Төреханов, Ж. Қ. Каримов, .Даленов.Ірі қара шаруашылығы\оқулық - Алматы : Триумф "Т", 2006.ISBN 9965-9996-1-9
3. М. А. Кинеев, Қ. Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары. Қазақстанда етті ірі қара шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері\\Ғылыми- сараптамалық журнал. Жаршы. 2011 №11
4. А. Ә. Төреханов, Қ. Ж. Аманжолов, Б. Ө. Өмірзақов, Е. С. Ержігітов. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында өсірілетін ірі қара малының ет өнімділігі мен экономикалық тиімділігі.\\ Ғылыми- теориялық және практикалық журнал. Жаршы. 2008 №10
5. Садуақасов М.С. Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжiрибe
сабағына арналған оқу құралы,- Семей, 2000 ж.
6. Карелин А.И.,Зоогигиенические основы проектирования, строительства и эксплуатации животноводческих объектов. Маравин Б.А. М.,Россельхозиздат,-1987.
7. Шпаков Л.И., Водоснабжение, канализация и
вентиляция на животноводческих фермах, Юнаш В.А, М., Агропромиздат,- 1987.
8. Волков Г.К., Зоогигиенические нормативы для
животноводческих объектов, Репин В.М, М., Агропромиздат,-1986.
9. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология.Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-X=

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛТЕЬТІ
Кафедра: Ветеринариялық санитария
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу.
Орындаған:Баяхметова Г.Қ Тексерген: Қойгелдинова. А.С
Вс-403 тобының студенті (қолы)________ (күні)
(қолы)________
_________ __________
(Бағасы) (күні)
Комиссия _____________ ______________________
(қолы) (ФИО)
_____________ ______________________
(қолы) (ФИО)
Семей -2017
Курстық жұмыстың жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Ірі қара малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... ... ... ... .
2.2. Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 . Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5. Физиологиялық кесте құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
а) Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
б) Көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7. Жылу тепе - теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.8. 0 (нөлдік) балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.9. Қораның табиғи және жасанда жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені - еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Қай заманда да болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп- бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты.
Ірі қара шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өңдіреді. Қазақстан Республикасында да бұл сала жетекші салалардың бірі болып табылады. Отанымызды азық- түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылғынан алынатын өнім 60co асады.
Сонын ішінде Павлодар облысында мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған. Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара болды. Мал ауыра қалса, ауру шыға қалса, аурудың алдын алу, дер кезінде ем қолдану - ауыл шаруашылықта аса маңызды жұмыстар. Осыған орай, мал ауруларының пайда болуының жиі себептері - күтіп-ұстап, бағу әдістерін дұрыс игеру мен олар орналасқан қора-жайдың микроклиматын қалыпта ұстаудың маңызы зор.
Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қаласы алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: РубиКОМ ЖШС, Золотой теленок ЖШС, ПХБК ЖШС, Сут АҚ, Павлодармолоко АҚ, КЭММИ АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 % болды. Сондықтан малды
күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты
ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту,
селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр
да шыныққан төл өсіру, малдың сан-салалы ауруларымен күрес,
сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты
міңдет болып табылады. Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе - күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды турлі аурулардан сақтандыру болып табылады. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айланып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім.
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 - 19,4ӘC, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 - 4,5 мс. Көктем мен күзде жылдамд. 15 мс-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.
Павлодар аймағында Ірі қара малын ұстау жүйелері мен тәсілдері ол зоотехникалық, ветеринариялық - санитариялық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларын кешенді жүргізіп,аз мөлшердегі материалды шығын және еңбек қорын жұмсай отырып,жануарлардан мол өнім алуға негізделген. Жануарларды ұстаудың әрбір жүйесі жануарлардың жасымен өнімділігіне байланысты жеке тәсілдерге негізделген.
Курс жұмысының мақсаты: Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған ветеринариялық - санитариялық гигиеналық талаптарға сай қора жобасын салу.
