Бактерицидтік фактор



Кіріспе
Негізгі бөлім
«БАКТЕРИЦИДТІК ФАКТОР»
2.1Жасушалық фактор
2.2Гуморальдық фактор
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Табиғи резистентіліктің қорғаныс факторларының қатарына терінің, кілегейлі қабықтардың, лимфа бездерінің тосқауылдық қызметін, сілекейдің, қан сарысуының және басқа да биологиялық сұйықтықтардың бактерицидті заттарын, дене қызуының көтерілуін, асқазан сөлінің қышқылдық қасиетін, ұлпаның қабынуын және т.б. жатқызуға болады. Бұл факторлар организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтауға жауапты туа біткен қорғаныс механизмдері болып табылады.
Микробтардың денеге ену жолында кездесетін бірінші тосқауыл – тері және кілегейлі қабықтар. Қалыпты жағдайда зақымдалған тері тек қана механикалық тосқауыл емес, ол сонымен қатар бактерицидті қасиетті де иемденген. Мысалы, сау адамның таза терісінде көптеген микробтар (гемолиттік стрептококк, сальмонеллалар, ішек таяқшасы және т.б.) көп ұзамай тіршілігін жояды. Құрамында сірке , сүт және май қышқылдары бар тердің де бактерицидтік қасиеті белгілі болып отыр. Көздің, мұрын мен ауыз қуыстарының, асқазанның және басқа органдардың кілегейлі қабықтары да тері тосқауылдары сияқты қорғаныс қызметін орындайды. Ал, егер микроб тері мен кілегейлі қабықтың тосқауылдарынан өтіп кетсе, дененің қорғаныс қызметін лимфа бездері орындай бастайды. Лимфа бездері микробтарды «сүзіп» алып, олардың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызу мақсатында өз ұлпасында қабыну процесін өрбіте бастайды.
1. А.Бұлашев,Ө.Таубаев, Ж,Сұраншиев, К. Мырзабаев, «Микробиология. Астана-2014ж.
2. Интернет желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы : Бактерицидтік фактор

Орындаған :Әскербек Г .
Тобы : ВС - 403.
Тексерген : Тастемирова Ш.А.

Семей 2016

ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
БАКТЕРИЦИДТІК ФАКТОР
2.1Жасушалық фактор
2.2Гуморальдық фактор
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жануарлар мен адамның жұқпалы ауруларға төзімділігі тек қана оның иммунитетінің күйіне ғана емес, сонымен қатар табиғи резистенттілігіне де бағынышты болады. Микробтармен ең бірінші күреске шығатын - осы табиғи төзімділіктің факторлары. Тек бұл қорғаныс шебі бұзылса ғана келімсектерге иммунды жүйе тойтарыс бере бастайды. Табиғи төзімділіктің факторлары әмбебапты болып, кез келген бөгде заттарға (антигендерге) қарсы тұрады, ал иммунитеттің құорғаныс өнімдері жануарларды тек қана белгілі бір микроорганизмнің немесе басқа да антигендердің зиянды әрекеттерінен қорғайды.