Курс жұмысының міндеттері:
* Ірі қара мал шаруашылығы.
* Еліміздегі ірі қара мал тұқымдары.
* Ірі қара малын ұстау жүйелері мен тәсілдері.
* Ірі қара малдарына арналған қоралардың ветеринариялық - санитариялық гигиенасы.
* Павлодар аймағы бойынша берілген малдардың санына және салмағына қарай мал қорасының жобасын жасау.
* Мал қорасының құрылыс материалдары , оның қасиеттерімен өлшемдерін, ішкі орналасуын норматив бойынша белгілеу.
Зерттеу обьектісі: Ірі қара
Зерттеу әдістері: синтез, анализ, есептеу, эксперимент .
Зерттеу саласы: Ауылшаруашылығы: Ветеринариялық - санитариялық гигиена.
Зерттеу базасы: ШҚО, Павлодар аймағы .
Гипотеза: Ірі қара мал шаруашылығына ветеринариялық - санитариялық гигиеналық нормативке сәйкес қора жобалап салу. Ірі қара шаруашылығын дамытуды жан-жақты, жүйелі, бірізді жүргізу арқылы ауыл шарушылығын дамытып, әлемдік экономикаға шығуға ықпал етуге болады.
Курс жұмысының құрылымы: жұмыс келесі бөлімдерден құралған. Кіріспе бөлімі зерттеу аппаратынан тұрады, онда курстық жұмыстың өзектілігі, курстық жұмысты жазудағы мақсат - міндеттер мен қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалады, негізгі бөлімнің Ірі қара малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау атты 1 тарауында Сиыр шаруашылығы, мүйізді ірі қара шаруашылығы -- мал шаруашылығының басты салаларының бірі. Аса қажетті азық-түлік (сүт, май, ет, тағы басқа сойыс өнімдері), бағалы жеңіл өнеркәсіп шикізаттарын (тері, қылшық, мүйіз, тағы басқа) береді. 2 тарауы: Еліміздегі ірі қара мал тұқымдары.Ірі қара малын ұстау жүйелері мен тәсілдері . 3 тарауда. Павлодар аймағы бойынша берілген малдардың санына және салмағына қарай мал қорасының жобасын жасау. Мал қорасының құрылыс материалдары , оның қасиеттерімен өлшемдерін, ішкі орналасуын норматив бойынша белгілеу.
Қорытынды бөлім мен қолданылған әдебиеттер қосымша ұсынылады.
2.1 Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау.
Тұрғызып ұстау жүйесінде - сүт фермаларында және кешендерде кең қолданылады. Көк шыққан кезде, ірі қараларды көпжылдық немесе табиғи жайылымдарда құнды азықтармен азықтандыру, жақсы серуендету және т.б мақсаттарда жаяды. Бұл жүйеде жануарлардың табиғи резистентілігі, денсаулығы мен өнімі жақсарады. Сонымен қатар, бұл жүйеде жазды күндері мал орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы. Дегенмен, бұл жүйе жануарларды жайылыммен қамтамассыз ету үшін көп жерді қажет етеді.
Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту-жүйеге жоғары коцентрациялы сүт және сиыр етін өндіру кешендеріндегі жануарларды қабылдайды. Бұл жүйеде тек экономикалық тұрғыдан ғана пайдалы болып есептеледі. Технологиялық азықтандыру жүйесінің бұзылуы және гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық тәртіпті сақтамау салдарынан жануарлар әртүрлі ауруларға душар болады.
Топтық цехтік жүйе-бұл сиырларды ұстаудың дамыған түрі болып саналады. Бұл жүйе жануарлардың жағдайын жақсарту, рационды азықтануға мүмкіндік береді.
Топтық-цехтік жүйеде табынды жалпы төрт топқа бөледі.Ет және сүт өңдеу кешендерінде байлаулы,байлаусыз терең төсемеде, байлаусыз бокстарда ұстау тәсілдері қолданылады. Өндірілетін өніміне байланысты ipi қара малдарының фермалар -- тұқым және товарлық болып бөлінеді. Тұқымдық фермалар негізінен олардан жаңа тұқым алу және ескілерін жақсарту, тұқымдық жас төлдерді өсірумен айналысады. Ал товарлы фермалар негізінен ет және сүт өнімдерін алуға бағытталады. Сондықтан ipi қара малының фермалары сүт, ет бағытындағылар болып бөлінеді. Сүт, бағытындағы фермаларда малдарды байлап және бос ұстау тәсілдері тараған болса, ет бағытында көбінесе бос ұстау тэсілі тиімді болып есептеледі.
2.2 Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау
Ipi қара малдарының фермаларының құрамында: сиыр қоралар, ұрықтандыру пункті, бұзаулау бөлімі, жас малдардың (тайынша - торпақтар) қоралары, сүт алып, өңдеп, сақтайтын бөлме және жабдықтар, азықтар, төсеніш тұратын қосымша бөлмелер болады. Ipi қара малдың фермасында сүт сауу, өңдеу бөлмелері сиыр қораларымен қосып немесе екі сиыр қораның арасынан жалғастырып салуға, қолдан ұрықтандыру пунктін сиыр қоралардан таяу жерге орналастырып, жобалайды.
Байлап ұстауға арналған сиыр қоралардың ішіне байлау орындарын екі қатарлы және азық тарату тұрақты транспортерлер арқылы болса, оның ені 10,5м, ал азықты көлікпен тарату жоспарланса -- 12 м болғаны дұрыс.Жалпы сиырлар байланатын орындар малдың үлкендігіне байланысты үш түрлі болады. Кіші орындар - 1,45-1,70м, орташа -- 1,70-1,90м және ұзын орындар -- 1,90-2,20м. Байлау орындарын екі қатарлы орналастырған кезде малдардың бастарын бip-бipінe қаратып, бір азық тарататын, екі көң шығаратын жолдар қалдырып немесе мал бастарын шеткі ұзын қабырғаларға қаратып, екі азық, бip - көң таситын жолдар қалдыруға болады.
Егер, сиырдың байлау орындарын қорада төрт қатарлы етіп орналастырса, азық тарататын механизмге байланысты қораның енін 18м және 21 м, яғни үлкейтілген болады. Мұндай байлау орындары төрт қатарлы болып жоспарланса, екі азық тарататын, үш көң шығаратын жолдар қаралады, яғни екі малдардың бip-бipiнe қараған шеткі екі қатарында екі азық жолдары, ал ортада және екі шеткі ұзын қабырғалар бойымен үш көң жолдары болады.
Азық және көң жолдарын сиыр қораларында оларға пайдаланылатын механизмдерге есептеп қалдырылады. Азықты жер бeтi қол арбаларымен тарату белгіленсе, азық жолының ені -1,2 м, ал механикаландырылған көлікпен болса -- 2,4 м есептеледі.
2.3 Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін
гигиеналық тұрғыдан бағалау.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп - мал шаруашы-
лықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық
жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығын-
дарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды
көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиена-
лық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады.
Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және
қолда кҥтіп-бағу жҥйелері ұсынылады. Сиырды байлап және
байламай ұстау әдістері пайдаланылады. Соған орай, ветерина-
риялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың
жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап,
малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызатын
барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Қолда жайылымда ұстау-сауын сиыр шаруашылығында
анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңіңде мал қора-жайда,
ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады.
Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық
жағдайына толық сай келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи
түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі,
мұндайда мал еркін жҥріп, күн сәулесіне қыздырынады, белокқа,
витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады.
Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі
артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.
Қолда-лагерьде бағу жүйесінде - мал жайылым кезеңінде жеңіл
жағалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ, сауын
қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал
ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оң әсерін тигізеді және
ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөндеу
жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шара-
ларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қолда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде - мал жыл бойы
ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал көп
шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданы-
лады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп
табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда серуендетіліп,
шабылған көк балаусамен азықтандырған орынды және экономи-
калық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда, мұндай жүйе
кезінде азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және
уақытылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға (көбіне жаппай)
шалдыққыш келеді.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.