БАКТЕРИЦИДТІК ФАКТОР

Табиғи резистентіліктің қорғаныс факторларының қатарына терінің, кілегейлі қабықтардың, лимфа бездерінің тосқауылдық қызметін, сілекейдің, қан сарысуының және басқа да биологиялық сұйықтықтардың бактерицидті заттарын, дене қызуының көтерілуін, асқазан сөлінің қышқылдық қасиетін, ұлпаның қабынуын және т.б. жатқызуға болады. Бұл факторлар организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтауға жауапты туа біткен қорғаныс механизмдері болып табылады.
Микробтардың денеге ену жолында кездесетін бірінші тосқауыл - тері және кілегейлі қабықтар. Қалыпты жағдайда зақымдалған тері тек қана механикалық тосқауыл емес, ол сонымен қатар бактерицидті қасиетті де иемденген. Мысалы, сау адамның таза терісінде көптеген микробтар (гемолиттік стрептококк, сальмонеллалар, ішек таяқшасы және т.б.) көп ұзамай тіршілігін жояды. Құрамында сірке , сүт және май қышқылдары бар тердің де бактерицидтік қасиеті белгілі болып отыр. Көздің, мұрын мен ауыз қуыстарының, асқазанның және басқа органдардың кілегейлі қабықтары да тері тосқауылдары сияқты қорғаныс қызметін орындайды. Ал, егер микроб тері мен кілегейлі қабықтың тосқауылдарынан өтіп кетсе, дененің қорғаныс қызметін лимфа бездері орындай бастайды. Лимфа бездері микробтарды сүзіп алып, олардың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызу мақсатында өз ұлпасында қабыну процесін өрбіте бастайды. Қабыну кезінде ұлпалардан лейкоциттердің белсенділігін арттыратын заттар (лейкотоксин, гистамин, серотонин және т.б.) бөлініп шығады. Лейкоциттер қабыну аймағына шоғырланып, микробтардың денеге жайылуына кедергі жасайды.Қабыну дене қызуын немесе ұлпаның жергілікті қызуын көтеріп, ацидоз және гипоксия құбылыстарын тудырып, микроорганизмдердің жаппай жойылуына жағдай туғызады.
Табиғи резистенттіліктің сонымен қатар жасушалық және гуморальдық факторлары бар. Жасушалық факторлар организмді микробтардан және басқа бөгде заттардан фагоцитоз жүйесі арқылы қорғайды. Келімсектер әуелі фагоцитоз жасушаларының шабылуына тап болады. Болмысы бөлек мұндай заттарды фагоциттер жұтып, кейіннен талқандап, пайда болған қалдықтарды денеден ығыстырып отырады. Бөгде материал фагоцитоздың әсерінен өзгеріске ұшырамаса немесе толық жойылмаса, организмнің қорғанысының ең жетілген түрі - иммунды жауап пайда болады.
Фагоцитоз процессі микро - және макрофагтардың көмегі арқылы іске асады. Олардың ортақ қасиеті - жасуша цитоплазмасында лизосома деп аталатын түйіршіктердің болуы. Лизосома көптеген ферменттер : қышқыл фосфаттаза, миелопероксидаза, бета - глюкуринидаза, коллагеназа, лизоцим, катепсин, РНК-аза, ДНК- аза және т.б. болады. Осы ферменттердің әсерінен микробтар мен бөгде заттар фагоцитоз кезінде өзгеріске ұшырап, кейіннен жойылып кетеді. Микрофагтарға немесе көп ядролы фагоциттерге қанның түйіршікті лейкоциттері, атап айтсақ нейтрофильдер, базофильдер және эозинофильдер жатады. Олардығ ядролары бунақтанып, сегменттерге бөлінген, ал цитоплазмасы түйіршіктеніп тұрады. Нейтрофидьдер ең күшті фагоциттер, ал эозинофильдер паразит инвазиялары мен аллергиялық реакциялар кезінде белсенділік көрсетеді. Базофильдер әлсіз фагоциттер қатарына жатқанымен, гистамин және гепарин сияқты медиаторларды көп мөлшерде бөліп шығарып, қабынудың жіті түрінде өрбуіне жол ашады.
Макрофагтардың немесе бір ядролы фагоциттердің жасушаларының басым бөлігін сегменттелеген біртұтас ядро алып жатады. Олардың қатарына промоноциттер, моноциттер мен ұлпа макрофагтары жатады. Промоноцит сүйек майында жасалынып, моноцит түрінде қан айналымына енеді. Біраздан соң олар қылтамырлардың қабырғасынан өтеді де, ұлпаларда іркіліп, макрофагқа айналады. Бұл өзгеріс әдетте ұлпаларда моноциттің әсерінен тұтылған бөгде заттардың немесе өлі жасушалардың пайда болған кезінде байқалады. Ұлпаларға енген моноциттер мононуклеарлы жасушалар жүйесіне жататын бекітілген немесе көшпелі макрофагтарға айналады. Айталық, мұндай макрофагтар дәнекер ұлпасында гистиоциттер деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биотехнологиялық өндірістердің биологиялық қауіпсіздігін санитарлық қамтамасыз ету
Өндірістік жарықтандыру
УК сәулелердің жоғары дозасымен сәулелену кезіндегі теріге канцерогендік әсері
Жасыл химия принциптерін оқытудың әдістемесін жасау, оны енгізу жұмыстары
Жемістер мен жидектерден жасалған алкогольсіз сусындар
Өндірістік жарықтандыру түсінігі
Сүт өнімдерін өндірудегі биотехнологиялық әдістер
Мал шаруашылығының шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Құрлық тіршілік ортасы
Сүт қышқылды өнімдердің ассортименті, пайдалылығы
Пәндер