Ірі қара малдарына арналған шаруашылықтарда көбінесе екі тәсіл қолданылады.
Байлаусыз еркін ұстау.
Тұрғызып байлауда ұстау.
1)Тұрғызып байлауда ұстау - сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау органдары (тұрақ орын), байлауыштар, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырылады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады. Малдардың ірілігіне байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады.
1)ұзын тұрақ - ұзындығы 190-220 см, ені - 120-150см. мұндай тұрақтар салмағы 500 кг-нан жоғары ірі сиырлар мен бұқаларға және сиыр бұзаулайтын бөлмелерде жасалады.
2)Орташа тұрақтар - ұзындығы 170-190 см, ені - 100-120см.
3)Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені - 80-100см, көбінесе жас малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға арналған өгізшелерді байлап тұрғызып семірту кезінде жасалады.
Малдар байланатын тұрақтарға мынадай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1)Тұрақты орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұңқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.
2)Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкірітті сутегі) бөлінуіне жол бермеуі керек.
3)Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.
4)Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ағаш материалдардан жасалған, жасанды керамзит қиыршықтарынан, беті кордо-резинді материалдар мен қапталған тұрақ орындар сәйкес келеді. Қораның ішкі жабдықтары (сурет 1).
Қорада малдардың тұрақтарының алдыңғы жағына азық науалары орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш, бетон) жасап ені-үстінен есептегенде 60см, түбінен - 40см, алдыңғы қабырғасының биіктігі - 30см, ал сырт қабырғасы - 70 см жасалады да, ішкі бетіне байлауыш бекітетін орын және әрбір екі тұраққа арналған бір су құбырын (автопоилка) орналастырылады.
Ірі қара малдарына арналған қораның ішкі жабдықтары:
а- газды трубалармен бөлінген және қамытты байлауышты тұрақ. б- ағаш бөлгіштер және шынжыр байлауышты тұрақ. в-бокстер бөлгіштері. г- малдарды топтап шынжырлы байлауыштар. д- бұзауларға арналған тасымалдайтын клетка. е- бұзауларды топтап ұстайтын клеткалардың бөлмесі мен азық науасы. ж- ағаштан тұрақты азық науасы.
з- темір бетонды науа. и- аралас жасалған науа. к- көтермелі. л- кірпішті. м-қышты.
н- ағаштан жасалған азықты көлікпен таратуға арналған науа.
Байлауыштар әртүрлі материалдардан жасалып, мынандай гигиеналық талаптарға сәйкес келу керек:
1)Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып, жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып тұруына бөгет жасамауы қажет.
2)Байлауыш малдың мойнына жайлы, қажап жарақат түсірмейтін болуы керек.
3)Байлауыш үзіліп, шешіліп кетіп, байлаулы малдарды сүзіп жарақаттауға жол бермеуі керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және шынжыр металдардан жасалған байлауыштар сай келеді. Байлау тәсілдеріне қарап байлауыштар жекелеме түрде немесе автоматты жолмен жасалатын болады. Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы болады да, малдарды орнына тұрғызып , жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті басып байлауыштың жекелеме басы қос тармақты бөлігінің ортасынан өту арқылы сиырдың мойынын бекітеді.
Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық тарататын жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын тәсілдерге байланысты ондай жолдардың ені 1,2 метрден 2,4 м дейін қалдырылады. Бұл жолдардан басқа қораның екі басынан және әрбір 25-30 сиыр тұрақтарынан кейін бір ені 2,5-3,0 метрден көлденең жолдар жасалады.
Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0,24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әрбір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м2аралығында болғаны дұрыс.
Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:
1)Малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т.б. ) байланысты, жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;
2)Малдардың денесі таза, яғни әсіресе сауын сиырлардың өнімі жоғарғы сапалы блолуына жағдай жасалады;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz